Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  149


Автор: Фариза Оңғарсынова

Күн

Сарғайып талып шықты да,
сазарып барып батты Күн,
шашыратып алып шаттығын,
жинай алмасын ұқты ма,
торлады Жерді бұлт-күнə.
Қара ниеті адамның;
көңіл-кеуденің тарлығы;
ашылған бейуақ араның –
қара бұлт болып барлығы
бүркеді бетін жан, ардың.
Күн көзін қадап құмартқан
жап-жасыл жердің жамалы
жасаурап жарқын жанары,
қасіреттен күйіп мұнартқан,
жаны сау жер жоқ бір аттам.
Қалмады мөлдір бір бұлақ,
жейдесі жыртық, жаны ауру
жерді аяп жаны шығады,
сары уəйім шегіп Күн жылап,
шығады содан сарғайып,
батады содан тұнжырап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу