Өлеңдер ✍️

  04.05.2022
  458


Нұрмағанбетова Жазира

Аман бол, Адал бол, Адам бол!

Жалбарынып өзіңе жаратқаным,.
Жарығыңның келемін жалап дәмін.
Жүре келе жалғанымның жолдарында,
жүрегімнен мен бүгін жыр ақтардым.

Жыр ақтардым өмірге зейін салып,
Келе жатқан, кейінде қойған қалып.
Өмір деген өрнегі өңділеу боп,
Өте шығар өте шыққан аттай шауып

Осылай ой түйеді санам мықты,
Жақсылық пен ұмытпас жамандықты.
Жамандықтан қашан да сақтай гөр деп,
Тілеп жүрем мен әрқашан амандықты.

Аман болып жан-жағым өмір сүрсем,
Сол өмірде жайраңдап ойнап, күлсем,
Амандықпен әр уақыт бірге болсам,
Адам болу мақсатым деп білем мен.

Мақсатың адамдықпен шектелмейді,
Деп жүргім көкіренімді тепкілейді,
Амандықта адам боп туылған соң,
Адал болып бұл пәниден мәңгі өт дейді


Пір тұтып ең әуелі Амандықты,
Содан кейін Адам мен адалдықты.
Дарыған өн бойыма осылайша,
Әкем қаны, Анамның адал сүті.

Құдайым тек жамандықтан сақтасын,
Шықпаса да бұл пәниден жақсы атым.
Амандықта адам боп туылған соң,
Адал болып өту менің мақсатым.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу