Өлеңдер ✍️

  04.05.2022
  133


Автор: Фариза Оңғарсынова

Жігіттің серті

Құлағың салшы,
армансыз бір өзіңмен сырласайын,
ақтарылайын алдыңда тыңдашы, Айым!
Құшағыма енген əйелдің бəрін дал қылған
жанарымдағы жұрт ұқпас мұңды ашайын.
Тапа-тал түсте қымсынбай құшақтап сүйіп
сəскелік шақты шырын сəт – түн жасайын,
құмарымды сүйтіп мен бір басайын.
Сан əйелдерді құштым мен
бар жанымменен беріліп ұнатпағанмен
(салқындығыммен-ақ өзгеге ұнап қалам мен),
сол құшақтардан сені іздеп аласұрмасам,
біреулерінен мүмкін мен тұрақ табар да ем...
Əйелдің бəрін қанағат қылғызбай қойдың,
əйтпесе сенсіз өлсем де шыдап бағар ем.
Ешбір еркектен көрмеген
ынтықтығымды көрсең балқудан басың айналып,
жақсы көргеннен сонда сен жылап та алар ең.
Жанарыма тіктеп үңілсең,
күмəнсіз менің от-жалын жанымды ұғарың,
сонан соң сені сарғайтып сағындырарым...
өліп-өшкен өзіңе құштарлығыммен
жасанды бей-жайлығыңды сағым қыламын.
Сонда сен мені көз ілмей аялар едің,
мен болар едім мəңгілік жарың, жыр-əнің.
Өзіңді ғана аңсаумен өтсін-ау десең,
асқақтығыңмен əрқашан жалындыр, жаным!
Осынау еркек басыммен жер басып жүрсем,
əйтеуір сені қайтсем де табындырамын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу