Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  82


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қызығу

Үлгілі əке, басшы, жар –
сендей болуға жас құмар.
Майлы қасықтай мəніңе
жабыса алмайды ащы зар.
Майланған адам бас сұғар
тесік біткеннің бəріне:
ұнатады сені басшылар,
ұнайсың жасқа, кəріге.
Тіл қатсаң болды – тас сынар –
жетпей жүр саған тағы не?
Жақсы десе дөкей жақсылар,
сол ғана тірлік мəні ме?
Болса да кезім бақ сынар,
бара алмай жүрмін əріге.
Ерсем-ау заман əніне,
үлгі етер сенсің хас шынар.
Қырсықтар сіңген тəніме
ақыл сіңбейді, тас шығар?!
Құлқым жоқ жағар, жақсы ұғар,
сандалып жүрмін əлі де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу