👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  36


Автор: Фариза Оңғарсынова

Үлкендерге таңданам

Біздің көрші Нағима апай
жəне көрші Ағила апай
ұрсысты кеп шапылдасып,
біз де жеттік жапырласып.
Ойынды тез тастадық та,
тұрдық біраз жасқанып та.
Түрлі сөздер айтып жатыр,
қарар емес басқа жұртқа.
Дауыстардан ел көшкендей,
ешкімге де жүр дес бермей.
Бір-біріне ұмтылады
палуандар белдескендей.
Жиналып ап шулы алаңға,
біз əзірміз «уралауға».
Біткенше ұрыс тұрар едік,
атам келіп қумағанда.
Үлкендерге қарағанда
таңданамын.
Олар онда:
«Дос болыңдар, қағыспа - деп


неге айтады балаларға?!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы