Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  216


Автор: Фариза Оңғарсынова

Туған ауыл

Мен туған ауыл – Ай мекен,
еске алмай жүрер күнім кем.
Баяғы достар қайда екен,
бірге ойнап, бірге жүгірген?
Жатаған, ескі үй анау,
мені алаң еткен шет жерде.
Бұл маңайлар да, құдай-ау,
қалаға айналып кеткен бе?!
Жүрегім ұқсап балғаға,
бір сезім жанды өртеді.
Жүгірген салқам сары бала
Мияден шығар сол тегі?
Бақтан ғой дедім, таныс тым
ақсары ұяң со бір жүз.
Талындай жалғыз қамыстың
өзім-ау анау қоңыр қыз...
Қалқалап көзін жол жаққа
тұрар ма ең қарап, жан анам...
Енді анау шарбақ, сол қақпа
алаңдай базар тараған.
Ұқсамайды енді құзға түк
баяғы шыңдай қыр-жота.
Көкірегін кештің сыздатып
боздайды бейуақ бір бота.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу