Өлеңдер ✍️

  04.05.2022
  516


Автор: Фариза Оңғарсынова

Жігіттерге

Мүлт жібермейтін жанар жоқ,
қателеспейтін адам жоқ,
алай да дүлей тірлікте
жаңсақ баспауға шамаң жоқ.
Көл
-көсір болма күндікке,
ерлердің көркі бірлікте,
жарасымы жарты жалғанда
жүйріктер аз да, шабан көп,
сұңғыла сирек, надан көп.
Сəулең болса санаңда,
жаңсақ басқан жандарға
шалқаңнан түсіп шамданба.
Еліне тұлға – жақсы адам
кешірімді келер басқадан
жағада жалғыз қалғанға.
Адамзат тылсым жолсызда,
шытырман тірлік онсыз да.
Кеңдік жоқ мынау əлемде,
қусырылып барады от жалған.
Көңілінде кеңдік жоқтардан
мейірім күтпе, нұр күтпе,
сыздатпай жанын ел мұңы,
қайырымы мен ерлігі
қара басынан аспаған.
өркендер елдің баласы –
біріне
-бірі жанашыр.
Кешіріп, қолдап бір
-бірін
қызғанбас болар күн нұрын,
Ел деген бұлғын ішіктің
бірі – жең, бірі – жағасы.
өшетін елдің ұлдары
өз
-өздерімен жауласар.
Келіспей жоқтан өзгеге
жағаларына жармасар.
Базарға айналар құндағы,
ыза-кек – таудың тасқыны
ақыл-еменді құлатқан.
Ашу-сел жайсаң-жақсыны
жырақтатар елдік мұраттан.
Ез болса ері – ел құнсыз,
алауыз болса – ер құнсыз.
Алшаңдап жүрген ерлерде
жайратып жауын тастарға
күш қалмас, бірлік қашқанда,
жайлауын былғар жат қарға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу