Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  139


Автор: Фариза Оңғарсынова

Балықшы-батыр

Аппақ айдын, ақ айдын,
ақ айдынға қараймын.
Балықшы ағаларымды
батырларға балаймын.
Дауылға да қарамай,
жауынға да қарамай,
дүбірлетіп айдынды,
ау тартады жағалай.
Моторменен зырлатып,
балық аулап түн қатып,
белуардан су кешіп,
толқындарға жүр батып.
Сазанының дəмін-ай,
шабағының бəрі май,
қортпалары танадай,
шоқырлары баладай.
Ақ айдынға келемін,
ақ шабағын теремін.
Балықшы аға секілді
батыр болсам деп едім




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу