Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  180


Автор: Фариза Оңғарсынова

Ақшоқы кеші

Сол бір кеш Ақшоқының етегінде,
мəңгілік махаббаттың мекенінде,
əніңмен ақ сезімді тербетіп ең,
қимадым қоштасуға кетерімде.
Қалқыса аспанынан əн арылмай
көрікті болады екен дала мұндай!
Жұлдыздар жаудырайды маған қарап,
өзіңнің аймалаған жанарыңдай.
Жылдардың жырақтатып жаңбырларын,
жаныма сəуле құйды таң құндағым,
Тоғжанын аңсап өткен Абайдайын,
жүректе сағыныш боп қалдың, жаным!
Ақшоқы. Арман түндерім,
аруақты елім, жырлы елім.
Əн бе едің əппақ нұр ма едің.
Сол бір кеш, сол бір сезімдер
жанымды тербеп жүр менің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу