Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  158


Автор: Фариза Оңғарсынова

Намысқа шақыру

Күй-ұлттық заңды мұра,
онда елдік қасірет бар, жалын да бар:
бір сүңгітіп халқының тағдырына,
намыстың шаңын қағар.
Дегендей жорыққа шық,
«Аққу» саз алмасады дабыл күймен.
Толқындар «Бозашыда» «Көбік шашып»,
зарлайды «Нар идірген».
Кектенсе Құлан ақсап –
тарихтың талма жолы ол елім кешкен.
Көзін салса «Адайдың» ұланы асқақ,
«Бес ару белін шешкен».
Көрмесе ел дара бегін,
жанында жазылмастай қалар табы:
«Саржайлау» қайдасың деп саналы елім
бетке алар «Сарырқаны».
Ит үрер, қора бақпай,
ұлт-тамыр үзіледі, солса дарын.
Нəр сеуіп тірілтеді «Домалатпай»,
шықпаған болса жаның!
Сезінбес қарыс шүйде
халқымның басындағы шерлі азапты.
Кез келіп тұр алатын Намыс-күйге
тоғытып кей қазақты.
Кетпесе қаны ауысып,
күй сазын Хан, қазы да тыңдар, сірə?.
Қанаты көк аспанды дара құшып,
самғасын Күй-Қаршыға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу