Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  133


Автор: Фариза Оңғарсынова

Шаңырақ

Шындық-ай, ауылың қайда еді,
сен бе деп жердің бар шамын
шатқаяқтап іздеп шаршадым.
Қалмады өлкемнің сай белі.
Анамыз: «Шындық – шың-құзда,
жолы да тайғақ», – деуші еді.
Көз тіктім əрбір жұлдызға,
сол екен дедім мен сені.
Аяғымнан тартып саз балшық,
ұрындым жұтпа сорға да.
Соқпақ іздедім қарды аршып,
кездеспей даңғыл жол дара.
Көлденең айдау жол қанша,
бойында қиқу, көп халық.
Тоқталам, азып тозғанша,
ерсем бе екен деп оқталып.
Шындық-ай, көрініп көздерге,
жар болсаң еді жолдасқа.
Торыққандары көп тоз жерге
жақынырақ қонсаң болмас па?!
Жан дүнием сені жоқтады,
сандалып келем оңбай құр.
Ауылыңның арбайды оттары,
жеткізетін түрі болмай тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу