Өлеңдер ✍️

  04.05.2022
  219


Автор: Фариза Оңғарсынова

Бақыттының монологы

Тирпулдағы (Ауғанстан) мұнай өндірісі орталығының бөлім
меңгерушісі Аманулла Əлимен əңгімелескеннен кейін туған ой.
Бұл жұртқа не жетпейді:
күйгелектеп көр-жерге безектейді,
денің сауда – шайқап төк, үріп-ішіп,
ақымактар жатса да қырылысып
бір-біріне мылтығын кезеп мейлі.
Кейбіреулер мəн-жайды сұрамастан
біреу үшін күйінген, кінəласқан;
өз басының тірлігі жырақ қалып,
қайғысына біреудің жылап-талып,
дəл өзіне түскендей құлап аспан.
Түк пайдасыз көңілмен нұрдан аппақ
əпенделер жүреді құр далақтап:
жат қуанса – жүрегі жұлынардай
шаттанарын қайтерсің дымы қалмай,
өзі бақыт құшқандай ыржалақтап!
Өзіңдегі байлық пен бақты біліп жүрмейсің бе,
кетсін бар жат түңіліп!
Не жыным бар
жаныма азап алып,
қайдағы бір жұрт
үшін мазаланып,
кетсе-дағы қара Жер қақ
тілініп.
Ақымақтар ел десіп, заман десіп,
аһ ұрады, қайғырып, залал кешіп.
Қайтіп есті жан дерсің мұны тегі,
құр ойлармен аз миды шірітеді,
сонда өзіне келердей адал несіп.
Быж-тыж болып өткізген нұрлы күнін ақымақтық
екенін тірлігінің айтар ем-ау. Не пайда ол
ұғынғанда, өз басыма сор тілеп жыным бар ма?!
Ақылды ете аласың кімді бүгін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу