Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  107


Автор: Фариза Оңғарсынова

Ата жолы сапары

Тау жоғалып, тас болар,
тас жоғалып, құм болар,
Құм жоғалып, су болар,
Бұл да Алланың əмірі.
Роза Мұқанова*.6
18 сəуір 2011 жыл.
Бекет атаға барар
жолда ұшақ ішінде
Маңқыстау – оқшау жатқан жеке ғалам,
Аллаға сыйынған жан жетер аман.
Асқанда жер ортадан тəубаға кеп,
Аллашыл болып кетеді екен адам.
Кездесіп өнер сүйер жас-кəрімен,
қуандық тап болғандай досқа кілең.
Роза Оңайгүлмен**7
– қос қорғаным,
кем емес Абылайдың əскерінен.
Елі бұл пір Бекеттей əулиенің
жəне де жатыр мұнда бар киелім.
Тік жартас – атамызға мəңгі мекен,
жағалап əрең жеттік жар жиегін.
Жер шалғай, ағылуда бірақ халық,
жандарын кернегендей шуақ-шабыт.
Аттандық Оғыландыдан
əрқайсымыз
біткендей құс қанаты қуаттанып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу