Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  112


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қаталдық

Шетімізден білгіш, батылмыз,
ұстаз жоқ біздер «женбейтін».
Тек одан жыпырылатынбыз,
көргенде сабырлы өр кейпін.
Кездескен сайын мұңданам,
арқама артардай қаһар – жүк.
Көрсетпейді мейірім-нұр маған,
қабағынан жауып қаталдық.
Əр сабағы оның – бір фильм,
ғажайып дүние, таң ғалам.
Басқаларын ашпай бұртидым,
ал ол пəнді оқу – заң маған.
Тік қадап семсер-жанарын,
ойларыңды оқиды ол-дағы.
Сылтау мен айла-амалың –
оның алдында нөл бəрі.
Бір өзі – құпия бір ғалам,
класта талай таңдандық.
Жек көре жүріп тырбанам,
көңілінен шығуды арман ғып.
Жүрмейді ол жөнсіз тұнжырап,
айқайлап не бір сөзге еріп.
Сол мұғалімді біз бірақ
«қатал» деп, жақсы көрмедік.
Енді арман – ұстаз, нұр күнім,
əр сөзін айтам мақал ғып.
Қит еткенімді жүр бүгін
достарым аңдып, жат аңдып.
Сыртымыздан оттап, қырлаған
көлгірсулерге маталдық.
Бұл күнде жетпей жүр маған
қайырымды сол бір қаталдық.
* * *
Айтатын алғысым көп Елге менің:
бейнетпен өмір кешкен жеңгелерім,
ақкөңіл, жаны жайсаң ағаларым,
білемін інілерім деп берерін,
сіңлілер көңілімді көзден ұққан,
əрқашан сүйенішім сендер едің.
Қайткенде бір жақсылық жасаймын деп,
сендердің жайыңды ойлап сенделемін.
Өстім де Атыраудай асқақ елде,
ұмтылдым жастайымнан жақсы өнерге.
Өлеңмен шындықты айттым, адал жүрдім –
байлық жоқ жиып-терген басқа менде.
Туған ел, сенсің менің алтын кемем
басымды жеткізетін аспан-өрге.
Əйтпесе, бір итеріп таста жерге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу