Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  112


Автор: Фариза Оңғарсынова

Көңіл назы

Жүрегіңде бір зіл бар үндемедің,
мұнар жауып көзіңнің нұр желегін.
Тым болмаса айтсаңшы – біреуде ме,
тағдырда ма, менде ме – кімде кегің.
Қайырмасы:
Телефоны құрғырың үндемеді,
оятпады мазалап түнде мені.
Шырт ұйқыдан тұрғызып сүйіктім кеп
Қалқатайым, кетеміз, жүр демеді, жүр демеді.
Əлде батып кетті ме сөзім менің,
əлде сенше жоқ па еді өзіңде мін.
Бұрынғыдай жарқ етіп қарамайсың,
түсіне алмай түнімен көз ілмедім.
Қайырмасы.
Сен де ұқпадың, жаныма үңілмедің,
тіл табудың таба алмай жүрмін бе ебін...
Жүрегімді саған да жая алмасам,
бекер екен өзгеден түңілгенім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу