Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  104


Автор: Фариза Оңғарсынова

Бота, Тайлақ және мен

Кейде құлап қаласың
тəй-тəй басқан баладай.
Қорада асыр саласың,
Сүтке тойсаң, қомағай!
Тентек болып барасың,
айтқаныма қарамай.
Айтқан тілді алмадың,
ойынға да қанбадың.
Еміп-еміп мамаңды,
майланыпты сандарың.
Қорқып қалып өзіңнен,
жаныңа да бармадым.
Қандай жаман тайраңдап
тайлақ болып қалғаның!
Аузына келіп қораның,
Мен алақан соғамын.
Тентек тайлақ қарайды
«Кел, – дегендей, – қонағым!»
Былтыр ғана досым ең,
үркіп неге қарадың?
... Айтыңдаршы, осы мен
қашан тайлақ боламын?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу