Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  124


Автор: Фариза Оңғарсынова

Ел анасы

Зылиха Тамшыбаеваның
60 жылдығына
Армысыз, Еңбекші елі – бауырларым,
өткерген өмірдің сан дауылдарын.
Білеміз ұлы – жайсаң, қызы – дана
қазақша осындай бір ауыл барын.
Аңыз көп қыздар жайлы даламызда,
Тұмар қыз, Қызай, Сара – санамызда.
Қазақта Зылиха қыз туған күн деп
ақының келіп қалды араңызға!
Сезімге бөгет емес жер арасы,
ауыл ғой – елдігімнің бел ағашы.
Кешегі құралай көз Зылиха қыз –
бұл күнде халқы сүйген ел анасы.
Зылиха... жанарынан нұр есілген,
мейірім тарайтындай бұл есімнен.
Жар сүйіп, елін бастап батырларша,
көркем қыз, ер көңілді ұл өсірген.
Ұрпаққа мəңгі өнеге ғажап үлгің,
сен барда төмен салар назарын кім!
Өмірде сендей асыл қыздар барда
асқақтар абыройы қазағымның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу