Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  126


Автор: Фариза Оңғарсынова

Тірлік нәрі

Қандай ғажап біреуді жақсы көрген,
жақсы көріп, сенделген тасты жолмен;
рақаттың уымен өлең жазған;
бала өсірген немесе бас жіп өрген!
Күліп сайран салғандай Күн-кемеде,
бір құштарлық болмаса бұл денеде,
өмір емес өмірің, құламасаң
өліп-өшіп, əйтеуір, бірдеңеге.
Жабысқанмен соншама сағыз-жала,
қалар мəңгі уақытта нағыз дана.
Адамзаттың өмірін мəнді етер тек
құштарлық пен адамдық парыз ғана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу