Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  115


Автор: Фариза Оңғарсынова

Ақыл

Жанамалап жандарында жүрмесең,
көзге түсіп, құнжыңдауды білмесең,
пасық-сасық саясатын, қылығын
құптаған боп күлмесең,
əкімдерге жағамын деп дəметпе
салма өзіңді əлекке!
Жүгенсіздер сөз сөйлесе құлшынып,
аңқау халық жиылады ұмсынып,
сонда əкімдер желөкпеден жасқанып,
қыпылдайды қымсынып,
«былығымды айтып қояр елге» деп,
жүгенсізге жалбақтайды дөңгелеп.
Адал болсаң, асқақ болсаң, оңбадың –
ала қарға əулетінде болғаның.
Жағымпаз боп жандарында жалбақта,
не елірген дарақы бол, арды атта –
əкімдерге сонда ғана жағасың,
сонда оларға қадірлісің, дарасың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу