04.05.2022
  378


Автор: Ербол Шаймерденұлы

АЗАМАТ АСҚАН АСУЛАР немесе кейіпкер туралы ойлар

Бүкілодақтық XIX партия конференциясы өтіп жатқан кез. Бір біздің еліміз ғана емес, барлық əлем құлақ түріп отырған айтулы тарихи оқиғаның ортасында жүрген республика журналистерінің шағын тобының ішінде біз де бар едік. Жаңару жолымен алға басу жылнамасының жаңа парақтарын ашатын коммунистер форумының жұмысын жақыннан көріп, ретіне қарай өз оқырман- дарымызға көңілге түйгендерімізді ұсынып жүрген жедел тобымыздың құрамында үш адам бармыз. Біреуі – «Казахстан- ская правда» газеті редакторының орынбасары Игорь Родионов, ал екіншісі – ҚазТАГ қызметкері Михаил Чирков.


Кездесу де, əсер де көп-ақ. Сексенге жуық елден келген əріп- тестеріміз тіркелген СССР Сыртқы Істер министрлігі жанындағы баспасөз орталығының өзінде күн сайын үш-төрт кездесу өтіп жатады. Бəріне үлгерсем дейсің. Өйткені əрқайсысының орны бөлек. Бірақ кейде уақыт жетпей қалады. Мейманханадан таңғы алакөбеде шығып кетіп, түннің бір уағы ауғанда бір-ақ ораламыз. Одан кейін де бөлме шамдары біразға дейін өше қоймайды. Ертең телефон арқылы республика газеттеріне берілетін материалдарды даярлап қою керек.


Қарбалас уақытымыздың едəуір бөлігі Кремльден онша қашық емес «Москва» мейманханасында өтеді. Өйткені мұнда қазақстан- дық делегаттар орналасқан. Олардың конференция жұмысына қатысуы, ол жөніндегі ой-пікірлері біз үшін ерекше маңызды. Делегаттар – республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған таңдаулы еңбек саңлақтары, өндіріс жетекшілері мен партия қызметкерлері, ғалымдар мен өнер иелері. Бұлар жай ғана үздіктер емес. Қоғам дамуын жеделдетуге бағытталған қайта құрудың қаһармандары атанған жандар. Шынын айтсам, солардың ара- сынан маған Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, белгілі ғалым Мехлис Қасымұлы Сүлейменовті жолықтыру айрықша қуанышқа бөледі. Біздің таныстығымызға да бес-алты жыл болып қалды. Бар білімі мен күш-жігерін астық молшылығын жасауға жол ашатын ғылыми ізденістерге арнаған ғалым тың диқандарының сүйіктісіне айна- лыл үлгерген жан. Онымен кездесіп пікір алысу қашан да қызықты. Конференция күндері де біз уақыт тауып жиі сырласып жүрдік.



  • Конференциядан алған əсерім күткендегімнен көп асып түсті. Аса маңызды мəселелерді жаңа жағдайда талқылап, шешудің шынайы үлгісі, партия өміріндегі демократиялық негіздерді дамытудың сара жолы бұл. Қаншама құнды пікірлер айтыл- ды десеңізші. Бір-біріне мүлдем кереғарлары да бар. Бірақ бəрі де бүкіл ел болып қолға алған үлкен істің тағдырына деген жауапкершіліктен туған. Конференция алға қойған міндеттер аса ауқымды, əрі күрделі. Ол əрқайсымыздан өзгеше белсенділікті та- лап етеді, – деді ғалым қоштасарда. Біз оның жігерлі үні мен ойлы жанарларынан жаңа бір ізденістер ұшқынын аңғарғандай болдық. Конференция оның ойына ой қосып, үлкен коллективтің жетекшісі ретіндегі ізденістеріне тың серпін бергені сөзсіз.


 


* * *


...Осынау орта бойлы, келбетті жігіт ағасының бойынан алғаш кездескенде-ақ аңғарылатын айрықша адамдық қасиет – қара- пайымдылық дер едім. Аузын ашса жүрегі көрінетін ақжарқын мінезімен бірден баурап алады, бірден бір қимас адамыңа айналып кетеді. Біздің бірінші кездескендегі əңгімеміз былай басталған еді:



  • Шыныңды айт десеңіз, мен ғылым жолына кездейсоқ келіп түстім десем де болады, – деп жымиды ол өзі туралы əңгімелеп беруін өтінгенімде.

  • Ғылым көбіне кездейсоқтықтан ғана ұтып жүр демей ме кейбір тарихшыларымыз. Əйгілі ғалым Ньютон ашқан жаңалықтар да мүлдем ойламаған жағдайларда дүниеге келген жоқ па еді?!

  • Ғылым туралы əңгіме бөлек. Ал мен үшін өз өмірімдегі бір қарағанда əжептəуір кездейсоқтық көрінетін кейбір қызық жəйт- тар айтарлықтай шешуші роль атқарады...


Ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы басталардан екі жыл бұрын партия қызметкері семьясында өмірге келген Мехлистің нағыз қалалық болып өсуі оның болашақ мамандығымен байла- ныссыз көрінетіні рас. Əкесі Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақтөбе қалаларында жауапты қызметтер атқарды. Соған орай кішкене Мехлис те қаладан қалаға көшуге əбден үйреніп алды. Алайда ауыл өмірінен бейхабар болатын.


 


Сондықтан орта мектепті бітірген соң ауыл шаруашылық ин- ститутына оқуға түседі деп ешкім де ойлаған емес. Мұндай ой оның өзінде де жоқ еді. Алматы политехникалық институты- на түскісі келетін. Астанаға келіп, документін сонда тапсырды. Мектепті жақсы бітіріп келген зерек бала қабылдау емтихандарын да жаман тапсырған жоқ.


Не керек, бірақ қалаған оқу орнының табалдырығын аттай ал- мады. Оқуға түсуге бір ұпайы жетпей қалды.


Енді не істеу керек? Қабылдау емтихандарында көрсеткен нəтижелерін куəлендіретін қағаздарды қолына алды да, басқа оқу орындарын жағалады. Қайткен күнде де кері қайтқысы келмеді. Намысы жібермеді.


«Сабақты ине сəтімен» дегендей, кері қайтпаудың да реті келе кетті. Ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетіне студенттікке кандидат болып қабылданды (ол кезде осындай да мүмкіндік болатын). Мұның мəнісі мынада: сессия кезінде емти- хан тапсыра алмағандар болса, басқа себептермен оқуды тастап кететіндер болса орындарына осындай кандидаттар қабылдана қояды. Ал сабаққа студенттермен бірдей қатысып жүреді.


Мехлис бірінші семестрде студент атанып шықты. Соған орай алғашқы сессияны да үздік тапсырды. Осы қарқынынан кейін де бір танған жоқ. 1960 жылы институтты ойдағыдай тəмамдап, диплом алып шықты. Дипломның қосымшасында «Егіншілік»,


«Өсімдіктану» жəне басқа негізгі пəндердін аты жазылған тұстарда кілең «бес» деген бағалар тұрды. Тиянақтылығы, еңбекқорлығы мен табандылығы, ізденгіштігі өз жемісін берді. Ұстаздары оның ғылыми жұмыстарға икемділігі бар екенін ерте аңғарды.


Жас маман еңбек жолын Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ ау- данында, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу жөнінде бір- шама мүмкіндіктері бар жергілікті ауыл шаруашылық тəжірибе станциясында бастады. Бұл Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында тың аймағында тұрақты өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа егіншілік жүйесін жасау жөнінде алғашқы батыл қадамдар жасалып жатқан кез болатын. Отандық жəне дүниежүзілік тəжірибені зерттей отырып, тың игеруге тосқауыл бо- лып отырған топырақ эрозиясына қарсы күрестің сенімді əдістерін табу керек еді. Бұл маңызды міндетті шешуге А.Бараев бастаған қазақстандық ғалымдар батыл да белсенді кірісіп кетті.


 


 


Мехлис Сүлейменов те осынау тамаша ғылыми-зерттеу жұмыс- тарының орбитасына ілікті. Белгілі ғалым В.И.Мильчевскийдің (қазір ол Волгоградтағы суармалы егіншілік институтының ана- литика лабораториясын басқарады) басшылығымен «Бөгетсай» совхозының құмдақ жер жағдайында топырақ қорғау шараларының тиімділігін айқындауға бағытталған өндірістік тəжірибелер жасап, бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізді.


Болашақ ғалымның алғашқы ізденістері назардан тыс қалған жоқ. Оның өзі де енді ғылымның қия жолына түсуге берік бетбұрыс жасады. Өзіне тəн табандылықпен өмірлік мақсатын орындауға құлшына кірісті. Осы орайда Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының коллективіне барып қосылуды мақсат тұтты. Екі жылдан соң бұл тілегі орындалды да: аспирант болып қабылданды.


Үлкен істермен айналысып жатқан ғылыми орталықта Мех- лис бар қабілетін салып жұмыс істеді. Соның арқасында 1967 жылы ол ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты атағын алу үшін диссертация қорғады. Сарапшылар назарына ұсынылған ғылыми еңбектің негізінде Бөгетсайдағы байқаулар да бар еді. Жас ғалым ұсынып отырған тұжырымдар тұқым себу алдында топырақты қалай өңдеу керек дейтін маңызды мəселенің тиімді шешімін табу жөніндегі проблемалық тақырыпты жаңа қырынан ашуға көмектесетін еді. Жаңа тəжірибелер арқылы топырақты қайырмасыз құралдармен өндеудің тиімділігі тағы бір соны тұрғыдан дəлелдене түсті. Мұның өзі қалыптасып жатқан ғылыми жүйені жетілдіруге қосылған едəуір үлес еді.


Сарапшылар шешімі де осыған келіп сайды. М.Сүлейменовке ғылым кандидаты атағы берілді.



  • Ғылымда ғалымдардың ізденістері арқылы ашылған жетіс- тіктердің тікелей өндіріске енгізіліп, нақты қайтарым бергеніне дейін, өкінішке орай, тым көп уақыт етеді. Ол тіпті он бес-жиырма жылға баруы мүмкін. Сөзбұйдаға салушылықтың ең сорақы түрі осы болса керек, – дегені бар Мехлис Қасымұлының бірде. – Сол кандидаттық жұмысымда тұжырымдалған кейбір пікірлер мен ұсыныстар диқандар тəжірибесіне кең ене бастады.


Ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты М.Сүлейменовтің ғылыми ортадағы беделі тез өсті. Бірте-бірте ол шетел ғалымдары арасында да белгілі бола бастады. Озық ойлы қазақ жігітіне əлемнің əр түкпірінен арнаулы ғылыми кеңестерге қатысуды, баспасөз немесе хат бойынша ой-пікір бөлісуді өтінген шақырулар Шортандыға жиі келіп жатты. Сөйтіп, ол АҚШ, Канада, ФРГ, Австралия, Үндістан, Моңғолия жəне басқа елдерге сапарға шықты. Кейбіреулеріне бірнеше қайтара жолы түскені де бар. Егіншілік мəселелеріне арналған əлемдік конгрестерде талай рет ағылшын, француз, неміс тілдерінде ғылыми баяндамалар жаса- ды. Ғылымның өзі айналысқан саласының белгілі маманы болу- мен қатар, бірнеше шет тілдерінде еркін сөйлейтін полиглоттық қасиеті де əріптестерінің назарын аударып, ыстық ықыласына бөледі. Оның көлемді мақаласы Нидерландияда екі жылда бір шығатын, топырақ өндеу мəселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелеріне, олармен белсене шұғылданып жүрген беделді ғалымдардың ой-пікірлеріне арналған халықара- лық журналда да жарияланды.


М.Сүлейменовтің ғылыми байланыстары өте кең. Ол əңгіме


үстінде К.У.Хайланд (Бонн университеті), Г.Кант (Штутгарт уни- верситеті), В.Уверкерг (топырақ өңдеу саласындағы зерттеуші- лердің халықаралық қоғамының бас секретары), М.Д.Смайка (АҚШ), Р.Хейконен (Швеция), Н.З.Мильченко жəне К.В.Ливанов (СССР) сияқты ауыл шаруашылық ғылымындағы əйгілі ғалым- дардың есімін жиі атап отырады. Олармен жүздесулерін, пікір- лесулерін, ғылыми айтыстарын айрықша ілтипатпен еске алады.


Қазір М.Сүлейменов – ауыл шаруашылық ғылымының докторы, ВАСХНИЛ-дің корреспондент-мүшесі. Əйгілі ұстазы, академик А.Бараев дүниеден өткеннен кейін орнын басып Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты- ның директоры болып сайланды. Бұл оның беделін бұрынғыдан да өсіріп қана қойған жоқ, оған жүктелер жауапкершілік салмағын да бұрынғыдан əлдеқайда арттырып жіберді. Институт қайта құру кезеңі алға қойған аса күрделі əрі тың міндеттерді шешу- ге белсене кірісті. Тоқырау кезеңіндегі кертартпалық, кей реттер- де бос даңғазалыққа салыну, беделге табынушылық ғылымға да салқынын тигізбей қалмағаны белгілі. Жаңа директор алдында бұл ретте де жаңа жол салу, творчестволық ізденістердің тың арнасын ашу міндеттері тұр.


* * *


Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтында он үш бөлім, қырықтан астам лаборатория бар. Оларда жүз сексен ғылыми қызметкер еңбек етеді.


 


Институттың тəжірибе танаптарында болу еліміздің ең бір ас- тықты өңіріне айналған түлеген тыңның, ондағы диқангершіліктің келешегіне көз жіберумен бірдей. Өмірге келген жаңа ғылыми иде- ялар ең əуелі осы учаскелерде сынақтан өтеді.


Біз бір жолы онда Мехлис бастаған шетелдік студенттер тобы- мен бірге барғанымыз бар.


Біздің институт – егіншілік жəне топырақ қорғау жүйесі бойын- ша еліміздегі басты ғылыми-методикалық орталық болып санала- ды. Жергілікті ғалымдар елуден астам тақырыпты қамтитын жиыр- ма шақты ғылыми проблемалар төңірегінде зерттеулер жүргізеді. Сол ізденістердің бəрінің де нəтижелілігі осы танаптарымыздағы жұмысқа байланысты, – деген еді ол сонда, бір-бірінен шартты белгілермен бөлінгені болмаса қаз-қатар орналасқан алқаптарды көрсетіп.


Өзіңіз тікелей жетекшілік ететін бөлімнің тəжірибе танаптарын- да қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? – деген де сауал қойылды.



  • Егіншілік бөлімі институттың жүрегі іспеттес. Бөлімде ар- наулы алты лаборатория бар. Олар ауыспалы егіс, топырақ өндеу, арамшөптермен күрес, суландыру тəртібін белгілеу, егіс құнарлы- лығын арттыру жəне дала жұмыстары агротехникасы мəселелері- мен шұғылданады. Жұмысымыздың негізгі бағыты проблемалық тақырыптарды комплексті зерттеу арқылы диқандарға нақты ақыл- кеңес беру, саланы дамытудың стратегиялық бағыттарын белгілеу. Мына тəжірибе учаскелерінде ғалымдарымыз өндіріске ұсынатын жаңа тұқым сорттары сынақтан өткізілуде.


Осы танаптарға əйгілі диқандар да жиі келеді екен. В.Дитюк, В.Гаврилюк жəне астық өсіру ісінің басқа да ел таныған майтал- мандарымен тығыз байланыс жасау институт ғалымдары үшін де, диқандар үшін де көп пайдалы екендігін өмірдің өзі дəлелдеп отыр. Шортандылық ғалымдармен берік байланыс орнатқан шаруашылық коллективтері ауа райының қиындықтарына қара- мастан жылма-жыл тұрақты тəуір көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқаны белгілі. Кейбір, талай жылдар бойы артта қалушылар қатарында болып келген колхоздар мен совхоздар да ғалымдар көмегімен өз экономикасын жөнге келтіріп алғаны бар. Бірер жылдан бері институт орналасқан Шортанды ауданының барлық шаруашылықтарына ғалымдар кеңесші болып бекітіліп жүр. Бұл іскерлік байланыстың нəтижесі де көңілдегідей болып отыр.


 



  • Ғалымдардың көмегі көп-ақ. Оны біз нақты істе сезініп жүрміз. Іскерлік байланыс бағыты одан əрі де жалғастырыла беретін бола- ды, – дейді осы орайда Шортанды аудандық партия комитетінің бірінші секретары Владимир Карлович Гартман.


Осы тəжірибе танаптарындағы жұмыстардың нəтижесінде Мех- лис Сүлейменов жетекшілік еткен бес жас ғалым кандидаттық дис- сертацияларын ойдағыдай қорғап шығыпты. Ол қазір де бірнеше ғылыми жұмысқа жетекшілік жасап жүр.


М.Сүлейменовтің ғылымдағы ұстаздығы туралы ілтипатпен пікір айтушылар аз емес. Олардың арасында лаборатория жетек- шілері Н.Шрамко, И.Зинченко, И.Охинко, А.Нестеренко жəне ин- ститутта көптен істейтін басқа да белгілі ғалымдар бар. Олар өз творчестволарына Мехлис Қасымұлының едəуір ықпал еткенін ашық айтады. Ал Қ.Əділов, В.Белозеров жəне В.Ульрих сияқты ғалымдар оның тікелей басшылығымен кандидаттық диссертация қорғағаны немесе қорғауға əзірленіп жүрген жандар.



  • Ғылымдағы ұстаздық қызық та қиын іс. Бүгінгі шəкіртіңнен ертең өзің үйренуің əбден ықтимал. Бұған ұстаз қуанбаса рен- жімейді. Нағыз ғалым ұстаз қайнар бұлақтың көзін ашуды мұрат тұтқан қайырымды кетпенші тəрізді, – дейді М.Сүлейменов.


Бір қызығы, ғалымның өз творчествосына журналистердің де айтарлықтай ықпалы болған көрінеді.



  • Бұл жағдай менің докторлық диссертациямның тақырыбына қатысты, – дейді оның өзі. – Жер бетінде алғаш егіншілік пай- да болған ерте дəуірлердің өзінде-ақ адамдарды егістік алқаптың белгілі бір аумағына қанша тұқымдық дəн себу тиімді болады де- ген сұрақ жиі мазалаған. Ал ғылыми тұрғыдан бұл мəселе тұңғыш орыс агрономдары А.Т.Болотов пен И.М.Комовтың еңбектерінде де қарастырылды. Неміс ғалымы Э.Вольныйдын, арамшөп, зиян- кестер жəне түрлі өсімдік аурулары бар жерде тұқымды жиі себу қажет деген тұжырымы егіншілік тəжірибесіне игі ықпал етті. Ал менің тың аймағында тұқымды пайдалану нормасын зерттеумен терең шұғылдануыма алпысыншы жылдардың екінші жартысын- да «Комсомольская правда» газетінде осы тақырыпқа арналған мақалалар циклінің жарық көруі айтарлықтай ықпал еткенін несіне жасырайын. Олардың авторы газеттің ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып істеген белгілі журналист Анатолий Захаро- вич Иващенко еді. Егіншілік мəселелерін жазуға маманданған бұл ізденгіш жанмен кейін жақсы танысып, жиі пікірлесіп жүрдік.


 


Мехлис Сүлейменовтің журналистермен достығының осын- дай тереңде жатқан сыры бар екен. Бұл жерде оның өзі де қолына жиі қалам алатынын айта кету артық болмас. Жазғандары түрлі газет-журналдардың оқырмандары тарапынан жақсы бағасын алып та жүр. Ол теориялық жəне күнбе-күнгі практикада диқандар басшылыққа алатын мақалаларды ғана көкейге қонымды етіп жазып жүрген жоқ. Тілге ұсталығы «Простор» журналында,


«Фройндшафт» жəне басқа газет-журналдарда жарияланған жол- жазбаларында айқын аңғарылды. «Қайнар» баспасынан орыс тілінде «Жаздық бидай агротехникасы» кітабы шығып, тез тарап кетті.


* * *


Мехлистің жұбайы Раиса Петровна да Шортандыдағы Бүкіл- одақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып істейді. Ұлты – белорус. Көшелі мінезімен отағасының мерейін асырып отыратын қонақжай кісі. Қос қабатты коттедж үйлерінде болғанымызда қазақ тілінде қанық сөйлеп қарсы алғаны бар.


Көзі отыр ғой, кезінде мына дардай ағаңыздың өзіне қазақ тілін үйреткенбіз. Өтірік десе – айтсыншы, кəне, – деп əдемі əзілге көш- кен болатын Раиса Петровна біраз танысқаннан соң.


Əзіл болса да, жаны бар əзіл. Қазақ тілінде еркін сөйлеуге кешірек үйренгенім рас. Бөгетсайда танысқан кезімізде қазақ тілін, расында да, менен гөрі Раиса тəуірірек білетін. Ол қазақ ау- ылында өскен ғой. Ал мен болсам қалалықпын. Орыс мектебінде оқыдым. Ата-анам да менің ана тілімде еркін сөйлеуіме көп күш сала қоймаса керек. Ал түптеп келгенде бар кінə өзімде, əрине. Кеш те болса қателігімді түзей алғаныма қуанамын, – дейді Мех- лис Қасымұлы. Бірнеше шет тілінде еркін сөйлеп, ғылыми баян- дамалар жасап жүрген белгілі ғалымның бұл сөздерінде көңілге түйер тағылым жоқ емес.


Сол жолғы отырыс үстінде Мехлис пен Раиса қосылып, біздің өтінішіміз бойынша, əдейі əн салғаны бар. Олар шынайы достық, мөлдір махаббат символы «Дудар-ай» əнін шырқады. Дауыстары жап-жақсы.


Сегіз қырлы, бір сырлы дейтін халық бағасына қалтқысыз лайық жігіт ағасы соңғы жылдарға дейін, тіпті институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары міндетін атқарып жүрген кезінің өзінде аудандық, облыстық байқауларға жиі қатысып жүріпті. Шетел тілдерінде орындаған əндері үшін бірнеше рет бəйгеге де ие болса керек.



  • Қазір бос уақыт бұрынғыдан да азайып кетті. Жұмыс көп. Əртүрлі сапарлар мен жиындар да көп уақыт алады. Əйтпесе, бұрынғыдай ауыл өнерпаздарымен бірге жергілікті Мəдениет үйіне барып, концерттерге қатысар-ақ едім. Оның үстіне ше- телге шыққан сайын жаңа бір əн үйреніп келетін əдетім де əлі қала қойған жоқ, – дейді ғалым. Ол студент кезінде спорт- пен де шұғылданыпты. Еркін күреспен, волейболмен, шахмат- пен кəдімгідей-ақ айналысқан. Шахматтан бірінші разряды бар. Спорттың бұл түрінен республикалық жарыста облыс намысын қорғапты. Жеке кітапханасында шахмат туралы əдебиет көп-ақ.


Жеке кітапхана демекші, белгілі ғалымның кітап жинау əдісі де назар аударарлық екен. Талғаммен, қажетіне қарай таңдап алатын көрінеді. Ғылыми əдебиетпен қатар көркем туындылар да оның кітапханасының едəуір бөлігін алып жатыр. Əсіресе, əлемдік руха- ни қазына игіліктерін түп нұсқадан тура оқи алатынына қызықпау қиын.


Сүлейменовтер семьясында екі ұл өсіп келеді. Үлкені Радий Омбыдағы ауыл шаруашылық институтын бітіріп, Совет Армиясы қатарындағы əскери борышын өтеп жүр. Былтыр екінші ұлы Мак- сим мектеп бітіріп, ииститутқа түсті. Ол да əке жолын қумақшы. Ынтымағы жарасқан семьяның ортақ ісі – əлемдегі ең көне əрі ең бейбіт кəсіп – астық өсіру...


 


* * *


Мехлис Сүлейменов Бүкілодақтық XIX партия конференция- сынан оралған бетте-ақ алдымен институт коллективімен кездесіп, алған əсерлерін, көңілге түйген пікірлерін ортаға салды. Ол жиналғандар ойын ашық ортаға салуға түрткі болды. Сөйтіп, де- легатпен кездесу тыңда астық өсіру ісін жақсарту проблемалары жөніндегі еркін ой жарысына айналып жүре берді.


Дəл осындай кездесулер кейін диқандар арасында да болды. Олардағы əңгіме арқауы да, сайып келгенде, ғылым мен озық тəжірибе жетістіктерін тиімді пайдалана отырып елімізде астық молшылығын жасауға барынша мол үлес қосуға мүмкіндік беретін резервтерді іздестіріп тауып пайдалануға тірелді.


Бір əңгіме үстінде Мехлис:


 


– Астық өсірудің ашылмаған құпиялары да əлі аз емес. Біздің тың төсіндегі жер жағдайлары бірдей бола тұрып əртүрлі өнім алатын шаруашылықтар практикасының өзі соның айқын айғағы емес пе?! Олардың арасында, тіпті, отыз-отыз бес центнерден ел ырысын еселеп жиып жүргендер де бар ғой. Басқалар да неге сол деңгейге көтерілмеске? Біз, тың ғалымдары, осындай сауалдарға жауап табуымыз керек деп ойлаймын. Оған батыл ізденістер қажет,


– деген еді.


Қазір ол өзі жетекшілік ететін коллективті осы бағыттардағы үлкен істерге жұмылдыру үстінде. Омырауында Октябрь Ре- волюциясы, Еңбек Қызыл Ту жəне «Құрмет белгісі» ордендері жарқыраған коммунист ғалымның алар биіктері əлі де алда. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, респу- блика Жоғарғы Советінің депутаты, белгілі ғалым, беделді ұйымдастырушы Мехлис Қасымұлы Сүлейменовтің ғылымның қия жолында сол биіктерді де алатынына күмəн жоқ.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу