Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  184


Автор: Фариза Оңғарсынова

Жас жұбайларға бата

Сезімнің пəктігін берсін,
көңілдің ақтығын берсін,
жылулы от бастарыңа
сəбидің шатты үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
есіктерің жабылмасын,
шаршап-шалдыққандар
төрлеріңде дамылдасын!
Көлденең кесектен сақтасын,
күңкіл өсектен сақтасын,
дау-жанжалдан сақтасын,
достан қөңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
елдің жазғыруынан сақтасын!
Асып-тасқаннан сақтасын,
алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сəн болсын,
өмірлерің бал болсын,
Бибі Фатима анамыздың
аруағы өздеріңе жар болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу