Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  301


Автор: Фариза Оңғарсынова

Кешір мені

Өзіңсіз жүре алмайды екенмін-ау,
көңілден кез болар ма кетер қырау...
Алдыңда кінəлімін, кінəлімін,
не керек өкінішпен бекер жылау.
Қайырмасы:
Өзіңсің есімдегі,
қинайсың несін мені.
Өзіңсіз өмір қырау,
өзіңсіз көңіл қырау.
Сүйіктім, кешір мені,
кешір мені.
Жанымды өкініштен жараладым,
сен бірақ ойланбадың, қарамадың...
Түсініп тұрсың ғой сен, қимасым-ау,
жазылмас жүрегімде нала барын.
Қайырмасы.
Сені де күйзелдірді мынау қайғы,
тіл қатшы тым болмаса кінəм жайлы.
Өзіңнен басқа мені ұға алмайды,
кешірмей сүйген адам тұра алмайды.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу