04.05.2022
  201


Автор: Ербол Шаймерденұлы

Əйбат

 


Бұған да Жалғызтау куə: екі жыл бұрын кездестіргенімізде ұяңдау көрінген қараторы қыздың мінезі де өзгерген тəрізді. Ашы- лып, ақ жарқын күйге көшіпті. Еңбекпен есейген жылдардың бір белгісі осы ма деп қалдық.



  • Өткен жылы төл алудан онша көріне алмадық. Əр жүз саулық- қа 95 қозыдан айналды, – дейді бригада жайлы сұрағанымызға салмақты жауап беріп тұрған Əйбат. Жанарын төмен салған кейпі көңілі толмай жүрген жайды сездіріп тұр. Айтпаса да болатын еді. Бірақ осының өзі-ақ жас коммунистің бүгінгі табыс буына ма- станып, сол биікке бастаған, сəтсіз де болса сабағы мол жолды ұмытпағанын, шындықтың көзіне тура қарайтын жақсы қасиетін айғақтап тұр.


 



  • Жүйрік те сүрінеді. Екі рет республикалық жарыс жүлдегері атанып, облыстық комсомол комитетінің Социалистік Еңбек Ері Яков Корабельников атындағы жүлдесін жеңіп алған «Арай» үшін бұл бір сабақ болғаны да. Озаттық маңдайға жазылып қойылатын мəңгілік белгі, меншікті абырой емес екенін ескерткен ғой. Қалай, қорытынды шығарылған болар?

  • Əрине, биыл əр жүз саулықтан жүз бес қозыдан өргізіп, əр қойдан 4,8 килограмнан жүн қырықтық.

  • Осылай болса керек! Облыстағы қой өсіруші комсомол- жастар коллективтерінің маңдай алдысына осындай өрелі табы- стар ғана жарасады!

  • Бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындап шыққаны- мыз үшін тəлімгеріміз Совет Омаров ағай жəне бригада мүшелері Құрмет грамоталарымен наградталдық. Қатарынан екінші рет...

  • Жарайсыңдар! Бригадирі – депутат, топ комсоргы республика коммунистері съезінің делегаты болған коллектив қалай мақтанса да келіседі енді, – дейміз жас қыз жүзіндегі шаттық шырайына қызыға қарап.


«Қыз өссе елдің көркі» – дейді халық. Ал Ақтас ауылының бойжеткендері болса елдің көркі болумен қатар, оның абырой- даңқын, еселі еңбек дəстүрін шығандатып жүрген жандар. Ауыл атағын бұрын Паша Ангелина атындағы Бүкілодақтық жүлденің иесі Майра Тəттібаева мен Гүлнар Төлебаева есімдері асқақтатса, енді олардың қатарына Қазақстан Компартиясы съезінің делегаты Əйбат Кəкенованың аты қосылды. Үлкен өмір есігін кешелер ғана аттаған қарапайым қыздың қызығарлық тағдыры тəнті етеді.


Əйбат шаруашылықтың орталық қонысындағы орта мектепті бітірген соң бірден шопан таяғын қолына ұстады. Оны «Арайдың» алып үлгерген абырой-беделі емес, бригада мүшелерінің ұйым- шылдығы, еңбекте де, демалыс сəттерінде де оқшау көрінетін жастық жалыны еліктірген еді. Дарқан дала төсінде қаласа құлаға мініп желмен жарыса құйғытып алатын, қаласа қырдан құшақтары толғанша гүл теріп, сызылта тұрып құйқылжыта əн салатын шопан құрбыларының өмірі нағыз романтикадай көрінетін оған. Алыста- са жусан исін сағынатын қыр қызы үшін бұдан артық не қажет енді? Жазда жайлау самалымен сусындап, қыста Арқаның ақ аязы- на бетін сүйдіріп қой соңында төрт жыл өткізген Əйбат үшін бұл сезім қазір де қымбат.


 


Дегенмен бұл төрт жыл шопан өмірі тек көңілдің қиял құсын шарықтатар көгілдір романтикадан ғана тұрмайтынын да əбден көрсетті ғой.


Алғашқы кез. Бір күні түске дейін қой жаю кезегі Гүлнар екеуіне тиген. Əжептəуір тəжірибе жинап үлгерген бригадир қыз мұны үнемі назарында ұстап, қиын болып жатса көмектесіп, қажет кезінде ақыл-кеңесін айтып жүретін. Əйтпесе əрқайсысына осын- дай қамқорлық жасауға Совет ағайларының уақыты жетер ме?..


Бұлар отарды алдын-ала анықтаған шөбі шүйгін қойнауға алып келді. Басында бірден отыға алмай тəтті құмар сəбилердей балғын шөптің біреуіне тісі ілікпей жатып келесісіне ұмтылып кезіне бер- ген саулықтар бір-екі сағаттан кейін байыздайын деді.



  • Əйбат, мен ауылға барып қайтсам қайтеді? Алыс емес қой.


Көп болса бір сағат. Жұмыс болып тұр, – деді Гүлнар.


Іштей жалғыз қалуға жүрексініп тұрса да:



  • Мейлің... Барсаң барып кел, – деп жауап берді Əйбат.

  • Жарайды, кеттім ендеше. Жел тұрып келеді білем. Байқарсың...



  • деп Гүлнар атының басын ауылға бұрып, құйғыта жөнелді.


Бір отар қоймен бірінші рет жалғыз қалуы. Алғашқы сынақ бо- луы да мүмкін. Бригадир мұның іске ыңғайын, не үйрене алғанын байқағалы кетсе де өзі білсін. Осы ойды бекіте түскендей ол уəделі уақыттан кешіге берді.


Бұл кезде жел де күшейді. Қойлар да мазасызданып кетті. Қайырамын деп ерсілі-қарсылы шапқылаумен аты да терледі, өзі де шаршап жыларман болды. Ауыл жаққа қарағыштай береді. Күткен құрбысы көрінбейді.


Қойды көз ұшындағы кішкене тоғай ішіне бытыратып алған кезде Гүлнар да жетті. Екеулеп жүріп отарды ағаш арасынан шығарып, жайлап жайып келеді. Бригадир ат үстінен қой санауға да дағдыланып алыпты. Түгел екендігіне көзі жеткен соң, бұрылып отардың екінші басында жүрген Əйбаттың қасына келді.



  • Ренжіп тұрмысың? Кешігіп қалдым. Есесіне, бұл сенің шо- пан таяғын ұстағаннан бергі нағыз тұсаукесер күнің болды. Қой бағу оңай екен деп ойлама. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, бұл бастамасы ғана ғой. Шын қаласаң, қай қиындыққа болсын төзесің. Əйтпесе...


Ол аржағын айтқан жоқ. Намысқой Əйбат үшін осының өзі жеткілікті еді. Əлгі бір сəтте көрсеткен босаңдығына, тəжірибе сіздігіне, əсіресе құрбысын іштей болсын орынсыз жазғырғанына ұялды. Олар бұдан соң тез шүйіркелесіп, ақжарқын қалыптарына түсті.


– Сен жаңа қойдан қалай айырылып қалғаныңды байқадың ба?



  • деді отардың басын кері бұрғанда Гүлнар.

    • Жоқ...

    • Совет ағайдың бір ақылын жадыңнан шығарып алғансың. Жел тұрғанда саулықтар оған қарсы жүруге құштар. «Желдеді» дейді мұны. Сен сондықтан отардың жел жағына шығып, құр босқа ары- бері шапқыламай, жіберіп-жіберіп алып, алдын қайтарып отыруың керек еді.

    • Келесіде есте болады да.




Бұл расында бастамасы екен. Кейін төпелегем жаңбыр астында, күздің қара суығы кезінде де қой соңында жүруге тура келді ғой. Ол аз десең, қақаған қыста қой төлдетіп, шаранадан шыққан кіп- кішкене қозыны ауыздандыруды қайда қоярсың? Оның үстіне, бір емес бірнеше саулық қатар қоздап жатар маусым кезі болса ше?..


Əйбат осы қиындықтардың бəрін жеңіп қана қойған жоқ, білікті шопан атанды. Яғни, ол жайылым жайын, қыста жемазық бөлу нормаларын, түрлі мал ауруларының алдын алу тəсілдерін, қой күтіміне қатысты басқа мəселелерді де жете біледі деген сөз.


Осы орайда тоқтала кетер тағы бір жай бар. Оған коммунист ретінде жергілікті мектеп оқушыларына өндірістік вожатый болу тапсырылған. Бұған өзі зор жауапкершілікпен қарайды. Мек- теп мұғалімдерімен, активистерімен бірлесе отырып кəсіптік бағдар беру, мамандық таңдауға бағытталған шаралардың жо- спарын жасап, оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып жүр. Бірақ тоқталмақ жайымыз бұл емес, бір кездесуде жоғары класс оқушысы қойған сауал сыры.



  • Сіз қалай ойлайсыз, бұрынғы қойшы мен бүгінгі шопан еңбегінің өзгешеліктері қандай? – деп сұрады ол.


Əйбат оған жан-жақты жауап беріп, шопандық кəсіптің мағынасы мүлдем кеңейгендігін айтты.



  • Бүгінгі күн талабына сай шопан болу үшін қой күтудің қыры мен сырын терең игеру, жалықпай еңбек ету аздық етеді, – деді ол.Сонымен бірге қой қырқуды, жүн сұрыптауды жəне техника тілін білу керек. Ал нəрлі жемазық құрамынан хабардар болғың келсе – химия мен биология пəндерін білуің шарт, отарға тез жазғы ашық алаң жасау үшін қолыңа балта мен балға ұстай білгенің жөн. От- арды түрлі індеттен, ауру-сырқаудан сақтау үшін ветеринарияның əліппесімен танысу да артық емес.


Бұл оның өз тəжірибесінен түйген ойы. Салмақты да салиқалы пікір. Кейбіреулер қабылдамауы да мүмкін, əрине. Бірақ ақтастық балалар оған сенеді. Өйткені олар Əйбаттың өзін де, бригадалас басқа құрбыларын да қой бағып, айыр ұстаған шақтарында ғана емес, «Беларусь» руліне отырып жем-шөп тасыған, қой қырқып, жүн сұрыптап жүрген кездерінде жиі көреді ғой.


Жалпы, «Арай» бригадасының мүшелері ауылдастарына еселі еңбегімен ғана емес, кез келген істе үлгі-өнеге көрсетіп жүруімен де сыйлы. Əсіресе олар ауыл мəдениетін көтеруге белсене арала- сады. Бос уақыттарында клуб ішін думанға бөлейді. Олар алғашқы жүлделеріне тиген ақшалай сыйлыққа телевизор сатып алса, кейін клубқа биллиард тарту етті. Ал қалаға шыққанда жақсы кітап, жаңа күй-табақ ала келуді дəстүрге айналдырған. Əр үйдің жанын жасыл желекке бөлеуге бірінші болып кіріскен де осы Əйбаттар.


Жаңалыққа жаны құштар, жақсылық біткеннің жанашыры- на айналған арайлықтар қатары жылма-жыл толысып отыра- ды. Соңғы бір лектің арасында Əйбаттың інісі Қадіржан да бар (бригада қыздар коллективі болса да бір-екі жігіт қосып алуды əдетке айналдырған). Бригада мүшелерінің орта жасы қазір жи- ырма үште. Соған қарамастан төрт бірдей коммунист бар. Олар – Гүлнар, Ұмсындық, Рəзия жəне Əйбат. «Арайдың» əсерімен көрші ауылда «Шұғыла» атты шопандардың комсомол-жастар бригада- сы құрылды. Ал Əйбат Кəкенова жас та болса жасампаздық істің басынан табылып, нағыз өнегелі коммунистке тəн өрелі қасиеттер танытып жүрген замандастарымыздың бірі.


 


Солтүстік Қазақстан облысы,


Москва ауданы,


«Бұлақ» совхозы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу