Өлеңдер ✍️

  04.05.2022
  245


Автор: Фариза Оңғарсынова

Дерт

Біреуді жақсы көрсем деп,
құдайдай соған сенсем деп,
жанымды тордай шырмаған
қасаңдықтарды жеңсем деп,
өзіммен өзім күрестім.
Ақылым тартса ілгері,
жүрегім көнбей күндеді.
Сезімім салқын, самарқау,
немін мен мұнша күрделі –
түсіндірер ме мұны ешкім?
Баяғы ғашық дос керім
кезігіп, тағы тосты ерін:
жанымда селт жоқ, күлкілі
бір кезде өліп-өшкенім...
Елестей ессіз сенген күн.
Іздедім қимастарымды
тазарта ма деп жанымды –
көрінді жат боп бəрі де,
қаңсыған көңілім тартылды –
бұл дертті немен емдермін?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу