Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  244


Автор: Фариза Оңғарсынова

Анама

Кеудеңде мені тербеттің,
жас шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
«Адал бол, – деуші ең, – жұлдызым»,
сақталды сөзің жадымда.
«Игі еңбек түбі осы-ау», – дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мəңгі жасай бер
мəңгілік Күндей анашым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу