04.05.2022
  478


Автор: Ербол Шаймерденұлы

АУЫЛДАСТАР–БАУЫРЛАСТАР

 


Калинин атындағы совхоз – тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезінде құрылған астықты шаруашылықтардың бірі. Оның өткені жəне бүгіні тұңғыш тыңгерлер мен олардың ізбасарларының ортақ өмірбаяны іспеттес. Мұны əсіресе жергілікті өлкетану музейінде өзгеше сезінесің. Көп сақталып, көнере бастаған комсомолдық жолдамалар, уақыт таңбасы басылып, сарғыш тартқан суреттер, мұқият жинап қойылған қолжазбалар мен газет қиындылары ауыл адамдарының бақытты тағдыры туралы сыр шертеді.


Біз музейде болған кезімізде нақ төрдегі арнаулы стендінің ал- дында ұзағырақ бөгелдік. Онда омырауларын ордендер мен медаль- дар көмкерген еңбек ардагерлерінің суреттері ілініпті. А.Лунев, А.Горобец, Ж.Əлиакпаров, Т.Айтжанов, Н.Тупицын... Осылай жалғаса береді. Аты-жөні, кəсібі, ұлты əр алуан болғанымен, тағдырлары ортақ. Олардың қай-қайсысының болсын еңбек жолы шаруашылық өмірімен өзектес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу