06.05.2022
  212


Автор: Фариза Оңғарсынова

Сауысқан

Əсем айлы түнде де,
шуақ шашқан күнде де
ұясынан бір шықпай,
отыр қалай тұншықпай!
Аяй ма екен көйлегін –
көйлегі оның – ой, керім!
Алтындаған пүліш пе,
ұқсай ма əлде күміске –
жарқылдайды алыстан.
Сен байсың ба, сауысқан?
Шықты: үстінде – бұл неге
ала-құла бірдеңе!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу