Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  108


Автор: Фариза Оңғарсынова

Баян

«Шығысқа барам» деген үнім жетіп,
жар салып əкімдерді дірілдетіп,
«Катонға Фариза апам келеді» деп
Дариға*2
жүрген шығар дүбірлетіп.
«Баянның» ең таңдаулы бөлмесіне
қол жетсе, бүгін бізге сол несібе.
Жазира**:3
«Саған ұйқы бермеспін» деп,
бөлініп қашты менен ол несіне?
Қонақ үй «Баян» деген, емі қандай,
көгорай, сыңғыр бұлақ-жері қандай!
Саумал ма, сары қымыз, бестісі ме –
бас қойып қылғытасың тегі қанбай.
Дос болу – адамзатқа қашан да сын,
достарым қалмаса екен тасамда шын.
Жазира қан құйылған суға түсіп,
шал іздеп кетпегей тек жасарғасын.
Ол өзі, мен ауырсам, шошыр керім,
мен күлсем, алады ол да сосын демін.
Кетсе де шалға тиіп қайтем енді –
əйтеуір аман болсын досым менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу