Өлеңдер ✍️

  03.05.2022
  111


Автор: Гүлманат Әуелхан

Күлімдеп қауашақ ашатын

Күлімдеп қауашақ ашатын,
Жұпарын жар сала шашатын.
Гүлдердің қып-қысқа тағдыры,
құшағын көктемге ашатын.

Сән қосып даламның көркіне,
Куә боп ғашықтар сертіне.
Хош иіс гүлдерден аңқитын,
Жандардың дауа боп дертіне

Секілді жолдарың – жолдарым,
Жаныңның сезінем тоңғанын.
Кімнің бағында солмадың,
Сұлулығың үшін сорладың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу