👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  03.05.2022
  137


Автор: Нұрпейіс Байғанин

Қобыланды батыр

Қарақыпшақ деген елде Тоқтарбай деген бай болған, оның Аналық деген бəйбішесі болған. Аналық қырық тоғыз жасқа келгенше бала таппаған. Содан кейін Тоқтарбай: «Жасым бол- са жетіп келеді, жас əйел алып көрейін, бала таппас па екен» деп жас əйел алады. Одан да бала болмайды. Содан кейін тағы екі əйел алады, олардан да бала болмайды. Перзенттерінің жоқтығынан Тоқтарбай талай жиында ханнан, ханның уəзірлерінен «қубас» деген сөздерді естиді. Оған ол мықтап налиды.


Күндердің бір күнінде дəулетіне мас болған бір бай он екі ханның қол астына асқа сауын айтады. Тоқтарбай өзі бай болғанмен кішіпейілді, жарлыларға етер жақсылығы көп, ізгі адам болған. Өзін ханнан кем санамаған, ханға қарсы болған. Сондықтан хан Тоқтарбаймен өш болған. Сөйткен Тоқтарбай осы асқа барайын, салтанатымды өзім қатарлылардан арт- тырайын деп сексен нарға саба артады, сексен нарға алтын мен күміспен аптап тігілген асыл киімдер, жиһаздар артады. Тоқтарбайдың осындай сəн-салтанатпен келе жатқанын хан естіп, өзінің бір уəзірін Тоқтарбайдың алдынан шығарады, уəзіріне айтқан сөзі мынау болады: – Сен Тоқтарбайды өткір сөздермен, өлеңмен келемеж қыл, баласының жоқтығын айтып бетіне соқ, – дейді, – сонда Тоқтарбай осы асқа келмей кейін қайтар.


Тоқтарбайдың алдынан шыққан уəзірдің айтқан сөздері мы-


нау екен:



– Бұл жиынға хан келді,
Бай мен бектер паң келді.
Кілең байлар саба артып,
Бəйбішеменен сəн келді.
Байтақ ұлан ел келді,
Бай сабасы келді енді.
Салтанатты байларым,
Киім киіп сəнденіп,
Ажары топтың өңделді.
43
10 Байларға мақтау жарасар,
Байдың сəнін көргенде
Жоқ, жұқа естен адасар.
Байға паңдық миясар,
Байым сəнді, сайманды,
Асым асқа ұласар.
Патшаның нағыз ұлындай,
Өсірген сипап тұлымдай.
Бай баласы мырзалар,
Бəрі сəнді, білімді-ай,
20 Тəрбие, сəні сайма-сай.
Ағып жатқан аппақ май,
Хан мен билер қонақжай.
Бай ішінде байлар бар,
Ақылға кем, санасыз,
Сүйеуі жоқ панасыз.
Көп дəулетке мас болып,
Хандарменен қас болып,
Тоқтарбай, қайда барасың?
Ақылың жоқ, миың жоқ,
30 Көңіліңде білім жоқ.
Көтересің кеудеңді,
Тоқтарбай, саған сыйлық жоқ.
Ұлсыздарға орын жоқ,
Қызсыздарға қызық жоқ.
Сен кірмейсің Тоқтарбай,
Бай есепке санауға.
Сексен нарға саба артып,
Тоқтарбай байсың қарауға.
Бір күні көзің жұмылса,
40 Мал мен дүниең кімдікі,
Бір күні кетеді талауға.
Осыны естіп Тоқтарбай,
Іші оттай күйеді,
44
Күйеді де жанады.
Сексен нардың сабасын
Қанжарменен жарады.
Төгілген қымыз сабадан,
Көл суындай ағады.
Тоқтарбай қылық бастады,
50 Əсем киім, əсем ат,
Түсе қалып тастады,
Ашу ерді қаптады.
Неге де болса батырды
Бір қылыққа бастады.
Тоқтарбай сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Уа, Аналық, Аналық,
Көп мал менен дүниені
Енді талақ салалық.
60 Сəуе болса пірлерден,
Жоқты іздеп қаралық.
Енді еліме бармаймын,
Айтқан серттен танбаймын,
Сапарымнан қалмаймын.
Жердің жүзін қыдырып,
Көзімнің жасы шұбырып,
Жоғымды іздеп зарлаймын.
Басыма жауды қара түн,
Қараңғылық басып мұң.
70 Аналық, айтқан мұңым шын,
Малым бар деп нетемін,
Мүлік, дəулет, көп малды
Бүгін талақ етемін.
Бір перзенттің зарпынан
Қаңғырумен өтемін.
Ей, Аналық, Аналық,
Қу таяқ қолға алалық.
45
Иесіз малдан пайда жоқ,
Иесін іздеп қаралық.
80 Жəрдем болса Алладан,
Бір перзентті табалық.
Аналық сонда сөйледі:
– Уа, Тоқтарбай, алғаным,
Бір баланың зарпынан
Қайғы отына жанғаның.
Төрт қатын еді алғаның,
Одан перзент болмады,
Білмеймісің, бейшара,
Жасыңның жетіп қалғанын.
90 Алпыстан асып мінекей,
Жетпіске келдің таянып.
Мен қырық тоғыз жасымда,
Қалай бала табамын.
Үлкейе келді Аналық,
Сабырлық ет, уа, қартым,
Қайтып елге баралық.
– Аналық, тіліңді алмаймын,
Ант еткен менің сертім бар,
Сол сертімнен танбаймын.
100 Талақ еттім мал-мүлкім,
Қанша айтсаң да бармаймын.
Аналық сонда сөйледі:
– Олай болса, батырым,
Мақсатың болсын іздеген,
Оңға пірлер бастасын.
Елуге келді жақындап,
Батыр, менің қарт жасым.
Жəрдем болса пірлерден,
Табар перзент жас қатын.
110 Батыр, менің тілімді ал,
46
Осы сапар үйге бар.
Ақзарбапты қасыңа ал,
Қаразымның шəрінде
Əулие, пірлер көп дейді,
Ақзарбаппен бірге бар,
Пірлерге бар да, тілек сал.
Тоқтарбай сонда сөйледі:
– Уа, Аналық, Аналық,
Əуелі ант еткен соң,
120 Қайтып елге бара алман,
Ақзарбапты қасыма
Жолдас етіп ала алман.
Осы жолы жолымнан
Қанша айтсаң да қала алман.
Жолдас бол да өзің жүр,
Жақсылық пен жамандық
Жаратқан Жаппар панамнан.
– Уа, алғаным, алғаным,
Тіліңді айтқан алмасам,
130 Қиындық екен маған да,
Ақыр түбі аңдасам.
Амалым бар ма ерейін,
Мұңыңды айтып зарласаң.
Мүсəпір болған Тоқтарбай,
Кедейге көңілі кеңейді.
Əуелден ақ қалыбы
Жарлыны жарлы демейді.
Қайырымды қарт еді,
Жарлыға да мерейлі.
140 Кедейді жиып алады,
Үстінде асыл киімді,
Шын кедейге жабады.
Асыл киімдерді де,
47
Қақпа шекпен, жаман тон,
Тоқтарбай содан алады.
Тимеген кіршік бетіне,
Жібектен бөтен кимеген
Аппақ қардай етіне.
Аналық беріп киімді,
150 Күң үстіне жабады.
Шекпен киген күң байғұс,
Жібекті киді етіне.
Еңіреп, жылап, езіле,
Қақпа шекпен жамылып,
Аналық жылап, тарығып,
Тоқтарбай мен екеуі
Еңіреп, өксіп, зарығып,
Екеуі де қамығып.
Енді тұрсын неғылып,
160 Көзінің жасы төгіліп.
Қатты қайғы зарпынан,
Көйлектің бауы сөгіліп.
Көп қайғыға шаталып,
Қасіретке маталып.
Елуге келген Аналық
Ықылас күңнен бата алып,
Кетуге шықты сыбанып.
Бел байлады жүруге
Жылағаннан жұбанып.
170 – Мүсəпір, пақыр, нашар, – деп,
Тоқтарбай айқай салады.
Айқайлаған дауыспен
Алба-жұлба киімді
Кілең сорлы барады.
Үстінде қымбат көп киім,
Ортасына жаяды.
Киімге жарлы таласып,
48
Төбелесіп жөніне
Пақырлар кетіп барады.
180 – Ей, кедейлер, болсын мерейің,
Бəріңді бірдей көрейін.
Үстімде асыл киімді
Ең сорлы пақыр, жарлыңа
Қолымнан бөліп берейін.
Жалаң аяқ, жалаңаш,
Бас киімсіз жалаң бас,
Үстіне киген құрымды,
Көрген күні байғұстың
Əуелден-ақ бұрынғы
190 Жасқаншақ болған бейшара
Алыста тұрып жылайды.
Тоқтарбай байдан пақырлар
Көйлек, ыстан сұрайды.
Əуелден де мейірімді,
Кісі екен сірə райлы.
Киімі жоқ жалаңаш,
Жарымаған алаң, аш.
Тоқтарбай өз көзімен қарады,
Пақырларын табады.
200 Жалаңаштың үстіне
Асыл киім жабады.
Талайлары кедейдің
Киімденіп қалады.
Батасын беріп шуласып,
Бəрі қолын жаяды,
Ақ батасын қағады.
Əлқисса, пақырлардан бата алып, Тоқтарбай мен Аналық
жаяулап, жалпылап перзент іздеуге сапар шегіп жүріп кетеді.
Кедейлер мейірімді қарттың балалы болуын тілеп қала береді.
49
Қу таяғы қолында,
Көп дəулеттен не көрді.
Бір баланың зарпынан
210 Көкірек қайғы, шеменді.
Тоқтарбайдың бай басы
Аналық пен екеуі
Құл мен күңге теңелді.
Ел, мүліктен безеді,
Дүние жүзін кезеді.
Көзінен аққан қара жас
Омырауына төгеді.
Күннің ыстық күнінде
Талай-талай шөл көрді.
220 Шөлдеуменен меңдеді,
Екеуі жылап еңіреді.
Маңғыстаудың бойында
Əулиелер көп екен,
Пірлерге пақыр келеді.
Шетінен түнеп пірлерді,
Қалта толы сары алтын
Шырақшыға береді.
Қанша пірге түнеді,
Еш болмады себебі.
230 Қолындағы таяқтың
Үш тұтамы қалады.
Аяққа киген етіктің
Тек тақасы қалады.
Тоқтарбай мен Аналық
Екі нашар, қос ғаріп,
Екеуі де арыпты,
Арып, жүдеп талыпты.
Тоғыз жүз тоқсан əулие,
Баршасына барыпты.
240 Бəрінен себеп болмады,
Қайғы отына жаныпты.
50
Жылауменен байғұстың
Көзінің нұры жойылды.
Етігінде ұлтан жоқ,
Табандары ойылды.
Маңғыстауда шаһарға,
Көрінуге де қорынды.
Қандай болған кісі еді,
Осындай халге түседі.
250 Табандары ойылып,
Аяқтары іседі.
Көрген жолы қиын-ды,
Көзден аққан қара жас
Қойынына құйылды,
Сонда да пірге сиынды.
Тоғыз ай күні өтеді,
Жылаумен өмір өшеді.
Қаразымнан кетеді,
Еш ишарат көрмеді,
260 Түсінде себеп бермеді.
Екі пақыр зарығып,
Арықтап əбден меңдеді.
Күн он бір ай болады,
Алба-жұлба болады,
Қайғы ішіне толады.
Қаран күні қараңғы,
Қызыл гүлдей ажары,
Қу томардай солады.
Он екі айдың жүзінде
270 Тап сол жылғы күзінде,
Бір жер мола кездесіп,
Жер молаға келіпті,
Келе сөйлей беріпті.
Сол молаға келгеннен
Шаршаған көңлі сергіпті.
51
– Ей, жер мола, жер мола,
Мен де сенімен тең мола.
Мені өзіңдей көр, мола,
Ықыласым құлады,
280 Мен де пақыр, сен пақыр,
Бір перзентті бер, мола.
Басына шырақ жағады,
Қос пақыр түней қалады.
Қатып келген қабағы
Көз ұйқыға барады.
Қатты ұйықтап қалады,
Төбеден жұлдыз ағады,
Таң смері жауады.
Таң мезгілі болғанда,
290 Таң шабыты толғанда,
Тоқтарбай байғұс арманда,
Арманда болған жазғанда,
Түсінде аян болады.
Көк есегі астында,
Ақ шалмасы басында,
Бір адам келіп сөйлейді:
– Уа, Тоқтарбай, Тоқтарбай,
Басыңды көтер сен, – дейді.
Келген пақыр сен бе едің,
300 Қайғылы болған шерлі едің.
Осы жасқа келгенше,
Бір перзентті көрмедің.
Бір баланың зарпынан
Жердің жүзін кезгенің.
Дүние-мал, еліңнен,
Қоныс еткен жеріңнен,
Талақ етіп безгенің.
Қайырымсыз хандардан,
Тоқтарбай, тарлық көргенің.
310 Қаразымда əулие
52
Саған себеп бермеді.
Ықыласпенен түнедің,
Ықыласты пірің – мен, – деді.
Ей, мүсəпір, болсын мерейің,
Қолтығыңнан демейін.
Зарығып келген Тоқтарбай,
Екі бала берейін.
Енді еліңе барыңыз,
Зарығып келген Тоқтарбай
320 Қонды қайта басыңа.
Бақтан артық бағыңыз.
Сүйдеп қолын жаяды,
Бір батасын қағады.
Ұйқысынан оянып,
Бала іздеген Тоқтарбай
Төңірекке қарады.
Ешнəрсе жоқ қараса,
Аналықты тұр-тұрлап,
Оятып жылдам алады:
330 – Ей, Аналық, Аналық,
Ишарат түс мен көрдім,
Бақ-дəулетті кен көрдім.
Таң алдында түсімде
Екі перзент мен көрдім.
Осы көрген түсімде
Баланың бірін ер көрдім.
Ай менен күннен нұр көрдім,
Ер қолында ту көрдім.
Ақ бидайдың дəніндей
340 Алтын айдар тұлымды,
Нашар да болса білімді,
Қуаныш көрген күнімді,
Абырой, əжет, шын көрдім.
Тілектесі, сүйеуі –
53
Артынан науша қыз көрдім.
Аналық сонда сөйлейді:
– Мен де айтайын түсімді,
Түсімде көрген ісімді.
Ақбоз орда ішінде
350 Келбеті келген пішінді,
Жауырыны қақпақтай,
Қос шекесі тоқпақтай,
Алғыр бүркіт қабақты,
Арыстандай айбатты,
Қуанып көңлім жаратты.
Ұл перзентті мен көрдім.
Тар құрсағым кеңіпті,
Тас емшегім жібіпті.
Сəулетті, кеңдік заманды
360 Бұл бəйбішең көріп жүр.
Бір арыстан, ай нарша
Емшегімді еміп жүр.
Қуанышпен шаттанып,
Арықтаған екеуі
Елге қайтып жөнелді.
Ісігі қайтып аяқтың,
Көңілі өсіп шат болып,
Жас күніне теңелді.
Жасармай бұлар неғылсын,
370 Шын ишарат көріпті.
Көрген түске сеніпті,
Көңілі өсіп желікті.
Он екі айдың жүзінде
Қайтып елге келіпті.
Малын сойып, ел жиып,
Садақасын беріпті.
Қуаныш ойға толады,
Елуге келген жасында
54
Аналық жерік болады.
380 Енді бала көтеріп,
Баладан кеткен түңіліп,
Омыртқасы үзіліп,
Бес айдың жүзі болғанда,
Іші қалды білініп.
Жеті ай күні толғанда,
Салмағына шыдамай,
Еңкейіп жүрді бүгіліп.
Тоғыз ай, он күн толады,
Туар мезгіл болады.
390 Он алты күн толғатып,
Ұл перзентті табады.
Аңсап жүрген қос қарттың
Мерейін пірлер қандырды,
Қуаныш көңлін жандырды.
Кіндік кескен əйелдің
Осы туған жас бала
Ұйытып қолын талдырды.
Ат шаптырып, той етіп,
Халқына хабар салыпты.
400 Ретті тойы парықты,
Той қылғаны анық-ты.
Алтын қабақ аттырып,
Ат бəйгесін шаптырып,
Қуаныш көңілін шат қылып.
Сапырулы сары қымыз,
Келген жанды мас қылып.
Кілтін ақша ашады,
Алтын менен күмісті
Пақыр, міскін алсын деп,
410 Қуанышқа шашады.
Осындай жиын той қылды,
Келген халық баршасын
55
Аппақ майға тойдырды.
Алтыннан бесік соқтырып,
Күмістен шүмек құйдырды.
Мүсəпір, жарлы адамды,
Тоқтарбай жиып алыпты,
Есебі жоқ дəулетті
Тойға келген елдердің
420 Ортасына салыпты.
Аш, жалаңаш адамдар
Олжаға байып қалыпты.
Ат қоюға тағы арнап,
Ту бие мен қомды нар
Атаққа арнап сояды.
Құрметі үшін баланың
Көп дəулетті жояды.
Сағынып көрген баланың
Қобыланды атын қояды.
430 Бірге жасы жетеді,
Екіге жасы келеді,
Ата менен ананың
Сүйеніш бала тірегі.
Тағы буаз əйелі,
Пірлерден болған себебі,
Жаз ортасы болғанда,
Тамыздың күні толғанда,
Бір қыз бала тауыпты.
Тоқтарбай қарт жақсы адам,
440 Сабыры көп, білікті.
Ер тілегі қабылы,
Аналық пен Тоқтарбай
Жана бір қыз сүйіпті.
Ер мақсаты болған жер,
Мереке тағы той етіп,
Шашуына көп ақша,
56
Перзент үшін жойған жер.
Осы туған баланың
Қансұлу атын қойған жер.
450 Бірге жасы жетеді,
Ата менен ананың
Қуаныш көңлі өседі.
Екіге жасы келеді,
Сағынып көрген баласын
Ардақтап баға береді.
Үшке жасы келгенде,
Тілі шығып сайрады.
Қуаныш көңлі жайланып,
Төртке жасы келгенде,
460 Балалармен ойнады,
Ойынға Қобылан тоймады.
Беске жасы келгенде,
Парасат ақыл ойлады.
Алтыға жасы барады,
Ақыл, сана табады.
Жеті-сегіз жасында
Ата менен ананы
Құрмет етіп бағады.
Тоғыз бенен он жаста,
470 Көп қыпшаққа жағады.
Құрметті Қобылан балаға
Халық ақыл салады.
Қобыланды бала сөз айтса,
Халық қабыл алады.
Он бір жастан өтеді,
Келбеті келген сияқты
Жас теректей өседі.
Он екіге келгенде,
Ала тұлпар мінеді,
480 Үстіне сауыт киеді.
57
Алмас пенен садақты
Беліне орай іледі.
Арыстандай айбатты
Алып-ұшып жүреді.
Үш қырлы жебе, көк найза
Ордасына сүйеді.
Қобылан атты батырдың
Ел тілегін тіледі.
Жаугершілік заман деп,
490 Елді қорғап, бағам деп,
Он екіге жас толды.
Сүйенді халқым маған деп,
Өзіне қатар баллардан
Қасына жолдас алады,
Қарауыл Қобылан қарады.
Қарауыл қарап жүргенде,
Шаң-шұң еткен көп дауыс
Құлағын келіп жарады.
Дауысты естіп қызады,
500 Астындағы ала аттың
Санына қамшы ұрады.
Сол дауысқа барам деп,
Ана тауға шығады,
Мына тауға шығады.
Сол дауысқа жете алмай
Аң-таң болып тұрады,
Қайтып үйге барады.
– Тоқтарбай əкем сен едің,
Жалғыз балаң мен едім.
510 Алыстан естіп көп дауыс,
Сол дауысқа жете алмай
Арманда болып келгенім.
Осы дауыс не дауыс,
Айтып бер, əке, себебін.
58
– Жақсы айтасың, шырағым,
Дауысты байқап сынадың.
Сені көрмей тұрғанда
Еңіреп, өксіп жыладым.
Сені көзім көрген соң,
520 Болып еді мұрадым.
Айтпасыма амал жоқ,
Қиылып, ұлым, сұрадың.
Осы дауыс себебі:
Руы қалмақ ел еді,
Есепсіз, сансыз көп еді.
Хабары талып келеді,
Дəумаманың Аққұртқа
Айдан сұлу деп еді.
Кемелге келіп сол Құртқа
530 Теңін тауып халықтан,
Сынап береді деп еді.
Теңін тауып берем деп,
Күйеуін сынап көрем деп,
Бек сауытын белсенген
Батыр болса берем деп,
Лайығын табам деп.
Ардақтаған Аққұртқа
Кəдірлі жалғыз балам деп.
Уəзірлерін жиып ап,
540 Неше күн кеңес қылдырған.
Баршасының ақылы
Ер қайратын сынауға,
Шойыннан терек құйдырған.
Ару, сұлу Аққұртқа
Майысып тұрған балдырған,
Көздің жауын алдырған.
Көрген жанның көрікпен
Көргенде есін тандырған.
Шойыннан құйған терекке
59
550 Күмістен бұтақ салдырған.
Хабар салған Дəумама
Он екі ханның еліне,
Еліндегі еріне.
Беремін деп Құртқаны
Құйған шойын құлатқан
Қайраты асқан еріне.
Қобыланды сонда сөйлейді:
– Батаңды бер, ал, ата,
Мен сол Дəумаманың шəріне
560 Тəуекел етіп барайын.
Бұйыра қойса тұз, нəсіп,
Теңімді іздеп табайын.
Тегіннен тегін мал бермей,
Қыз Құртқаны алайын.
Құлаққа хабар тиген соң
Бармай неғып қалайын?
Ердің аты шыға ма,
Таңдап тұлпар ат мінбей,
Ат құйрығын шарт түймей.
570 Қолымдағы көк найза
Қара тастан өткізбей.
Өзінің тайпа халығын
Тереңдеп тегін қайратпен
Ару таңдап қыз сүймей.
Несі батыр батырдың –
Таңдап жүйрік мінбесе.
Шығыршықты көк сауыт
Берік сақтап кимесе,
Орай садақ, қырық кез оқ
580 Орай белге ілмесе.
Жасанып тұрған сансыз қол,
Жападан жалғыз тимесе.
Күні де бір, түн де бір,
60
Жау ішіне кірмесе.
Қыпша белді ақ қылаң
Тартып алып қайратпен
Теңін тауып сүймесе.
Ер мақсаты бола ма,
Қайтпай жауға кірмесе.
590 Жылқыдан тұлпар мінейін,
Шығыршықты көк сауыт
Кебінім деп киейін.
Тауға салса тас кескен,
Айбаттанса бас кескен.
Ханнан қайтпас ақ алмас
Орай белге ілейін.
Батаңды бер, ата-анам,
Тəуекел етіп жүрейін.
Мың болмастан сан болсын,
600 Сан жетпейтін қол болсын,
Барып жауға тиейін.
Қарт анам мен қарт атам,
Сізге тілек саламын.
Мақұл көрсең екі қарт,
Осы жауға барамын.
Алға басқан жас жанмын,
Қайтармаңыз талабым.
Айдан ару Құртқаны
Қалмақтан тартып аламын.
610 Құртқадан хабар келген соң
Бармай неғып қаламын?
Талапты туған жас ұлмын,
Қайырмаңыз талабым.
Сонда атасы сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді,
Қайғыланып қарт сасып,
Не болғанын білмейді.
61
Əлден уақыт болғанда,
Əкесі ақыл тоқтатып,
620 Азар бойын билейді:
– Ей, Қобыланды шырағым,
Сені көрмей тұрғанда
Қайғымен өксіп жыладым.
Қоныс еткен жерімде,
Ұлан байтақ елімде,
Болмады менің тұрағым.
Жетпіске жасым жақындап,
Болмаған соң мұрадым,
Қу таяғым қолға алып,
630 Пірлерден бала сұрадым.
Жалғызым, тыңда мұңымды,
Сені көрмей тұрғанда,
Білмеді халық бұлымды.
Жер жүзін кезіп, қыдырып,
Қарт əкең мен қарт шешең,
Баладан кеткен түңіліп.
Сен туған соң жалғызым,
Қызық көрген күнімді,
Қансұлу мен Қобыланжан,
640 Өсірдік сипап тұлымды.
Дəумаманың Аққұртқа
Кемелге жасы толған соң,
Анасы оның Дəумама
Беретін күні болған соң,
Он екі ханның еліне
Патша хабар салыпты.
Көзімен сынап көруге.
Лайықты батырдан
Теңін тауып беруге.
650 Не келер де, не кетпес,
Басы жұмыр пендеге.
Шойыннан терек құйдырған,
62
Қайраты асқан ерлердің
Күшін сынап көрмеге.
Құртқаны берем деген соң
Жиылмасын ел неге.
Құртқаға ғашық сыртынан
Келмесін тойға ер неге.
Дəумама үкім етті байтақ елге,
660 Дəмелі Аққұртқадан талапты ерге.
Мақсаты өзімсініп баршасы да,
Айдынды айдан сұлу Құртқа серге.
Талабы батырлардың Құртқаны алып,
Мақсаты, бар мұраты шықпақ төрге.
Батырлар кезек-кезек теректі атты,
Сақ етіп атқан оғы кейін қайтты.
Үсті-үстіне желігіп алмас шапты,
Шапқан қылыш өтпеді сол шойынға,
Ерлердің мықтымсынған беті қайтты.
670 Көрген жан қызығына батып жатыр,
Батырлар кезек-кезек атып жатыр.
Оқ тимей бірқатары асып жатыр,
Аңсызда бірқатарлар кетті қапыл,
Айқайласып қалмақтар шулап жатыр.
Қалыңда, қапылыста кейбір оқтан
Бірқатар жан оқ тиіп құлап жатыр.
Бір қыз үшін шулаған көп қалмақтың,
Талайы аңсыз өліп қирап жатыр.
Таланды туған ер Қобылан,
680 Қарауыл тағы қарады.
Ақсұр аты астында,
Тау басына барады.
Ер қаруы – бес қару,
Айқара бойға асынып,
Қарауыл тағы қарады.
63
Қарауыл қарап тұрғанда
Үш жолаушы тап болды.
Аққұртқаның тойының
Хабарына Қобылан қанады.
690 Қобыланды батыр желігіп,
Тоқтарбай мен Аналық
Екеуіне барады.
– Əкем, шешем сен едің,
Жалғыз балаң мен едім.
Аққұртқадай арудың
Хабарын естіп қуанып,
Шын желігіп келемін.
Жақсылық пен жамандық
Маңдайымнан көремін.
700 Анам менен қарт атам,
Батаңды берсең деп едім.
Ықыласпен бата бер,
Батаңды берсең барамын.
Егер бата бермесең,
Қайырдың ердің талабын.
Ықыласпен қол жайсаң,
Мен Құртқаны аламын.
Ілгері басқан перзенттің
Қайырма, ата, талабын.
710 Хабарына ғашықпын,
Бармай неғып қаламын.
Сонда атасы сөйлейді:
– Балалықпен, балам, айтасың,
Айтып тұрған ол жерің
Адам барар жер емес,
Барам деуің жөн емес.
Сан жетпейтін халықтың
Ерлері сенен кем емес.
64
Балам, бекер бармаңыз,
720 Бармаған болар пайдаңыз.
Əкең менен шешеңнің
Сөзін тыңдап, аңдаңыз.
Беркіндегі қалың ел,
Есебі жоқ сансыз жау,
Оған болмас айлаңыз.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– Жеделденген балаңмын,
Бармағаным мін болар,
Батырлыққа кір болар,
730 Менен артық кім алар.
Бармай қалсам егер де,
Ерлігіме сын болар.
Сонда анасы сөйлейді,
Сөйлейді де толғайды:
– Қайырылмайсың, шырағым,
Жасы жеткен бабаңа.
Бермеймісің шын тілек
Тоғыз ай, он күн көтерген
Тілеп алған анаңа.
740 Бөтен жерден теңің тап,
Байтақ елден қара да.
– Көңілім, анам, желікті,
Қанша айтсаң да тұра алман,
Өтінгенмен тіл алман.
Беренгі сауыт белсеніп,
Қайратыма сия алман.
Жақсылық пен жамандық –
Жазған шығар бір Аллам.
Айдан сұлу Құртқаны
750 Терімді төгіп алармын.
Он екі ханның ерлері
Берік тұрған құралдан.
– Əкеңнің тілін алмадың,
65
Анаңның айтқан сөзіне
Құлағыңды салмадың.
Қайсар туған ер Қобылан,
Жеделіңнен танбадың.
Оңай болмас, шырағым,
Он екі ханның қол асты
760 Елін жеңіп түп-түгел,
Құртқаны тартып алмағың.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– Ажалым жетсе өлгеймін,
Қабыл болса сапарым,
Құртқаны алып келгеймін.
Қолда тізгін барында,
Ерліктің қонған бағында,
Қолымдағы көк қылыш
Қалмаққа қарсы сермермін.
770 Өтінбе, əкем, қарт шешем,
Өтінгенмен көнбеймін.
Берік асындым бес қару
Өзіме өзім сенгенмін.
Əкесі мен шешесі
Шарасыз қолын жаяды,
Екеуі бата қағады.
Ата менен анадан
Батыр туған ер Қобылан
Ықыласпен бата алады.
780 Ақ боз атпен жарқылдап,
Белінде қылыш сартылдап,
Қобыланды кетіп барады.
Күні бес күн болады,
Алтыншы күнге толады.
Қарашоқы басынан
Қарауыл Қобыланды қарады.
Шулаған халық дауысы,
66
Құлағын ердің жарады.
Тағы бір күн жорытты,
790 Астындағы ақ боз ат
Ор қояндай орытты.
Қобыланды мықты шонықты,
Алдынан тура батырдың
Бір қара оба жолықты.
Қара обаға барады,
Қарауыл Қобылан қарады.
Есебі жоқ əскерді,
Жиылған сансыз халықты
Ердің көзі шалады.
800 Күш қайратым көрсін деп,
Батырлыққа сенсін деп,
Айбатыма шыдамай,
Күннен сұлу Құртқаны
Еркімен жаулар берсін деп,
Екпінінен садақтың
Жолдағысы өлсін деп,
Садақты толғап алады.
Алыстан көрген қалмаққа
Қобыланды тартып қарады.
810 Тоқтайтұғын оқ емес,
Зулап кетіп барады.
Жолындағы жаулардың
Қабатынан келгенді
Қабаттап өтіп барады.
Қыл жалаулы жаулардың
Талайларын қағады.
Оқ өткенде тулады,
Ағып қаны зулады.
Оқ екпінін көрген соң
820 Он екі ханның қол асты
Қойдай маңырап шулады.
67
Қырық қызы бар қасында,
Алтын телпек басында,
Кемалға келген жасында,
Гауһар моншақ шашында,
Қиялға келді Аққұртқа
Ақылға асқан асылға.
«Мамекелеп» Дəумаманың
Осындай тұрды қасында.
830 – Көңілімді айтайын,
Ал тыңдашы, мамам-ай.
Білгенің болса тура айт,
Ал, мамеке, маған-ай,
Өтінем, анам, саған-ай.
Қайдан шыққан бұл садақ,
Қабат келген ерлерден,
Қабаттап өтіп барады-ай.
Кейбір шеттеп кеткен оқ,
Шойын терек бұтағын
840 Қу ағаштай қағады-ай.
Мынау кімнің ұлы екен,
Батырлығы шын екен,
Көңіліме жағады-ай.
Тұрған жерден жақындап,
Қобыланды бермен келіпті.
Шойыннан құйған теректі
Көзбен байқап көріпті.
Садақ толы жебені
Сарыжаға керіпті.
850 Ырғап келіп алыпты,
Тартып келіп қалыпты.
Шойыннан құйған теректі
Ортасынан жарыпты.
Соны көріп сасады,
Он екі ханның қол асты:
– Екі атқаны мынадай,
68
Үшінші атса қырады-ай.
Екпінін көріп шыдамай,
Самсап тұрған көп қалмақ
860 Қашуға бет бұрады-ай,
Атына қамшы ұрады-ай.
Енді қалмақ қашады,
Атқа қамшы басады.
Ерсініп тұрған қалмақтар
Мұзбел деген таулардың
Ар жағына асады.
Қорқып қалмақ сығынды,
Сығынбай қалмақ неғылсын,
Көк сауытты Қобыланның
870 Мықтылығы білінді,
Дұшпандар жаннан түңілді,
Қалмақтар қашып тарады.
Ару, сұлу ақ Құртқа
Дəумаманың қарағы
Не қылса да бұл Қобылан
Қыз Құртқадай арудың
Сынағына жарады.
Қашып қорлық көргенше,
Қасына жақын келгенше,
880 Оттай іші жанады.
– Ал, мама, ақыл салайын,
Ақылдасып қарайын.
Мамеке, тіліңді алайын,
Сынадың ердің талайын.
Кімдер мықты, кім осал,
Қайсысына енді барайын?
– Жақсы айтасың, шырағым,
Мақсат пен болды мұрадың,
Ерлерді байқап сынадым.
890 Өмірі ұзақ, ұзын жас,
69
Жолдаспен болар тұрағың.
Дəумама анаң сынады-ай,
Көңілім тоқтап тынады-ай.
Алыстан тартқан садақ оқ
Ғайыптан зулап шығады-ай.
Құйған шойын бұтағы,
Тұс-тұсына құлады-ай.
Он екі ханның ерлері
Мықтылығын көрген соң,
Бəрі қашты шыдамай.
900 Сынауым шайтан болмаса,
Таланды туған жас дейді.
Қобыландыдай жас бала,
Хабарыңды естіп, Құртқажан,
Келген шығар шыдамай.
Əруақты ердің данасы,
Тоқтарбайдың баласы.
Ақылды ата-анасы,
Ғайыптан келген осы ер
Қобыланды шығар шамасы.
910 Қызым Құртқа, бағың бар,
Жолына кілем салыңдар.
Қырық қыз жолдас қасыңда,
Салтанат, сəнмен барыңдар.
Дидар жүзін көріңдер,
Табанын жерге тигізбей
Көтеріп алып келіңдер.
Айбатты туған Қобыланның
Дидарын, қыздар, көріңдер.
Сөзіне кемпір қандырды,
920 Қызметкері, қырық құлға,
Қобыланның жүрер жолына
Төсетіп кілем салдырды.
Кілең жібек кигені,
70
Салтанат сəнмен жүргені.
Табылды деп Құртқаның
Халықтан таңдап сүйгені.
Айдан сұлу Құртқаның
Халықтан іздеп жүргені.
Қырық қыз бар қасында,
930 Алтыннан тон жамылып,
Оттай беті қабынып,
Ғашық болып Қобыланға
Көргенінше сағынып.
Асық болған сұлу жар
Шыдап тұрсын неғылып.
Қырық қызбенен қылаңдап,
Ақ қайраңдай сылаңдап,
Нəзік белі бұраңдап,
Кербездікпен керіліп,
940 Басуға аяқ ерініп,
Ер Қобыланды көргенше,
Қуанып Құртқа желігіп,
Қос шашбауын тебініп,
Алдынан шығып барыпты,
Көрісіп қолын алыпты.
Қуанышты көңілі
Қобылан менен Құртқаның
Қосылған күні анық-ты.
Қырық қыз жолдас қасында,
950 Құшақтасып баршасы,
Құртқаның мекен-жайына
Қызықпенен барыпты.
Батыр Қобылан келген соң,
Дəумама ерді көреді.
Қуаныш етіп көңілі,
Ерлігін сынап сенеді.
Қуанышты қызық той
Мереке еткен жері еді.
71
Елі-жұртын Дəумама
960 Басын құрап жияды,
Халықтың басын құрады.
Отыз күн ойын, қырық күн той
Осындай қызық қылады.
Қобыландыны жақсы қарады,
Қару-жарақ асынып,
Қобыланның жатқан алтын үй,
Қырық жігіт беркін бағады.
– Ей, Қобыланды ер, Қобыланды ер,
Көңілімде айтарлық,
970 Батыр, сізге сөзім бар.
Қарақыпшақ елің бар,
Жетпіс күн болды келгелі,
Қайтатын елге жөнің бар.
Жан жолдасым сен едің,
Сұлу Құртқа мен едім.
Ғашық болып қосылған
Сүйіскен жолдас тең едің.
Көңілімдегі сөзімді
Айтатын, батыр, жөнім бар.
980 Келгеніңе көп болды,
Қарақыпшақ елің бар,
Еліңде құрбы, теңің бар.
Біраз болды жатқалы,
Қайтатын елге жөнің бар.
Келгеніңе көп болды,
Қарақыпшақ елің бар,
Кеткеніңе көп болды,
Ағайыннан араңыз,
Ақылға салып қараңыз.
990 Жалғыз ұлын сағынып,
Тарыққан ата-анаңыз.
Ерде болады даналық,
72
Өзіңе ақыл салалық.
Мақұл көрсең ер Қобылан,
Енді еліңе баралық.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– Алған жарым сен едің
Байтақ жұрттан қалаған.
Жан жолдасың мен едім
1000 Өзіңмен қатар балаған.
Ұлықсат болса кетелік
Дəумамадай анадан.
Дəумамадай анаға
Хат жазамын мен, – деді.
Жан жолдасы Аққұртқа:
– Айтқаның тура, жөн, деді.
Ер игісі доста бар,
Əуелден нақыл сөз еді.
Дəумамадай анадан
1010 Ұлықсат сұрап қарайын.
Ұлықсат болса анадан,
Қайтуға пұрсат алайын.
Қарақыпшақ халқымда
Білікті талай данам бар,
Сағынған ата-анам бар.
Асыл ердің белгісі,
Үлкеннің қақын тамамдар.
«Дəумама атты анайым,
Ұлықсат берсең қайтуға,
1020 Енді еліме барайын.
Жасы жеткен екі қарт
Сағынған ата, анайым.
Қобылан қашан келер деп,
Көзі талып телміріп,
Тұрған қыпшақ ағайын» –
Осылайша хат жазып,
Дəумамаға беріпті,
73
Хатын оқып көріпті.
Қобыландының сөзіне
1030 Шешесі əбден сеніпті.
Ақылдасып ойласқа
Өзі менен жолдасқа
Келің деп хабар беріпті.
Білімді би мен ер келді,
Азамат ерлер тең келді.
Келген сонша халыққа
Дəумамадай дана адам
Тура сөз айтып сөйледі:
– Мақұл көрсең елдерім,
1040 Ел ішінде ерлерім,
Білікті би мен бегілерім,
Аққұртқам менің ардақты,
Қобыланды батыр бергенім.
Келгеніне көп болды,
Қайтамын деп ер Қобылан
Сағынған Қыпшақ елдерін.
Мереке тойын қылалық,
Астана елді жиялық,
Халықтың басын құралық.
1050 Аққұртқаның қызығы
Тойға малды қыралық.
Мерекеге ел жиылып,
Есепсіз жылқы, қой қырды.
Келген халық баршасы
Арақ пенен шарапқа,
Келген жанды тойдырды.
Алтын қабақ аттырып,
Ат бəйгесін шаптырып,
Сапырулы сар қымыз,
1060 Келген халықты мас қылып.
Ортасына ту тігіп,
74
Қуантып елді шат қылып.
Сексен нардың үстіне
Есепсіз жасау арттырып,
Жібектен арқан тақтырып.
Тəрбиесін өзгеден
Анағұрым арттырып.
Өзге той мұндай болған жоқ,
Талай патша қыз берген,
1070 Мұндай дəулет жойған жоқ.
Қызмет қылды Дəумама,
Жалғыз қызға қорған боп.
Күміспенен күптеген,
Алтынменен аптаған.
Мереке талай той болды,
Мұнан еш той аспаған.
Қызға берер жүктерін
Кіл жібектен қаптаған.
Қазына сансыз пұл берді,
1080 Мерекелі бұл тойды
Дəумама дана үлгерді.
Қобыланға қызмет етуге
Жалшы берді, құл берді.
Құртқаға қызмет етуге
Салтанатқа күң берді.
Бір-біріне жарастық
Алтын шашақ ту берді.
Тəрбие мен қонағын
Патша əйел үлгерді.
1090 Сексен нарды арттырып,
Қобыланның еліне
Көшті тарттырып жүрді енді.
Əлқисса, Қобыланды батыр көшпен біраз жол жүріп келгеннен кейін, көшті өз елінің жолына салып: «Енді ел жақын,
біздің елдің жайлауына келдік. Енді көштен озып елге хабар
75
берейін, қалған жерге өздерің көшіп келерсіңдер, мен озып елге
хабар айтайын», – деп жүріп кетеді. Құртқа көшке басшы болып қалады. Қобыландының, яғни Тоқтарбайдың көпжылқысы
мекен етіп жайылып жатқан бетегелі, шалғынды жердің ортасыменен жүріп, ортасы шұқырайып жайылып жатқан көп
жылқыны қақ бөліп ортасынан жүреді. Жылқы жайылып
жатқан жердің бір жағы жазық, бір жағы көл еді, бір жағы дөң
еді. Тоқтарбайдың бас жылқышысы Өтеміс деген ер еді. Бұл
көштің алдынан шығып, ол Қобыландының тапсыруы бойынша, көшті тосып алады. Қобыландының тапсырып кеткен сөзі
бар еді: «Ендігі қалған жерге көшті бастап елге алып барасың»
деп еді. Өтеміс көшке келіп ару Құртқаны көреді, дидарласып сəлемдеседі. Көш үстінде келе жатқан сұлу Құртқа көп
жылқыға көзін салып келе жатып, қысырақтың үйірінде желіні
дертіп, қарыны жер сызып, туар мезгілі таянған керқулықты
көреді. Көштен түсіп, жаяулап барып керқулықтың алды, артына шығып сынап қарайды. Керқулық тұлпар табатын жануар
екен, ішіндегі құлыны тұлпар екен деп сынайды.
Қулықты Құртқа сынады,
Əрбір мүше, тəндері
Аққұртқаға ұнады,
Көрген соң көңлі тынады.
Бір ауыз сөз сол жерде
Өтемістен сұрады:
– Биесі болса атамның
1100 Өтінем сізге мен деді.
Жасы жеткен атамның
Сенімді ері – сен деді.
Керқұлықты атамнан
Көрімдікке сұраймын,
Атайға хабар бер деді.
Өтінемін атамнан
Баласындай көрер деп,
Атакем маған сенер деп,
76
Дəме етемін атайдан
1110 Қысырықта кер қулық
Көрімдікке берер деп.
Көрімдікке бермесе,
Беруді мақұл көрмесе,
Келініне сенбесе,
Бермегенім жөн десе,
Қоңсы болып қонбаймын.
Көрімдікке алмасам,
Қайғылымын, оңбаймын.
Осы жерге қонамын,
1120 Керқулықты алғанша,
Мен Қыпшаққа бармаймын,
Айтқанымнан танбаймын.
Атам берсе қулықты,
Еншіме соны арнаймын.
Еншіме оны бермесе,
Қайғылы, мұңды келінмін,
Жылаймын да, зарлаймын.
Сүйдеді де Аққұртқа
Қонып қалды көліне.
1130 Жылқышының қос тіккен
Мекендеген жеріне.
Өтеміс кетті хабарға
Тоқтарбай қарттың еліне.
Ертең тал түс болғанда
Аттан түсіп Өтеміс
Сəлем берді иіліп,
Сексенге келген Тоқтарбай
Даңқы күшті еріне.
Азаматтар жиылып,
1140 Кеңес еткен күн еді,
Тоқтарбай қарттың төріне.
77
Əлқисса, Өтеміс Тоқтарбайдың үйіне кіріп, төрде отырғандардың барлығына сəлем береді. Амандасып болғаннан кейін
отырған жұрт: – Алдынан қыз, келіншек кетіп еді, келіннің көші жақындады ма, неғып кешігіп жатыр? – деп сұрады. Сонда
Өтеміс тұрып: – Аққұртқа көп жылқының ішінен қысырақтың
үйірін көрді, оның ішінен керқулықты көрді. Алды, артына
шығып сынап, осы керқулықты атам маған көрімдікке берсін,
енші етемін, осы хабарды атамның құлағына сал, не дер екен,
айтқан сөзін алып кел деді. Соған мені жіберіп еді, кəзір келіп
отырған жұмысым осы, – деді. Егер керқулықты бермесе, онда
атамның мені қайғыландырғаны деді. Сонда отырған халық
ду ете қалды, келіннің сұраған керқұлығын беру керек, өз
балаңнан аяйтын нең бар деді. Сонда Тоқтарбай қарт: – Ердің
жеті дұшпанының бірі əйелі деп еді, керқулықтың ішінде
тұлпар бар, мен оны көрімдікке бере алмаймын. Қобылан
мен Құртқадан бөлек жинайтын малым да жоқ, бірақ сонда
да керқулықты беруге сене алмаймын. Мал-мүлкім екеуінікі,
қанша сұраса да, не сұраса да басқасын сұрай берсін, тек керқулықты сұрамасын. Мал-мүлкімнің қожасы Қобылан мен
Құртқа. Өлерімнің шағында, сақалымның ағында керқулықты
өзімнің еншіме алып қаламын. Сонда Өтеміс былай дейді: –
Отырған халық тыңдаңыз, Құртқаға керқулықты бермесеңіз,
көп қайғы-қасірет түсетін секілді. О халық, керқулықты берген мақұл ма, бермеген мақұл ма, өздерің ақылдасыңыз. Сонда Аналық: – Ей, Тоқтарбай, Қобыландыны көрмей тұрғанда
қандай едік. Тілегеніміз болған соң Қобыланды кемелге келіп,
он екі жасқа толған соң жат жұртқа барып өзінің теңін тауып
алды. Қобыландының жан жолдасы Құртқаның тілегін бермей тауын қайырғаның қалай, керқулықты сен бермесең де
мен беремін, алсын, – дейді. Отырған халық осы сөзге ырза
болып, Тоқтарбайдың билігін алып, керқулықты көрімдікке
бермек болды. Көп жолдаспен қыз Құртқаны көшіріп, отауды Тоқтарбайдың қасына əкеліп қондыруға Өтеміс жүріп
кетеді. Құртқаның алдынан шыққан қыз-келіншек, бозбала
жарастықты сауыт-сайманымен Құртқаның қостанып жатқан
78
жеріне барып, көлден көшіріп елге жүре бастайды. Құртқа
керқулықты өзінің еншісіне берілгендігін естігеннен кейін
жылқыдан керқулықты ұстап, көшпен бірге алып жүреді. «Осы
қулықты бөлек бағайын деп едім» деп, көшіп келгеннен кейін
өзіне арнап отауын тіккізеді, сарай салғызады, сарайдың ішін
терең етіп қаздырады. Аяғына қатты жер тимесін деп астына
кілем жайылдырады, салқын тимесін деп жарға кілем ұстайды.
Сөйтіп керқулықты осылай бағады. Тоқтарбай қарт баласының
жат елге барып, аман-сау келгеніне, сұлу Құртқа секілді келіннің құрметіне астана жұртын жинап үлкен той етеді.
Жер астында ардақтап,
Керқулықты бағады.
Асты, үстін құрғатып,
Жеті жігіт жақсы қарады.
Жібектей жал мен құйрығын
Жез тарақпен тарады.
Туар күні таянды,
Жұмсаққа құлын түссін деп,
1150 Астына кілем жаяды.
Қалың кілем үстіне
Мақпалдан төсек салады.
Тоғыз ай күні толыпты,
Туатын күні болыпты.
Маңынан бие кетпе деп,
Қыдырмаңыз шетке деп,
Мақпал төсек үстіне
Аяғын жерге тигізбей,
Көтеріп қолмен тудырың.
1160 Егер сендер үйтпесең,
Мойныңда болар өкпе деп.
Құлынның қалай туғанын
Білдірмеңіз шетке деп,
Болмасын дабыл көпке деп,
Жетеуі жақсы қарады.
79
Бие қашан туад деп,
Ұйықтамастан бағады.
Төбеден жұлдыз ауғанда,
Түрегеліп керқулық
1170 Торы құлын табады.
Қалғып кетіп бір жігіт,
Жаңа туған құлынның
Жерге тиді аяғы.
Ілініп кеткен жігіттің
Қалғыған ғана кезі еді.
Тəрбиемен тусын деп,
Жігіттерге Құртқаның
Осылай айтқан өзі еді.
Аяғы жерге тигеннен
1180 Тобығы меңді болғаны,
Жерге тиген себебі.
Жаюлы тұрған жібекке
Туған шақта жас құлын,
Тіке түссін деп еді.
Кемелге құлын келген соң,
Үстіне қатты тигізбей,
Мақпалдан жабу жаптырды.
Мойнынан қатты тигізбей,
Жібектен арқан тақтырды.
1190 Тəрбиемен өссін деп,
Сары балға тамдырып,
Торышаның көңілін
Шын өсіріп шат қылып,
Жетеуіне қаратты,
Шыны бағып қарапты.
Күн-түн сайын торының
Тарақпен түгін таратты.
80
Əлқисса, ендігі сөзді Қырымның қырық батырынан
естіңіз.
Қырымдағы қырық батыр,
Оза шауып əр жаудан
1200 Қайрат, күшпен олжа алған.
Көрсе жауды долданған,
Талай батыр паңды алған,
Қарсыласып ханды алған.
Алшағыр қалмақ шаһарын
Шабуға ой мен жадыға алған.
Қырымдағы қырық ердің
Қартқожақ екен ағасы.
Қасындағы жолдастың
Ақылдасар, ойласар,
1210 Талайды көрген данасы.
Жау ізденіп батырлар
Ақылдасқан шамасы.
– Қартқожақ, басшы сен деді,
Қасыңдағы жолдастар,
Сізге ақыл саламыз.
Лайықты бір жауды
Өзің тауып бер деді.
– Жақсы айтасың, жолдастар,
Ер қаруы – бес қару,
1220 Тастан қайтпас алмас бар.
Қайратқа асқан ерлерім,
Өзіме қатар жалғастар.
Менің айтқан сөзімді
Ақылменен аңдап қал.
Тұлпар мініп ту алған,
Қырық жолдас ерімсің,
Жауды көрсең қуанған,
Əскерді көзің көргенде,
81
Түріп білек сыбанған.
1230 Талай кезген ерлерсің,
Айбатты қолға ту алған.
Қызғынды берен басшыңмын,
Білгенімді айтпай тұра алман.
Талай жерде жауды алдық,
Жасанған əскер құралдан.
О, қырық жолдас, қырық жолдас,
Еңбегіңіз еш болмас.
Қолда қару, батылмыз,
Бізге ешкім келе алмас.
1240 Жау ізделік, жолдастар,
Еңбегіміз еш болмас.
Есітемін алыстан,
Мықты дейді данышпан.
Алдырмайтын арыстан,
Талайлармен алысқан,
Талай жаумен қарысқан.
Оның елі төменде
Сырттан құмар ер едім,
Алшағыр мықты дегенге.
1250 Мақұл көрсең қырық жолдас,
Алшағыр ханға баралық,
Барып қимыл салалық,
Болмасын сөзде шалалық.
Арын арлап халықтың,
Кел, осы жауды шабалық.
Шынарға найза саптайық,
Тұлпарларды баптайық.
Тасты кесер алмасты,
Қынапқа ерлер қаптайық.
1260 Желденген соң ер көңлі,
Айтқан серттен қайтпайық.
Бейпіл жатқан халыққа
Ішкі сырды айтпайық.
82
Басшысының бұл сөзін
Жолдастар қабыл алады,
Тұлпарды баптап бағады.
Қырық күн баптап тұлпарды
Атқа ер тоқым салады.
Бес қаруын асынып,
1270 Алшағырдың еліне
Ерлер кетіп барады.
Үзеңгісі сартылдап,
Белінде қылыш жарқылдап,
Өмілдірік омырауда,
Ат мойнында алқылдап.
Жігіт кекті Нұрғожа
Қартқожақ пен екеуі
Батырлардың ағасы.
Шығыршықты сауыттың,
1280 Дулығалы жағасы.
Алшағыр хан мен Қырымның
Алыс еді арасы.
Неше күндей жол жүріп,
Алшағырдың еліне
Жақындап келді шамасы.
Қырымнан шыққан қырық батыр,
Келген сойды желігіп,
Алшағырдың жеріне
Көп қалмақтың шеніне,
1290 Келді де ерлер қос тікті.
Елсіздегі көліне.
Көк шалғынды ағашты
Қалың шыққан ну ағаш,
Бұлтпенен таласты.
Алыстан келген ерлерге
Қалың шалғын, тəтті су,
Көлдің көркі жарасты.
Жеті күн атын бағады,
83
Жалғыз атқа жал бітіп,
1300 Ат тыңайып қалады.
Ерлер де дамыл алады,
Қалмақтың ері ер Тəуке
Қарашоқы басынан
Қарауыл келіп қарады.
Көлде жатқан қырық атты
Тəукенің көзі шалады.
Алды-артына қарамай
Көлге қарап шабады.
Қанша дұшпан келсе де,
1310 Тəуке жалғыз баратын,
Жалғыз ұрыс салатын,
Ұрысқан жауды алатын.
Атақты, мықты ер еді,
Еріні қанды бөрі еді,
Қайтпайтұғын мықты сер еді.
Қанша жаулар кездессе,
Жалғыз шабам дер еді.
Астында торы тұлпармен
Көлге қарап жөнелді.
1320 Желігіп жетіп келеді,
Шалғындағы қырық атты
Сартылдатып сабалап,
Тəукекең айдап жөнелді.
Қырық батыр Тəукеге
«Тоқта» деп айқай салады.
Қайтпайтұғын ер Тəуке
Қырық жігітке барады.
Ұстаймын деп қырық батыр
Ер Тəукені қамады.
1330 Қырымнан келген қырық жігіт
Найзаменен сермеді.
Батыр туған ер Тəуке
84
Қу қурайдай көрмеді.
Қайратты Тəуке өрледі,
Қырық жігітті ер Тəуке
Қайрат күштен алуға
Тəуке батыр меңзеді.
Таяқ тиген батырлар
Талайы құлап көлбеді,
1340 Талайлары еңіреді.
Жалғыз келген Тəуке ер,
Батырсынған жігітті
Сілтеген найза қаруын
Қу қурайдай көрмеді.
Шақырып алып бір-бірлеп,
Ерлердің қолын байлады,
Батыр Тəуке айлалы.
Қырымнан келген қырық ердің
Зығырданы қайнады.
1350 Амалы жоқ, Тəукеге
Мөлдіреп көзі қарады.
Қолға алды найзаны,
Ерлердің қолы буулы,
Қалаға қарай айдады.
Қырымнан келген қырық ердің
Ер Тəуке көңлін басады.
Батырсынған немені
Жалғыз өзі шатады.
Тəукені көзі көрген соң
1360 Ерлердің құты қашады.
Байластырып шылбырмен,
Қырық тұлпар, қырық ерді
Қалаға қарап айдаған.
Тітіреп жылап қырық батыр
Тəукеден қорқып зарлаған.
Талай жауға шапқан ер
85
Тап осы жерде қалды пайдадан.
Қайтпайтұғын ер еді,
Халықтың қамын қамдаған.
1370 Көңілі өсіп ер Тəуке,
Қырық батыр мен қырық ерді
Қалаға айдап келіпті.
Тартуға болсын ханға деп,
Қырық атты беріпті.
Айдап келген қырық ерді
Алшағыр көзбен көріпті.
Қуанып көңілі өседі,
Дарбаза сарай қама деп,
Ханы əмір етеді.
1380 Қырық ердің соры қайнады,
Сарбаз алып қасына
Қырық ерді Тəуке айдады.
Бұрынғыдан беркітіп,
Қырқының қолын байлады.
Дарбаза биік қақпаға
Бұларды айдап барыпты.
Биік аула қақпасын
Берік етіп бекітіп,
Шынжыр мен құлып салыпты.
1390 Аяйтұғын адам жоқ,
Қолға түскен ғаріпті.
Дарбаза аула ішінде,
Шығар күн қашан болад деп,
Батырлар жылап зарықты.
Қысым беріп осындай
Қамап салды кəріпті.
Тап сол күні кеш болды,
Еңбектері ердің еш болды.
Жүдеу кірген батырлар
1400 Шыққалы елден көп болды.
86
Таршылықта жылайды,
Кең дəурені жоқ болды.
Қайғыланып батырлар
Көкірек жалын, от болды.
Өздері амал таппаса,
Бұларға теңдік жоқ болды.
Ақылдасып қарады,
Бір-біріне ақыл салады,
Ойласып амал табады.
1410 Тісімен шешіп қолдарын
Босанысып алады.
Үзік-үзік жөке арқан
Сол сарайдан табады.
Олардың тапқан амалы
Бірін-бірі көтеріп,
Сол сарайдың үстіне
Амалдап шықты біреуі.
Ендігі қалған ерлерді
Арқанмен тартып алады.
1420 Қамаудағы батырлар
Есебін тауып құтылып,
Қаладан қашып барады.
Қан матаудан арылып,
Қалың жыныс ағашқа
Түн ішінде барады.
Ақылдасып қарады,
Ойласып ақыл табады.
Қартқожақ батыр сөйлейді:
– Жолдастарым, сен, – деді,
1430 Ақылдасып қарайық,
Қасыма жақын кел, – деді.
Есітемін хабарын
Руы қыпшақ ел, – деді.
Қарақыпшақ елінде
87
Тоқтарбайдың Қобыланды
Арыстан туған ер, – деді.
Кел, Қобыланға баралық,
Осы көрген қорлықты
Құлағына салалық.
1440 Бұл не деген қиындық,
Батырға барып шағалық.
Мақұл көрсе Қобыланды,
Қалмақтан кекті алалық.
Айдаһардай айбатты,
Арыстандай қайратты,
Қанша дұшпан болса да
Қорқып жолдан таймас-ты.
Айбатты қолға ту алған,
Тап он жеті жасында,
1450 Болат қылыш суарған.
Дəумаманың Аққұртқа
Күшпенен тартып қыз алған.
Он екі ханның елінде,
Ару Құртқа сұлуды
Қобыланнан бөтен кім алған.
Қобыланға қарай жол шекті,
Екі қонып арада,
Үшінші күн болғанда
Қырық батыр тез жетті.
1460 Тоқтарбайдың үйіне
Көптен жүрген алаң, аш,
Тоналып келген жалаңаш.
Сүдіндері жүдеулі,
Оларға ешкім қарамас.
Ұлықсат сұрап қоныпты,
Жүдеп келген ерлер деп,
Қысырдың тайын сойыпты.
Жүдеп келген қырық жігіт
Аппақ майға тойыпты.
88
Сылдырлақты қасықпен
1470 Сапырып қымыз қойыпты.
Он төрт күн қонақ болады,
Күн он беске толады.
Ашыққан ерлер тойынып,
Қалыбына толады.
Жүдеген қырық ер еді,
Жаңа талап Қобыланды ер,
Қонағын қабыл көреді.
Жалаңаш келген қырық ерді
Ылайықты киіммен
1480 Бас-басына береді.
Қайғысы ердің жойылды,
Қырық батыр тойынды.
Киім киіп, түр бітіп,
Дегені ердің болулы.
Он жеті күн өткен соң:
– Қартқожақ ағаң мен, – деді,
Інім Қобылан сен, – деді.
Көңілімде бар бір мүддем,
Мүддемді тыңдап көр, – деді.
1490 Атыңа асық ағаңмын,
Алшағырда кегім бар,
Кегімді алып бер деді.
Қырымнан шыққан қырық батыр,
Қырқымыз да ер едік,
Қайтпас жүрек сер едік.
Еріні қанды бөрі едік,
Талайды басып жеп едік.
Алшағырдың қаласын
Біз шабамыз деп едік.
1500 Батырсынып еріктік,
Біз мықты деп желіктік.
Қару-жарақ асынып,
89
Қалмаққа жақын келіппіз.
Елсіз көлдің бойында,
Көк шалғынды ойында,
Тынықтырып ат бақтық,
Бір жетідей біз жаттық.
Кемалға ерлер келген соң,
Шабуға жауға ойластық.
1510 Үлкендік бізде көкірек,
Жауға еш нəрсе қоймастық.
Осы көлде жатқанда,
Атты күйлеп баққанда,
Жападан жалғыз ер келді,
Осы көлде кез келді,
Қосқа жақын тез келді.
Шалғында жатқан қырық атты
Жиып алып меңгерді.
Бізге қорлық жетті ғой,
1520 Зəбірі қатты өтті ғой,
Абыройды төкті ғой.
Жаяу айдап шəріне,
Қас масқара етті ғой.
Қобыланды, жəрдем бермесең,
Зəбіріміз кетті ғой.
Абырой бізден төгілді,
Нұрлы көлде кездесіп,
Бізге қорлық берді ғой.
Көрген қорлық шағында,
Ағаларың келді ғой.
1530 Сен болмасаң, шырағым,
Ерлерім жаннан түңілді.
Көзімізден аққан жас
Мойнымызға құйылды.
Көрген қорлық қиын-ды,
Қобыланды шырақ, өзің біл,
Қырымнан келген қырық ағаң,
90
Зəбірін айтып қиылды.
Тартып алды ат пенен
Қару-жарақ, киімді.
1540 Қобыланды, бүйім сұрадым,
Мұңымды шақтым, шырағым.
Қалмақтан қорлық көрген соң,
Сіз болды келген тұрағым.
Əпере алсаң кегімді,
Бітеді сонда мұратым.
Сонда Қобыланды сөйледі:
– Зəбіріңді айттың, ағайын,
Жастары үлкен ағайым.
Зəбірің көрген тағайын,
1550 Тарлықтың көрген талайын.
Жасы үлкен ағаның
Айтқан тілін алайын.
Қырық ағам кез келдің,
Сөзіңді қабыл алайын.
Шағынған соң қорлықты,
Бармай неғып қалайын.
Сенің үшін, қырық батыр,
Жанды ортаға салайын.
Көшіп барып қыпшақпен,
1560 Мен елсіз көлге қонайын,
Ауыл үйлес болайын.
Жақыннан жаулап қалмақты,
Қан жылатып шабайын.
Елімді жиып алайын,
Қарттарға ақыл салайын.
Мақұл көрсе көп халқым,
Көше-мөше барайын.
Қыпшақтың үлкен-кəрісін,
Жөн білетін азамат
1570 Жиып алды бəрісін.
91
Қырық жігіттің жүрген жайы
Айтты түгел бəрісін.
– Ал, ақсақал, ақыл саламын,
Ілгері басқан жас жанмын,
Жоғары менің талабым.
Қайырма, халқым, тауымды,
Алшағырдың жеріне,
Елсіздегі көліне,
Қарақыпшақ елімен
1580 Түгел көшіп барамын.
Жақын жерде жайласып,
Найзаға шашақ байласып,
Қанға тоймас қылышты
Өткірлеп шарға қайрасып,
Жауға жақын барайын,
Жақындап жауға шабайын.
Қырымнан келген қырық ердің
Сөйтіп кегін алайын.
Қобыланды деп келдің еңкейіп,
1590 Бармай неғып қалайын.
Қобыландыны қайырмай,
Халық ұлықсат беріпті.
Қайтпайтұғын қайратты ер
Батыр Қобылан желікті:
– Замандасым, қатарым,
Жастар, бермен келіңдер.
Менің айтқан сөзімді,
Жолдастар, мақұл көріңдер.
Айтқанымның бəрі рас,
1600 Шын сөзіме сеніңдер.
Тіл алғаның шын болса,
Бұл қоныстан көшіңдер.
Ертең жүрем мен жауға,
Артымнан көшіп жетіңдер.
92
Артыңнан көшіп барам деп,
Уағда бер, кесім бер.
Қайтпас жаудан талабым,
Кəрі жирен үйірін
Өзім айдап барамын.
1610 Суы тұнық, жері от,
Сол қонысқа жаямын.
Қоныс ету сол көлді,
Болды менің талабым.
Барып жауды жоямын,
Қалмақтың көзін оямын.
Елсіздегі сол көлге
Жирен тайды соямын,
Жирен қопа қоямын.
Қырық жігіт қасында,
1620 Қобыланды жүрді қалмаққа,
Қалмаққа бүлгін салмаққа.
Қарсы шабар ер Қобылан
Тасты кескен алмасқа.
Уəде етті көп қыпшақ
Бəрі көшіп қалмасқа.
Он төрт күн етті уағда,
Артынан көшіп бармаққа.
Қырық жігіт бар қасында,
Жирен айғыр үйірін
1630 Қобыланды айдап жөнелді,
Рауан жолға кенелді.
Екі қонып арада,
Көлге келді сол енді.
Жирен тайды сояды,
Қасындағы қырық жігіт
Ет пен майға тояды.
Қыпшақ елім қонсын деп,
Құтты қоныс болсын деп,
93
Осы көлдің атағын
1640 «Жирен қопа» қояды.
Халық басқарған Қобыланды ер,
Бір жеті көлде тұрады.
Бір жетінің соңынан
Баяғы мықты ер Тəуке
Қарауылға шығады.
Жайылып жатқан жылқыны
Тəуке батыр көріпті.
Кенелдім деп олжаға,
Жылқыны көріп желікті.
1650 Астындағы торы атпен
Шабуыл салып келіпті.
Қанша жауды көрсе де,
Бермеген жауға ерікті.
Астындағы торыға
Орай қамшы салады.
Жайылып жатқан жылқыны
Дүркіретіп қасынан
Батыр қуып барады.
Арқандаулы боз атқа
1660 Жайдақ мініп Қобыланды,
Қолға қару алмастан
Тəукенің қуды артынан.
Əне-міне дегенше-ақ,
Қалмақтың ері ер Тəуке
Қарсыласа қалады.
Келе келге келгенше
Тəуке батыр қылышпен
Қобыландыны шабады.
Етіне қылыш тигізбей,
1670 Батыр туған ер Қобылан
Қолынан жұлып алады.
Ат үстінен алысты,
94
Бір-біріне жабысты.
Таудай болған торы аттан
Қалмақтың ері Тəукені
Аударып Қобылан алыпты.
Жұлып алып Қобыланды ер
Тақымына салыпты.
Мұрнынан қаны ағыпты,
1680 Сонда Тəуке талыпты.
Қобыланды қайрат бастады,
Сабырдың түбі сары алтын,
Тəукеден қорқып саспады.
Батыр Тəуке талған соң,
Сылқ еткізіп тақымнан
Көтеріп жерге тастады.
Мұрнынан қалмақтың
Бұрқылдап қаны атады,
Қан шүмектеп жатады.
1690 Ерсініп жүрген Тəукенің
Қобылан емес қатары.
Қобыландының қалмаққа
Осы келген сапары.
Əлден уақ болғанда,
Есін жинап ер Тəуке
Көзін азар ашады.
– Уа, ер Тəуке, ер Тəуке,
Қырық жігітті алғанда,
Батыр едің сен, Тəуке.
1700 Қан шүмектеп мұрныңнан,
Есіңді танған нең, Тəуке?
Қобыландының айбатын,
Қайтпайтұғын қайратын
Осы арада көр, Тəуке.
Алшағырдай ханыңа
Кешікпей хабар бер, Тəуке.
95
Қырық батырды алыстан
Көрген көзің осы деп,
Оң көзін ойып алыпты.
1710 Естір құлақ мынау деп,
Құлағын кесіп алыпты.
Тəуке міскін ғаріпті,
Қырық батырды қуалап,
Ұрған қолың осы деп,
Қолын кесіп алыпты.
Құлағын кесті шұнтитып,
Қарын кесті құнтитып,
Мұрнын кесті жымпитып.
Аяқтан басқа бұдыр жоқ,
1720 Қоя берді сымпитып.
– Алшағырға сəлем айт,
Тоқтарбайдың баласы
Батыр Қобылан ер едім,
Айтатын ханға дерегім,
Елсіздегі көліне
Менің келген себебім,
Қырымнан келген қырық ерге,
Алшағыр, неге желіктің?
Өзіңе өзің сеніпсің,
1730 Қатты қорлық беріпсің.
Қырық батырдың кегі үшін,
Атқа міндім желденіп,
Желігіп келдім тербеніп.
Нулы көлдің бойында,
Тəуке батыр кез келіп.
Қарын кестім құнтитып,
Мұрнын кестім жымпитып,
Құлағын кестім шұнтитып.
Жеделімнен танбаймын,
1740 Қырық батырдың зəбірін,
Алшағыр, сенен арлаймын,
96
Қыр соңыңнан қалмаймын.
Қапы қалма, хабарла,
Қыл жалаулы еліңді.
Кешікпей жый, Алшағыр,
Еліңдегі еріңді.
Елшіңменен баян ет
Соғысатын жеріңді.
Дəмең болса ұрысқа,
1750 Қазып қой бұрын көріңді.
Сүйдеді де Қобыланды
Қаны аққан Тəукені
Зар жылатып қуады,
Тəукенің жанын сығады.
Есін танып бір жерге
Екпеттеп барып құлады.
Əлден уақ болғанда,
Орнынан азар тұрады.
Амалдап зорға құтылып,
1760 Осы көлден шығады.
Қарға менен құзғындар
Қанын көріп қуады.
Қайғы салды Қобылан ер
Ер Тəукенің басына.
Қатты батты жанына
Қобыланның өткір алмасы.
Қанды көріп қызығып,
Тыным бермей барады
Көлдің құзғын қарғасы.
1770 Тəлтіректеп баратыр,
Тура жүрер жолы жоқ,
Осы келген сапардың
Ер Тəукеге оңы жоқ.
Етін шұқып қарғалар
Тыным бермей барады.
97
Қағайын десе қолы жоқ,
Қобыландыға тап болған,
Бұл Тəукенің соры көп.
Шыбындай жаннан түңіліп,
1780 Əр бұтаға сүрініп,
Тұла бойдан аққан қан
Аяғынан шұбырып,
Кеудеде жаны қыдырып.
Күн бататын мезгілде
Алшағырдың үйіне
Еңіреп келді үңіліп.
– Ей, Алшағыр, Алшағыр,
Қайырлы ханым сен едің,
Қайтпас батыр мен едім.
1790 Қанша жауды көрсем де,
Қайтпайтұғын ер едім.
Патша, тыңда мұңымды,
Қайғылы болып келемін.
Сау жерім жоқ, ей, патшам,
Бүгіннен қалмай өлемін.
Көргенімді, Алшағыр,
Айтып өлсем деп едім.
Сен патша да, біз нөкер,
Сүйенішің мен едім.
1800 Əлім кетіп шаршадым,
Таңнан қалмай өлемін.
Нулы көлдің бойында,
Қарақыпшақ елінен
Тоқтарбайдың баласы
Қобыланды атты ер келді.
Жылқыны көзім көрген соң,
Қайтпаған тауым ер едім,
Жау келді деп желдендім.
Жау табылды маған деп,
98
1810 Қайтпай жауға шабам деп,
Қанша дұшпан болса да,
Жалғыз барып алам деп.
Көлде жатқан жылқыны
Мен олжаға алам деп.
Ойымда жоқ қорқыныш
Еркінсініп барғанмын,
Жылқыны қуып алғанмын.
Батыр аңқау, ер көдек,
Жеңілер көңіл ойда жоқ,
1820 Батырсынып барғанмын.
Өзімнің аңсыз ісімнен
Қайғы отына жанғанмын.
Көп айтуға əлім кем,
Ақылымнан танғанмын.
Көлде жатқан жылқыны
Дүркіретіп қуғанмын,
Өзімді-өзім ұрғанмын.
Қобыланды қуып артымнан,
Өз əліме қарамай,
1830 Ерге қарсы тұрғанмын.
Қарсыласып қарыстым,
Қылышпенен шабыстым.
Жұлып алды қылышты,
Ат үстінде алыстым.
Аударысып Қобыланмен
Бір азырақ қарыстым.
Ерлігі асып өрледі,
Маған ерік бермеді.
Аударып алып атымнан,
1840 Жеңуге Қобылан меңдеді.
Толықсып тұрған жасында,
Қырымнан келген қырық ер
Жолдасы екен қасында.
Қобылан екенін білмедім,
99
Мен ұрылдым қапылда.
Аударып алып торы аттан
Қатты басты тақымға.
Қобылан қатты соққанда,
Жаным көзге көрінді.
1850 Мұрнымнан аққан қара қан
Шүмектеп жерге төгілді.
Ғайыптан маған тап қылды,
Тоқтарбайдың баласы –
Қобыландыдай көрімді.
Қобыланды мені ұрды ғой,
Жел терістен тұрды ғой,
Қас масқара қылды ғой.
Мұрнымнан аққан қара қан
Етегімді жуды ғой.
1860 Қобыландының көк қылыш
Шыбын жанға өтті ғой,
Түп-түбіме жетті ғой.
Мен емес жалғыз, көп қалмақ
Кемеңіз құмға шөкті ғой,
Құлақ, мұрным кесті ғой.
Құлағымды кесті шұнтитып,
Мұрнымды кесті жымпитып,
Қарымды кесті құнтитып.
Қанша батыр десең де,
1870 Қобыландыдан кем болдым.
Шыны қорқақ мен болдым,
Еңіреп жылап сел болдым.
Қағайын десем қарым жоқ,
Қарға менен құзғынға
Орта жолда жем болдым.
Көргенім айтқан себебі,
Алшағырдай патшаға
Осылайша айт деп еді.
Көргенін айтып баяндап,
100
1880 Ғаріп болған ер Тəуке
Жұлдыз шыға өледі.
Келгенін Қобылан хан біліп,
Ер Тəукеге қайғырып,
Алшағыр қатты сасады.
Қайғырмай хан не қылсын,
Сүйеніші Тəукеден
Қалғаннан соң айрылып.
Таянады бүйірін,
Жасыған жездей майрылып.
1890 Қобыланды келген есер деп,
Халқымды əлек етер деп,
Елімнің оты өшер деп,
Басымнан бағым кетер деп,
Көзінің жасы төгіліп,
Омырауына нөсерлеп.
Жанынан үзіп күдерді,
Патшаның жүзі қарайды,
Қабағы ханның түнерді.
Бейпіл жатқан халыққа
1900 Жинал деп хабар жіберді.
Əмір жазды тағы да:
«Елінің ері келсін деп,
Бір қиындық іс болды,
Көзбенен келіп көрсін деп.
Қарақыпшақ жау келді,
Халқым көріп сенсін деп.
Сүйенішім ер Тəуке
Қайтпайтын жаудан сер Тəуке,
Талай жауға барғанда,
1910 Жауға соғыс салғанда,
Болған жоқ тіпті кем Тəуке.
Қарақыпшақ Қобыланды,
Сол секілді ерімді
101
Қас масқара етті ғой.
Елден озған ер Тəуке
Арманда болып өтті ғой,
Құлақ, мұрнын кесті ғой.
Қалмақ деген қалың жұрт,
Кемеміз құмға шөкті ғой.
1920 Жау көргенде қағатын
Төре менен бегілерім
Осы бүгін қағыңдар.
Халықтағы ерлердің
Баршасын жиып алыңдар.
Сансыз əскер қол болып,
Есебі жоқ мол болып,
Іргелес қатар қонған ел,
Қасымнан дұшпан болған ел
Жауға қарсы барыңдар.
1930 Шамаң келсе, батырлар,
Қарақыпшақ Қобыланнан
Тəукенің қанын алыңдар».
Азамат басын құрады,
Əскерін сансыз жияды,
Тұлпар мініп ту алған,
Жау дегенде қуанған,
Талай мықты батырлар
Қуанысып тұрады.
1940 Көп əскердің ішінен
Аталы сыншы қашаннан,
Екі адам шығады.
– Патшамызсың сен, – деді,
Екі сыншың біз, – деді,
Қобыландыны сынауға
Ұлықсат бізге бер, – деді.
Қаразым мен Сараман
Адамды сынап санаған.
102
Сынауға ешкім асқан жоқ,
1950 Бұл екеуі данадан.
Екеуі ханға келіпті,
Сынауға берді ерікті.
Сан жетпейтін топ əскер,
Қобыландыны алуға,
Қыпшақты барып шабуға,
Енді қалмақ желікті.
Тұс-тұсынан ту байлап,
Соғысқа шықты сансыз қол.
Қаруларын, ерлерін
1960 Алдына алып ыңғайлап.
Кілең батыр паң болып,
Жүрген жері шаң болып,
Көргендерге таң болып.
Бөріктері шыпырлап,
Арбалары шықырлап.
Аттылары аяулап,
Бірқатар əскер жаяулап.
Қызарып күн шыққанда,
Ерлер туын қолға алды.
1970 Қарақыпшақ еліне
Баруға əскер жолданды.
Батыр Тəуке өлген соң,
Қалмақтың халқы арланды.
Шамырқанды, шамданды,
Беркінденіп қамданды.
Ер арланып бусанды,
Көкпеңбек қару құрсанды.
Есепсіз дəулет, малы сай,
Алшағыр ханның бағы сай,
1980 Көкпеңбек қару алғаны
Батырының бəрі сай.
Қапысыз болды құралы,
Лалаулап шапқан ұраны,
103
Ортасында Алшағыр
Үгітін айтып тұрады.
Ұлықсат алып көп əскер
Енді шəрден шығады.
Қобыланды да қамданып,
Ақбоз атқа мініпті.
1990 Шығыршықты көк сауыт,
Дулығасын киіпті.
Тасты кескен ақ алмас
Беліне құрсай іліпті.
Қалмақтан бар қауіпі
Қарауыл қарап жүріпті.
Ұлы сəске болады,
Күн сəскеге толады.
Көз жіберсе Қобыланды
Бұрқыраған тозаңнан
2000 Күн қараңғы болады.
Жауды болжап байқаса,
Айта берсе сөз жетпес,
Жау шетіне көз жетпес.
Жердің жүзін қаптаған,
Санағанда сан жетпес.
Аттан түсіп Қобыланды
Астындағы боз атты,
Шап айылын бос тартты,
Төс айылын қос тартты.
2010 Үзеңгісін ұзартты,
Шабуға жауға құмартты.
Құйысқанын қысқартты,
Қайтар Қобылан ер емес,
Əскерге қарап жөн тартты.
Боз қырқа жардың басында,
Қарсы келді көп əскер
Қобылан атты батырға,
104
Қайтпайтын жаудан батылға.
Қайтпас жүрек, берен ер,
2020 Жаңа талап жас ұлға.
Екі сыншы алдымен
Қобыланға жақын келеді.
Анадайдан көреді,
Аталы сыншы неме еді.
Көрген соң-ақ Қобыландыны
Еңіреп жылай береді.
Көздің жасын төгеді,
Қалмақтардың ерлері
Жылайсың деп сыншыға,
2030 Қатты сөгіс береді.
– Жылауың сенің нешік? – деп
Ту ұстаған Алшағыр, –
Себебін айт, – деп еді,
Екі сыншы сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
Тоқтарбайдың ер Қобылан
Айтулы ердің өзі екен,
Керемет күші көп екен.
Қобыланды батыр дегені
2040 Өтірік емес, шын екен.
Он екі мүше, таза тəн,
Бəрі бірдей тең екен.
Ақылға асқан кең екен,
Жаннан қайтпас ер екен,
Ерінбей шабар сер екен.
Біздер қой да, ол қасқыр,
Ойып, қырар бөрі екен.
Амал ойла, падишам,
Осы сынау жөн екен.
2050 Желігіп тұрған батырлар
Айтқанына нанбады,
Жеделінен танбады.
105
Оңай емес бір кісі
Көп кісіні алмағы.
Мақұл көрді соғысты,
Сансыз əскер қалмақпен
Жалғыз өзі Қобыланды
Қолына берен ту алды.
Жауды көзі көрген соң
2060 Жүрегі қызып, қуанып,
Қыпшақтардың да адамы.
Қырық жігіті сайланып,
Артында тұр құралып.
Қобыланды жас жүрек
Қайтпас жаудан батыр-ды,
Зерек көңіл, ақылды,
«Жекпе-жек» деп ақырды.
Дəмең болса келіңдер,
Жалғыз тұрып шақырды.
2070 Айтулының өзі еді,
Ауызға толы сөз еді.
Қанша жауға барса да,
Шалдырмай қайтқан неме еді.
Алшағыр хан-патшаға
Немере жақын сол еді.
Қара обадай қарасы,
Келбеті келген неме еді.
Астында ала тұлпармен
Жекпе-жекке келеді.
2080 Екі жақтың адамы
Алыстан байқап көреді.
Жекпе-жекке шыққан ер
Қарабек саспай келеді.
Айнымай Қобылан тұрады,
Осындай жақын келгенде,
Қалмақ та болса үлкен деп,
Сəлем берді иба етіп,
106
Тоқтарбайдың шырағы.
Сəлемін құп деп алады,
2090 Қарабек сөйлеп қарады:
– Сен Қобыланды батыр саналы,
Халық мақтап жүрсе де,
Көріндің көзге шамалы.
Ақылды туған ер болсаң,
Құрмет етсең ағаны,
Қарекең кезекті алады.
– Өзіңе-өзің сенесің,
Батырсынған немесің.
Менің атым Қарабек,
2100 Қалай маған төзесің?
Мықтымсынған ерлердің
Ойғанмын неше төбесін.
Сан жетпейтін көп жаудың
Ішкіздім қаннан кересін.
Сен кіші де, мен үлкен,
Кезегімді бересің.
Сонда Қобыланды сөйлейді:
– Рас, үлкен ағасың,
Келбетіңе қарасам,
2110 Білгендей ақыл данасың.
Жақсы айтасың, Қареке,
Менен үлкен ағасың,
Бұрын туған данасың.
Өзіңнен қораш сен көрдің
Қобыландының қарасын.
Еркіңменен сөйлейсің,
Осы жерде-ақ мені аласың.
Көлденеңнен көз салған,
Кім мықты да, кім осал,
2120 Көрер халық шамасын.
Иə, Қареке, Қареке,
107
Ерге жедел шын керек.
Ер қолына ту керек,
Əркімге де ел керек.
Жауды көзі көргенде,
Айнымай шабар ер керек,
Қайтпас қайсар сер керек.
Көтере бойдан пайда жоқ,
Аспанменен таласқан
2130 Толып жатыр бəйтерек.
Жасың үлкен ағасың,
Жасы кіші ініден
Кезегіңді аласың.
Кезек алып Қарекем,
Байқап алсын шамасын.
Кешікпей-ақ халық білер
Мықты мен осал арасын.
Атақты батыр даңыңыз,
Қаруыңды болаттан
2140 Қайрап, тасқа жаныңыз.
Сен үлкен де, мен кіші,
Кезегіңді алыңыз.
Қобыланды кезек берген жер,
Қайтпайтұғын Қарекем,
Өзіне өзі сенген ер.
Талай жауды жаулаған,
Ежелден мықты кемеңгер.
Өзге жаннан өзгеше,
Бөтен ерде келбеттен,
2150 Мұндай біткен бойда жоқ.
Заманында адамнан
Жеңілем деген ойда жоқ.
Еңсесінде сексен шоқ,
Садақ толған саркез оқ.
Қобыландыны алам деп,
Қарабек ердің көңлі тоқ.
108
Алмасын қайрап безеді,
Өткірлеп оғын кезеді,
Өзіне-өзі сенеді.
2160 Қайтпас қайсар ер Қобылан
Жасы үлкен қалмақ деп,
Кезегін берген ер еді.
Үшке дейін кезекті
Беруге Қобылан серт етті,
Қарабек атты батырға.
Екі батыр кездесті,
Көктөбенің басында.
Темірден құйған шоқпарды,
Қарабек қолға алыпты.
2170 Ашуланып ақырды,
Мықтылығы анық-ты.
Дүрілдетіп шоқпармен
Тас төбеге салыпты.
Ойына Қобылан келмеді,
Тас кескен ақ алмаспен
Қарабек тағы сермеді.
Шапқан алмас өтпеді.
Шақпақ қылыш ер Қобылан
Жасық пышақтай көрмеді.
2180 Керулі тұр садағы
Үш кезектің ең соңы
Оқты толғап алады.
Тасқа тиген нəрседей
Кейін қайтып барады.
Ерге қару себепті,
Саржаға Қобыланды
Болат садақ кезепті.
Табан тіреп қалмаққа,
Тартып беріп қалады.
2190 Тоқтайтұғын оқ емес,
109
Батырдан зулап ағады.
Жолда тұрған қалмақ көп,
Талайларын қағады.
Қыл жалаулы көп қалмақ
Лаулап ерді қамады.
Кезекке ешкім келмеді,
Қарабегі өлген соң
Шулап қалмақ еңіреді.
Қамап келген көп жауға
2200 Қобыланды ерік бермеді.
Жауға Қобылан кірген соң,
Талайы құлап көлбеді.
Ел бастығы Алшағыр
Қобыланды байқап сынапты.
Қарабегі кеткен соң,
Қапыда ісі өткен соң,
Басынан заман кеткен соң,
Еңіреп өксіп жылап тұр,
Көзінің жасын бұлап тұр.
2210 Ақылгөйі жолдастан,
Сасып ақыл сұрап тұр.
– Ал, жолдастар, жолдастар,
Уəзір жолдас қол бастар.
Кел, ақылдасып қарайық,
Ойласып ақыл табайық.
Түрі жаман ер екен,
Сендерге ақыл салайық.
Мақұл көрсең, жолдастар,
Амал бар ма, көнейін,
2220 Біз мықтымыз демейін.
Елшілікке ол көнсе,
Қобыланға билік берейін.
Ел билігін берген соң,
Айтқанына көнген соң,
Дос боласың Қобыланмен
110
Бөтен көрмес қалмақ деп,
Бір-біреуге сенген соң,
Амандықта, саулықта,
Бүтіндікте, барлықта.
2230 Осындай амал етпесек,
Түрі жаман ер екен,
Қалдырар бізді тарлыққа.
Не десе де көнелік
Қобыланды айтқан жарлыққа.
Əміріне көнейік,
Енді пəлен демейік.
Өзіне ерік берейік,
Көңілі өссін мерейің.
Айтқанын ердің қылайық,
2240 Осыным болар ылайық.
Амал бар ма, бегілерім,
Амалсыздан шыдайық.
Достасып тату болған соң,
Сырын берер Қобыланды ер.
Қайтпайтын жаудан батыр, шер,
Айла, ақылы көп екен,
Білікке асқан кемеңгер.
Ақылмен алдын орайын,
Қобыланмен досты болайын.
2250 Көргенмін жаудың талайын.
Артық көрдім ішіңнен,
Ақыл ойлар сарайын.
Қобыландыменен дос болып,
Жайғасқан соң байтақ ел,
Ақырын өзім қарайын.
Қорыққан хан Алшағыр,
Жанынан үзген күдерді.
Қараңғылық күн түсіп,
Қайғыға қалмақ түнеді.
111
2260 Дос болам деп Қобыланға,
Алшағыр елші жіберді.
Батыр аңқау, ер көдек,
Алшағырға сенеді,
Айтқанына көнеді.
Дос болуға ханменен
Қобылан уəде береді.
Құшақтасып ханменен
Дос болатын жер еді.
– Ей, Алшағыр, Алшағыр,
2270 Бір айтатын сөзім бар,
Сөз тыңдайтын жөнің бар.
Бейпіл өскен елің бар,
Досты болсаң тілімді ал.
Алатұғын жөнің бар.
Болмасын бізде алалық,
Қалмасын ойда қаралық.
Шын достықта болмасын
Алшағыр патша, шалалық.
Шіге тие көшейік,
2280 Ірге тие қонайық.
Бір тілекте, бір дінде,
Алшағыр хан, болайық.
– Не десең де көндім деп,
Қобыланды, саған сендім деп,
Бір діндемін, Қобыланды,
Билігімді бердім, – деп.
Көңілдесіп, сенісіп,
Құшақ жайып, көрісіп,
Дос болдық деп сенісіп,
2290 Бір-біріне сенген жер,
Уағдасын берген жер.
Уағдасын берген соң,
Бір-біріне сенген соң,
Келісімге келген соң,
112
Дос болысып тарады,
Қалмақтар елге барады.
Алшағыр патша елімен,
Еліндегі ерімен
Ақылдасып қарады,
2300 Маслихатқа салады.
Шарасыз қалмақ сенеді,
Қобыландының айтқанға,
Амалсыздан көнеді.
Қыпшақ деген ауылды
Достықпенен қонаққа
Шақырған осы жер еді.
Қалмақтардың кеңесі,
Осылай болды себебі.
Қуаныш көңіл қоштыққа,
2310 Алшағыр хан той қылды,
Қобыландымен болған достыққа.
Ел шақыр деді Алшағыр,
Əмір етті бастыққа.
Қыпшақты қонақ қылғанша,
Тимеді басы жастыққа.
Байтақ қалмақ ел келді,
Қалмай халық тең келді,
Сəн, сайманмен тең келді.
Бозбала мен қыз бала,
Қалмастан бəрі тең келді.
2320 Қалмақ тыныш тапқан соң,
Ажарланып Алшағыр,
Хан көркейіп өңделді.
Елін жиып алған соң,
Қыпшаққа хабар берді енді.
Қыпшақ ауыл бəрісі,
Жасы менен кəрісі,
Қуанышты сол қыпшақ,
113
Шақырған соң ол тойға,
Баршасы атқа мінеді,
2330 Қонаққа қыпшақ жөнелді.
Ер қабылы деген сөз,
Шын тілегін тіледі.
Бозбала мен қыз бала,
Жастары жүрді сəнменен,
Ащы дауыс əнменен.
Домбыра, сырнай, салтанат,
Келді қыпшақ пəнменен.
Қалмаққа қонақ барады,
Түсіріп қонақты алады,
2340 Қонағын жақсы бағады.
Қызметі қалмақтың
Келгендерге жағады.
Қонаққа келген сыйлық деп,
Ат мінгізіп астына,
Қарттарға шапан жабады.
Көрмеген сыйлық қыпшаққа,
Батыр Қобылан көргізді,
Ерлігін халыққа сенгізді.
Еркек, əйел бəріне,
2350 Жасы менен кəріге
Сансыз сыйлық бергізді.
– Астана қалмақ елдері,
Бəріңіз бермен кел, – деді.
Достылығың шын болса,
Айтқаныма көн, – деді.
Бір тілекте болайық,
Мұсылманның дініне,
Ризалықпен көн, – деді.
Айтқанына Қобыланды көндірді,
2360 Бір дінге қалмақты ендірді.
Алдырман деген қалмақтың
114
Жеделін ішкі сөндірді.
Қыпшақтың елін қуантып,
Батыр Қобылан естірді,
Қалмаққа салып дестірді.
Көңіліндегі ер сөзін
Халқына сонда естірді.
Сексендегі шалдардың
Еркек кіндік бар жанын
2370 Біреуін қоймай кестірді.
Қобыланмен дос болған соң,
Қуанды қалмақ елі енді,
Тыныштық тапты ер енді.
Қобыланнан аман болған соң,
Қуанышқа кенелді.
Тарту алып олжамен,
Ырзалықпен қыпшақтар
Аулына қайтты сол енді.
Қалмақ пенен қыпшақтың
2380 Тілегін қосқан жер енді.
Əлқисса, Қобыланды мен Алшағыр хан дос болады. Қалмақ
пен қыпшақ арасындағы жаулық бітеді. Екі ел бірімен бірі достасып қонақ болады, құрмет көрсетеді. Алшағыр ханның қол
астына қараған ел мұсылман дініне кіреді. Қобыландының
көшіп келген елі Жиреннің көлін мекен етіп жайлайды. Осы
мезгілдің ішінде бейбітшілікпен екі жыл өтеді. Құртқа мен
Хансұлу еріккен уақытта əлпеншек тебу үшін Жиреннің көліне
терек ектіреді. Ол теректі жақсылап күтіп тез өсіреді. Екі жыл
ішінде көлеңкесіне жел үйездейтін шынардай биік терек болады. Алшағырдың достығы достық болады. Достасып осылай өмір өте береді. Алшағыр хан Қобыландыға сездірмей
өзінің би мен бегін шақырып алып ақылдасады, біз осылай
Қобыландының қарамағында отыра береміз бе немесе Барса
деген ханға мұңымызды шағып, Қобыландыдан кегімізді алсақ
қайтеді деп кеңеседі. Ақыры осылай ұйғарады.
115
Ойласып амал табады,
Барса келмес патшаға
Астыртын қағаз жазады.
«Батыр патша сен едің,
Атақты Барса ер едің.
Елің алыс болса да,
Сүйенішім сен едің.
Қалмақтың қорған басшысы,
Паналы бақша терегім.
2390 Хат жазған сізге себебім,
Тарылды менің заманым,
Болмады, Барса, амалым.
Тоқтарбай ұлы Қобыланнан
Қатты көрген қорлық бар,
Бізге қылған зорлық бар,
Соны сізге шағамын.
Барса, жəрдем бермесең,
Құрыды менің амалым.
Қарақыпшақ қазақтан
2400 Қобыланды деген ер келді,
Ел шабуға келді енді.
Қалмақтың ері Тəукеге
Келе өлім берді енді.
Екінші батыр Қарабек,
Қобыланнан бұ да өлді енді.
Батыр Қобылан келген соң,
Тарлықты қалмақ көрді енді.
Айламенен амалдап,
Срокпен тыныстап,
2410 Біз тұрамыз самалдап.
Өп-өтірік дос болдық,
Тапқан айла амалдап.
Сен болмасаң, ер Барса,
Жаққан отым өшті ғой,
116
Халқымнан кеңдік кетті ғой.
Қорлық елге жетті ғой,
Қыпшақтың көңлі өсті ғой.
Қалмақты дінге кіргізіп,
Қас масқара етті ғой.
2420 Сексендегі шалымды,
Жасым менен кəрімді,
Біреуін қоймай кесті ғой.
Амалдайын, алдайын,
Ер Қобыланды арбайын.
Жіберейін, ал Барса,
Қалай болар жағдайың?
Күтіне бер, Барса хан,
Ерлердің жина маңдайын.
Күтінсін, бекінсін еліңіз,
2430 Даярлансын еріңіз,
Ерлерге əмір беріңіз.
Жылап тұрған көзім бар,
Өксіп тұрған өзім бар.
Қыпшақтан көрген зəбір бар,
Беркінде жатқан елің бар.
Елде талай ерің бар,
Ішімде қайғы, шерім бар.
Өтінемін мен сізге,
Қарасатын жөнің бар».
2440 Алшағырдың бұл хаты
Хан Барсаға барады.
Пешатын хан бұзды да,
Көзін салып қарады.
Жазған хатты түсініп,
Арызын қабыл алады.
Жіберемін Қобылан дегені,
Патшаға əбден жағады.
Хатқа əбден түсініп,
117
Ерлер менен бегілерді,
2450 Шақыртып Барса алады.
Ақылдасып, ойласып,
Жазған хатты қоштасып,
Қуанысып тұрады.
Сонда Барса сөйледі:
– Батыр батыр болар ма,
Халық үшін арланбай,
Көріп жауды шамданбай.
Мұқата ма дұшпанды
Халық үшін арланбай.
2460 Жіберемін мен жазып
Алшағырға хатымды.
Ұрудың ары жақын-ды,
Арға шабу мақұл-ды.
Қару, қапшық сайланып,
Күйлеп тұр ерлер атыңды.
Есітемін хабарын,
Жаннан қайтпас ер дейді,
Сескенбейтін сер дейді.
Хабар берді Алшағыр,
2470 Батыр туған ер Қобылан
Жақында атым ерлейді.
Достығына наныпты,
Алшағырдың айтқаны
Өтірік емес, анық-ты.
Жіберем деп Қобыланды,
Құпия қағаз жазыпты.
Бізге де қиын сын болар,
Кəріп болған Алшағыр,
Халқына жəрдем бермесек,
2480 Көзінің жасын көрмесек.
Айтқанының бəрі жөн,
Көңілмен аңдап серлесек.
Бізге де қиын сол болар,
118
Тарлықта тұрған халықтың
Кегін алып бермесек.
Ерлер атын баптайды,
Шынарға найза саптайды,
Алмас қылыш қаптайды,
Шын болаттан суарып,
2490 Жаңалап, қынап қаптайды.
Қобыландыға күтініп,
Жігерін ішке сақтайды.
Хан Барсаның елінен,
Қуаныш келді, шат келді,
Күтініп қалмақ жатты енді.
Қобыландыны алдап жібер деп,
Халықтың басы хан Барса
Алшағырға хат берді.
Ер Барсаның жазған хат
2500 Алшағырға келеді,
Хатын оқып көреді.
Қорыққан мен қуанған
Екеуі бірдей деген сөз,
Көзінен жас төгеді.
Қобыландыны жібер дегені,
Қуанған осы себебі.
Отыз төре, қырық бегі
Шақыртып хан алыпты.
Келген бегілер анық-ты,
2510 Ақылдаса қалыпты.
Құтқарам деп бейнеттен
Қалмақтың ханы ер Барса
Амалсыз тұрған халықты
Кеңшілікке шығарып,
Көрсетем деп жарықты.
Сипаймын деп маңдайдан,
Лажсыз тұрған ғаріпті.
119
Амалдың таптым қандайын,
Айлаға айла жалғайын.
2520 Қобыландыны алдайын,
Алдайын да арбайын.
Қатты қолға алайын,
Ақыл, амал табайын.
Амалсыз қорқып дос болған,
Хан Барсаның еліне
Қобыландыны жұмсап қарайын.
Қолға қалам алады,
Айла, амал табады.
Ойлағаны жамандық,
2530 Алдайын деп Қобыланды
Жазып мұңын шағады:
«Шыны достым сен едің,
Алшағыр досың мен едім.
Басыңа қиын іс түссе,
Қайрылармын деп едің.
Достылығың шын болса,
Арызымды аласың.
Қиын жерге жұмсаймын,
Досым десең барасың.
2540 Берікте жатқан жауым бар,
Құлатасың қаласын.
Бар мақсатым бітеді,
Шулатсаң қатын, баласын.
Көп өтінер сөзім бар,
Шыны достым болған соң,
Өтінуге жөнім бар.
Барсакелмес патшада
Алынбай жатқан кегім бар,
Қорлықпен көрген зəбір бар.
2550 Достым болсаң сенесің,
Айтқан сөзге көнесің.
120
Хан Барсаның қатты жау,
Қаннан ішкіз кересін.
Батыр батыр бола ма,
Жауының оймай төбесін.
Бар арманым тарқайды,
Хандардың басы Барсаны,
Көңілден қайғым кетуге,
Қуанып көңілім өсуге,
2560 Əкеліп басын бересің.
Қайғы ашуым басылмас,
Əкеліп басын бермесең,
Өлгенін Барса көрмесем.
Көрген тарлық көп еді,
Көңілге салып серлесем.
Екі жақсы дос болар,
Достықпен көңіл қош болар.
Шын достықтың белгісі,
Досының кегін еске алар.
2570 Екі жаман дос болар,
Достықтың арты бос болар.
Барсаның басын əкелсең,
Қуанып көңілім қош болар».
Жіберген хатын Қобылан алады,
Қағазды оқып қарады.
Жиды қыпшақ елдерін,
Қырық батыр ерлерін.
Халқына ақыл салады,
Ақылдасып қарады.
2580 – Өтінген Алшағыр маған деп,
Қырымнан келген қырық батыр,
Сендерге ақыл салам деп,
Досым маған өтінген,
Достың тілін алам деп.
Қарақыпшақ халқымсың,
121
Баршаңа ақыл салам деп.
Мақұл көрсең, жолдастар,
Осы жауға барам деп.
Өтінген соң Алшағыр,
2590 Бармай неғып қалам деп,
Хан Алшағыр доспенен,
Уəдем берік, тамам деп.
Қартқожақ сонда сөйлейді:
– Алдыңда ағаң мен едім,
Сүйенішім сен едің.
Сізге тізгін беремін,
Не десең де көнемін.
Алшағырдың қамаудан
Қырық жігіттің шыққаны
2600 Қобыланды, сенің себебің.
Алшағырға барыңыз,
Аузынан жауап алыңыз.
Ерік өзіңде, Қобыланды,
Сүйенгені жалғыз сен,
Бұл қыпшағың қалай дер,
Жасы менен кəріңіз.
Қобыланды Алшағырға бармақ болды,
Патшадан барып жауап алмақ болды.
Ерлерге уəде менен достық қымбат,
2610 Сөйлесіп жауабына қанбақ болды.
Сол күні Алшағырға Қобылан келді,
Келді де шын досына сəлем берді.
Төресі, бегілермен қасында отыр,
Амандық баршасының жүзін көрді.
Қолдасты амандасып баршалары,
Жиылған мəжілісте жас пен кəрі.
Құрметтеп Қобыландыны қарсы алады,
Сыйлады құрмет етіп халықтың бəрі.
122
Қобыландының келген жер,
2620 Ханға сəлем берген жер,
Құрмет еткен қалмақтың
Сый, құрметін көрген жер.
Ортасында отырды
Сыйлық көріп Қобыланды ер.
Қалмақтың басы Алшағыр,
Айла, ақылға кемеңгер.
Алшағырдың айтқан сөз,
Құлақ сал, халық, тыңдай бер.
– Көңілімдегі сөзімді,
2630 Айтамын, Қобылан, мен деді.
Құшақтасып дос болған,
Шыны досым сен деді.
Тілейтұғын тілек бар,
Тілегімді бер деді.
Дос болғалы сізбенен
Көңілім өсіп, өрледі.
Қалмақтың басы Барсада
Алынбай жатқан арым бар,
2640 Жұмсаймын, досым, мен деді,
Шыны досым сен болсаң,
Арымды алып бер деді.
Өтінетін сөзім бар,
Жалынып тұрған өзім бар.
Қалмақта мықты Барсада,
Алынбай жатқан кегім бар.
Көрген қорлық зəбір бар,
Əперетін кегімді,
Қобыланды батыр, жөнің бар.
Талай батыр, хан, бегі
2650 Ер Барсаға барыпты.
Барған адам қайтпаған,
Мықтылығы анық-ты.
Кейін қайтқан адам жоқ,
123
Соған барған батырлар
Сол шаһарда қалыпты.
«Барса келмес» атақты
Сол себепті алыпты.
Барсаға шабам деген ел,
Əр мақсаты болмаған,
2660 Барған адам оңбаған.
Барса келмес патшаға
Бақыт пен ерлік орнаған.
Атса, мылтық өтпеген,
Шапса, қылыш кеспеген.
Өресі адам жетпеген,
Ары жауға кетпеген.
Айтулының өзі еді,
Талайды басып жер еді.
Өзінің аты ер Барса,
2670 «Келмес» деген атағы
Барған адам шəріне
Қайтпады бірі деп еді.
Қорықпасаң, шын досым,
Сіз Барсаға барыңыз,
Досыңның тілін алыңыз.
Сізбенен досты болған соң
Жарқырап атқан таңымыз.
Көрген қорлық, кегім бар,
Кеткен талай арымыз.
2680 Ар əперсең Барсадан
Сая табад жанымыз.
– Достың түбі қиындай,
Алшағыр, салдың бүйімді-ай.
Достым маған қиылды-ай,
Тау қайыру қиындай.
Достың тілін алмасам,
Жұмсағанға бармасам,
124
Ерлігіме шын ұят,
Зейінмен аңдап ойласам.
2690 Жұмысыңа барайын,
Алшағыр, тіліңді алайын.
Досым үшін бір сапар
Мен Барсаға барайын.
Жоғары болса талайым,
Барсаның елін шабайын,
Қылышты қанға малайын.
Сенің үшін, жан досым,
Ажалым жетсе егер де,
Жау ішінде қалайын.
2700 Пəлен, түген демейін,
Жақсылық пен жамандық,
Маңдайымнан көрейін.
Көк найзамды безейін,
Сарыжамды кезейін.
Бір басымды санға теңейін.
Атаңа нəлет Барсаның
Қабырғасын сөгейін.
Көңіліңде арман бар болса,
Барса келмес батырдың
2710 Əкеліп басын берейін.
Уағдасын береді,
Барса келмес патшаға
Барамын деп Қобыланның
Серт байласқан жері еді.
Қағаздасып қанменен
Қыпшаққа қайтқан жер еді.
Уəде беркін қылады,
Қыпшақтың Қобылан шырағы
Қыпшақ елін жияды.
2720 Жауға сапар етуге
Садақа тойын қылады.
Жиылған ел, халқына
Құрмет етіп тұрады.
125
– Құлағың сал, кел тыңда,
Қырымнан келген қырық батыр.
Жолдас болған ерлерім,
Жасы үлкен аға мен
Заманы бірге теңдерім.
Алшағыр хан досыма
2730 Менің барып келгенім.
Уəде еткен сөзім бар,
Барып қайтқан өзім бар.
Алшағыр хан досым бар,
Барсадан көрген зəбір бар.
Өзім Қобылан болған соң,
Кегін жоқтау жөнім бар.
Достың тілін аламын,
Уəде еттім ханменен,
Еліне Барса барамын.
2740 Жұмсаған соң жан достым,
Бармай неғып қаламын?
Қайырмаңыз, уа халқым,
Қобыланның сапар талабын.
Сөйледі Қобылан желігіп,
Көтеріліп серігіп,
Көптен жауға бармаған,
Қобыланды жүрген ерігіп.
Азамат басын құрады,
Барамын деп сол жауға
2750 Халқынан ұлықсат сұрады.
Қарақыпшақ көп халқы
Уайым етіп жылады.
Жыламай халқы не қылсын,
Тоқтарбайдың ер Қобыланы
Қыпшақтың қорған шырағы,
Қарт, кəрісі жылады,
Көздің жасын бұлады.
Елге қорған Қобыланның
126
Ханға уəде еткен соң,
2760 Қарақыпшақ халқында
Болмайтын болды тұрағы.
Қыпшақ елі жылап тұр,
Көздің жасын бұлап тұр.
Қайта-қайта Қобыланды,
Барамын Барса ханға деп,
Ұлықсат елінен сұрап тұр.
Сексенге келген Тоқтарбай,
– Қорқамын жолдан мен, – деді,
Желікпе балам сен, – деді.
2770 Батыр – аңқау, ер – көдек,
Ақылың сенің кем, – деді.
Қарақыпшақ жылап тұр,
Тілегін елдің бер, – деді.
Айласы көп Алшағыр,
Амалмен əдіс еткен-ді.
Барса келмес патшаға
Астыртын қағаз жеткен-ді.
Жан қайтпайтын ер Барса,
Алдырмайтын өктем-ді.
2780 Өтірік алдап, дос болып,
Көрген қорлық баршасын,
Барсаға баян еткен-ді.
Атаңа нəлет ит Барса
Талай жауды өткерді.
Қалмақ деген көп халқын,
Мақсатына жеткерді.
Айласы көп Алшағыр
Өтірік сізге дос болып,
Қобыланды, сені алдаған,
Залымдықпен арбаған.
Тілімді алсаң, Қобыланды
2790 Пайдамыз болар бармаған.
127
Айла, амал еткен-ді,
Барсаға хабар жеткен-ді.
Əр өтірік дос болған,
Көрген қорлық баршасын,
Барсаға баян еткен-ді.
Көңіліндегі мүддесін
Күні бұрын жеткерді.
Сен кеткен соң, Қобыланды,
Қайғы берер Алшағыр
2800 Қарақыпшақ еліңе.
Қожа болар Алшағыр
Жирен қопа көліңе.
Халқыңды келтірер,
Өзінің деген жеріне.
Көрсетер елге зəбірді,
Тілін алсаң қалмақтың
Бересің қолдан кегіңді.
Тыңдамай кетсең сөзімді,
Досың ояр көзімді.
2810 Қарақыпшақ халқыңыз,
Қысыммен көрер зəбірді.
Айырсаң бізден шегіңді,
Қор етер қалмақ еліңді.
Сындырар бекем белімді.
Алдағанға кетсеңіз,
Көрерміз қысым, зəбірді.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– Жылама, ата, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
2820 Қауырсыны қатқан соң,
Жата ма бүркіт ұяда.
Белгілі берен ер жігіт,
Бек сауытқа сия ма.
Қас жастықтың белгісі
128
Жауға жанын қия ма.
Менің сапар жолымды,
Осы сапар сұрама.
Шын иланып мен жүрмін
Алшағырдың сөзіне.
2830 Қаһарлансам кім шыдайды,
Сарыжаның кезіне.
Дұшпандықпен жұмсаса,
Обалы болсын өзіне.
Ақырында, уа, халқым,
Жауыздық қылса егер де,
Алшағыр хан қалмақтың
Халқым шұқыр көзіне.
Дос болып жүріп қас болса,
Обалы болар өзіне.
2840 Сөйледі Аналық анасы
Қобыланды жалғыз баласы.
Айрылар болды халқынан
Қобыланның арасы.
Атасы əйел болса да,
Білікпен артық санасы.
– Қобыланды, сені көрмей тұрғанда,
Жиылған халық жиында,
Тау қайырып бетіме,
Қайырсыз бетке ұрғанда.
2850 Дүниені бүлдіріп,
Тоқсан саба тілідіріп,
Керегеге ілдіріп.
Баласыздық зарпынан
Малды талақ еткенмін.
Мал, мүліктің бəрінен
Талақ салып кеткенмін.
Көзден аққан ыстық жас
Қойыныма төккенмін.
Қу таяғым қолға алып,
129
2860 Тоқтарбаймен қыдырып,
Көзімнің жасы шұбырып,
Дамылдамай жүгіріп,
Перзенттен кеткен түңіліп.
Елді талақ еткенмін,
Талақ салып кеткенмін.
Маңғыстауды жағалап,
Əулие іздеп аралап,
Қаразымға жеткенмін.
Тоғыз жүз тоқсан əулие,
2870 Баршасын да аралап,
Əулие қоймай саралап,
Он екі айдың жүзінде,
Он үшінші айдың күзінде,
Құлыным Қобылан, сені көргенмін.
Көрген қызық баршасы,
Бір күнгідей болған жоқ,
Неге, Қобылан, желдендің?
Алшағырға алдандың.
Жалғызым, бүгін жерлендім,
2880 Өлдім, талдым дегенде,
Өштім, жандым дегенде,
Құлыным, сені көргенмін.
Тілімді алсаң, шырағым,
Жөнді болар бармаған.
Алшағыр хан дос болып,
Қобылан, сені алдаған.
Амалымен арбаған.
Айрылып сенен бұл елде
Қалайша енді тұрамын?
2890 Тілімді алсаң бармаңыз,
Айламенен алдаған
Бұл дұшпанға нанбаңыз,
Алданып қапы болмаңыз.
130
Айласы көп Алшағыр
Айламенен дос болды.
Шырағым амал еткен-ді,
Барса келмес батырға
Осы хабар жеткен-ді.
Көргенінің баршасын,
2900 Хан Барсаға өткерді.
Алдағанға алданып,
Алданып бекер сандалып.
Қарақыпшақ көп халқың
Қалмасын жылап зарланып.
Сен кеткен соң, Қобыланды,
Қарттарың қалар сандалып.
Қожа болар Алшағыр
Қоныс еткен жеріңе.
Қысым берер Алшағыр
2910 Қарақыпшақ еліңе.
Ерік бермес еркінсіп,
Жирен қопа көліңе.
Қалмақтар шығар еріксіз,
Еркінсіп қыпшақ төріне.
Осы жауға сен кетсең,
Дүние, малың тұл болар.
Сексеннен асқан Тоқтарбай
Ақырында құл болар.
Қарақыпшақ халқыңыз
2920 Кеңшілікке мұң болар.
Менің айтқан бұл сөзім,
Ақырында шын болар.
Жайнаған сəулет заманым,
Тұман басқан түн болар.
Тұлымынан сипаған,
Қаншадай қызым қалмаққа
Шарасыздан күң болар.
Ардақтаған ұлдарым
131
Бастарында ерік жоқ,
2930 Ықтиярсыз құл болар.
Сен кеткен соң халқыңды,
Қорғап бағар кім болар.
Қайрылмас бала болар ма,
Ата менен анаға.
Тілек бермек болар ма
Еңіреп көрген балаға.
Қайғыланып жылап тұр
Ағайын, халқың жана да.
Атаңа нəлет Алшағыр
90 Айламенен алдап тұр,
Көңіліңе салып сен қара.
Сен кеткен соң, Қобыланым,
Тарылар деп қорқамын
Кеңдік көрген замана.
Сонда Қобылан толғайды,
Толғап тұрып ойлайды,
Ойламасқа болмайды.
Мұңын айтып шешесі
Қайта-қайта зарлайды.
2950 Уəде еткен сөзі бар,
Сонда Қобылан танбайды.
Сапар қылды ниеті
Елін баққан Қобыланды.
– Тоқтарбай қарт үй иесі,
Достың тілін алуға,
Жұмсағанға баруға,
Қобыланды балаң желденген,
Əруақ қызып тебренген.
Бармасыма шарам жоқ,
2960 Алшағыр хан досыма
Қатты уəде сөз бергем.
Уəдемнен тана алман,
132
Сапарымнан қала алман.
Жақсылық пен жамандық
Жаратушы панамнан.
Батаңды берсең ұлықсат деп,
Аламын ата-анамнан.
Тəуекелге мінген соң,
Сөзден қайтпас Қобылан ер,
2970 Жаудан таймас біздей сер.
Ниеті болсын жолдасы,
Алшағыр патша қас болса,
Ақырын байқап күтіп көр.
Тоқтарбай мен Аналық
Қолыңды жай да, бата бер.
Ата менен анасы
Екеуі қолын жаяды,
Қарттардан бата алады.
Қайырлы болсын сапар деп,
2980 Кемпір-шал бата қағады.
Қарындасы Қансұлу
«Ер көкем» деп жылады.
Көзден аққан қара жас
Омырауын жуады.
Алдындағы ағасы
Қорған сүйеу панасы.
– Сапарың қи, – деп сұрайды.
Алдымда панам сен едің,
Артында нашар мен едім.
2990 Ардақты менің болғаным,
Көкем, сенің себебің.
Атамның тілін алмадың,
Анаңның айтқан сөзіне,
Көкем, құлақ салмадың.
Алшағырдай залымға
Қатты уəде еткен соң,
133
Жеделіңнен танбадың.
Қобылан көкем, саналым,
Өзіңе ерік саламын.
3000 Тілекті бізге бермесең,
Нешік болар амалым?
Атаңа нəлет Алшағыр,
Айламенен дос болған,
Тарылтар деп қорқамын,
Қыпшағыңның заманын.
Тілімді алсаң бармағын,
Көңілі бөтен алдаған,
Алшағыр дұшпан қалмағың.
Сен кеткен соң түсірер,
3010 Халқыңа ауыр салмағын.
Сен кеткен соң батырар,
Аналық пен Тоқтарбай
Қартыңа да бармағын.
Қиындық көрмесем игі едім,
Қолаң шашым жүн болып,
Көрген күнім тұл болып.
Қайғы шекпесем игі едім,
Бірге туған көкемді
Бір көруге мұң болып.
3020 Тоқтарбайдың көп дəулеті
Иесіз қалмаса игі еді
Ақырында тұл қалып.
Алдымда панам қорғаным,
Сенің арқаң, ер көке,
Халыққа ханша болғаным.
Алыс сапар жол шексең,
Азғаным да тозғаным.
Көркі кетер ақ боз үй,
Еңкейе кірген орданың.
3030 Сенің арқаң, ер көкем,
134
Берекетті ел болдық,
Дəулет пен баққа кен болдық.
Артыңнан өскен Қансұлу
Ханшаменен тең болдық.
Уайым салып қайғымен
Енді жылап сел болдық.
Сенен бөтен ағам жоқ,
Тілек, жаным сен үшін,
Көңілімде алаң жоқ,
3040 Артыңнан туған нашармын,
Еруіме шарам жоқ,
Жүретұғын амал жоқ.
– Қансұлужан, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Атама тілек бермедім,
Анамның еткен тілегін
Алуды мақұл көрмедім.
Жылай берме, бауырым,
Бір уəде еткен соң,
3050 Сөзімнен қайтар ер ме едім.
Өзім Қобылан болған соң,
Сескенер жаудан сер ме едім?
Тұлпар мініп, ту алып,
Жауға аттанар күнімде,
Бірге туған бауырым
Өсірдім сипап тұлымды.
Тілегімді тілей бер,
Ұмытпа, қалқам Қансұлу,
Өсиет еткен мұңымды.
3060 Достығын айтып Алшағыр,
Ала берді тынымды.
Алыс емес жақында,
Белгіледім, шырағым,
Жауға аттанар күнімді.
135
Қарындасы Қансұлу
Мұңын айтып жылап тұр,
Көкелеп тілек салып тұр.
Сөзінен қайтпас Қобыланды ер
Жыласа да шыдап тұр.
3070 Енді Құртқа жырлады,
Жырламай көңілі тынбады.
Қарақыпшақ елдері
Баршасы жылап шулады.
Қобылан мықты есер деп,
Айтқанына жетер деп,
Ортамыздан кетер деп,
Бармай қалсақ нетер деп,
Қыпшақ жұрты келеді.
Арыздасып, қоштасып,
3080 Қобыланның кетер жері еді.
Сонда тұрып Аққұртқа
Қобыланға қарап толғайды:
– Əкеңнің тілін алмадың,
Анаңның айтқан сөзіне
Құлағыңды салмадың.
Алшағырдай залымға
Уəде еткен сөзіңнен,
Тіпті, Қобылан, танбадың.
Қиын болар, Қобыланды,
3090 Ер Барсаны алмағың.
Алшағырға нанасың,
Атаң менен анаңның
Құрттың, Қобылан, шарасын.
Пəлен айлық жер дейді,
Ер Барсаның хандығы,
Қай заманда барасың?
Осы сапар қиын жол,
Тозағында азасың.
136
Айласы көп Алшағыр,
3100 Білігі асқан көрім-ді,
Атаңа нəлет жауыздың
Алдағаны көрінді.
Ерлігі асқан Барсаға
Астыртын хабар берулі.
Арамдығы ішінде,
Көргенін жазып терулі.
Сен кеткен соң, Қобыланды ер,
Еріксіз алар жеріңді.
Шабар қыпшақ еліңді,
3110 Сындырар қалмақ беліңді.
Күні бұрын түс көрдім,
Болашақ іс көрінді.
Қарттарың мен жастардың
Көзінің жасы төгілді,
Қыпшақ жылап егілді.
Болашақ іс бар шығар,
Айырдың халықтан шегіңді.
Алдағанға алданып,
Кеттің, батыр, бейхабар.
3120 Сен кеткен соң намысын
Халықтың жоқтап кім алар?
Алшағыр хан «жан досың»
Еріксіз басып ел шабар,
Кекті жау бізді қолға алар.
Есіне түсіп өткен іс,
Ашу тұтып долданар.
Қарақыпшақ халқыңды
Досың шауып олжа алар.
Сексенге келген қарт атаң
3130 Қу таяғын қолға алып,
Санасыз сарық қой бағар.
Қысым болар көргені,
137
Тарлық болар атамның
Қалмақтан қорлық көргені.
Бүйтіп тірі жүргенше
Артық еді өлгені.
Қызығының үстінде
Əкеңе өлім келмеді.
Аналықтай анаңның
3140 Тезек теріп, жүн есіп,
Көрген қорлығы үдесіп,
Еріңіз берер қысымды.
Ата-анаңды жүдетіп,
Кемпір-шалың қаңғырып,
Қоймасын досың жүдетіп.
Көргенім зауал болмаса,
Қыпшақ деген халқыңды,
Қысымменен айдайды,
Халқымның соры қайнайды.
3150 Ардақтаған жайсаңды,
Еріксіз қорлыққа айдайды.
Сен кеткен соң қыпшаққа,
Досың бермес тынымды.
Тарылтар кеңіс күніңді,
Айтайын көрген шынымды.
Артыңнан өскен сүйеуің,
Ардақтаулы бикешжан.
Сөндірер деп қорқамын,
Отыз төре, қырық бегі,
3160 Билер тартқан шылымды.
Қалмақ құртпаса игі еді,
Қайғы беріп сыйымды.
Сен кеткен соң Барсаға,
Алшағыр шабар еліңді.
Тартып алар жеріңді,
Бердің қолдан кегіңді.
138
Өтірік емес, шын болар,
Бұл дұшпаннан зəбірді.
Ей, батыр Қобылан, алғаным,
3170 Қағып төсек салғаным.
Осы жүрер жолыңа
Көңілімде көп арманым.
Тілек бермей халқыңа,
Сапарыңнан танбадың.
Оңай болмас, Қобыланды,
Бір Барсаны алмағың.
Батыр Қобылан, барарсың,
Қанша мықты десе де,
Барсаны шауып аларсың.
3180 Дегеніңе келтіріп,
Көп қалмақты шабарсың.
Қайғылы болып еліңіз,
Алшағырхан залымға
Қоныс болып жеріңіз.
Өзің онда, ел мұнда,
Кетпесін жауда кегіңіз.
Асық болған Құртқаңа
Алшағыр көзін салмасын,
Алшағыр ойлар пайдасын.
3190 Лайықсың маған деп,
Құртқа, сені алам деп,
Басыма қайғы салмасын.
Азырақ рұқсат алармын,
Рұқсат алып Аққұртқаң
Қалмаққа салар айласын.
Өлшеулі күнде келмесең,
Халқыңды келіп көрмесең,
Кешікпей кел өлмесең.
Қиындық түсер Құртқаға
3200 Ақырында көрерсің,
Батыр Қобылан өлмесең.
139
Айла, амал табармын,
Ақылға салып қарармын.
Алшағыр хан патшадан
Он екі ай рұқсат алармын.
Он екі айда келмесең,
Дидар жүзді көрмесең,
Мен табар амал жоқ,
Амал ойлар заман жоқ,
3210 Досың Құртқа саған жоқ.
Арыстан туған ер досым,
Қобыланды батыр маған жоқ.
Хабарыңды білгенше,
Көңілімде бөтен алаң жоқ.
Ақыл ойлап қарайын,
Ақыл ойлап табайын.
Алдымды кеңге салайын,
Асық болған ер досым
Уəдем саған тағайын.
3220 Қобыланды, саған серт айтып,
Сақтаулы адал сарайым.
Батыр қайтып келгенше,
Қолы жетпес адамның
Ақ мұнара басынан
Ұзаққа рұқсат алайын.
Қол жетпейтін жер еді,
Амал тапқан адамзат
Мақсатқа жетет деп еді.
Ақыл ойлап қалмаққа,
3230 Елде қалған Аққұртқаң
Кеңінен уəде береді.
Болса тілек мерейім,
Жауға кетті демейін,
Келеді деп сенейін.
Амалым бар ма, Қобыланды,
Ырзалықпен көнейін.
140
Шамам келсе келгенше,
Өзімді бағып көрейін.
Айдан сұлу, сүттен ақ
3240 Ақылға асқан көңілі шат.
Қобыландыға айтқан жауабы,
Бəрі үлгі насихат.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– Мен əкенің тілін алмадым,
Анам тілек салғанда,
Сертімнен мүлде танбадым.
Бірге туған Қансұлу
Ардақтаған бауырым,
Бауырым тілін алмадым.
3250 Сапарымды тіледі,
Жалынып айтқан сөзіне
Тіпті құлақ салмадым.
Атаға тілек бермедім,
Аналық шешем жылады,
Көзінің жасын көрмедім.
Қансұлу менің бауырым,
Ер көкелеп жылады,
Сапарымды сұрады,
Көзінің жасын көрмедім.
3260 Қанша жолдас болсаң да,
Қансұлуменен тең бе едің?
Əйелдің тілін алғаным,
Сапарымнан танғаным,
Барам деп бармай қалғаным,
Сынықтық болар өзіме.
Қатынның тілін алды деп,
Мат болармын халықтың
Күлістік еткен сөзіне.
Жедел етіп мен тұрмын,
3270 Ақ сапардың кезіне.
141
Мені жолдан тоқтатар –
Құртқа сұлу сен емес.
Тіліңді алып тоқтайтын –
Қобыланды батыр мен емес.
Жеті дұшпан біреуі –
Қатын тілін алатын,
Біздей ерге жөн емес.
Бұл жолымнан қалмаймын,
Дос-дұшпаным бар шығар,
3280 Біреуге біреу ел емес.
Ару, сұлу Аққұртқам,
Тілегіңді қабыл алмаймын.
Əлқисса, сонда Қырымнан келген қырық батырдың ағасы
Қартқожа тұрып, Қобыландының осы жауға аттанбауын сұрайды:
– Батыр туған Қобыланды ер,
Көңілімде айтар сөзім бар.
Көргенімді айтайын,
Осы жолдың қиынын
Баяндар сізге жөнім бар.
Рас сөзге сенім бар,
Кешегі Орақ, Мамайға
3290 Он төрт жасар күнімде
Қосшы болғам өзім дəл.
Орақ пенен Мамай хан
Талай жауға шапқан ер,
Халықты жақсы баққан ер.
Талай жауға барған ер,
Ұрысқан жауын алған ер.
Жауды көзі көргенде,
Айбаты асқан кемеңгер.
Барса мықты дегенге,
3300 Еліне Барса барам деп,
142
Барып қырғын салам деп,
Сол Барсаны алам деп,
Ат қойып елін шақырды.
Елінен жиып батырды,
Ердің ісі қапыл-ды.
Айбатты Орақ, хан Мамай
Білігі асқан ақылды,
Тентек емес мақұл-ды.
Солай деп айта келсек те,
3310 Елдің ісі қапыл-ды.
Шақырған соң ел келді,
Ел ішінде ер келді.
Қайтпайтын жаудан сер келді,
Көңілді жігіт тең келді.
Еліне Барса баруға,
Барсаның елін шабуға,
Қызғындап ерлер жөнелді.
Ат жаратып баптандық,
Баруға жауға шаттандық.
3320 Сол Барсаны шабам деп,
Ер менен бектер мақтандық.
Жиып алып халықты,
Əскер санап басқардық.
Алты мың əскер қол болып,
Біз Барсаға аттандық.
Қайтпайтын жаудан ер де бар,
Сескенбейтін сер де бар.
Жау сағынып желіккен,
Қорықпайтын сер де бар.
3330 Бұрын жауға бармаған,
Ат ізін шетке салмаған.
Үйде отырған шаруа,
Жол шекпеген кем де бар.
Ат жаратып баптандық,
143
Қуанысып шаттандық.
Алам деп жауды мақтандық,
Қолды санап басқардық.
Барсаға қарап қасқардық,
Тұс-тұсынан ту байлап,
3340 Жүріске шықтық ыңғайлап.
Қару-қапшық ат сайлап,
Күндіз-түні жол шектік.
Алты айшылық ауыр жол,
Болдыртып атты мендеттік.
Неше ай қонып ортада,
Егіз бұлақ бойына
Шалығып-шаршап біз жеттік.
Егіз бұлақ көлдерге
Атты бағып, тынығып,
3350 Тоғыз күндей біз жаттық,
Мінген атқа күй таптық.
Оныншы күн болғанда,
Барсаға қарап жөн тарттық.
Құм дөң деген дөң көрдік,
Айдынды шалқар көл көрдік.
Осы көлге кез келдік,
Ар жағынан сол көлдің
Боз дөң деген дөң көрдік.
Аттанған ерлер баптанып,
3360 Кілең батыр мақтанып,
Ат суарып түгендеп,
Адамды санап басқарып.
Жүре бердік біз жөнге
Алдымызға қасқарып.
Боз дөң таудың басынан
Құлатпен шықты төрт атты.
Найзағай ойнап аспаннан,
Көп əскерді өрт атты.
144
Алыстан қарап топ болды,
3370 Өрт жанып шоқ болды.
Бізге қарай лап қойды,
Лап қойған əскер жоқ болды.
Əскер қирап құлады,
Талайы тулап сұлады.
Кім екенін біле алмай,
Қалғаны жылап тұрады.
Тек аман кетті бес кісі,
Осы жауға шаталмай,
Көңілді қайғы дат алды-ай.
3380 Жолдан қайтқан хан Мамай
Осы таудан аса алмай,
Жүруге қорқып бата алмай,
Қалай жүрсің хан Мамай,
Əлеметке тап болып,
Қырғынға халқы шаталды-ай.
Орақ пенен Мамай сер
Қайтпайтын жаудан батыл, ер,
Көкірек толып қайғы шер.
Орақ пенен Мамайдың
3390 Қайғылы болып қайтқан жер.
Ахмет, Алау, Қартқожақ
Үшеуміз шықтық сауалға.
Орақ пенен хан Мамай,
Бесеуміз қайттық аманда.
Қасымызда көп əскер,
Душар болды ажалға.
Осы арадан кер кеттік,
Арытып атты меңдеттік.
Көп əскерден айрылып,
3400 Уайым етіп еңірестік.
Аттанған қолға сор болды,
Теріс сапар жол болды.
145
Орақ пенен Мамай хан
Қайғыменен қор болды.
Тілімді алсаң, ер Қобылан,
Бұл жауға бару жөн емес,
Барса деген қатты жау
Алдыратын ел емес.
Айбатты Орақ, хан Мамай,
3410 Қобыланды, сенен кем емес.
Талай жерге барған хан,
Талайға бүлігін салған хан,
Əскерден Мамай айрылып,
Осы жолда сандалған.
Мүдə болып еңіреп,
Көңілі кетпей арманнан.
Қайтпас Мамай ер еді,
Осылай еді себебі.
Көп əскерден айрылып,
3420 Қапа шеккен жері еді.
Бір тоғыспай қалмақпен
Арманда болған Мамайдың
Мен қапамын деп еді.
Кеңшілікте тұрғанда,
Кім де кім де ер болар,
Мен батырмын дер болар.
Ойлағаны əркімнің
Көкірегі кен болар.
Алдыратын жау емес,
3430 Хан Барсаның еліне
Бармағаның жөн болар.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– Қайғы айтпа, батыр, сен, – деді,
Қайғы айтқаның нең деді.
Тек хандығы болмаса,
Менімен Мамай тең бе еді.
146
Мен мұзбалақ бүркітпін,
Қарға, құзғын, жапалақ,
Соларға болман жем деді.
3440 Қырымнан ерген қырық жігіт
Қызығымды көр деді,
Қасыма менің ер деді.
Шеңгелім болат сұңқармын,
Баруға жауға іңкəрмін.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Жау ұясын құртармын.
Кешегі Орақ, Мамайдай
Қайтатын батыр мен емес,
Бұл айтқаның жөн емес.
3450 Орақ пенен Мамай хан
Менімен қатар тең емес.
Сапар шеккен батырға
Ер уайым айтар ма.
Қаса жасық болмаса,
Шын жеделге мінген соң,
Ер сапардан қайтар ма.
Қайтар Қобылан мен бе едім,
Жаудан қайтып қорыққандай,
Батыр емес, кем бе едім?
3460 Қорқып қайтып бұл жолдан,
Мен ноғайлымен тең бе едім?
Əлқисса, Аққұртқа Қобыландыға келіп қосылғаннан кейін
атасының көп жылқысын аралауға, ішінде Қобыланға жарайтын ат бар ма екен деп сынауға құмар болады. Күндердің бір
күнінде Қобыландыға: – Жылқыны аралап қайтсақ қайтеді? –
дейді. Қобыланды оның сөзін мақұл көріп, екеуі жылқыны аралайды. Жылқының ішінен жабағы жүні түспеген бурыл тайды
көреді. Осы тұлпар болады деп сынайды Аққұртқа.
147
Құртқаның түскен жылында,
Қобыландымен екеуі
Əзіл ойнап отырып,
Сол күні екеуі ерікті.
Жылқы аралап келем деп,
Сан жетпейтін атамның
Көп жылқысын көрем деп,
Ақылы артық Аққұртқа
3470 Қобыландыға айтады:
«Сен жылқыңды бастап жүр,
Батыр, сізге ерем деп,
Қылайық тұлпар ат болса,
Құлын да болса тап болса,
Өзім бағып берем деп.
Сан жетпейтін көп жылқы
Сізбенен Қобылан барам деп.
Тай, құлын науша жастарға
Көзімнің қырын салам деп.
3480 Торыға таяу бір тұлпар
Көп жылқыдан табам деп.
Аралалық жылқыны,
Қобыланды, ердім саған» деп.
Алтын шыбық алады,
Жібектен бау тағады.
Талма тал түс шамада,
Қобылан менен Аққұртқа
Көп жылқыға барады,
Жылқы аралап қарады.
3490 Жабағыдан тай шыққан,
Тарлан бие соңында
Бурылтай кетіп барады.
Алды-артынан Құртқа шығады,
Бурыл тайды сынады,
Қуанып көңлі тынады.
148
Қайшыланған құлағы
Не қылса да Бурылтай
Аққұртқаға ұнады.
Екі көзін сынаса,
3500 Шамдалдың жаққан шырағы,
Өзгеден артық сияғы.
От орнындай жануар
Шашадан төмен тұяғы.
Тайбурылы Құртқаның
Көңіліне ұнады.
Кем болмас деп торыдан
Келбет пенен сияғы.
Торыға серік болар деп,
Осылайша сынады.
3510 – Ей, Қобыланды, Қобыланды,
Сынап тұрмын бурылды,
Барталыңа жарар деп.
Қаншама алыс алыс жер болса,
Ə дегенше барар деп,
Сенің үшін бағам деп,
Жұмсақтан жабу жабам деп,
Торыменен тең етіп,
Алтыннан қазық қағам деп,
Жібектен арқан тағам деп.
3520 Жануар бурыл сияқты,
Ей, Қобыланды ер, Қобыланды ер,
Көрген соң көңілім ұнатты,
Торыға серік болар деп.
Ықыласым құлап тұр,
Əр мүшесі бурылдың
Көңіліме ұнап тұр.
Жібек баулы құрықпен
Тайбурылды тез ұста.
Əр мүшесін сынасаң,
3530 Торымен қатар сияқты.
149
Алтын құрық Қобылан алады,
Сағағынан қағады.
Сол секілді Қобыланды
Тоқтатпай сүйреп барады.
Екпініне батырдың
Сырғанады аяғы.
Бір терекке төнеді,
Аяғын жерге тоқтатпай,
Бурыл сүйреп жөнеді.
3540 Сол терекке таянып,
Қобылан аяқ тіреді.
Құрықпен бұрап шығады,
Басына жүген сұғады.
Тастан қайтпас шын болат,
Жануардың тұяғы.
Құртқа өзіндік сарайға
Бурылды алып барады.
Торыша менен екеуін
Жігіттер жақсы қарады.
3550 Əр уақытта Аққұртқа
Екі бірдей тұлпардың
Майдалап түгін тарады.
Тобығы меңді торымен
Бірдей етіп бағады.
Екеуін бірдей тең көрді,
Бірдей етіп жем берді.
Жал-құйрығын таратып,
Тұлпарға ажар, өң берді.
Құртқа бағып, баптады,
3560 Үкілі құйрық, майда жал
Аттың күйін тапқаны.
Жер тепкілеп желігіп,
Түнде тұлпар жатпады.
Жігіттер қарап күні-түн,
150
Тұлпарды күтіп сақтады.
Екі тұлпар ерігіп,
Өзі өзінен жарап тұр.
Əр уақытта Аққұртқа
Аттың күйін қарап тұр.
3570 Құйрық-жалын Аққұртқа
Мезгіл-мезгіл тарап тұр.
Атасы айуан болса да,
Ер жолдасы тұлпар деп,
Қобыланды ерге балап тұр.
Ат болады қашан деп,
Өткен күнді санап тұр.
Əлқисса, Аққұртқа Қобыландыны Барса ханның еліне өз
қолынан аттандыру үшін неше жылдан бері ел көзіне түспей
бағуда тұрған қос тұлпарға алып келіп, тұлпарларды батырға
көрсетеді. Қобыланды қос тұлпарды көргенде, көңілі толып, ырза болады. Құртқаның аттың сыншысы екенін, дана,
ақылды екенін біледі. Құртқа өзінің ер досына, жан жарына:
«Жорытқан сайын жолың болсын, мерейің үстем болсын, міне,
саған шешемнің берген жай бұлтын аманат етіп тағы беремін.
Бұл саған қысылған жерде жəрдем берер, шөлдеген жерде бұлт
құрастырып жауын жаудырады» – деп, жай бұлтын береді.
Сонда Құртқаның толғағаны мынау екен:
Жақсы болса əйелі,
Ерге жолдас, серік-ті.
Алған жары Аққұртқа
3580 Адамда сұлу, көрікті.
Кетерінде Қобыланға
Дəумама берген жай бұлтын
Қолынан Құртқа беріпті:
– Сен Барсаға барарсың,
Елі шалғай, жері алыс,
Арып, шөлдеп азарсың.
151
Мамамның берген жай бұлтын
Шөліркеген күніңде
Ашық күні жаярсың.
3590 Жаңбыр жауып, қақ тұрар,
Шөлдегенде қанарсың.
Қырық батыр жолдасың,
Ат суарып аларсың.
Шөлдеген атты суарып,
Батырлар, кеңдік табарсың.
Мамам берген бұлтты
Көргенде Қобылан нанарсың, –
деп жай бұлтын Қобыланның қолына ұстап береді.
Мағлұм болған тұлпары
Алты жасар бурыл ат,
3600 – Қоштастым, Құртқа, жүрем, – деп,
Тайбурылға мінем, – деп,
Шығыршықты бек сауыт,
Бекініп үске кием, – деп.
Тасты кесер ақ алмас
Беліме орай ілем, – деп.
Ұлықсат бер, Аққұртқа,
Тез кешікпей жүрем, – деп.
– Жауға аттанған жігітке
Ерлік пенен бақ керек.
3610 Ренжіме, Қобыланды ер,
Қуаныш керек, шат керек,
Барталыңа, батырым,
Тағы да тұлпар ат керек.
Жолдас досым сен едің,
Əйел де болсам шын досың
Құртқа алғаның мен едім.
Таңдап алған Құртқаның
Тисін сізге себебім.
152
Ат жемшіктен шығарып,
3620 Тобығы меңді торыны
Барталыңа беремін.
Дəумамадан ұзатып,
Батыр мені алғанда,
Шалғынды көлге барғанда,
Үйірінен қулықтың
Кер биені көрдім де,
Болып едім арманда,
Арманда болдым жалғанда,
Атама қағаз жазғанда,
3630 Көрімдікке атамнан
Кер биені алғанда.
Не қылса да кер қулық
Сынауыма жақты деп,
Мінуіне Қобыланның
Жануар тұлпар жағар деп.
Кер қулықты атамнан
Тілеп, сұрап алғанда.
Бағуға болдым арманда,
Арманда болдым жалғанда.
3640 Жүрем десең, Қобыланды,
Сайлана бер қамдан да.
Ер мақсаты тезденді,
Енді бекер алданба.
Тұлпар табам мен деді,
Қобыланды маған ер деді.
Алтын астау алдында,
Қос тұлпарды көр деді.
Сауырлығы кең деді,
Он екі мүше тəндері,
3650 Бəрі бірдей тең деді.
Тайбурылға қос артып,
Торыны міну жөн деді.
153
Алты жасқа келтірмей,
Тобығы меңді торыны
Мінетін болдың, ер, деді.
Ат азуы толған жоқ,
Əлі алты жас болған жоқ,
Тұлпарлық бақыт қонған жоқ.
Алыста қалмақ ел деді,
3660 Жеткізбейтін жер деді.
Бір жасы аттың кем деді,
Сапарың болсын оң деді,
Қайырлы болсын жол деді.
Кемдігінен жасының
Бір жерлерге барғанда,
Тарықтырар сол деді.
Тарықтым деп шамданба,
Тұлпарыңа қас ойлап,
Арманда болып қам болма.
3670 Адал ниет жүрекпен,
Батыр, шықтың ақ жолға.
Ұшқырлы жебе көк найза,
Тəуекел ет те, ал қолға.
Мақсатқа торы жеткізер,
Тайғақ кешу тар жолда.
Қолымнан бердім жем деді,
Батыр, маған ер деді.
Жүрісі жорға торыны
Көзіңменен көр деді.
3680 Торышаны, Қобыланды ер,
Өзіңменен тең көрдім.
Ардақтап аптап жем бердім,
Керегін тауып ет бердім.
Арпа менен сүт беріп,
Ажар бердім, өң бердім.
Алтыннан қазық қақтырдым,
154
Жеті құлға бақтырдым.
Үстіне жұмсақ тисін деп,
Мақпалдан жабу жаптырдым.
3690 Батпасын деп мойнына
Жібектен арқан тақтырдым.
Сусынына бал беріп,
Түрліше тəтті дəн беріп,
Торының күйін таптырдым.
Осы биыл жаздықта
Бестіге келген ат қылдым.
Сауырлығы салынған,
Мінген атың табылған,
Торышам шықты бағымнан.
3700 Торыны мін де, жау жаула,
Барған жауың табылған.
Неше түрлі қиындық,
Қайтарсың аман жазымнан.
Орайына көзің сал,
Иіріліп жатқан түбектей.
Танауыңа қарасаң,
Түбі түскен шелектей.
Жалын қара торының
Келептеген жібектей.
3710 Қабырғасы уықтай,
Төрт аяғын қарашы,
Алыс жер бұған жуықтай.
Қуантар торы, қуантар,
Көңіліңді батыр суытпай.
Бірақ, ат азуы толған жоқ,
Əлі алты жас болған жоқ.
Осынымда жалған жоқ,
Торыға міндің, Қобыланды ер,
Аққұртқаңда арман жоқ.
155
Қобыланды Құртқаменен қоштасып, хан Барсаның еліне
сапар шегуге бет алады. Сонда Қырымнан келген, қасына еретін қырық жолдасына айтқан сөзі:
3720 – Қырымнан келген қырық жолдас,
Қамданып атқа мініңіз.
Хан Барсаның еліне
Бүгіннен қалмай жүріңіз.
Аттанар бүгін күніміз,
Ер бастығы Қартқожақ,
Артыңнан жетеді ініңіз.
Тайбурылға қос артып,
Ер Барсаның еліне,
Жүріңдер ерлер жөн тартып.
3730 Тұлпар таңдап, ат мініп,
Ат құйрығын шарт түйіп,
Жетермін мен де қасқартып.
Жау іздеген есермін,
Қайратыма мас болған,
Қайтпайтұғын нөсермін.
Тайбурылға қос артып,
Қырық жігітім жүріңдер,
Артыңнан қуып жетермін.
Қырымнан келген қырық жігіт,
3740 Тайбурылға қос артты,
Жол шегіп, жауға жөн тартты.
Қару артып азық пен,
Хан Барсаның еліне
Қырық батыр жол тартты.
Сол күні Қобылан қонады,
Құртқаға қонақ болады.
Сəскеге күн толады,
Тұманды күн мұнарды,
Тобығы меңді торыны
156
3750 Көргенше Қобылан құмарды.
Жемшік сарай ішінен
Торышаны жетелеп,
Сұлу Құртқа шығарды.
Торышаны көрген соң
Батыр Қобылан қуанды.
Алды-артына қараған,
Кіндігінен жараған,
Қызықпай Қобылан неғылсын,
Ақылға асқан Аққұртқа
3760 Тобығы меңді торының
Жал-құйрығын тараған.
Батыр Қобылан сынаса,
Тұлпар екен озаған,
Жібекпен белін ораған.
Қобыланды батыр сынаса,
Көңілден шықты жобадан.
Қобыланды сонда сөйледі:
– Лайықты торыша,
Маған тұлпар сен деді,
3770 Сені мінем мен деді.
Торша, сені мінген соң,
Уайым кетті өзімнен.
Тəуекел етіп мен шықтым,
Қарақыпшақ елімнен,
Жирен қопа көлімнен.
Сені мініп алған соң,
Шабуға жауға ерінбен.
Жібектей жалың төгілген,
Бағымымен Құртқаның
3780 Тəтті жемге семірген.
Үстіңе тоқым салайын,
Еріңді ерттеп алайын.
Қанша алыс болса да,
157
Хан Барсаның еліне
Жақын күнде барайын.
Астыма торы мінген соң,
Бек сауытым киген соң,
Дұшпанға қимыл салайын,
Тіпті жоқ менде уайым.
3790 Алдырмайтын Барсаның
Қаласын талқан қылайын.
Қолыңнан бердің торыны
Аққұртқа жолдас жұбайым.
Қырық жолдасым жол шекті,
Жүрмей неғып тұрайын?
Ат үстіне ер салды,
Жүруге Қобылан оңдалды,
Толғаулы найза қолға алды.
Айбаттанып шаттықпен
3800 Баруға жауға жолданды.
Амандасып, қоштасып,
Ризаласып, қолдасып,
Торыға мініп жөнелді.
Қырық батырдың артынан
Қобылан кетті сол енді.
Жабықпай көңілім өссін деп,
Айқайлап айтты өлеңді.
Кешегі кеткен ерлердің
Əн салғанда дауысы,
3810 Құлағын келіп жарады.
Бұл дауыс қайдан шықты деп,
Қырымнан шыққан қырық батыр
Аң-таң болып қалады.
Ұлы сəске болыпты,
Күн түстікке толыпты.
Қырық батырға шаң, тозаң,
Қараңғылық болыпты.
158
Қырымнан шыққан қырық ер
Бұл тозаңнан қорықты.
3820 Қобыландының торыша ат
Ақ киіктей орғытты,
Ақ бөкендей жорытты.
Артынан келіп алыстан
Қобыланды күшті ақырды.
Айбатымды көрсін деп,
Қасымдағы қырық жолдас
Келгеніме сенсін деп,
Жануар торы елірді.
Майда жалы елпілдеп,
3830 Қара тері мөлтілдеп,
Белестен-белес бел асты,
Бес қаруы жарасты.
Əруақты Қобыланның
Қатты ақырған айбаттан
Қырық жолдасы дал болып,
Ақылынан адасты.
Қырық батыр сасады,
Атына қамшы басады.
Артынан келген Қобыланның
3840 Əруағы басады.
Қобылан екенін біле алмай,
Қырық ер де қашады,
Қырқы қашып барады.
Бір жабынды астымен
Амалы көп Қобылан ер
Алдынан тосып қалады.
Қырымнан шыққан қырық батыр
Алдынан көріп сасады,
Кейін қарап қашады.
3850 Қобыланды шауып келіпті,
Жан жолдасы қырық жігіт
159
Батырға жолдас, серік-ті.
– Қырық жолдасым сен едің,
Қобылан атты ер мен едім.
Мені көріп, қырық жігіт,
Мұнша қашқан нелерің?
Жасық туған кіл жаман
Жолдасқа жоқ керегің.
Бастарыңды қағайын,
3860 Қырқыңа қырғын салайын,
Басыма бейнет қылғанша,
Ер Барсаның еліне
Беріктегі беліне,
Жалғыз өзім барайын.
Сонда тұрып Нұрғожа
Қобыланға қарап сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Белестен белес бел асқан,
Орай садақ, саркез оқ
3870 Белге бусаң жарасқан.
Əруақ қонған батырсың,
Екпініңді көргенде,
Ақылдан біздер адасқан.
Еңсеңе ерлік орнаған,
Əруақ, бақыт торлаған.
Келбетті туған ерімсің,
Жау шайқайтын серімсің.
Көзімізге озат көріндің,
Қабағыңнан қар жауып,
3880 Мұртыңа мұз тоңып,
Темір қару құрсанып,
Ат құйрығы салынған,
Қабағы қарыс жабылған.
Əруағын көрген соң,
Ақылдан ерлер жаңылған.
160
Бір-біріне жүр десіп,
Жүр дегенде гулесіп,
Тұлпардың бойын билетіп,
Басып кеткен тастарды,
3890 Саз балшықтай илетіп,
Өлең айтып, əн салып,
Батырлар жүрді гүрлетіп.
Əруақты ер Қобыланды
Сапар шектік ақ жолдан.
Əруағын көргенде,
Қырық ер сасып зар болған.
Кел, тұлпарменен желелік,
Ат жүйрігін сынауға,
Кел жарысып көрейік.
3900 Тайбурыл менен торыны
Өзгеге тайлас демейік.
Ат шабысып тыналық,
Тайбурыл мен торыны
Тұлпарларың сыналық.
Еріккен ерлер жарысып,
Азырақ қызық қылалық.
Бес жігіт қоста қалады,
Бесеуі атқа қос артып,
Жаяулап кетіп барады.
3910 Отыз бірі кейінде
Ат шабуға қалыпты.
Екі күн күйлеп тұлпарды
Енді ерлер жарысты.
Тайбурыл тұлпарға
Нұрғожа мініп алыпты.
Шу, жануар, шу дейді,
Тұлпар бойын билейді,
Жал құйрығы гулейді.
Торыша мен бурылдың
161
3920 Табаны жерге тимейді.
Басып кеткен тастарды
Балшықтай-ақ илейді.
Өзгеден озып қос тұлпар
Сүйегі қызып желікті.
Шапқан сайын тыңайып,
Бурыл, торы серікті,
Екеуі атқа сеніпті.
Қасындағы жолдастар
Шабысын аттың көріпті.
3930 Кезектесіп қос тұлпар
Бір-бірінен озады.
Ауыздықпен қарысып,
Үстіне мінген ерлердің
Алақаны тозады.
Шапқан сайын желігіп,
Ат шабысы қозады.
Ауыздығын басады,
Ақ көбігін шашады.
Биік-биік тауларды
3940 Алты-ақ аттап асады,
Тозаңын көкке шашады.
Құйысқаны сартылдап,
Үзеңгісі жарқылдап,
Өмілдірігі алқылдап,
Шаңды шаңға қосады.
Киік пенен құланның
Ə дегенше болмай-ақ
Алдын орап тосады.
Қаздарменен қағысты,
3950 Құба үйрекпен жарысты.
Қара терге боялып,
Сүйегі қызып оянып,
Көрсетті тұлпар шабысты.
Ердің қарын талдырып,
162
Ауыздықпен қарысты.
Екі тұлпар жануар
Жақын қылды алысты.
Ор қояндай орғытты,
Ақ бөкендей жорытты.
3960 Ұлы сəске болғанда,
Алдынан бір тау жолықты,
Шабысы аттың толықты.
Нұрқожа менен ер Қобылан,
Қайтпайтын жаудан шонық-ты.
Екеуі атын кідіртіп,
Қосын күтіп сол тауда,
Ат суытып, дем алып,
Су тауып, үш күн қоныпты.
Үш күн күтіп көріпті,
3970 Төртінші күн болғанда,
Артында қалған жолдастар
Қоспенен бірге келіпті.
Екі күндей дем алып,
Жүретін күні болады.
Тайбурылға қос артып,
Ерлер кетіп барады.
Шөлейт-шөлейт жер келіп,
Түсуіне ерлердің
Болмағанға ұсайды амалы.
3980 Таңдайы қатып, ер шөлдеп,
Аттары жүдеп барады.
Шөлдеген соң қырық жігіт,
Ақылға асқан ер Қобылан
Құртқаның берген жай бұлтын
Бұлтсыз күні жаяды.
Бұлт шығып аспаннан
Сарқырап жаңбыр жауады.
Тақыр жерге қақ тұрып,
163
Ат суарып алады,
3990 Ерлері суға қанады.
Екі айдың жүзі болғанда,
Жетуге жауға арманда,
Арманда болған жалғанда.
Бұл жүргені шөл жер-ді,
Белес-белес бел өтіп,
Жарқыраған көл көрді,
Құмдөң деген дөң көрді.
Мамайдың қайтқан жеріне
Қобыланды батыр келді енді.
4000 Ар жағынан Құмдөңнің
Бозбел деген бел көрді.
Қолаттан шықты төрт атты,
Төртеуі де бөрте атты.
Найзағай шашып, өрт атты,
Қобыланға өрт келмей,
Қасындағы қырық батыр
Қуанышпен сөйледі.
Қартқожақтың айтқан сөзі:
– Бұрын келгем осында,
Қобылан батыр, мен деді.
4010 Ноғайлының көп батыр
Қырғын тауып бұл жерде
Мамай менен Ораққа
Қайғымен толған шер деді.
Боз белестен тағы да
Бір бөлек қара топ болды,
Жалын жанып, шоқ болды.
Бұларға қарап лап қойып,
Өз-өзінен жоқ болды.
Сиқырмен амал еткен-ді,
164
4020 Қырғын тауып жолдасы
Орақ пенен Мамайдың
Кейін қайтып кеткен жері еді.
Артықтығын Қобылан білдірді,
Кереметі асқан өктем ер,
Осы жолда білінді.
Бейнетсіз Қобылан өткерді,
Бұл Барсаның елінің
Айла, амалы көп екен,
Қияттан шыққан төрт атты,
4030 Қолдың басшы ері екен.
Шеттен жаулар келер деп,
Амал етіп айламен
Берік сақтаған жер екен.
Барсадан шыққан ауыр қол,
Сайланып атқа мініпті.
Алшағырдан астыртын
Барсаға хабар келген соң,
Тамам батыр сайланып,
Жолын тосып жүріпті.
4040 Қобыланның келер жолына,
Мамайға еткен айласын
Тағы да жау қылыпты.
От шашатын сұмдығын
Жолынан ердің құрыпты.
Есебі жоқ сансыз жау
Түтін болып тұрыпты.
Қобыландыны көргенде,
Қалмақтар састы, шəрменде.
Зəресі ұшып жау қашты,
4050 Қырық батыр Қобыланның
Көтерген туын көргенде,
Алыстан келген Қобыланды
Бұларды көріп қызбады,
Қашқан жауды қумады,
Қырық жолдасқа жырлайды:
165
– Қырық жолдасым сен едің,
Талап қылған қалмаққа
Қобыланды ерің мен едім.
Тіл кетер деп қалмаққа
4060 Қумаған жауды себебім.
Қалмаққа хабар барар деп,
Барса хабар алар деп,
Мықтылықты көрген соң,
Жау бекініп қалар деп.
Қалмақтың ханы ер Барса
Амал ойлап табар деп.
Алыс сапар жол жүріп,
Шабуылмен тез жеттік.
Жауға мінер тұлпарды
4070 Арықтатып меңдеттік.
Жауға шабар жол емес,
Қоңсыз, арық атпенен
Сыр білдіру болмайды.
Атасы дұшпан жатпенен,
Кекті дұшпан қаспенен.
Сыр айтысса қаспенен,
Халықта үлгі, нақыл бар,
Ақыры болар мат деген.
Кел қырық жігіт, қырық жігіт,
4080 Жолға жүріп қарайық.
Тыңаятын қос тігіп,
Шөлдеген адам, арық ат,
Енді қоныс табайық.
Шөлдеген атқа су тауып,
Жынысты көл, ну тауып,
Бір азырақ тыншығып,
Сонан соң жауға шабайық.
Гулесіп ерлер жүрісті,
Қобыланды асқан білікті,
166
4090 Боз белестен асқанда,
Қуаныш етіп Қобыланды
Езу тартып күліпті.
Қобыландының күліп жүрген себебі,
Қара адырдың бауырынан
Аққан бұлақ көл еді.
Мінген аты шөлдеді.
«Бермен жүр, – деп, – қырық жігіт»
Қобыланды бастап жөнелді.
Басы аққан тас бұлақ,
4100 Аяғы шалқар көл еді.
Жағалай шыққан қалың ну,
Ел қонбаған жері су,
Судың бетін шайқаған,
Ақ сарыбас қаз бен қу.
Көңілденіп батырлар
Көлге қонып алады.
Қосын тігіп бұл көлге
Аттарға жабу жабады.
Күн төрт күн болғанда,
4110 Ат тыншығып қалады.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– О, қырық жігіт, қырық жігіт,
Сендер атты бағыңыз,
Атты бағып қалыңыз,
Айтқан тілімді алыңыз.
Елін Барса көргенше,
Қарауыл қарап келгенше,
Төзе алмай тұр жанымыз.
Батыр атақ болған соң,
4120 Тұлпар мініп, ту алып,
Жауға шабу сəніміз.
Мен келгенше қырық батыр,
Аттарыңды бағыңыз.
167
Шығыршықты көк сауыт,
Беркін сақтап киейін.
Тастан қайтпас ақ семсер
Беліме орап ілейін.
Ұлықсат бер, жолдастар,
Мен қарауылға жүрейін.
4130 Жақсылық пен жамандық
Маңдайымнан көрейін.
Ерге керек сабырлық,
Ақыр болар мерейім.
Құр жатудан пайда жоқ,
Көк Зеңгінің тауынан
Қарауыл қарап келейін.
Деп Қобыланды оңдалды,
Тобығы меңді торыға
Мінейін деп ер салды.
4140 Жеделденді жүрмекке,
Бармасына не қалды.
Ойлағаны Қобыланның
Жеделменен қаралды.
Қалған жері қырық жігіт
Шалқар көл бойы арал-ды.
Тап сол күні кеш болды,
Таң асырған торы ат та,
Кіндігінен жарайды.
Жал-құйрығын майдалап,
4150 Батыр Қобылан тарайды.
Күйіне түсіп жануар,
Шекесінен қарайды.
Мініп алып жөнелді,
Тұяқтан ұшқан тозаңы
Жауған қардай борайды.
Өзгеге алыс болса да,
Тобығы меңді торының
168
Көк Зеңгінің биік тауы
Жетуіне оңай-ды.
4160 Жүрген сайын торы серікті,
Құлағынан тер шығып,
Танауынан жел шығып,
Жүрген сайын желікті.
Ертең сəске болғанда,
Көк Зеңгінің тауына
Төтесінен келіпті.
Асыратын тау емес,
Көзбенен байқап көріпті.
Тау көбелеп желеді,
4170 Өрлеп тауды келеді.
Жалғыз аяқ қиын жол
Қобыландының көзі көреді.
Торышаны шұлғытты,
Жалғыз аяқ жолменен
Атқан оқтай сырғытты.
Аса алмайтын жерінен
Ор киіктей ырғытты.
Жүрген сайын торы қызады,
Құртқаның баққан торы аты
4180 Ардақты тұлпар шығады.
Жылқыдан туды демесең,
Қобыландының пырағы.
Тайғақ тастан таймайды
Жануардың тұяғы.
Қайшыланып құлағы,
Көк Зеңгінің тауына
Тапа-тал түсте шығады.
Қарауыл қарап тұрады,
Алыс емес, болжады,
4190 Барсаның берік қаласын,
Байқады жердің шамасын.
Көк Зеңгінің тауымен
169
Жақын деп білді Қобылан ер
Барсаның берік қаласын.
Тоқтарбайдың шырағы
Қарауыл қарап тұрады.
Қарауыл қарап тұрғанда,
Бір топ адам шығады.
Алыстан байқап сынады,
4200 Болжап көңілі тынады.
Бұл беркін қалмақ елі еді,
Барсаның елі ежелден
Мекен қылған жері еді.
Батырдың басы Қаршыға
Қалмақтың қорған ері еді.
Қырық батыры бар қасында,
Қарауылға Қаршыға
Қобыланмен кездесіп,
Қарсы алдынан келеді.
4210 Елді шауып, олжа алып,
Еркінсінген неме еді,
Ерлігіне лайық,
Талайды шауып жеп еді.
Жауды көрсе қайтпайтын,
Қас мықтының өзі еді.
Алшағырдан күн бұрын
Жіберген Қобылан дегенмен,
Кездессем соған деп еді.
Көрген соң ерді желігіп,
4220 Қобыландыны көрген соң,
Көңілі өсіп, серігіп,
Неғылсам да алам деп,
Мықтысынып желігіп,
Қабағынан қар жауған,
Мұртына мұз тоңған,
Бес қаруын асынып,
170
Болат қару құрсанған.
Қобыландыны көрген соң,
Буырқанып бұрсанған.
4230 Көк сүңгісін қолға алды,
Қобыланды көріп долданды.
Душарласты маған деп,
Неғылса да Қобыланды
Осы арада алам деп.
Екі тұлпар, қаруы
Қасындағы қырық жігіт
Ортаңызға салам деп,
Өзіме өзім сенем деп,
Қайтпаған жаудан денем деп,
4240 Қару менен киімді
Өз қолымнан бөлем деп.
Сендерге бөліп берем деп,
Күні бұрын мақтанды,
Қуанып батыр шаттанды.
Ойында жоқ уайым,
Қобыланға қарап қасқарды.
Қырық батыр бар қасында,
Қаршыға жетіп келіпті.
Қобыланды батыр қалмақтың
4250 Дидар жүзін көріпті.
Қаршыға үлкен ер екен,
Қобыланды сəлем беріпті.
– Қаршыға батыр мен, – дейді,
Қобыландымысың сен, – дейді.
Жөн сұрауым жөн, – дейді,
Қай сапарға барасың,
Сапарың айтып бер, – дейді.
Біз есіттік хабарды,
Қатты бүлгін салыпсың
4260 Алшағырдың еліне.
171
Еріксіз басып қоныпсың
Жылқы жатқан көліне.
Қатты қайғы беріпсің
Алшағырдың өзіне.
Шын уайым беріпсің
Еліндегі еріне.
Қатты тəртіп салыпсың
Ханы менен бегіне.
Қарақыпшақ халыққа
4270 Шұқытыпсың көзіне.
Оныменен қоймадың,
Шабуға бізге ойладың.
Қаза айдаған Қобыланды,
Обалың болар өзіңе.
Айбаттансам төзбессің,
Атқан оқтың кезіне.
Өзіңнің халың біле алмай,
Шабам деп, Қобылан, келдің бе,
Біздің елге ұялмай.
4280 Батырсынып, ерсініп,
Бек сауытқа сия алмай.
Қарсылассақ жан төзбес
Біздің сайман-құралға-ай.
Талайға кеткен ұраным,
Қару мен сай құралым.
Қаза айдаған Қобыланым,
Бұл жер болмас тұрағың.
Қызыл қанға боярмын,
Алмастың өткір қияғын.
4290 Халықтың батыр дегені
Бекер айтқан сөз екен,
Көрген соң сізді сынадым.
Біздің шенге жау келмес,
Жау іздеген Қобыланды,
Бұл сапарың жөнделмес.
172
Елің алыс, жер шалыс,
Алыстан келдің көз көрмес.
Өзіңе өзің сендің бе,
Бұл Барсаның құралын
4300 Алшағырдай көрдің бе?!
Олжа болар маған деп,
Барсаның елін шабам деп,
Алым көріп келдің бе.
Өзіңе өзің сенесің,
Батырсынған немесің.
Қасымдағы қырық жігіт
Қолға алған өткір жебесін.
Қарсы келген ерлерден
Осы арада өлесің.
4310 Талай батыр ерлердің
Ішкізгенбіз кересін.
Өзің айтшы, Қобыланды,
Қалай жауап бересің?!
Қаршығаның бұл сөзін
Қобыланды естіп, тыңдады,
Ақылын ойға жинады.
Ыңғайына сөз айтып,
Еш қарсылық қылмады,
Ойлады амал, айланы.
4320 Өзін ойлар кім де кім
Əр не болса пайданы.
Қаршығаның жауабын
Ақылмен Қобылан аңдады.
Екі батыр сөйлесіп,
Бір-бірін байқап барлады:
– Қарақыпшақ тұқымы,
Асылым қазақ затым бар.
Алыс сапар жол шегіп,
Арықтай келген атым бар.
173
4330 Менің жолдас құралым,
Қасымда қырық батыр бар.
О, Қаршыға, Қаршыға,
Ақылдасып алалық,
Уағдада болмасын
Ешбір бөтен шалалық.
Татулықпен сізбенен
Біз сынасып қаралық.
Сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт.
4340 Осы таудың басына
Ат жарысты салалық.
Ат жүйрігі кімде бар,
Тұлпарды сынап қаралық.
Уəдеге сенелік,
Бір-біреуге көнелік.
Уəдені берік сақтап,
Пəлен-түген демелік.
Атқа мықты кім болар,
Аударысып көрелік.
4350 Сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт.
Сексен батыр тұлпармен
Кел жарысты салалық,
Тұлпарды сынап қаралық.
Екеуміздің айтқан сөз
Жолдасқа болсын төрелік,
Айтқан сертке көнелік.
Бір уағда еткен соң
Енді бөтен демелік.
4360 Сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт.
Ең күштісі кімде бар,
Күрестіріп көрелік.
Сынайық ердің шамасын,
174
Білу керек атқыштың
Тағы байқап арасын.
Садақ атар батырдың
Сексен жігіттен кім атқыш
Байқау керек данасын,
4370 Садақ тартып көрелік.
– Бұл сөзіңе көнейін,
Елге келген қонақсың,
Бұл айтқанға жүгініп,
Тілегіңді берейін.
Қамдандырар қырық жігіт,
Ат шабатын жер болса,
Қобыланменен уəдем бар
Ер Қобыланға сенейін.
Шама өткен жерлерге
4380 Сексен жігіт барыңдар,
Сексенің жарыс салыңдар.
Ат жүйрігі кімде бар,
Жүйрікті сынап алыңдар.
Айтқан жерге сексені
Батырлардың барады.
Жүрерінде қырық ерге
Көңіліндегі жауабын
Қобыланды айтып қалады:
– Қасымдағы қырық жігіт
4390 Айтқан тілімді алыңдар,
Сөзіме құлақ салыңдар.
Ептеп тартып тұлпарды
Қалмақтан кейін қалыңдар.
Аты озған соң мақтансын,
Ақылсыз, шіркін жарымдар.
Бүгін озып келсе де,
Ертең жауға тарым бар.
Уəде еткен жеріне
175
Сексен жігіт барады,
4400 Қатарласып баршасы,
Тізгін қосып шабады.
Қырымнан келген қырық батыр
Тізгінді тартып қалады.
Қаршығаның қырық ері
Ат бəйгісін алады.
– Қалай болды, Қобыланды, – деп,
Қаршыға батыр барады.
– Е, Қаршыға, Қаршыға,
Шығып едік алыстан.
4410 Қасымдағы қырық жігіт
Тұлпарменен жарысқан,
Ауыздықпен алысқан.
Қара тері шыққан соң
Жүрген сайын қарысқан.
Алыс сапар жол шегіп,
Арықтап тұлпар шалыққан.
Табанына жер соққан,
Маңдайына күн соққан,
Таңдайы қатып шөл соққан.
4420 Арықтық, аштық тұлпарды
Бəрі қатар тең соққан.
Осындай жауап беріпті,
Қалмақтың ері Қаршыға
Жауабына сеніпті.
Серт байласқан сөзіне
Екі батыр көніпті.
– Уа, қырық жолдас, қырық жолдас,
Шапқанысып қызыңдар,
Мереке қызық қылыңдар.
4430 Əдісіңді жиыңдар,
Аударысқа шығыңдар.
Қырық жігіт қызады,
176
Белге шынжыр буады.
Белдемесін белденіп,
Аударысқа шығады.
Тұлпарларын қыздырып,
Санға қамшы ұрады.
Қасындағы қырық жігіт
Қобыланды ерді шақырды.
4440 Шақырып алды қасына
Өзіне жолдас батырды.
Ерлерге айтты ақылды,
Айтуы ақыл мақұл-ды.
– О, қырық жолдас, қырық жолдас,
Аударысқа барыңдар,
Менің тілімді алыңдар.
Біразырақ тіресте
Аударылып қалыңдар.
Менің айтқан мұңымды
4450 Көңілге тоқып бағыңдар.
Қуанысып мақтансын,
Ақылсыз қалмақ, жарымдар.
Көңілдерін өсіріп,
Ақыр бір күн болғанда
Қиратар жауды əлім бар.
Уəде еткен күреске
Шеттен келіп қосылып,
Алысумен жұлқысып,
Шықты ерлер тіреске.
4460 Жанын сығып бір-бірі
Батырды қолын сүйекке.
Шаңдақ болды алысқан,
Бірін-бірі көтеріп,
Бүйірден сығып жанышқан,
Сексені де данышпан,
Кілең мықты арыстан.
177
Ер алысқан жерлерін
Жер ошақтай қазысқан.
Мықындары, белдері,
4470 Қанталасып қалысқан.
Алысып ерлер анталап,
Тұла бойы қанталап,
Бірін-бірі көтеріп,
Айқайласып арқалап,
Қобыландының айласы
Айтып еді қырық ерге.
Жанын сығып алыс деп,
Белін қысып жаныш деп.
Күш көрсетіп қырық ерге
4480 Ақырында қырқың да
Жығылысып қалыс деп.
Айқайлап қалмақ қызынды
Қырымнан келген қырық ердің
Қалмақтар белін сығулы.
Қалмақтардың батырдан
Қырық жігіт жығылды.
Байқадық деді шаманы,
Мақтанып тұрған Қаршыға
− Қалай болды Қобыланды ер, −
4490 Қобыланды ерге барады.
– Шыққалы елден көп болды,
Əлі ұйықтаған қабақ жоқ,
Рақат ішкен тамақ жоқ,
Біздер аш та, сендер тоқ,
Сол себепті ерлерде
Бұрынғы қалып, дəрмен жоқ.
Сарыжадан алған оқ,
Толғағанда кез болды,
Мықты уəде сөз болды.
4500 Сексен жігіт бірігіп,
Садақ атар жер болды.
178
Садақты ерлер алады,
Қаршығаның қырық жігіт
Қатты тартқан садағы
Жұлдыздай зулап ағады.
Сексеуіл мен тобылғы
Кездескеннен қағады.
Томарларды қопарып,
Кездессе де қара тас,
4510 Жолдағысын қағады.
Қобыландының қырық жігіт
Артта қалып садағы
Қалмақтың басы Қаршыға
Қалай болды Қобылан деп,
Қобыландыға барады.
– О, Қаршыға, Қаршыға,
Сіз бəйгі алған жер болсын,
Қатты уəде сөз болсын.
Сіз мықты да, біз осал,
4520 Осалсынсаң, Қаршыға,
Тап үш күннің соңынан
Сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт.
Көк Зеңгінің басынан
Сексен жігіт кез болсын.
Қобыланның айтқан бұл сөзін
Қаршыға мақұл көріпті,
Бір-біріне сеніпті.
Үшінші күн келуге
4530 Көк Зеңгі таудың басынан
Сексен жігіт жолдаспен
Серт уəде берісті.
Ойлағаны Қобыланның
Алыстан ойлап өрісті.
Ақыл, айла, қайраты
179
Бəрі бірдей келісті.
Уəдеге дəм татып,
Бір табақтан жесісті
Сексен жігіт жемісті.
4540 Уəдесін берісті,
Осылай десіп келісті.
Қаршыға кетті еліне,
Қобылан кетті өзінің
Жатқан қоныс жеріне,
Тынығып жатқан көліне.
Сексен батыр тарасты,
Үш күннен соң келмекке,
Уəде етіп жөніне.
Қуанышты Қаршыға
4550 Тақта отырған Барсаға
Келіп сəлем беріпті,
Мықты Барса серіне.
Қуанып келген Қаршыға
Сөз сөйлейді желіге,
Көңілі өсіп семіре:
– Барса патша сен едің,
Қаршыға ерің мен едім.
Қуаныш етіп келемін,
Қуаныш еткен себебім:
4560 Өзіме-өзім сенемін.
Қарақыпшақ Қобыланға
Көк Зеңгінің тауында,
Кездессем душар деп едім.
Қырық жігіт қасымда,
Қарауылға барғанмын.
Уəде етіп Қобыланмен
Ат жүйрігін сынауға
Онда да бар қырық тұлпар,
Бізде де бар қырық тұлпар.
180
4570 Ат жарысты салғанбыз,
Озып бəйгі алғанбыз.
Уəде етіп Қобыланмен
Аударысты салғанбыз,
Аударып аттан алғанбыз.
Бір-біреуге сенісіп,
Уəдеге нанғанбыз.
Ықпалы жүрген ерлерміз,
Алдан алға барғанбыз,
Белге шынжыр буғанбыз.
4580 Сынасуға Қобыланмен
Берік уəде қылғанбыз.
Күресіскен шағында
Қырқын бұлғап ұрғанбыз.
Уəдеге барғанбыз,
Бір-біреуге нанғанбыз,
Аударып аттан алғанбыз.
Қобыланды батыр дегені
Бекер жұрттың сөзі екен.
Онша мықты ер емес,
4590 Ерлігі бізден кем екен.
Құр атаққа мəз болып,
Алданып жүрген неме екен.
Алдағанға алданып,
Ақылсыз Қобылан сандалып,
Шабам деп бізді қамданып,
Алшағыр хан амалмен
Алдағанға келіпті.
Бізді көрген шағында,
Мықтымсынып желікті.
4600 Кім мықты да, кім осал,
Біздің күшті көріпті.
Оған тиген ерлік жоқ,
Бəйгіні бізге беріпті.
181
Барса патша сен едің,
Қарауыл салып, жау күткен
Қаршыға батыр мен едім.
Қару-қапшық, тұлпарын
Олжаға сізге беремін.
Екі күннің соңынан
4610 Қару түрлі, мінген ат,
Тартуға сізге беремін.
Сонда Барса сөйлейді:
– Ақылың жоқ, Қаршыға,
Мақтанба маған сен деді.
Мақтанғаның нең деді.
Сынап қалдым Қобыланды,
Амалы көп ер деді.
Алдағанға алданған
Ақылың сенің кем деді.
4620 Қазақтан шыққан Қобыланның
Айла, амалы көп екен,
Ақылға асқан ер екен.
Қобылан келсе бұл жерде
Бұзылар, қалмақ, мерекең.
Біліктің асқан көзі екен,
Айлакердің өзі екен.
Айлакер Қобылан амалы
Алдағанға алданған
Ақылың сенің шамалы.
4630 Əдіс ойлап баққан-ды,
Ақыл мен айла тапқан-ды.
Күшімді көрсе қалмақтар
Амал, əдіс табар деп,
Бекінісіп қалар деп,
Ат жарысты салған-ды.
Басын тартып сендерден,
Қыпшақтар кейін қалған-ды.
182
Айламенен, амалмен
Шын əдіске салған-ды.
4640 Басын тартып тұлпардың
Көңілі өссін қалмақ деп,
Амалменен қалған-ды.
Білікке артық өктем-ді,
Амал, айла еткен-ді.
Сендерді алдап жығылған,
Жықтым деп, қалмақ, мақтанба.
Тоқтарбайдың Қобыланды ер
Есітуім осылай,
Қиыншылық жауларды
4650 Қолдан талай өткерді.
Қарақыпшақ көп халқын
Мұратына жеткерді.
Əдіс, айла салған-ды,
Құртқан екен айлаңды.
Мақтансын деп Қаршыға
Аударылып қалған-ды.
Бəрі де əдіс, амалкер,
Жеңілгені жалған-ды.
Көрсеткен екен амалын,
4660 Қобылан келсе еліме
Тарылды менің заманым.
Сасатұғын жер келді,
Айланы қайдан табамын?
Көңілі өссін қалмақ деп,
Жай тартқан екен садағын.
Қобыланды келді дегенше
Бəле келді десейші.
Көп қалмақтың еліне
Талау келді десейші.
4670 Қатты қырғын халқыңа
Сала келді десейші.
183
Қызыл қанға қылышын
Мала келді десейші.
Ойсыратып қалмақты
Шаба келді десейші.
Қобылан келді дегенше,
Көрім келді десейші.
Көп қалмақтың еліне
Зəбір келді десейші.
4680 Қалмақ, қара қаныңды
Төгу келді десейші.
Қабыртқаңды қаусатып,
Сөгу келді десейші.
Жарқыраған жарық шам,
Сөну келді десейші.
Қатты тарлық халқыңа
Төну келді десейші.
Қиыншылық заманды
Көру келді десейші.
4690 Ер азамат адамды
Көму келді десейші.
Қобыланға ерлік миясар,
Мұнан артық кім асар.
Қалмаққа қырғын ұласар.
Ардақтаған еріңді
Ұзынынан сұлатар,
Хан-төремді құлатар.
Қатын менен баланы
Қала ішінде шулатар.
4700 Қаланың ішін шаңдатар,
Халқымды түгел зарлатар.
Қапыл елді шулатар,
Əр оғының ұшымен
Ерлерімді тулатар.
Қатын менен баланы
Қыруға қыру ұласар.
184
Халқымнан кеңдік күн асар,
Жарық сəуле бізге жоқ,
Қараңғылық түн басар.
4710 Шаһардың іші шаң болар,
Тас көшелер қан болар,
Кең дүнием тар болар.
Қобылан келсе қалама,
Кеңдікке елім зар болар.
Тарлық пенен еліме
Қысым келер жеріме,
Кім түспес дейсің Қобыланның
Бізге қазған көріне.
Болмаңыз халқым бейхабар,
4720 Ақылды Қобылан ой табар.
Көп кешікпей көшеден,
Сарқырап қызыл қан ағар.
Елімдегі ерімді
Сынап қолдан шамалар.
Жана сөзім жана бар.
Енді қайтып күнелтер
Қатын менен балалар?
Кеңдік бізден жоғалды,
Не қылса да Қобыланның
4730 Істеген ісі оңалар.
Қор қылмаса игі еді,
Адамнан тауым қайтпаған
Күшті менің денемді.
Қобылан оймаса игі еді,
Осы менің төбемді.
Қиратар деп қорқамын,
Болат қайтпас жебемді.
Ішкізер деп қорқамын,
Қара қаннан керемді.
4740 Қор етер деп қорқамын
Жеті мүше денемді.
185
Қайраты көп Қобыланның
Мықтылығы берен-ді.
Қобылан келді деген соң,
Көкірек қайғы, шемен-ді.
Сендер түгіл менің де
Ояды Қобылан төбемді.
Екі көзім жылауда,
Көңілде қайғым көп енді.
4750 О, Қаршыға, Қаршыға,
Еш нəрсені білмейсің,
Көңілмен сына сен дейді,
Сенде зейін кем дейді.
Атаңа нəлет Қобыланды,
Қайраты көп ер дейді.
Алдағанға алданып,
Сол секілді Қобыландыны
Жеңдім деуің нең деді.
Көп кешікпей жақын-ақ,
4760 Сыналар ерлер жер болар.
Алыстан сынап байқасам,
Айлаға артық ер болар.
Ол ақ сұңқар, біз қарға,
Сұңқарға қарға жем болар.
Қобыланды бүркіт, біз қарға,
Түсірер бізді күн тарға.
Арыстан туған Қобыланға
Етуге бізде лаж бар ма?
Қайғымен көңілім күл болды,
4770 Жарық күнім түн болды,
Бұл не деген түр болды?
Қаршыға сонда сөйлейді:
– Жоқ нəрсеге, хан Барса,
Қайғы шеккен нең дейді.
186
Көріп келдім көзіммен
Сол Қобыландыны мен дейді.
Сонша мақтап айтсаң да,
Ұлықсат маған бер дейді.
Қырық жолдас қасқа алып,
4780 Екі күнде барамын,
Қызықты сонда көр дейді.
Ер серікпей болмайды,
Босқа қорқу жөн емес,
Қорыққан адам оңбайды.
Батыл жүрек ер керек,
Жасыққа болат қонбайды.
Қорыққан жаудан оңа ма,
Қыпшақтан келген қу бастан
Мұнша қорқу болар ма?
4790 Құралың сай, елің сай,
Еліңдегі ерің сай,
Батырдың басы Қаршығаң
Сынауым келер жобаға.
Ол қырық та, біздер көп,
Аз кісі көпті оба ма?
Елім мықты, ерім сай,
Өзі келіп ұрынған
Қобыланды шіркін оңа ма?
Өзіме-өзім сенемін,
4800 Қайғы берме, хан Барса,
Маңдайымнан көремін.
Кесілмесем қарымнан,
Айрылмасам барымнан,
Арыңды алып беремін.
Ұлықсат бер, барамын,
Қалай да болсын Қобыланды
Бұл барғанда аламын.
Қалмақ деген халқымсың,
Ортаңа олжа саламын.
187
4810 Жаудан қайтпас ер жігіт,
Тоқтатпайды талабын.
Қырық жолдасым, еріңіз,
Уəде еттік Қобыланмен,
Іркілмей жүру жөніміз.
Қалмақ, сасып қорықпа,
Екі күннің артынан
Сыналатын жеріміз.
Маңдайынан қайтпаса,
Тəуекел еткен ер болар.
4820 Ұлықсат бер, ер Барса,
Уəдеге Қобыланға
Тоқталмай бару жөн болар.
Жауабын Барса естіп көрген екен,
Сөзіне Қаршығаның сенген екен.
Əр уақыт барған жауын алып қайтқан,
Қаршыға қашаннан-ақ ер неме екен.
Қашаннан жолды атанған батыр еді,
Қайраты қанша жаудан басым еді.
Жылатқан барған жауын əр жерде де,
4830 Аяққа жауын таптап басып еді.
Немере бұл Барсаның тума інісі,
Қаршыға ер Барсаға жақын еді.
Қаршыға Қобыландыға шықты жайнап,
Жолдасы қырық батыр құрал сайлап.
Тас кескен ақ алмастан қылыш белде,
Жігері батылдардың іште қайнап.
Мінген ат қырық батырдың бəрі тұлпар,
Құралды батырлардың бəрі де сай,
Жөнелді жарыстырып тұлпарды айдап.
4840 Қуанып қырық батыр желікті енді,
Тауына Көк Зеңгінің келіпті енді.
Өлтіріп ер Қобыландыны қайтамыз деп,
188
Батырлар ажарланып, көріктенді.
Қобыландыны өздерінен төмен көріп,
Өзіне-өзі ерлер сеніпті енді.
Қылтылдап қырық ердің найзалары,
Жеріне уəде еткен төніпті енді.
Қобылан айла, амалын бастады енді,
Көліне қырық жігітті тастады енді.
4850 Өзіне өзі сенген арыстан ер,
Жаулардан жалғызбын деп саспады енді.
Торыға тобығы меңді қамшы басты,
Түйдектеп төрт аяғын тастады енді.
Тұяғы қара тасты күл-күл қылып,
Аспанға топырақ, тозаң шашқан енді.
Қалмақтар қырық батыр бəрі мықты,
Қобыланды қырық ерден саспады енді.
Жападан қырық кісіге жалғыз келді,
Қобыландыны қырық батыр көреді енді.
4860 Қасына айбаттанып жақын төнді,
Сайланған қырық батырға жалғыз келді.
Əдісқой қырық батырды бұл да көрді,
Əдісқой қырық батыр кемеңгер-ді,
Келген жерден батырды қамай берді,
Қылышпен келген жерден жауды шапты,
Бастарын домалатып шөптей қақты.
Қобыланның ерлігіне кім шыдасын,
Қырылдап талайлары тулап жатты.
Сонда Қобылан ойлады,
4870 Тіл барсын деп еліне,
Барса мықты серіне.
Дəмесі болса көп қалмақ
Меніменен кездессін
Соғысатын жерінде.
Қаршығаның атынан
Аударып Қобылан алады.
189
Бастырып атқа өкшесін,
Қанталатып бөксесін,
Қобыланды ерің шабады.
4880 Қамшы ұрған шағында,
Етінен қаны ағады.
Қобыландының бешесі,
Əуелден қалып көшесі,
Тасқа салса қайтпаған
Алмастың өткір жетесі.
Құлағың шұнақ болсын деп,
Қайғыға халқың толсын деп,
Қаран күнің солсын деп,
Құлағын кесіп алады.
4890 Қаршыға едің досым деп,
Бетің тегіс болсын деп,
Мұрнын кесіп алады.
Бет аузынан, басынан
Қара қан сулап ағады.
Қаршыға батыр досым деп,
Қолыңда тегіс болсын деп,
Маған көп еткен күнəң деп,
Сымпитып тегіс қылам деп,
Дегенімді істесең,
4900 Ашуымнан тынам деп.
Ант сертімнен шығам деп,
Құлағын кесті шұнтитып,
Мұрнын кесті жымпитып,
Қарын кесті құнтитып,
Қоя берді сымпитып.
Тұла бойы қызыл қан,
Тəлтіректеп Қаршыға
Шарасыз кетіп барады.
Əр мүшеден қызыл қан
4910 Судай сулап ағады.
Жасқауына қары жоқ,
190
Құлақ, мұрны тағы жоқ,
Қара құс, қарға талады.
Қаны аққан жерінен
Етін жұлып алады.
Қаршыға атты батырың
Тарылғанға ұқсайды
Кешегі кеңдік заманы.
Қырық жолдастан айрылып,
4920 Тұла бойдың сауы жоқ,
Ер Барсаға барады.
Қаршыға батыр мыңқылдап,
Көргенін айтып шағады:
– Жел терістен тұрды ғой,
Мені Құдай ұрды ғой.
Қазақтан келген Қобыланды ер,
Қас масқара қылды ғой.
Қасымдағы қырық жігіт
Біреуін қоймай қырды ғой.
4930 Айналайын хан ием,
Айтқаның келді, əулием.
Батырсынған, ерсінген,
Басыма жетті сөз кием.
Батырсындым, баптандым,
Қобыландыны жеңем деп
Сізге келіп мақтандым.
Қобыландыны аттан аударып,
Бек қуанып шаттандым.
Айтқаның қылмай хан Барса
4940 Қобыландыға барам деп,
Тарту берем саған деп,
Əлімді білмей аттандым,
Қаршығаның жоқ болды
Қобыландыға амалы.
Айласы көп ер екен,
191
Жеңілгені біздерден
Арам иттің амалы.
Айтқаныңның бəрі рас,
Патшам едің саналы.
4950 Көріп келдім көзіммен
Халқыңның Қобылан ажалы.
Ертең келер қалмаққа
Маған салған зауалы.
Болмайды деп қорқамын,
Халқымның тыныш сауалы.
Білігің асқан, ей патшам,
Ақылды, сыншы сен едің.
Батыр аңқау, ер көдек,
Қаршыға ерің мен едім.
4960 Батыр атақ алғаным,
Патша, сенің себебің.
Бұрынғыдай сəнім жоқ,
Кесілді, екі қарым жоқ,
Көп сөйлейтін əлім жоқ.
Қатты жүдеп отырмын,
Бүгіннен қалар жаным жоқ.
Қаршығаңнан əл кетті,
Ажар, көрік, сəн кетті,
Тұла бойдан қан кетті.
4970 Қорықпайтын жүректен
Қайтпас батыл, əл кетті.
Залым Қобылан меңдетті,
Ықпалым жүрген ер едім,
Бұл сапар ісім кер кетті.
Қанатымнан қайырып,
Əр мүшемнен айырып,
Қобылан мені жүдетті.
Қаршыға ерің азған күн,
Көзімнің жасы төгіліп,
192
4980 Қойныма тамған күн,
Қайғыға ішім жанған күн.
Қарақыпшақ Қобыланды ер
Мойныма бұғау салған күн.
Қайратым бастан кеткен күн,
Масқара мені еткен күн.
Екі қарым кескен күн,
Шұбыртып қаным төккен күн,
Түп-түбіне жеткен күн.
Қайырлы ханым сен едің,
4990 Қаршыға ерің мен едім.
Алдымдағы асқар тау –
Сүйенішім, тірегім.
Осы көрген қорлықты
Айтып өлсем деп едім.
Арыстан алғыр қабақты
Орай белге байлаған,
Алмас қылыш садақты.
Көңілі өскен ер екен,
Таудан үлкен талапты.
5000 Астындағы торша ат
Бауырынан жарапты.
Сере маңдай, жазық бет,
Қобыландыда айбат көп.
Əуелінде мас болып,
Айтқан екем алам деп.
Қарақыпшақ мінген ат,
Тартуға берем саған деп.
Алдағанға алданып,
Айтыппын бекер алам деп.
5010 Келбетті туған берен ер
Айлаға асқан терең ер.
Мұндай болдым Қобыланнан
Ендігі ерлер не көрер.
193
Ханшаларың күң болар,
Бегілерің құлға теңелер.
Барса, өзің болмасаң,
Өңгеге ерік бермейді.
Сан жетпейтін қол болсын,
Бір кісідей көрмейді.
5020 Күші күшке ұласып,
Қуаты асып өрлейді.
Айтулының өзі екен,
Көрсе жауды шаттанар.
Жау жақындап келгенде,
Айбаттанып баптанар.
Барса, өзің бармасаң,
Қобыландының маңына
Бара алмас өзге қасқалар.
Көрсетті Қобылан күшті ғой,
5030 Тұла бойда бар тəнім,
Тұлып болып істі ғой.
Сынауым шайтан болмаса,
Халқымды жерге тықты ғой.
Қатты қайтқан қажырым,
Түспен кеткен ажарым.
Суытар деп қорқамын,
Халқыңның қызық базарын.
Сөйлеуге əлім келмейді,
Əлсіреп, талып барамын.
5040 Сонда Барса сөйлейді:
– Айтып едім мен, – дейді,
Қобыландыны жеңдім деп,
Мақтанып келдің сен дейді,
Ақылың сенің кем дейді.
Аламын деп қоймадың,
Амалы көп Қобыланды
Өлтірем деп ойладың.
194
Ақырында мінекей,
Өзіңді-өзің жойғаның.
5050 Алшағыр залым жұмсаған
Қарақыпшақ Қобыланды,
Өзі де көрер Барсаның
Қобыланды ханды сойғанын.
Қайғылы тұрмын заманда,
Зауал болар күн жетті,
Қалмақтағы адамға.
Шықпай қалмас Қобыланды
Құрулы тұрған аранға.
Саған келген бұл зауал
5060 Ертең келер маған да.
Төрелерім, бегілерім,
Салайық айла-амалға.
Мен қорқамын Қобыланнан,
Түбімізге жетер деп,
Қас масқара етер деп.
Біз көпсініп, еркіндеп,
Жалғыз Қобылан нетер деп.
Мақтанбайық бегілерім,
Күтінелік, ерлерім.
5070 Халыққа келген бұл зауал
Қиындық болар көргенің.
Атаңа нəлет Қаршыға,
Мықтымсынған неме едің,
Ақылға, сірə, кем едің.
Қобыландының тұлпарын
Тартуға берем деп едің.
Саған келген қиындық
Ертең келеді өзіме.
Ақылың жоқ, Қаршыға,
5080 Обалың болсын өзіңе.
Үйіріп шоқпарды алады,
195
Тас төбеге салады.
Талқандалып ми, басы,
Сүйегі ұшып тарады.
Қаршыға сынды батырдың
Табанда жетті ажалы.
Жау көргендегі ұраны
Барабанын қағады,
Халық жиналып қалады.
5090 Қалмақтың басы Барса хан
Ер азамат елімен
Ақылдасып қалады.
Шақыртқан соң ер Барса
Сансыз қалмақ ел келді.
Ел ішінде ер келді,
Қайтпайтын жаудан сер келді.
Желігіп халқы желденді,
Жау тілеген тілегі,
Қайтпайтын жаудан жүрегі.
5100 Ер менен би қамалды,
Ойлап жатыр амалды.
Кіл темірші ұстаға
Түрлі қару соқтырып,
Айналаға шаһарының
Жебеден құрды арнаны.
Ұсталарын жиғызды,
Берік етіп қаласын
Қорған шойын құйғызды.
Зеңбірек жайып алдына,
5110 Түрлі амал қылғызды.
Əрбір түрлі амалмен
Бекітті шаһардың ордасын.
Шойынменен қоршатты
Тастан салған қаласын.
196
Ашық шаһар бар еді,
Бекітті қосып арасын.
Даярланып болған соң,
Жау көргенде желігіп,
Барабанын қағатын
5120 Жиылар қалмақ жер болды.
Сан жетпейтін батырлар
Даярланып тез болды,
Неше түрлі сөз болды.
Ақылдасып тұрады,
Барсадан ақыл сұрады.
Сонда Барса жылады,
Жылауы қалай болды деп,
Келген халық тынады.
Қара ормандай хан Барса
5130 Ортасында тұрады:
– Халық, амал табыңдар,
Барсаңа ақыл салыңдар.
Аңғырттанба жас, кəрің,
Менің тілімді алыңдар.
Ер олжасы – жан сақтау,
Бас-басыңды бағыңдар.
Көбің шық Қобылан алдынан,
Артыңды шаһарға салыңдар.
Жаратпаймын жау түрін,
5140 Бəріңе де жазым бар.
Шығып кетсең қаладан,
Сескенем талқан қылар деп.
Шығып алып ел жаққа,
Бет ашыққа шығарып,
Үріккен қойдай қуар деп.
Ол бөрі де, сендер қой,
Қайғым күшті қырар деп.
Астымдағы тұлпармен
197
Тосып алып жолымды
5150 Қас масқара қылар деп.
Артықша деп ойлаймын,
Сол Қобыланның амалын.
Аудартпас деп жылаймын,
Барған ердің табанын.
Тарылтар деп ойлаймын
Көп қалмақтың заманын.
Сендер түгіл, менің де
Жете ме деп қорқамын
Көп кешікпей ажалым.
5160 Көрсетер деп сескенем,
Қобыланды бізге қаһарын.
Есіткелі қайғым көп,
Қобыландының хабарын.
Аңсыз болма, аңдаңыз,
Аңдаған болар пайдаңыз.
Қалмасын амал, айлаңыз.
Тасты кесер көк алмас,
Өткірлеп шарға қайраңыз.
Қайтпайтұғын көк сүңгі
5170 Өткір болсын найзаңыз.
Қаладан ұзап кетпеңдер,
Сонда болар пайдаңыз.
Мен көппін деп мерейіп,
Еркінсіп барма мақтанып.
Жүзге бірің бас болып,
Реттеңіз басқарып.
Қобылан жалғыз кісі деп,
Барып қалма қасқарып.
Қаруды сайла түрменен,
5180 Еркек кіндік адамнан
Жан қалмасын жүрмеген.
Шашақтаған ту алып,
198
Сəнденіп шық гүлменен.
Қару-сайман даярлап,
Əзірленіп түнменен.
Таң мезгілі болғанда,
Жасақ салып барыңыз.
Аңсыз болып кетпесін
Қобыландыға арыңыз.
5190 Ұзап кетпей қаладан,
Артыңды кейін салыңыз.
Төгілмесе игі еді,
Қалың жатқан байтақ ел,
Сарқырап судай қаныңыз.
Кетпесе игі еді қалмағым,
Бұл қыпшаққа арыңыз.
Кесілер деп қаупім бар,
Қалмақ халық қарымыз.
Таң шабыты толғанда,
5200 Сансыз əскер барыңыз.
Батырлар əбден баптанды,
Қаруын сайлап саптанды,
Таң шабыты толғанда,
Таң атар мезгіл болғанда,
Сан жетпейтін сансыз қол
Қобыланға қарсы аттанды.
Батырлардың мінген ат,
Тебініп жерді паң басты,
Жердің жүзін шаң басты.
5210 Қылыштарын қайрасты,
Қынапқа салды алмасты.
Көк найзасын өңгеріп,
Бірінен-бірі қалмас-ты.
Қатты уəде байласты,
Ер сөзінен танбас-ты.
199
Тобыңды жазба халық деп,
Барсаның айтқан өсиет
Өтірік емес, анық деп,
Шашау шықса егер де,
5220 Көрсетпесе Қобылан жарық деп,
Арамызға жік түссе,
Бізді қылар кəріп деп.
Сан жетпейтін ауыр қол
Ат құйрығын сүзеді.
Тұс-тұсынан батырлар
Ала туын тігеді.
Тоқтарбайдың Қобыланға
Əзірленіп қалмақтар
Соғысуға жүреді.
5230 Шықты жаулар ту алып,
Жауды көзі көрген соң,
Тоқтарбайдың Қобыланы
Атын алды суарып.
Жау көрінген шағында
Қобыланды тұрды қуанып.
Белге буған ақ семсер
Сары ала туды қолға алды,
Көк найзасы жалтылдап,
Əскерді көріп долданды.
5240 Бес қарудың бəрі сай,
Əуелі алмас қолға алды.
Қалмақтан шығып Шоңғара,
«Жекпе-жек» деп ақырды,
Ер Қобыландыны шақырды.
Қалмақтағы белгілі,
Қайтпаған жаудан батыл-ды.
Əр жерден жауға барғанда,
Талайды шауып жапырды.
Шүрегі Қобылан қайтсын деп,
200
5250 Шоңғара батыр ақырды.
Жау көргенде қуанып,
Батыр Қобылан күледі.
Алып-ұшып жүрегі,
Ежелден-ақ Қобыланның
Соғысу жаумен тілегі.
Қобыландыны ашу қаптады,
Сан жетпейтін қалың жау
Көңілі жасып саспады.
Мен көңілмен аңдасам,
5260 Жекпе-жекке бармасам,
Алмасты қанға малмасам.
Бір қимылдап қарайын,
Күш-қайраттан танбасам,
Жекпе-жекке барайын.
Барып басын қағайын.
Бірі түгіл құртайын,
Осы жаудың талайын.
Кесілмесем қарымнан,
Айрылмасам барымнан,
5270 Жауым келді сағынған.
Өзім Қобылан болған соң,
Сірə жауға бағынбан,
Қорқып жаудан табынбан.
Ердің бағы ашылмас,
Серт қып атқа мінбесе.
Шығыршықты көк сауыт
Күні бұрын кимесе.
Несі батыр батырдың
Санамай жауға кірмесе.
5280 Сансыз жауға бір өзі
Уайым етпей тимесе.
Көрсетейін қайратты,
Шығарайын айбатты.
Атаңа нəлет көп қалмақ
201
Білдірейін білмесе.
Ерге қуат, əл керек,
Тəуекел етер дұшпанға,
Біздей қайтпас паң керек.
Шашақты туды қолға алған,
5290 Ерлерге де сəн керек.
Қалай болар заманым,
Кім де кімге жау керек,
Жанды ортаға салайын,
Қорықпай жауға шабайын.
Айрылмасам əлімнен,
Жаулардың басын қағайын.
Уəде еткен Алшағыр
Белгімді алып барайын.
Келекелеп Қобыланға
5300 Шоңғара шықты ақырып,
Айбатын судай сапырып.
Ердің күні қапылыс,
Сасар Қобылан ер емес,
Қобылан мен қалмақ тең емес.
Шақырған соң Шоңқара
Бармағаны жөн емес.
Есебі жоқ дұшпаннан
Жүрегі қайтар ер емес.
Ат құйрығын үзеді,
5310 Жекпе-жекке Қобыланды
Енді қарсы жүреді.
Шоңқараның келбеті,
Қобыландыдан ірі еді.
Шоңқара батыр алар деп,
Қару-қапшық мінген ат,
Олжамызға қалар деп,
Қалмақтар шулап күледі.
Жекпе-жекке келісті,
202
Келе кел деп келісті.
5320 Көңіліндегі жауабын
Бір-біріне берісті.
Қалмақтың ері сөйлейді:
– Қобылан құрбым, замандас,
Хан Барсаның құралын
Ешкім бұзып ала алмас.
Бізге келген батырлар
Еліне қайтып бара алмас.
Сен Қобылансың адасқан,
Біздерменен таласқан.
5330 Алыс сапар жол жүріп,
Бізді алам деп мол жүріп,
Сіз ақылдан адасқан.
Батырсынған немесің,
Алыс жерден келесің.
Қор еткенмін талайдың
Он екі мүше денесін.
Батырсынып, ерсініп,
Өзіңе-өзің сенесің.
Күнің жақын таянып,
5340 Қаһарлансам өлесің.
Жасың кіші жас жігіт,
Кезекті маған бересің.
– Үлкенсің, сізге батыр сендім дейді,
Айтқан жолды сөзіңе көндім дейді.
Болған соң жасы үлкен жолды жерге,
Ей, батыр, кезегіңді бердім дейді.
Қобыланды айтқан сөзге сеніп қалды,
Батырдың айтқанына көніп қалды.
Жүрегі ер Қобыланның сескенсін бе,
5350 Кезекті Шоңғараға беріп қалды.
Бұл қалмақ салтанатты, батыр сəнді,
Қолына екі батпан шоқпар алды.
203
Шамданып, айбаттанып жетіп барды.
– Берік бол, батыр Қобыланжаным, деді,
Ашумен қатты келді арым деді.
Шоқпармен қаһарланып бір ұрғанда,
Тəніңнен көтерілер жаның деді.
Қайтпайтын сонда Қобылан барып қалды,
Көтеріп төбесіне қалқан алды.
5360 Шоңғара қақ басына салып қалды,
Шоқпарды қолымен тез қағып алды.
Мінекей ер сыналар жерге келді,
Кезекті қалмақ Қобылан ерге берді.
Қалмақтан алған шоқпар қолда тұрды,
Қарады олай-бұлай мойнын бұрды.
Толғанып қарсы алдында тұрған ерді
Ер Қобылан қаһарланып төбеге ұрды.
Қалмаққа ұрған қару тиді қатты,
Құлатты Шоңғарамен бірге атты.
5370 Айбатты көрсететін ер Шоңғара,
Жан кетіп ұзынынан сұлап жатты.
Сансыз жау Қобыландыға қойды атты,
Шуласып бірі қалмай, бəрі шапты.
Қоршалап Қобыландының айналасын
Қалмақтар еркінсініп қамап апты.
Ақ семсер беліндегі суырып ап,
Таймады, қарсыласып жауға шапты.
Қобыланды келген жерден кескілесіп,
Бастарын талайының шөптей қақты.
5380 Бес қаруын белсеніп,
Батыр жолын ашады.
Араласқан шағында,
Береке жаудан қашады.
Қиядан келген қалмақты
Қиырдан болжап атады.
Тоқтайтұғын садақ жоқ,
204
Қабатынан батады.
Əр оғының ұшымен
Əр жауларды шатады,
5390 Қанын судай шашады.
Қабат-қабат келгенін
Қабатынан атады.
Енді жаулар сасады,
Шаһарға қарап қашады.
Көзді ашып-жұмғанша,
Тобығы меңді торымен
Қала жағын тосады.
Ақырғанда дауысы
Жүрегін жаудың жарыпты,
5400 Жер өмірге барыпты.
Тобығы меңді торымен
Қала жағын алыпты,
Жолын тосып қалыпты.
Қалмақтар сасып, зар жылап,
Қайғыға жаны жаныпты.
Бет ашыққа шығарып,
Қобыланды қимыл салыпты.
Алмаспенен талайын
Жақын келсе қағыпты.
5410 Шашау шыққан жауларды
Найзаменен шанышты.
Қаласынан шығарып,
Кеңге бетін салыпты.
Күн көретін жері жоқ
Шулап қалмақ зарықты.
Жылға-жылға сайлардан
Қан сарқырап ағыпты.
Қалаға қашар күні жоқ,
Қарсы келер Қобыланға
5420 Осы жаудың бірі жоқ.
Тура келген қалмақтың
205
Қарсыласар бірі жоқ.
Қашқан жауға қатын ер,
Қаруының міні жоқ.
Суырып алды алмасты
Күшке күші жалғасты.
Жанын сақтап қашып жүр,
Біреуі қарсы бармас-ты.
Кездескен жаулары
5430 Сірə, тірі қалмас-ты.
Қалмақтар шулап жылайды,
Сарыжадан шыққан оқ
Ұшқан құстай парлайды.
Қалмақтардың ерлері
Оқ ұшында тулайды.
Күні-түні бəрібір
Қырудан жауды тынбайды.
Қашып жүрген қалмаққа,
Садақ тартып қарады.
5440 Алыстағы жауларды,
Қабаттап атып барады.
Талайдың жетті ажалы,
Тапты жаулар қазаны.
Олар қой да, бұл бөрі,
Бөріктіріп барады.
Қобыланды күшін жияды.
Тоқтарбайдың шырағы
Пірлерден медет сұрады,
Жау қыру − мақсат-мұрады.
5450 Қия келген қалмақты
Алмаспен шауып қияды.
Ұрысқан сайын көркейіп,
Ажары артты, сияғы.
Қызыл қанға боялды
Алмастың өткір қияғы.
206
Қара қанға шылқылдап,
Боялды тұлпар тұяғы.
Қабағынан қар жауды,
Мұртына мұз тоңды,
5460 Мұздай темір құрсанды.
Қаһарланып, долданды,
Қылыш, болат қолға алды.
Өткізбейтін сайлардан
Адамнан бөгет жол салды,
Суырып садақ қолға алды,
Сапары ердің оңдалды.
Қиратып жауды еңсерді.
Сансыз жауды төңкерді,
Ерлігіне ел сенді,
5470 Ашуланып, тербенді,
Тербенсе, жаулар жерге енді.
Қобыландыда өнер көп,
Көздеп атқан мерген-ді.
Батыр болсаң сондай бол,
Жауға қайғы, шер берді.
Толғап оғын ырғайды,
Кездессе де қара тас
Оғы тоқтап тұрмайды.
Бесті асаудай шыңғырып,
5480 Талайлары тулайды.
Тірілері еңіреп,
Əскер жылап, шулайды.
Тебінгіден тесе атты,
Үзеңгіден кесе атты.
Бір атқанда бес атты,
Үсті-үстіне жеті атты.
Қабаттасып келгенін
Қабатынан матапты.
Əр оғының ұшымен
207
5490 Батырларын шатапты.
Ұршықтайын үйіріп,
Қынаптан алмас суырып,
Жүрегі қайтпас айбатты ер,
Пірлеріне сиынып.
Сайлардан аққан қандардан
Сай тасады құйылып.
Қарауыл қарап ер Барса
Қайратын болжап сынап тұр,
Көзінің жасын бұлап тұр.
5500 Мына Қобылан есер деп,
Халқымды əлек етер деп,
Еңіреп, өксіп жылап тұр,
Құртарын Қобылан біліп тұр.
Барса білмей не қылсын,
Ықпалы ердің жүріп тұр.
Қайғыменен қан жұтып,
Батыр Барса күйіп тұр.
Ақылы көп антұрған
Қобыландының құртарын
5510 Көңілмен аңдап түйіп тұр.
Торыға қамшы ұрады-ай,
Салды жауға ылаң-ай.
Талайлары құлады-ай,
Талайы жүр жылап-ай.
Айбатына Қобыланның
Қалғаны қашты шыдамай.
Тобығы меңді торымен
Ə дегенше Қобыланды ер
Алдын орап шығады-ай,
5520 Жаудың жанын сығады-ай.
Қашуға жоқ амалы
Ар жағы аспас биік тау,
Бір түкпірге тығады-ай.
208
Апта толық күн болды,
Соғысқанның арасы
Жеті күн болды шамасы.
Тоқтарбайдың баласы,
Ерлердің күшті данасы,
Құрыды жаудың шарасы.
5530 Алыс кеткен халқынан
Көп қалмақтың арасы.
Ықыласпен тыңдаңдар
Жырдың рас тазасы.
Ер қайраты асқан жер,
Торыға қамшы басқан жер.
Жаулардың қырғын тапқан жер,
Дұшпанды қайғы басқан жер,
Қандарын судай шашқан жер.
Қобыландыға кездесіп,
5540 Қалмақты қайғы басқан жер.
Қырын келген жауларды,
Қайдан көздеп шанышқан жер.
Батыр Қобылан білікті,
Мінезі кең, сүйікті.
Жауға салған бүлікті,
Қайғыға дұшпан күйіпті.
Тап сегіз күн дегенде,
Төңірекке көз салып,
Қобыланды байқап тұрыпты.
5550 Жан-жағына қараса,
Қырғын тапқан жан көрді.
Келте-келте сайлардан
Ағып жатқан қан көрді.
Өз қырғанын Қобыланды ер
Ойлап тұрып таң көрді.
Құлағын салса шаһарға,
Еңіреген зар болды.
Құлағына шулаған
Мұңын айтқан əн көрді.
209
5560 Қобыланды ер көресінді салтанатты,
Ер жүрек бір басына қонған бақты.
Қараса шөптің түрі қызыл ала,
Жердегі жатқан нəрсе қанға батты.
Көз түспес жердің жүзі өлімтіктен,
Қалмақтар қиындасып құлап жатты.
Қобыланды алам деген қалың жау бар,
Қырғынның тап осындай дəмін татты.
Айрылып құралынан, əскерінен,
Ер Барса қасiретпен қайғы тартты.
5570 Зауал күн өз халқыма төнді ғой деп,
Көзінен зар еңіреп жастар ақты.
Шыққанына тоғыз күн,
Батыр тамақ татпаған,
Ұйықтамай кірпік қақпаған,
Айбатын ішке сақтаған.
Батыр болсаң сондай бол,
Дұшпанды жерге таптаған.
Шығыршықты көк найза
Қарағайға саптаған.
5580 Сансыз қолды жоқ қылды,
Тоғыз күнде қаптаған.
Кішіпейіл ер еді,
Мықтымын деп саспаған.
Тəуекелі тағы артық,
Жалғыз жүріп саспаған.
Алшағырдың намысын
Сол досының ары үшін,
Ежелден кекті жау үшін,
Əперем деп намысын,
5590 Қобыланды мықты арланған,
Қаһарланып шамданған.
Қаптаған сансыз қалың жау,
Қырғын тауып зарлаған.
Қаладан шыққан көп жауды
210
Қаласына жібермей,
Қамап қырып, жандаған.
Қаласына тығылып,
Қалғаны жаудың сау қалған.
Көптен бері тыным жоқ,
5600 Ұйқыдан қатқан қабағы,
Он күн болды шамасы.
Он күнде ердің жегені
Бес жалпақ нан тамағы.
Қатқаннан соң қабағы
Көлде қалған жолдасқа,
Қобыланды қайтып барады.
Аты да арып терлеген,
Батыр еді еңіреген,
Көптен ұйқы көрмеген,
5610 Ұйқыдан шаршап меңдеген,
Таңдайы қатып шөлдеген.
Күндіз-түні соғыспен
Батыр тыным көрмеген.
– О қырық жолдас, қырық жолдас,
Қатып келді қабағым,
Қарным ашып жүдедім,
Даярлаңдар тамағым.
Қарсы шыққан қалың жау,
Тарылтып шыққан қалың жау,
5620 Тарылтып қайттым заманын.
Осы күндіз түнімен
Ертең тыным аламын.
Екі күннің соңынан
Тағы да жауға барамын.
Қолда тізгін бар болса,
Кеудеде жаным сау болса,
Тағы жауға шабамын.
211
Уəде еткен досыма
Басын кесіп Барсаның
5630 Тартуға алып барамын.
Ердің бағы ашылмас,
Тəуекел етіп жол жүрмей.
Ердің жолы болмайды,
Шын тілекпен оң жүрмей.
Ер мақсаты бола ма
Дұшпанның отын сөндірмей.
Болмайды ердің мақсаты
Қарсыласқан дұшпанның
Жарық күнін өшірмей.
5640 Сендерге жолдас мен болдым,
Қырық жолдасым сен едің.
Алшағыр досқа Барсаның
Əкелем басын деп едім.
Апарып басын бермесем,
Ер басыма қиын-ды.
Алшағыр маған қиылды,
Досым салды бүйімді,
«Қобыланды, бар» деп бұйырды,
Тайбурыл мен торша ат,
5650 Досым үшін мінгенмін.
Бадана көзді бек сауыт
Алшағыр үшін кигенмін.
Уəде еткен досымның
Жұмсауымен сансыз жау
Соның үшін тигенмін.
Атқа мініп шыққаннан
Алдарымды білгенмін.
Айбат шаштым ақырып,
Жауға шаптым жапырып,
5660 Қанын судай сапырып.
Көп өтінді Алшағыр
212
Барсаға кеткен ар үшін,
Аяғыма бас ұрып.
Бапқа түскен мен Қобылан,
Мұнан да күшпен асармын,
Барсаның көңілін басармын.
Садақ толы сар жебе
Ертең жауға атармын.
Өктемсінген Барсаның
5670 Екпінді көңілін басармын.
Қанға қолым тиген соң,
Жау ішіне енген соң,
Бармай неғып жатармын.
Көңілімде айтар мүддемді
Қартқожақ пен Нұрғожа
Құлағына саламын.
Ертең жауға барамын,
Тағы бару талабым.
Жақсылық пен жамандық
5680 Əркімге ортақ деп еді,
Ескіден нақыл сөз еді.
Қалмақтың басы хан Барса
Адамда мықты деп еді.
Айтулы ердің өзі еді,
Мақтауға толық сөз еді.
Ерден ердің қаупі бар,
Маңдайында екі көз,
Бақыраштай деп еді.
Ажал жетсе қалармын,
5690 Жоғары болса бақытым,
Мен Барсаны алармын.
Тəуекел еткен батырмын,
Ажалды күнім таянды,
Қайда да қаза табармын.
213
Қартқожақ сонда сөйлейді:
– Жалғыз кеттің, Қобыланды,
Көмекке бізді алмадың.
Қасындағы қырық ердің
Қайтесің деп Қобыланды,
5700 Құлағына салмадың.
Сізбенен бірге бармадым,
Бітірмейсің, Қобыланды ер,
Қырық батырдың арманын.
– Қасымдағы қырық ерім,
Арманда болма сен деді,
Өкпе айтқаның нең деді.
Тар жол, тайғақ кешуде
Жүректерің кем деді.
Жазым болса біреуің
5710 Көңілі өсіп қуанар,
Арсыз қалмақ елі деді.
Сендерге нұсқап айтқаным,
Жалғыз кеткен бұл жауға
Қобыландының жобасын.
Осы қалмақ қиын жау
Барсаңдар азып, тозасың.
Қасыңдағы Қобыланға
Жолыма бейнет боласың.
Өкпелеме, қырық жігіт,
5720 Сендер мұнда қаласың.
Тобығы меңді торыны
Бұл сапар мінбей тастаймын,
Батырлар, күйлеп бағасың.
Жауға ететін зəрім бар,
Дұшпанға жетер əлім бар,
Мен келгенше торыны
Жақсылап күйлеп бағыңдар.
Тоғыз күнде келмесем,
214
Қанша мықты десең де,
5730 Қобыландыға жазым бар.
Жəрдем берсе панамыз,
Қорғаншы болса бабамыз,
Тоғыз күннің ішінде-ақ,
Барса ханды аламыз.
Тоғыз күнде келмесем,
Он төрт күн бағып қараңыз.
Ұмытып қалып сөзімді,
Жолдастар болма бейхабар,
Он төрт күннің ішінде
5740 Ер Қобыланың жауды алар,
Барса келмес ханды алар.
Балдағы алтын ақ қылыш,
Жақсылық болса сапарым,
Балдағынан бал тамар.
Қиыншылық жер болса,
Қылышымнан қан тамар.
Балдағынан бал тамса,
Қобыландыны келді біл.
Қылышымнан қан тамса,
5750 Қобыландыны өлді біл.
Көк қылышты бағыңдар,
Қан тамса менде жазым бар.
Балдағымнан бал тамса,
Ер Қобыланың сау болар,
Мені күтіп алыңдар.
Тайбурыл атпен тайпалтып,
Жүрейін күннің оңына,
Беліме алмас буынып,
Алайын қару қолыма.
5760 Талай жауды қираттым,
Қабыл болса сапарым,
Мен Барсаның сорына.
Болжауым қайып болмаса,
215
Қалмақтың түспес қолына.
Уəдем сізге осылай,
Қырық жолдас досым-ай.
Торы атты күйлеп бағыңдар,
Мен келгенше аман бол,
Күтіп ал мені, тосып ал,
5770 Қасымдағы қырық батыр,
Қобыланды жалғыз кетті деп,
Бізді тастап нетті деп,
Аталы жау бұл қалмақ
Қазақпенен кекті деп.
Қасымдағы жолдастар,
Ойлаймыз ба болмасақ
Қызғаныш бізден өтті деп.
Сансыз қалмақ нөсерлеп,
Қасымдағы қырық жолдас
5780 Ойлады ма болмаса,
Аяушылық еткені.
Қаптаған жаудың ішінде,
Арманда болып кетер деп,
Нұрқожа батыр жырлайды.
Қасындағы жолдастар
Айтқан сөзін тыңдайды.
Қартқожақпен екеуі
Ақылдас, сырлас ыңғайлы.
– Қобыландының мұнысы,
5790 Ақылдың тура дұрысы.
Қасындағы қырық жігіт
Шыны жолдас білісі.
Бізді жолдас етпеген
Осы ақылдың дұрысы.
Қалың соғыс ішінде
Қырық жігіт нетті деп,
Алаң болып Қобыланды
216
Кетер еді тынышы.
Қобыланмен күш қосып,
5800 О қырық жігіт, қырық жігіт,
Ұрысуға шараң жоқ,
Қобыланмен қатар адам жоқ.
Аяушылық еткені –
Көңілінде алаң жоқ.
Арықтаған торыға
Мақпалдан жабу жабайық,
Торыны жақсы қарайық,
Жал-құйрығын тарайық.
Бір тілекте тілесіп,
5810 Қобыландыны күтіп алайық.
Сүйтті де қырық батыр ақылдасты,
Бұл сөзін Нұрқожа ердің мақұлдасты.
Қобыландыны келгенше күтпек болып,
Уəде байлап өңшең ер шапылдасты.
Батырдың торшасы күйленсін деп,
Қобыланды ердің торыша атын бақты.
Тайбурылы мінгені,
Үстіне сауыт кигені,
Беліне семсер ілгені.
5820 Тайбурыл атты күйледі,
Жануар бойын биледі.
Ойлау жерден ырғытып,
Қырлау жерден сырғытып,
Құйындайын құйғытып,
Қайшылатып құлағын,
Тайбурылды шұлғытып,
Бір құлағын тігілтіп,
Бір құлағын жығылтып,
Аққан жұлдыз секілді
5830 Қобыланды жүрді сырғытып,
Көріп қойған Көк Зеңгі
217
Тау қабақтап желіпті,
Қарауыл қарап жеріне,
Батыр Қобылан келіпті.
Əйел, еркек жиылған,
Көп халықты көріпті.
Тау басына барыпты,
Қарауыл қарап Қобыланды ер
Алысқа көзін салыпты.
5840 Кеше көрген бір оба,
Екеу болып қалыпты.
Ар жағында обаның
Əйел, еркек көп əскер
Бекініп олар тұр екен.
Қалғанын жиып халықтың
Барсаның шыққан күні екен.
Əлі де жаулар көп екен,
Жиыл деген халқына,
Барсаның əмір сөзі екен.
5850 Екі обаның біреуі
Нəн Барсаның өзі екен.
Батыр Қобылан көреді,
Қара обаның бауырынан
Жылтырайды қос нəрсе,
Ол Барсаның көзі екен.
Будақтап түтін шығады,
Мұрнының тыныс лебі екен.
Қобыланды елін шапқан соң,
Барсаның кеткен тынымы.
5860 Ақылынан айрылған,
Ойында жоқ білімі.
Сырғауылдан кем емес,
Батырдың тартқан шылымы.
Қобыланды болжап тұрады,
218
Қыпшақтың батыр шырағы.
Шылым тартса ер Барса
Моржадан шыққан секілді
Будақтап түтін шығады.
Қобыланды жақын барыпты,
5870 Жақындап келіп қалыпты.
Айбатына батырдың
Қобылан көзін салыпты.
Əжептəуір ажары,
Қобылан аң-таң қалыпты.
Қотыр-қотыр ажары,
Көз салып Қобылан қарады.
Көрген шақта Барсаны
Қобыланның қайтты қажары.
Батыр Барса қарады,
5880 Қобыландыны көрді де,
Қатты айғайға салады.
Ақырғанда дауыспен
Қара тасты жарады.
Екпінінен дауыстың
Тастар ұшып барады.
«Қобыланды» деп ақырды-ай,
Қорқар Қобылан ер емес,
Қасына келді жақындай.
Бет ажарын қараса,
5890 Таудың қотыр тасындай.
Кеудесіне көз салса,
Келбетті туған нəн екен,
Мұрны Құсмұрын таудың басындай.
Өктем туған өзі бар,
Мақтауына сиятын.
Келбетті келген жөні бар,
Бақыраштың аузындай,
Маңдайында екі көзі бар.
219
Айбатты Барса келбетті,
5900 Сескенбейтін сербетті,
Ажары жаман көр бетті.
Қобыландыны көргенде,
«Бермен жақын кел» депті.
Жаныңды алар ер Барсаң
Осы тұрған ер депті,
Отырған жерім отаудай,
Тұрайын, бəлем, көр депті.
Келбеті күшке жарасқан,
Барса тұрған шағында,
5910 Қанша мықты десек те,
Ақылдан Қобылан адасқан.
Бұл Барсаның бойы бар,
Биікпенен таласқан.
Адамның мықты алыбы,
Шыны дəудің өзі екен,
Ауызға толы сөз екен.
Сияғын Барса көргенде,
Қобыландының сасқан жері екен.
Қобыландыны көріп ақырды,
5920 «Бермен кел» деп шақырды.
Ақырғаннан Қобыланды ер
Қайтемін деп сасулы.
Ақырғанда лебінен
Ұсақ тастар шашылды.
Қалай да болса бір жұмыс,
Кездесті ғой маған деп,
Тəуекел керек батырға,
Қалай да болса барам деп,
Болжаулы іс өтпес пендеден,
5930 Мына дүние заман деп.
Кемшілік болар басыма,
Барсадан қорқып сасқаным.
220
Ерлігіме мін болар,
Жанымды қорғап қашқаным.
Өлім келсе өтермін,
Қайырлы болса сапарым,
Мақсатыма жетермін.
Қара обадай Барсаның
Оңдаса басын кесермін.
5940 Қазам жетер күн болса,
Мен ажалға не етермін.
Ажалға бар ма амалым,
Жекпе-жекке Барсаға
Қалай да болса барамын.
Кесілмесем қарымнан
Айрылмасам барымнан,
Қара обадай Барсаның
Кəзір-ақ басын қағамын.
Айбатын шашып ақырды,
5950 Барсаға Қобылан келеді,
Екеуінің кездесіп,
Ұрыс салған жері еді.
Жасы үлкен Барса хан
Кезегімді бер деген,
Қобыланды кезек береді.
Сонда Барса сөйлейді:
– Белге арқан салалық,
Екеумізге тең ортақ
Аударысып қаралық.
5960 Берік болса уағда,
Болмасын бізде шалалық.
Ат үстінен алысты,
Құшақтасып екеуі
Аударысты салысты.
Белге арқан шалыпты,
Тартысысып қалысты.
221
Үзеңгісін шіреді,
Табанын ерлер тіреді.
Шашасынан жоғары
5970 Астындағы аттардың
Тұяғы жерге кіреді.
Алыстары үдеді,
Тартысқанда белбеуін
Екеуі де үзеді.
Көргендерге таң болды,
Алысқан жері ерлердің
Бұрқыраған шаң болды.
Бірін-бірі ала алмай,
Екеуіне де ар болды.
5980 Не қыларға біле алмай,
Екі батыр дал болды.
Белге буды шідерді,
Бірін бірі сынасып,
Жаннан үзді күдерді.
Екі батыр ақырып,
Жауатұғын бұлттай
Қабақтары түнерді.
Аттан түсе қалысты,
Бір-біріне жабысты.
5990 Бермейміз деп намысты,
Екеуі күрес салысты.
Бірін-бірі ала алмай
Шаршап ерлер шалықты,
Шаршағаны анық-ты.
Барса сонда сөйледі:
– Қобыланды батыр сен едің,
Өзімнен төмен деп едім.
Мен сынадым Қобыланды,
Артық күшке беренім.
222
6000 Мақұлдасаң Қобыланды,
Қаруменен жұмсанып,
Кезектесіп көремін.
Жасың кіші болса да,
Халқыма келген қонақсың,
Саған кезек беремін.
– Жолсыз жерге бармаймын,
Жолсыз кезек алмаймын,
Жасың үлкен, ер Барса,
Кезекті сізге арнаймын.
6010 Жасың үлкен сен едің,
Жасы кіші мен едім.
Бұрын туған ер едің,
Кезекті сізге беремін.
Аман қалса бір жаның,
Артын күтіп көремін.
– Сөз айтайын, Қобыланым,
Шоңғара мен Қаршыға,
Халқымның ері қорғаным.
Ерімді қойдай сойғаның.
6020 Сан жетпейтін халқымның
Талайын қырып жойғаның.
Қара ниет қыпшақсың,
Қан ішуге тоймадың.
Қалмақтың ханы Барсаны
Аламын деп ойладың.
Дендеген Қобылан есерсің,
Ақылың жоқ бекерсің.
Қара таудай Барсаға
Нешік қайрат етерсің?
6030 Жанған оттай жас жансың,
Кешікпей бəлем өшерсің.
Əлек еттің елімді,
Еліме бердің зəбірді.
223
Елге қорған өлтірдің,
Қаршыға мен Шоңғара
Екі бірдей ерімді,
Еріні қанды бөрімді.
Азаматымды өлтіріп,
Жылаттың қыз бен келінді.
6040 Өзіңе де зауалды,
Өлерің жақын абайла,
Кешікпей-ақ алармын,
Сенен түгел кегімді.
Талай жайсаң, жақсымнан,
Қатын, бала арылды.
Мейірімсіз Қобылансың
Мың да болса құртармын,
Кеудедегі жаныңды.
Дүниемнің бəрі болды əлек,
6050 Кетірдің Қобылан сəнімді.
Азаматым арылған,
Жетім бала, жесір көп,
Халқымның күні тарылған.
Кек алмайды деп пе едің
Қара ниет залымнан?
Неше күндей ұрысып,
Мелшемізден батысқан,
Екеумізге көп болды,
Аттан түспей алысқан.
6060 Мен Барса едім қашаннан,
Талайды таптап жанышқан.
Екеумізге жол болар,
Қылышпен кезек шабысқан,
Кел қызыққа батайық,
Кезектеп садақ атайық.
Ай балтаны алайық,
Кезектесіп қарайық.
224
Болаттан соққан ақ балта,
Кезек-кезек шабайық.
6070 Қызық көрдік алысып,
Жеңдірмеске қарысып.
Аударысып күрестік,
Жеңіспедік қарысып.
Кел қызыққа баталық,
Найзаменен шанышып,
Айтқанына Барсаның
Ер Қобыланды көнеді.
Кезегіңді ал деп еді,
Барсаға кезек береді.
6080 Қылышын қайрап безеді,
Кезегіңді ал деп қарысып,
Қарсы алдына келеді.
Тасты кескен алмасты,
Мойнынан шауып сермеді.
Жасық пышақтай көрмеді,
Ер арыстан Қобыланға
Барсаның кезек бергені.
Бұ да алмасын алады,
Қара обадай батырды
6090 Иықтан тартып қарады,
Айбатын шапшып санады.
Тасқа тиген немедей
Жылжып қайтып көк алмас
Сағақтан сынып қалады.
Айдаһардың тіліндей
Шабыса кеткен білінбей,
Ақ найзаны сермеді,
Қу қурайдай көрмеді.
Екі батыр соғысып,
6100 Қуаты асып өрледі.
Найзаменен салады,
225
Жасыған жездей майрылып,
Ортасынан қайрылып,
Қармақ болып қалады.
Бірін-бірі кезектеп,
Балтаменен шабады.
Қатты сермеп ұрады,
Ұңғыдан балта сынады.
Қарудан қару қалмады,
6110 Шегінісіп тұрады.
Садағын ерлер кезеді,
Сарыжаға безеді.
Сарыжаның көбесін
Толғағанда сөгеді.
Шіренісіп тартысты,
Тасқа тиген немедей,
Шақ етіп кейін қайтысты.
Ер қызыққа батысты.
Қой боғындай қорғасын
6120 Жалғыз оқты мылтықпен
Екі батыр атысты.
Өздерін-өзі өктеді,
Қарудан қару қалған жоқ,
Біріне-бірі қос жайсаң
Біріне залал етпеді.
Аянып жүрген күші жоқ,
Бір-біріне əлі жетпеді.
Екеуі де батырдың
Бір-бірін аңдап бағады.
6130 Қолдарындағы алмастың
Тұтамдай сабы қалады.
Біреуінің біреуі
Қаруын жұлып алады.
Тағы екеуі алысты,
Тағы күрес салысты.
Алысумен шалысты,
226
Шаршағаны анық-ты.
Хан Барса ердің данасы,
Алысқанға екеуі
6140 Жеті күн болды шамасы.
Кім мықты да, кім осал
Айрылған жоқ арасы.
– Бір сөз айтам мен, Қобылан,
Сөзімді тыңда сен, Қобылан,
Айтқаныма көн, Қобылан.
Тоғыз күн болды соғысқа
Барсаға ұлықсат бер, Қобылан.
Тоғыз күннен бері қарай
Əлі ұйықтаған қабақ жоқ,
6150 Əлі ішкен тамақ жоқ.
Баруға пұрсат заман жоқ.
Екеуіміз де таралық,
Тамаққа Қобылан баралық,
Тамақтанып алалық.
Суық көлден су ішіп,
Екеуіміз де қаналық.
Жеңемін деп қуанып,
Тұрмысың, Қобылан, мерейіп.
Тамақ ішіп, Қобыланды ер,
6160 Қуаттанып келейік.
Екеуміздің пайдамыз
Бір-біреуге көнейік.
Ұлықсат берсең, Қобыланды,
Бүгін соғыс қоямын,
Ашуды бүгін жоямын.
Қарным ашқан Барсамын,
Екі өгіз соямын.
Мешкей еді тамағым,
Мен тамаққа барамын.
6170 Екі батпан наным жеп,
227
Екі көлдің суынан
Шөлдеп ішсем қанамын.
Көптен бері ұйқы жоқ,
Қатып тұр, Қобылан, қабағым.
Жау да болсаң жолдассың,
Тілегімді бер, қарағым.
– Сенде де, Барса, тамақ жоқ,
Менде де ішкен тамақ жоқ.
Кел ұрысқа кетейік,
6180 Тексеріп тұрған адам жоқ,
Есеп алған санақ жоқ.
Кел ұрысқа кетейік,
Біраздан бері алыстық,
Қайсысымыз жеңсек те,
Бір мақсатқа жетейік.
Ақылдың Қобылан данасы,
Тоқтарбай қарттың баласы.
Барсаның айтқан сөзінен
Білінді ердің шамасы.
6190 Кім мықты да, кім осал,
Мағлұм болды арасы.
Тамақ ішіп келем деп,
Барса батыр жалынған,
Өтінішін қарашы.
Тамақтанып келуге
Қобыланды рұқсат берген жоқ,
Айтқанына көнген жоқ.
Жіберуім бекер деп,
Барса қашып кетер деп,
6200 Ер Барсаға сенген жоқ.
Барсаға рұқсат бермейді,
Айтқанына көнбейді.
Қашып кетер батыр деп,
Хан Барсаға сенбейді.
228
«Мықты Барса сен болсаң,
Меніменен тең болсаң,
Алысайық кел» дейді.
Екі батыр алысты,
Жібермен деп намысты.
6210 Қара тастар күл болып,
Талқан болып қалысты.
Он екі күн болыпты,
Күн тал түске толыпты.
Бірін-бірі ала алмай,
Екеуі де торықты.
Бірінен-бірі қауіп етіп,
Ерлердің көзі қорықты.
Күндіз-түні тыным жоқ,
Алысумен зорықты.
6220 Есіне түсіп Тайбурыл,
Қобыланды атқа қарады,
Атына көзін салады.
Тұла бойы қызыл қан,
Тұяғынан ағады.
Басына көзін салыпты,
Басында аттың тері жоқ,
Хан Барсаның аласы,
Терісін жұлып алыпты,
Ерін тері қалыпты.
6230 Аяғына көз салса,
Сирағында тері жоқ,
Төрт тұяғы қалыпты.
Ер Барсаның аласы,
Сауырға ауыз салыпты.
Арқа тері бəрісін
Ала ат жұлып алыпты.
Тұла бойдың сауы жоқ,
Жал-құйрығы қалыпты.
229
Атын көріп Қобыланды
6240 Мынау қалай болды деп,
Батырдың көңілі тарықты.
Хан Барсаның ала аты
Талағаны анық-ты.
Алаға көзін салады,
Көзін салып қарады.
Шүмектеп қаны ағады,
Басына көзін салады,
Ақсиып тісі қалады.
Ерін тері, бас тері
6250 Қобыландының Тайбурыл
Баршасын жұлып алады,
Ақсиып тісі қалады.
Мойнына тағы көз салса,
Бас мойнында тері жоқ,
Тері қалған жері жоқ.
Тайбурылы тұлпардың
Ат сияғы жөні жоқ.
Қираған ала жағы жоқ,
Сан терісін сыпырған,
6260 Төрт тұяғы тағы жоқ.
Талағаны Тайбурыл
Бұл аланы анық-ты.
Жалы менен құйрық жоқ,
Тек сүйегі қалыпты.
Қалмақтың ханы ер Барса,
Алаға көзін салыпты.
Ала атты көзі көрген соң,
Іші өрттей жаныпты.
Тұлпарын ала көріпті,
6270 Ала тұлпар өледі деп,
Əбден сынап, зар жылап,
Көзінен жасын төгіпті.
230
Таудай ала ат сен деді,
Батыр Барса мен деді.
Бурылдан болдың кем деді,
Таланған мұнша нең деді.
Таланыпсың жаман деп,
Саған келген қара түн
Ертең келер маған деп,
6280 Жақын шығар тамам деп,
Алыс емес ажал деп,
Атаңа нəлет Қобыланды
Тарттырмаса игі еді жазам деп,
Жетпесе игі еді қазам деп,
Еңіреп Барса жылап тұр,
Көзінің жасын бұлап тұр.
Өзі өлерін хан Барса,
Көңілмен байқап сынап тұр.
Есін танып Тайбурыл
6290 Жақындап келді Қобыланның
Оқыранып қасына.
Жануарым бурыл деп,
Сипап қойды басына.
Сипаған соң Тайбурыл
Ортаға келіп желулі.
Ер Барсаның ала атын
Қос аяқтап тебулі.
Сандалып жүрген жануар
Тепкі тиіп өлулі.
6300 Жығылғанын ала аттың
Барсаның көзі көреді.
Қолдаған тұлпар алам деп,
Ажал жетті саған деп,
Саған жеткен бұл қаза
Ертең келер маған деп,
Алыс емес жақында,
Таянды маған ажал деп,
231
Өкірді де, жылады,
Маңдайға өзін ұрады.
6310 Көзден аққан ыстық жас,
Көкірегін жуады.
Ала тұлпар өлген соң
Барсаның бағы сынады.
Əуре болдым бекер деп,
Ойлап едім əуелде-ақ,
Масқара Қобылан етер деп,
Халқым түгіл өзімнің
Қобыланды басым кесер деп.
Өмірім қараң өшер деп.
6320 Əуелден қаупім көп еді,
Мақсатына жетер деп.
Қайғыменен көзінен
Жас төгілді нөсерлеп.
Он үш күндей алысқан,
Қырық беске келгенде
Маған пəле жабысқан.
Өзіне-өзі сенбесе,
Келе ме іздеп алыстан.
Сескеніп едім əуелде-ақ,
6330 Қобыланды деген дабыстан.
Қайғылы көңілім қуанып,
Маған кеңдік болар ма,
Қисайған ісім оңар ма.
Бұл секілді Қобыланды ер
Мені еркіме қояр ма?
Қолындағы көк найза
Жан шығармай болар ма.
Ала ма деп қорқамын,
Қобылан менің жанымды.
6340 Қор қылар деп қорқамын
Кешікпей қызыл қанымды.
232
Алыстан келген Қобыланды
Кетірді менің сəнімді.
О, дариға заман-ай,
Дəуренім бастан арылды.
Амалым жоқ көнбеске,
Ұсындым басым өлмекке.
Шапшаң бермен кел, Қобылан,
Ер Барсаны еңіретпе.
6350 Он үш күн болды арасы,
Осы бүгін тапа-тал түс,
Мықты менен осалдың
Айрылар күн арасы.
Жүгіріп келіп Барсамен
Ер Қобыланың алысты,
Бір-біріне жабысты.
Қаһарланған ер Барса,
Көтеріп Қобыланды алыпты.
Үйіріп алып батырды
6360 Қара тасқа салыпты.
Жығылатын Қобылан ба,
Тіке түсіп қалыпты.
Екпінімен аяқтың
Қазандайын қара тасты
Ортасынан жарыпты.
Күндіз-түні екеуі
Жағаласты салады,
Қатты жүдеп азады.
Қанша мықты дегенмен
6370 Қобыланды ер де талады.
Қуат қашып ер Қобылан
Қатты жүдеп барады.
Жүдегенін Барса біледі,
Қуаныш етіп Қобыланды
Көкіректен тіреді.
233
Қалмақтың күші үдеді,
Сонда Қобылан жылайды,
Көздің жасын бұлайды,
Пірлерден тілек сұрайды:
6380 – Əуелі жəрдем тілейін
Жан жаратқан панадан.
Екінші жəрдем тілейін
Жəрдемші ата-бабадан.
Сендер жəрдем қылмасаң,
Таршылық болды заманам.
Перзентіңнен хал кетті,
Күш-қуат пен əл кетті.
Ақша беттен қан кетті,
Ажар мен көрік, сəн кетті.
6390 Қобыландыңнан əл кетті,
Пірлерім жəрдем болмасаң,
Мына Барса меңдетті.
Əл-қуатым кері кетті,
Таршылық жерде ер бабам,
Балаңа жəрдем бер депті.
Қиядан шықты төрт бүркіт
Оң жағынан шығады.
Ақ шалғылы көк бүркіт
Еңсесінен төнеді.
6400 Бүйірлеп бүркіт келеді,
Қарысып жүрген Барсаны
Жауырына тебеді.
Бүркіттің болған себебі,
Сыйынған жердің бабасы
Тар жерде тиді себебі.
Ер тарыққан күнінде
Қуат берген жер еді.
Қуатқа келіп күйленді,
Ажарға келіп түрленді.
234
6410 Ашаң жүзі көркейіп,
Қуатын байқап білді енді.
Көңілі өсіп ер Қобылан
Миығын тартып күлді енді.
Мықты Барса келің деп,
Енді өлетін жерің деп,
Теңім бе едің менің деп,
Жүгірісіп алысты.
Алдырман деп хан Барса
Қарсыласып қарысты,
6420 Жібермен деп намысты.
Қатуланған Қобыланды
Көтеріп Барса қарады,
Жылжымады табаны.
Мəлім болып Қобыланның
Қайрат пенен қажары,
Барсаның кетті ажары.
Қобыланның жүзі нұрланып,
Алмадай беті қызарды.
Найзаның сабы шынар-ды,
6430 Бұрынғыдан өзгеше
Қайратты Қобылан шығарды.
Қуат бердің маған деп,
Жетті, Барса, қазаң деп,
Кекті дұшпан сен едің,
Қалмақ сенің сазаң деп.
Тəніңде мың жан болса да,
Жетеді бүгін қазаң деп.
Шалқаңнан Барса салайын,
Жеңуім болды тағайын.
6440 Көтеріп ырғап алады,
Əп дегенде Барсаның
Жоғары шықты аяғы.
Қаңбақ құрлы көрмеді,
235
Үйіріп кетіп барады.
Барсаны жеңбей не қылсын,
Қорушы сүйеу бес бүркіт
Жəрдемшісі еді манағы.
Айналдырып басынан
Шалқасынан салады.
6450 Былғап жерге ұрғанда,
Жер солқылдап барады.
Сонда Барса жылады,
Аз ғана мұрсат сұрады.
Сөйлегенше Барсаға
Мұрсат беріп тұрады:
– Қиындық беріп өлтірме,
Өтініш етем өзіңе.
Ұлықсат ет, Қобыланжан,
Барсаның айтқан сөзіне.
6460 Қаһарлансаң кім шыдар
Ашуланған кезіңе.
Үстімдегі бек сауыт
Шешпесең қару өтпеген.
Батыр едім мен Барса
Ешкімнің əлі жетпеген.
Қалмақтағы арлы едім,
Елімнің арын кектеген.
Алшағырдай залымның
Əперем деп намысын.
6470 Енді өттім өктемен.
Құрмет етіп Барсаға
Досым Қобылан сыйла да,
Қорлықпен жаным қинама,
Кекті дұшпан қалмақ деп,
Ендігі жерде қорлама.
Үстімдегі бек сауыт,
Қобыланды, шешіп тастайын.
236
Сын айтатын жерім жоқ,
Неге сұмдық сақтайын.
6480 Қаруым қалды далада,
Сауытты шештім жана да.
Ерік бердім, Қобыланды,
Білікті батыр данаға.
Жалаңаштап алмаспен
Мені өлімнен аяма.
Аянар жерім қалған жоқ,
Бұл сөзімде жалған жоқ.
Тезірек өлсем арман жоқ.
Қобыланды сөзін естіп көрген жері,
6490 Тілегін нəн Барсаның берген жері.
Екеуі серт байласып, жауаптасып,
Байласып уағдаға сенген жері.
Өлімнен Барса қорқып саспады енді,
Ажалдан тұра төнген қашпады енді.
Кигені үстіндегі кілең сауыт,
Сыпырып батыр патша тастады енді.
– Қобыланды, сізге қонды бақ,– деп айтты,
Мен болдым бұл дүниеден жат, – деп айтты.
Жыланға анам жеріп тапқан екен,
6500 Тəнімде мықты жерім бас, – деп айтты.
Биліктің еркіменен бəрі өзіңде,
Жеріңнен сіз қалаған шап, – деп айтты.
Ашуланып долданды,
Семсер қылыш қолға алды.
Шабайын деп оңдалды,
Біразырақ толғанды.
Батырға да жан керек,
Барса да жылап зарланды.
Тұла бойы дірілдеп,
6510 Олай-бұлай сандалды.
237
Алмасты жанып алады,
Мойынынан шабады.
Тасты кескен ақ алмас
Бұл Барсаның тəніне
Төрт-ақ елі барады.
Айдаһардың тіліндей
Шанышса кеткен білінбей.
Қара тасты шанышса,
Өтуші еді кідірмей.
6520 Салған жерден таяды,
Қармақ болып қалады,
Балтаменен ұрады.
Сағақтықтан шарт етіп,
Балтаның сабы сынады.
Мықты Барса əлсіреп,
Дір-дір етіп тұрады.
Барсаның шойын шоқпармен
Көтеріп алып Қобыланды
Тас төбеге ұрады.
6530 Бас айналып құлады,
Мініп алып кеудеге
Аузына құм құяды.
Он алты күн дегенде,
Тынысынан тынады.
Жұлдыз шыға батырдың
Азар жаны шығады.
Барса менен Қобыланды
Он төрт күн соғыс салғанда,
Қобыланды шаршап əлсіреп,
6540 Ақылынан танғанда,
Қайғымен болып арманда,
Қылышынан қан тамады.
Көлдегі жолдас қырық жігіт
238
Қатты сасып сандалды.
Қобыланды өліп кетті-ау деп,
Қырқы жылап зарланды.
Қобыланның айтқан сөзі бар,
Жылауы бөтен емес-ті.
Бұл іс қалай болды деп,
6550 Қырық батыр кеңесті.
Қартқожақ ер сөйлейді:
– Төрт-бес күн күтіп қаралық,
Қылышты тағы бағалық.
Қалайынша іс болар,
Кеңесіп ойды табалық.
Қылышты бес күн бағады,
Алтыншы күн болғанда,
Балдақтан бал тамады.
Қайғылы болған қырық жігіт
6560 Қуанысып қалады.
Өлтірген соң Барсаны
Қобыланның көңілі өсіпті.
Қара обадай Барсаның
Кеудесінен кесіпті.
Ат көтіне сүйретіп,
Қалаға келіп жетіпті.
Тірі қалған қалмақтар
Алдынан шулап шығады.
Қол қусырып шуласып,
6570 Жан сауғалап тұрады.
Не айтқанын қылады,
Айтқанына көнеді.
Не десең де көндік деп,
Уағдасын береді.
Қобыландыны бағады,
Құрмет етіп қарады.
Қызметі қалмақтың
239
Қобыландыға жағады.
Ынтымақты ел болды,
6580 Жақсы менен жаманның
Əйел, еркек адамның
Тілегің бірге тең бол деп,
Ынтымақты болың деп,
Жамандықтан, қалмақтар,
Басыңды бағып, қорың деп,
Барсада тұрған тұрмыстан
Ендігі жерде озың деп.
Мен еліме барармын,
Барып қағаз жазармын,
6590 Хат пенен хабар алармын.
Тентек болсаң, қалмақтар,
Ақырында қарармын.
Айтқан тілімді алыңдар,
Жадыңа алып қалыңдар.
Ел бастаған азамат,
Жетім-жесір, нашарға
Назар көңіл салыңдар.
Халықты дұрыс бақпасаң,
Нашарларға жақпасаң,
6600 Тағы айналып келермін,
Халықты келіп көрермін.
Жауыздықты ел болсаң,
Қандарыңды төгермін.
Сазаңды сөйтіп берермін.
Бек сауытты белсенген
Ұрысса жауды еңсерген,
Қобыланды ерің мен дейді,
Жақсы бол, қалмақ ел, – дейді.
Менің айтқан мұныма
6610 Ризалықпен көн дейді.
240
Азаматы қалмақтың
Қобыландының сөзіне
Ықыласпен көніпті.
Бəрі уəде беріпті,
Біріне-бірі сеніпті.
Осылайша келісті,
Ұлықсат беріп халқына
Өрісін елдің кеңейтті.
Достыларым, сен дейді,
6620 Шын көңілменен көн дейді.
Қасымда жолдас қырық жігіт,
Жіберемін тез барып.
Қызмет етіп көр дейді.
Керегі болса бер дейді.
Басшылары қалмақтың
Жасы менен кəріміз
Құрмет етеміз бəріміз.
Біздің осы шаһардан,
Керегің болса алыңыз.
6630 Қасымдағы қырық жолдасты,
Ертеңгі күн көрерсіз,
Айтқанына көнерсіз.
Не десе де сенерсіз,
Білімді болса бересіз.
Өсиет бұл халыққа айтып кетті,
Осылайша еліне тəртіп етті.
Кеудесін ер Барсаның жоғары іліп,
Жолдас жатқан көліне қайтып кетті.
Жолдасқа көлде жатқан Қобылан келді,
6640 Қауышып жолдастарын аман көрді.
Қартқожақ, Нұрғожа мен жасы үлкендер
Еңкейіп батырларға сəлем берді.
Қалмақтан аты арып аман барды,
Есендесіп жолдастың қолын алды.
Қобыланды аман-есен келгеннен соң,
241
Көрініп, қуанысып, айқай салды.
Қобыланды кеш болған соң келіп қонды,
Өзінің қостасына қонақ болды.
Таң атып, сəске мезгіл болған шақта,
6650 Сөйледі жолын айтып көрген жолды:
– Қасымдағы жолдастар,
Тілегі бірге құрдастар,
Киюіңе бек сауыт,
Белдерінде алмас бар.
Біріңнен-бірің қалмастан,
Қырқыңда жалғас бар.
Патша Барса өлген соң,
Бағынды бізге қалмақтар.
Үш күн мұнда қалайын,
6660 Тамақтанып, күйленіп,
Мен тыңайып алайын.
Сендер бар да қонақ бол,
Тап бес күн дегенде,
Мен де артыңнан барайын.
Қырық ерім, бағың бар,
Қонақ болып қалмаққа
Құрмет көріп қалыңдар.
Алтын, күміс олжадан
Керегінше алыңдар.
6670 Қырық батыр қуанып,
Күлісіп атқа мінеді.
Ер қаруы бес қару,
Қаруларын іледі.
Көк Зеңгінің тауына
Жүруге жолды түзеді.
Ертең сəске болғанда,
Тау басына барады,
Батырлар шаһарға қарады.
Дарбазаның аузында
242
6680 Қалқан киген батыр тұр.
Жүрмей тұрып қалады.
Қартқожақ сонда сөйлейді:
– Байқаңдар жолдас сен дейді,
Уайым еттім мен дейді.
Дарбазаның аузында
Қалқан киген батырды
Көзбен байқап көр дейді.
Кеудесіне қарасам,
Келбетті туған ер дейді.
6690 Алданбайық, жолдастар,
Ақылдасып көр дейді.
Сынауым бөтен болмаса,
Өлмеген Барса тірі екен,
Есігінде қақпаның
Қарауыл қарап тұр екен.
Өлтірдім деп келгені
Қобыландының кім екен?
Сонда айтты жолдастар:
– Қобыланға қайтып баралық,
6700 Қарауыл қарап тұрғанын
Құлағына салалық.
Біз баратын жер емес,
Мақұл көрсе Қобыланды
Жолдас қылып алалық.
Қобыландыға бармасақ,
Жолдас қылып алмасқ,
Бізге қиын осы жау
Тірі тұрған Барсаны
Алыстан болжап аңдасақ,
6710 Кел, Қобыланға жетелік.
Тірі екенін Барсаның
Батырға баян етелік.
Құр тұрудан пайда жоқ,
243
Бұл арадан кетейік.
Осы көрген мəністі
Батырға баян етелік.
Қобыландыға егер бармасақ,
Қиындық болар, жолдастар.
Көтеріп тұр бір қолын
6720 Атаңа нəлет ер Барса,
Көзбенен байқап аңдап қал,
Оң қолында алмас бар.
Қарауыл салған күні екен,
Өлмегені шын екен,
Көтеріп қылыш тұр екен.
Батырсынып жүрсек те,
Бізге қиын сын екен.
Оған бару қиындық,
Сірə, бізге мін екен.
6730 Кел амандықта кетелік,
Қобыландыға жетелік,
Ішке кіршік сақтамай
Көргенді мəлім етелік.
Тірілігін Барсаның
Батырға айтып көрелік.
Басшы қылып Қобыланды
Қайта айналып келейік.
Қобыланды онда, біз мұнда,
Қобыланды қалып кейінде,
6740 Біз батырмыз демейік.
Алда қандай заман бар,
Бақыттан ерлер көрелік.
Мақұлдасып баршасы
Қобыландыға қайтып жөнелді.
Кеңшілікте жүргенде,
Бəрі батыр ер еді.
Шаһарға келген қырық ердің
244
Кейін қайтқан жері енді.
Алмастары белінде,
6750 Кигені сауыт беренгі.
Жатқан жері Қобыланның
Елсіздегі көл енді.
Қырық ерлер кем емес,
Айлалы батыр өнерлі.
Құр кеудеден қорқып,
Қайтқан жері сол еді.
Бедеу атпен желісті,
Көлге қайтып келісті.
Қартқожақ пен Нұрғожа
6760 Қоста қалған Қобыланға
Көргенін айтып берісті.
Қайтпас батыр ер Қобылан
Қырғаны жауды шын екен.
Жердің жүзі қызыл қан,
Судай қалқып тұр екен.
Дарбазаның аузында,
Атаңа нəлет ер Барса,
Көтеріп қылыш тұр екен.
Барса тұр аман елінде,
6770 Өлтіргенің кім екен?
Барса тірі тұрған соң,
Бізге бару сын екен,
Қырық еріңе мін екен.
Шын көзбенен көргенбіз,
Жақындап келіп төнгенбіз.
Қарауыл қарап тірі тұр,
Болжап көріп сенгенбіз.
Бізге бару жөн емес,
Қасыңдағы қырық жолдас
6780 Сенімен біздер тең емес.
Өзің бастап жүрмесең,
Баруымыз жөн емес.
245
– О, қырық жігіт, досым-ай,
Бітірген ісің осы ма-ай?
Жақсының ісі жария,
Жаманның ісі жасық-ай.
Құр кеудеден қорқып,
Келіпсің сендер қашып-ай,
Батыр емес, жасық-ай.
6790 Тірі тұр деп Барсаны
Келіпсің қорқып басын-ай.
Қорыққаннан аңдамай,
Келіпсің қате қапыл-ай.
Сендердей жаман жолдастан
Артық шығар, сірə да,
Елдегі қалған қатын-ай.
Дірілдеп қашып келіпсің,
Дарбазаның аузында
Барсаның кеуде, басынан.
6800 Атты күйлеп мінелік,
Сендерге олжа, мал керек,
Тезірек жауға жүрелік.
Не бар, не жоқ шаһарда,
Аралап байқап білелік.
Өзім-ақ бастап барайын,
Сендерменен бір жүріп,
Шаһарды аралап қарайын.
Алшағырдай досыма
Уəде еткен сөзім бар.
6810 Қалмақтың ері Барсаның
Басын алып барайын.
Басын алып бармасам,
Сын тағылар сөзіме,
Мін болады өзіме.
Уəдем, Қобылан, қайда деп,
Айтар досым көзіме.
Лайықпен барайын,
246
Шын досымның еліне, –
Деді де Қобылан шаттанды,
6820 Қырық жігіт жолдасы
Ер Барсаның еліне,
Тағы да ерлер аттанды.
Қобыланды бастап жөнелді,
Енді шаһарға келеді.
Ілулі тұрған Барсаның
Қасындағы қырық жігіт
Кеудесін өлген көреді.
Қасындағы қырық ердің
Осы ұялған жері еді.
6830 Азаматын шаһардың
Батыр Қобылан жияды.
Ортасында халықтың
Үгіт айтып тұрады.
Қол қусырып Қобыланға
Көп қалмақтың халқы
Қызмет етіп тұрады.
Үгіттейді халықты
Рұқсат елден алыпты.
Бұрынғы жатқан көліне,
6840 Батырлар қайта барыпты.
Алтын менен күмістен
Қасындағы қырық жолдас
Көтергенше алыпты.
Амалы бар ма, қалмақтар
Ырзалықпен көніпті.
Қырық батырдың керегін
Сұрағанда беріпті.
Алтын, күміс олжамен
Мекен еткен көліне
6850 Батырлар аман келіпті.
247
Əлқисса, Қобыланды батыр қырық жолдасын қасына
шақырып алып: «Елге қайтатын уақыт болды, енді тезірек
жетудің жабдығын істелік» – дейді.
Алшағырға Қобыланның
Уəде еткен сөзі еді.
Аман болсам алты айда,
Мен келермін деп еді.
Алшағырдай досыма
Уəде еткен серт еді.
Мен алты айда келмесем,
Заманым қайып деп еді.
Əлқисса, Алшағыр өзінің досы Қобыландыға берген уəдесі
бойынша Қарақыпшақ елін алты айға дейін бағады. Дəулетіне
қызықпайды. Батырдың тапсыруы бойынша елді қорғап отырады. Жеті ай өтеді, сегіз айдың жүзіне ауады. Қобыландыдан
да, Барсадан да хабар болмайды. Енді Алшағыр ойлайды:
«Қобыланды өлген екен, – дейді, – Барсаға барған адам келмеген соң, оның атын Барса келмес деп қойып еді. Бұл сапардан
Қобыланды аман қайтпайды. Осыншама кешігуіне қарағанда
Қобыланды өлген шығар, Барсаның қолынан қаза тапқан болар», – деп ойлайды.
ОсыойменАлшағырҚарақыпшақеліншабады. Тоқтарбайды
құл, Аналықты күң етеді. Қобыланның қарындасын отыз төре,
қырық бегінің тартқан шылымын өшіретін етіп қояды. Сұлу
Аққұртқаны өзі алмақ болады.
Ақылдасып ойласып,
6860 Отыз төре, қырық бегі
Бірге сырлас жолдасын,
Тілегі бірге қолдасын,
Хан шақыртып жияды,
Жолдастары келген соң,
Əңгімесін құрады.
248
«Не жөнменен шақырттың?» –
Деп төрелер сұрады.
– Əркімге де жолдастар
Ақылдас, сырлас, тең керек.
6870 Азамат басы құралып,
Ақыл табар ер кезек.
Уəдені байласып,
Бағдар менен жөн керек.
Қарақыпшақ елінен
Шыққан Қобылан ер еді,
Қайтпайтын қайсар сер еді,
Көрсеткен зəбірі көп еді.
Бүлік салған халқыма
Сол Қобыланның өзі еді.
6880 Біздің халық қалмақтың
Зəбірі көрген көп еді.
Дұшпан ерге бір кесел,
Душарласар деп еді,
Айламенен арбадым,
Қобыландыны алдадым.
Баршаңыз да білесіз,
Ер Барсаның еліне
Алдауменен барғанын.
Айтпаймын сөздің жалғанын.
6890 Ақылменен байқаймын,
Елінде Барса қалғанын.
Өздерің де білесің,
Алты айда қайтып келем деп,
Қысқа срок алғанын.
Алты ай деп кесті срокті,
Алты ай түгіл жыл өтті.
Жібергенге Барсаға
Тілеп едік тілекті.
Қорлығы естен қала ма,
249
6900 Халқымызды жүдетті,
Кеткеніне Қобыланның
Сегіз ай бүгін шын өтті.
Батырсынып желігіп,
Ерлігіне сенген-ді.
Дос деп маған алданып,
Айтқаныма көнген-ді.
Қобыланның күні өткен-ді,
Қалмақтың басы ер Барса
Мақсатына жеткен-ді.
6910 Барған адам қайтпаған
Барса батыр өктем-ді.
Қанша батыр болса да,
Барсакелмес берен ер
Қасықтап қанын төккен-ді.
Мақұл көрсең би мен бек
Отырмайық қарап тек.
Қобыланнан көрген қорлық көп,
Елін шауып Қобыланның
Енді алалық жаудан кек.
6920 Кел қыпшақты шабалық,
Шауып кекті алалық.
Сексеннен асқан əкесін
Қой соңына салалық.
Қобыланды келер деймісің,
Алпыстан асқан шешесі
Бұған да қорлық берелік.
Атаңа нəлет қыпшақтың
Құлатайық қаласын.
Жылатайық баласын,
6930 Тарттырайық сазасын.
Кеткеніне көп болды,
Жеткізген шығар хан Барса
Қобыландының қазасын.
250
Алшағырдың сөзіне
Аламан жұрты көніпті,
Ханға беріп ерікті,
Азаматы желікті.
Алшағырдың айтқан əмірін
Халқы жақсы тыңдады,
6940 Əмірін екі қылмады.
Құралды əскер шəрінде,
Сарбаздарын жинады.
Шабамыз деп қыпшақты
Қол көтеріп шулады.
Батырлары, ерлері,
Түрлі қару қолға алып,
Құралды əскер қыпшаққа
Шабуға шықты долданып.
Ашу тұтып шамданып,
6950 Əскерлер шықты арланып.
Ту көтеріп шабуға
Шыққан екен қамданып.
Күн шыққанда көп əскер
Түгел атқа міністі.
Қауып ететін адам жоқ,
Қуанысып жүрісті,
Бес қарудан ілісті.
Жарқылдатып қылышты
Жирен Қопа көліне
6960 Тоқтарбай қарттың еліне
Жаушылықпен жүрісті.
Ұлы сəске болмай-ақ,
Жүрген жерін шаңдатты.
Аталы дұшпан қалмақтар
Қыпшақты шауып алмақ-ты.
Келе елді қиратты,
Қатын менен баланы
Еңіретіп, зарлатты.
251
Қарсы тұрар адам жоқ,
6970 Қобыланның елін шабады.
Əне-міне дегенше,
Айпап-жайпап алады.
Қыпшақтың бар ма амалы,
Қалмақтан келген батырлар
«Көшің» деп үкім салады.
Қарақыпшақ ауылын
Көшіріп кетіп барады.
Аққұртқа мен Хансұлу
Жасырып қағаз жазады.
6980 Көрген қорлық баршасын
Ақ қағазға сызады.
Иесіз қалды көлің деп,
Бүлікке түсті елің деп,
Көрген қорлық баршасын
Жазған хатқа салады.
Жасырынып Аққұртқа
Терегіне барады,
Бұтағына таңады.
Амал бар ма қыпшақтар
6990 Қорыққаннан көніпті.
Алшағырдың əскерлер
Қыпшақты айдап келіпті.
Отыз төре, бегіне
Алшағыр ханның өзіне,
Шабылған елді беріпті.
Əскерлері сүлік-ті,
Алшағыр хан білікті.
Аналық пен Тоқтарбай
Жылағанын көргенде
7000 Алшағыр залым күліпті.
Тəртібін патша тағы етті,
Хансұлуға тағы да
252
Үкім салып көрсетті.
Баршасына қыпшақтың
Əмір салып, зар етті.
Кең дүниесін халықтың
Алшағыр хан тар етті.
Кетірді қыпшақ тынымын,
Қыпшаққа салып бүлігін.
7010 Тəртіп етті тағы да,
Хансұлу нашар балаға.
Отыз төре, қырық бегі
Сөндірсін деп шылымын,
Кетірді қыздан тынымды.
Қыпшақ жаннан түңілді,
Амалы бар ма халқының.
Кəріп болып дүниесі
Қыпшақтың елі бүлінді.
Хансұлу нашар жас бала,
7020 Ұйқы да жоқ, күлу жоқ,
Сөндіріп жүр шылымды.
Кеш болғанда Хансұлу
Сүрініп, шаршап құлады.
Қарындасы Қобыланның
Ардақтап баққан шырағы.
Сөнбей қалса бір шылым
Штраф деп сол қызға
Он шыбықтап ұрады.
Заманның қиын қараны,
7030 Көзінің жасы егіліп,
Омырауға ағады.
Сөнбей қалса шылымы,
Он шыбық айып салады.
Жас шыбықпен ұрғанда,
Бишара естен танады.
Қатты жүдеп қамығып,
Мезгіл-мезгіл талады.
253
«Сұлу Құртқа жарар» деп,
Сені сұлу бағам деп,
7040 Сенің көңлің табам деп,
Менен болма алаң деп,
Лайықсың маған деп,
Алшағыр хан мен едім,
Ару Құртқа сен едің,
Сірə маған тең едің,
Саған теңдік беремін.
Қосылуды сізбенен
Мен лайық көремін.
Шыдамайды жүрегім
7050 Сұлу Құртқа сен десе.
Көңілімді ақта, Аққұртқа,
Алшағыр маған тең десең.
Қатты қалар көңілім,
Айтқан сөзге көнбесең.
Қиын болар ханға да,
Ықылас көңілің бермесең.
Қуанышты замана
Көңілімдегі мүддемді
Сізге айтып қарадым.
7060 Қабыл көрсең мұнымды,
Құртқа, сені аламын.
Бұл сөзімді қош десең,
Төрелер мен бегіме
Келсін деп хабар саламын.
Қабыл көрсең мұнымды,
Айтқанмын шыным сырымды.
Білсең Құртқа мұңымды,
Ел шақыртып той етіп,
Қызық етер күнімді.
7070 Айтып болдым, Құртқажан,
Ғашықтық көңіл сырымды.
254
Қосылғанша мен қашан
Күйіп ішім қызынды.
Сəулетті, нұрлы сен едің,
Халықтың ханы мен едім.
Менімен Құртқа тең едің,
Ғашық болған патшамын,
Тез қосылсам деп едім.
Халықты жақсы бағуға,
7080 Төресі əділ хан керек.
Елге қорған болуға
Қайтпас батыр паң керек.
Біздей сұлтан патшаға
Сіздей ару жар керек.
Шыны жедел еткен соң,
Кім-кімге де ар керек.
Көңілдегі мүдде сөз,
Сырменен айттым барымды,
Кімдер əуес көрмейді,
7090 Сіздей сұлу ханымды.
Сені алғаным, Аққұртқа,
Көрік пенен сəнім-ді.
Ықыласым құлады
Төкпейсіз бе арымды?
Ару Құртқа сұлу жар,
Айтқан сөзді жадыңа ал.
Ғашық болып мен сізге
Басымнан кетті ықтияр.
Мені ұятқа қалдырма,
7100 Отыңа ғашық жандырма.
Қауышайық тезірек,
Ақылымнан тандырма.
Қатты ғашық зарпынан,
Қайғы отына жандырма.
255
– Бөтен емес, Алшағыр,
Айтқаныңның бəрі жөн.
Қабыл етем сөзіңді,
Заманы қатар, құрбы тең.
Патшасын өзің алдың кең.
7110 Көңілімдегі сөзімді
Макұл көрсең айтам мен.
Осы айтқан сөзімді,
Қабыл етсең айтам мен.
Бөтен емес Алшағыр
Болар мақсат, тілегің,
Патшам, сені сүйемін.
Егер Қобылан келмесе
Халық бастаған басшымсың,
Қатар көріп жүр едім.
7120 Алты ай болды кеткелі,
Ұзақ болмас срогім.
Алты ай күтіп тағы да,
Он екі айдың жүзінде,
Қобылан батыр келмесе,
Патшам, саған тиемін.
Көңіліммен сүйемін,
Тілеген сізден тілегім.
Егер Қобылан келмесе,
Өзімсініп жүр едім.
7130 Білікті дана төресің,
Айтқаныма көнесің,
Шын жауапқа сенесің.
Тілейтұғын шын тілек
Төрт ай срок бересің.
Төрт айдың соңынан
Өзіндік көр, Алшағыр,
Аққұртқаның денесін.
Төрт ай срок салғанын
Уəдемен айтпаймын,
256
7140 Сізге өтірік жалғанын.
Төрт ай берсең ұлықсат
Бітеді менің арманым.
Ойымдағы сөзімді
Құлағыңа салғаным.
Ері өлген əйелдің
Он екі айдың соңынан
Байға тиер срогі.
Байы өлген соң əйелдің
Қайғыда болар жүрегі.
7150 Сол себепті сұраған
Құртқаның сізден тілегі.
Алшағыр, сені сүйемін,
Патшам, саған тиемін.
Бұл тілекті бермесең,
Жанамын да, күйемін.
Мəулетті күнім біткен соң,
Не десең де Алшағыр,
Айтқаныңмен жүремін.
Мен де қалмақ қызымын,
7160 Тума бірге сүйегім.
Кем көрмеймін Қобыланнан
Қабыл етсең сөзімді.
Лайық деп ойлаймын,
Алшағыр менің теңімді.
Тек төрт-ақ ай мəулетім,
Төрт айым түгел біткен соң
Бағыштаймын, Алшағыр,
Тап өзіңе өзімді.
Алшағыр, білсең бұлымды,
7170 Тек төрт ай срогың
Көңілімде айтқан күнімді,
Енді төрт ай өткенше,
Сізге айтатын өтініш
257
Бөлек сал менің үйімді.
Срокты күнім біткенше
Ешбір еркек көрмеймін,
Ешкімге жауап бермеймін.
Сенен бөтен адамды
Қатар көріп сенбеймін.
7180 Қосылғанша сізбенен
Ешкімге көңілім бермеймін.
Бөлек салсаң сарайым,
Сүйгенім сізді тағайын.
Қыпшақтардың қызынан
Қасыма жолдас алайын.
Жауап бермей ешкімге,
Өзімді-өзім бағайын.
Қыздар болсын жолдасым,
Көңілі өсіп Аққұртқаң
7190 Қыздарменен ойнасын.
Осы айтқаным бəрі рас,
Уəдем екі болмасын.
Срокты күнім біткен соң
Мені алатын тойыңды,
Қыпшақ пен қалмақ тойласын.
Алшағыр, білдім бұлыңды,
Айттым сізге сырымды.
Тəрбиелеп бөлек бер,
Менің жатар үйімді.
7200 Уағдамды сізбенен
Берік байлап, жалғадым.
Көңілімдегі сөзімді
Жадыңызға салғаным.
Айтқан сөзге тұрсаңыз,
Тіпті жоқ менің арманым.
Мені алуға ойладың,
Лайық мені көрер деп,
258
Мен де ақылмен болжадым.
Көкіректе арманды
7210 Айтып сізге болғанмын.
Əрі жолдас, əрі дос,
Сіз панам едің қорғаным.
Тілекті берсең егер де,
Менің болып толғаным.
Төрт ай күнім өткен соң,
Срогыма жеткен соң,
Айтқаныңа көнемін,
Ықыласым беремін.
Арызымды қош көрсең,
7220 Ақылға асқан беренім.
Срокты күнім біткен соң,
Саған бағыш мен болып,
Қызығым көрсең деп едім.
Айтқаныма тұрайын,
Уəде еткен мен дағы,
Айтқан сөзді əбден күт,
Патша ерім сен дағы.
Болжаулы күн біткен соң,
Əуселемді көр тағы.
7230 Сөздің артын бағыңыз,
Айтқаныма наныңыз.
Сіз едің сүйген ханымыз.
Айтқан срок біткен соң,
Сонсын мені алыңыз.
Төрт ай болды срогың,
Сұраған менің срогым.
Төрт айдың күзінде,
Көңілімді қосып сені сүйемін,
Сізге, патша, тиемін.
7240 Бер жағында асығып,
Шошытпа менің жүрегім.
259
Берген уəдем сенікі,
Осылай болар келісі,
Тиюіме шарт еттім,
Жоқ уəденің кемісі.
Төрт айдың жүзінде,
Аққұртқа сұлу сенікі.
– Ей, Аққұртқа, Аққұртқа,
Шын уəде ететін,
7250 Байқадым, сұлу, түрің бар,
Ақыл мен сенде білім бар,
Айдан сұлу нұрың бар.
Алтынменен қаптаған
Жібектей шаш пен тұлым бар.
Өтініш еткен ханыңа,
Төрт ай срок күнің бар.
Қатты уəде байладым,
Мен сəндікке салдырған
Алтын орда үйім бар.
7260 Құрмет, сəндік халқыма
Асыл тастан салдырған
Алтын сырмен сырлатып,
Көздің жауын алдырған,
Манар шамын жандырған,
Исі қошты дəрі жақтырып,
Исі мейір қандырған.
Аяйтұғын нəрсем жоқ,
Сіз бір майысып тұрған балдырған.
Ғашық болған Құртқасың,
7270 Ішімді оттай жандырған.
Қосылғанша, Құртқажан,
Сіз ақылымнан тандырған.
Аямаймын барымды,
Үйіме қосып дүниеден
260
Барымды сізге бұлдаман.
Нақыштаған үйім бар,
Алтын сырмен сырлаған.
Бір уағда еткен соң,
Асығыс етіп қинаман.
7280 Хан басыма сын болар,
Уағдамда тұрмаған.
Үш қатар салған асыл үй,
Сізге Құртқа беремін.
Уағдаға сенемін,
Айтқаныңа көнемін.
Қасыңда жолдас қызбенен
Ойнап күл де, жата бер.
Не десең де, керегің
Əзірлеп бəрін беремін.
7290 Ақыл, ойға сіз терең,
Керегің даяр сұрасаң,
Сұрағаның беремін.
Қызмет етіп тұруға
Құлдар менен күң берем.
Əуелінде сұрадың,
Қарақыпшақ елінен
Нешеу керек, қыз берем.
Мұнара салған биік үй,
Құртқа сұлу, сенікі.
7300 Ақырында шын досым,
Уəдең сенің менікі.
Бағудың болмас кемісі,
Алтын үйдің ішінде
Əзірлеулі алдыңнан
Неше түрлі жемісі.
Құртқа сұлу, сенікі,
Дүниемнің кеңісі.
Құрбы құрбы бола ма,
261
Айтқан сырын сақтамай.
7310 Адамда шаттық бола ма,
Жақсы бағып баптамай.
Құртқа, сені сыйладым,
Арызың жерге тастамай.
Түрлі рахат түр бердім,
Керегіңді шын бердім.
Асыл тастан салдырған,
Тəрбие сəнді үй бердім.
Уəде етіп маған да,
Ажар беріп, түр бердің.
7320 Құртқа, маған риза бол,
Төрт ай мəулет күн бердім.
Сонда Құртқа сөйлейді:
– Құрмет еттің маған деп,
Қатты ризамын саған деп.
Енді жоқ менде алаң деп,
Құрмет етсең, Алшағыр,
Енді үйіңе барам деп.
Ойнап-күліп жатуға
Ермек болар маған деп.
7330 Қыпшақтардың қызынан
Таңдаулы қызды алам деп.
Уəде еттім сізбенен
Алшағыр досым жаран деп.
Уəде сізбен өткен соң,
Болды сөзім тамам деп.
– Барам десең, Аққұртқа,
Билерге хабар салайын,
Бектерді жиып алайын.
Құрмет етіп мен сізге,
7340 Көңіліңді табайын.
Тəрбиеңменен, сəнменен,
Сізді жақсы бағайын.
262
Сəнді үйдің ішіне
Жібектен кілем салдырып,
Баршадан көрпе жайдырып,
Иіс майлап орданы,
Мейіріңді қандырып,
Алтын шашақ шамдалды.
Ішіне үйдің жандырып,
7350 Əрбір тəтті дəм беріп,
Сары балға қандырып,
Рахат болсын көргенің.
Сенің үшін тəрк етіп,
Қазыналық мүліктен
Керегіңді бергенім.
Сенің үшін, Аққұртқа,
Айтқаныңды əзірлеп,
Сый-құрметке көмгенім.
Уəде етіп қоштасып,
7360 Қол алысып, достасып,
Сүйісіп беттен құшақтасып,
Сөзге сөзі ұштасып.
Уəзір менен билерге
Алшағыр хан барады.
Уəде еткен бұл сөзін
Баяндап, сөйлеп қарады.
Жолдастары қоштанып,
Бəрі қабыл алады.
Əдемі үйдің ішіне
7370 Жібек кілем жайдырды,
Мақпалдан көрпе салдырды.
Мəулімнен жастық салдырып,
Неше түрлі асылды
Үйге жайып салдырды.
Көрген жанды тəрбие
Таң-тамаша қалдырды.
263
Бейне жұмақ секілді,
Нақыштаған үйі бар.
Үйдің ішін қарасаң,
7380 Жарқыраған сары алтын,
Алтын заңдас түрі бар.
Тəрбиемен жайнатқан,
Неше түрлі гүлі бар.
Керектің бəрі жайнап тұр,
Алшағыр бəрін сайлап тұр.
Бақша ішінде бұлбұл құс
Неше түрлі сайрап тұр.
Құрмет үшін келтірген
Қалмақтың сұлу қыздары
7390 Неше түрлі ойнап тұр.
Əнші, өлеңші, жыршысы
Ішінде гүлдің толғап тұр.
Сəнді, сұлу қыз келді,
Ойынның сəнін келтірген
Көрікті, сұлу ұл келді.
Есігін қорғап, бағуға
Жиырма төрт құл келді.
Құртқаға тəрбие етуге
Тап он екі күң берді.
7400 Керегінің баршасын
Даярлап патша пұл берді.
Айтқанынша Құртқаның
Керегін даяр үлгерді.
Құртқаның жатар үйіне
Көрік берді, түр берді,
Құртқаға хабар жіберді:
– Уəдеге келсін деп,
Тəрбиелі үйін көрсін деп,
Қыпшақтардың қызынан
7410 Өзіне керек сəндісі
264
Артында кейін қалмасын.
Аққұртқам мұнымды аңдасын,
Сұлу қыздар қалмасын.
Тоқтарбайдың жалғыз қыз –
Қансұлуды алмасын.
Ертсін қыздың өңгесін,
Құрметті, сұлу Құртқажан
Тастамасын теңдесін.
Қыпшақтардың қыздары
7420 Басы қылсын Құртқадай
Қадірлес қатар жеңгесін.
Тоқтарбайдың Қансұлу
Қасына еріп келмесін.
Құртқа досым жаран деп,
Сəлем айттым саған деп,
Не десең де сөзіңді,
Аққұртқа, қабыл алам деп.
Өтінбеңіз, Құртқа, сен
Қайын сіңлің Қансұлу
7430 Жолдастыққа алам деп.
Амалсыз Құртқа тұрады,
Тұрады да жылады.
Қансұлудай шырақты
Ерітпесін біледі.
Сырласы да, жолдасы,
Ақылдасы, шырағы
Көңілі суып тынады.
Сыр білдірмей қалмаққа,
Үй ішіне қоштасып,
7440 Өп-өтірік күлімдеп,
Ажарланып шығады.
Қызмет қылған Қансұлу
Қайғылы еді бұрын да.
Сұрайын десе амал жоқ,
265
Сөндіріп жүр дамылсыз
Күні-түні шылымды.
Ақылды Құртқа айлалы,
Ажарланып, жайнады,
Жүрегі қорқып таймады,
7450 Саспай ақыл ойлады.
Қыздан алып жолдасты
Барарын біліп, болжады.
Асыл киім киінді,
Дестелеп шашын түюлі,
Кететінін білулі.
Төрт ай рұқсат алған соң
Қуанышпенен күлулі.
Қыпшақтың қызы қасында,
Алшағырдың үйіне
7460 Сұлу Құртқа жүрулі.
Ырғала басып, теңселіп,
Үйі ішіне кірулі.
Үй алдында көп қалмақ
Қыз Құртқаны көруге,
Таң қалысып тұрулы.
Алтынменен қаптаған,
Жібектей шаш бұрымды.
Үй ішіне көз салса,
Тəрбиесі жайнап тұр.
7470 Бір жағында бақшасы,
Бұлбұл, тоты сайрап тұр.
Қалмақтың сұлу қыздары
Тап алдында ойнап тұр.
Əншісі мен сəншісі,
Жыршылары толғап тұр.
Есік алдын құл бағып,
Бөтен жанды кіргізбей,
Қатты бағып қорғап тұр.
266
Жолдас қызы қасында,
7480 Айдан ару Құртқаға
Осындай құрмет қылады.
Тəрбиенің ішінде
Бағында Құртқа тұрады.
Ойын, күлкі кемі жоқ,
Қызметі Алшағыр
Көңілінен шығады.
Алшағырдың баққаны
Аққұртқаға жағады,
Құртқаның ойын табады.
7490 Күнде қызық, мереке
Сұлудың көрген заманы.
Төрт ай еді алғаны,
Алыс емес жақында
Сол төрт айдың аяғы.
Мерекенің ішінде,
Тек осы тапқан амалы.
Ойында Құртқа қалады,
Ақылға асқан кең еді,
Төрт айдың ішінде,
7500 Шын тілегім мақсатқа
Бір жетермін деп еді.
Кеңінен ойлап Құртқаның
Пұрсат алған себебі.
Ойын-күлкі ішінде,
Құртқаның қалған жері еді.
Əлқисса, Алшағыр хан Қарақыпшақ елін шауып, Тоқтарбайды қой соңына, Аналықты тезекке, жүн түтуге, Қансұлуды
отыз төре, қырық бегінің тартқан шылымын сөндіруге қояды.
Құртқаны енді төрт айдан кейін алмақ болып, оны басқа бір
жайда бөлек тəрбиелейді, қыпшаққа қатты қысым көрсетеді.
СұлуҚұртқа өзімен бірге қыпшақтың тəуір қыздарынҚобланды
келгенше қорғап бағайын деген мақсатпен қасына жолдас етіп
267
алады. Күн осылай өте береді. Санаулы күн бітпейді, күн сайын
Алшағырдың қара қыпшақ еліне көрсеткен зəбірі ұлғая түседі.
Ендігі сөзді Қобыланды батырдан есітіңіз.
Қобыланды батыр хан Барсаның елін өзіне қаратып, еліне
қайтуға бет алады. Барсаның еліне бастық сайлап кетеді.
Халыққа кетерінде жақсы, тату тұрыңдар деп үгіт айтады.
Қобыланды ертең елге жүремін деген түні түс көреді:
Ұйықтап жатып түс көрді,
Сол күні көрген түсінде
Құлазып жатқан жер көрді.
Ылайланған көл көрді,
7510 Шаңы шыққан бел көрді.
Қайғылы болған шер көрді.
Жаман түсті көрді енді,
Иесіз қалған секілді
Қоныс еткен жерлері.
Еңіреулі көрінді,
Қарақыпшақ елдері.
Құлазып жатыр елінің
Биік, жалас белдері.
Сол түн көрген түсінде
7520 Еңсесі биік боз орда
Еңсеріліп құлап тұр.
Халықты көріп жылаған,
Жылқысын көрді түсінде
Əркім мініп бұлаған.
Еңсесі биік боз орда
Еңсеріліп құлап тұр.
Халықты көрді жылаған,
Жылқысын көрді түсінде
Əркім мініп байлаған.
7530 Еңсесі биік боз орда
Еңкейе барып құлаған.
Лайытып жатыр көлдері,
268
Шаңы ұшып жатыр жерлері.
Құлазып жатыр Қобыланның
Байтақ жер, жалас белдері.
Осы көрген түсінде,
Қиындық болды көргені.
Еңіреген зар көрді,
Халқының күнін тар көрді.
7540 Қарақыпшақ елінде,
Жирен Қопа көлінде,
Қалың жауған қар көрді.
Шауып алған қыпшақты
Сансыз əскер жау көрді.
Сол күні көрген түсінде
Қыпшақтың соры қайнап жүр.
Тоқтарбайдай əкесі,
Қу таяғы қолында,
Мың сарықты айдап жүр.
7550 Қайғыға іші қайнап жүр,
Мұңын айтып толғап жүр.
Былтыр кеткен Қобыланды
Келер ме деп ойлап жүр.
Ажары кетіп жүдеген,
Қасірет шалға орнап жүр.
Ақ таяқты қолға алып,
Мың сарығын бағып жүр.
Жиынға басы қалып жүр,
Қайғы отына жанып жүр.
7560 Тор етінен айрылып,
Тек сүйегі қалып жүр.
Қиындық шалдың басында,
Өлмей тірі неғып жүр?
Алпысқа келген Аналық,
Қорлығын айтып қаралық.
Тоқтарбай тұрсын сонымен,
Аналыққа баралық.
269
Алшағырдың көңілінде
Аяйын деп ойламас,
7570 Көкірегі қаралық.
Екі қабы иінде,
Дамылсыз тезек тереді.
Термесіне амал жоқ,
Бақташы жүр соңында.
Қартайған байғұс отырса,
Аяқпенен тебеді,
Осындай қорлық көреді.
Атаңа нəлет Алшағыр
Мейірімсіз неме еді.
7580 Кешке келсе үйіне
Арқан есіп, жүн тұт деп,
Қолына жұмыс береді.
Күндіз тезек тергізіп,
Қатты қорлық беріп жүр.
Термеске тезек амал жоқ,
Соқпалары қолында,
Екі шал азап беріп жүр.
Арқан есіп, жүн түтіп,
Өлуіне таянып,
7590 Ажал жақын төніп жүр.
Түсінде көрді білімді,
Таң мезгілі уақытта
Қобыландыға білінді.
Ардақтаған Қансұлу
Қалың жаудың ішінде
Сөндіріп жүр шылымды.
Түстен қорқып түңілді,
Қайтам деген Қобыланға
Бұл ишарат білінді.
7600 Аққұртқадай алғаны,
Жайлап төсек салғаны,
Бұл жырдың жоқ жалғаны.
270
Қобыланды қашан келер деп,
Көңілде мүдде, арманы.
Сол түні көрген түсінде,
Аққұртқа сұлу зарлады.
Зарлағанда дауысы
Ұйықтап жатқан Қобыланның
Құлағына барғаны.
7610 Ұйқыдан шошып оянып:
– Қартқожақ! – деп ақырды,
– Нұрғожа! – деп шақырды.
Шақырды қырық батырды.
Сескеніп түстен сасулы,
Қобыланның көңілі жасулы,
Батырдың өңі қашулы.
– Нұрғожа мен Қартқожақ,
Бүгінгі көрген түсімде,
Түсінде Қобылан қысылды,
7620 Қатты көрдім қысымды.
Алтын Қобылан мен едім,
Шығармаса игі еді,
Елімді шауып мысымды.
Көргенім шайтан болмаса,
Қобыланды жаудан өлді деп,
Берді-ау елге қысымды.
Құртқа тіккен боз ордам,
Құлауыңқы көрінді.
Қансұлудай қарағым
7630 Жылауыңқы көрінді.
Жылқыдағы жүйрігім,
Бұлауыңқы көрінді.
Жирен Қопа көлдерін
Балшығы шығып, сор басып,
Лайыңқы көрінді.
Бұл не болар, қырық жігіт,
271
Құлауыңқы қаламыз,
Еңіреулі ата-анамыз.
Қыпшақ деген елімде,
7640 Жылайды шулап баламыз.
Ойға салып қараңыз,
Осы көрген қиын түс
Қалайша деп табамыз.
Халқыма зəбір беріп жүр,
Түсім шайтан болмаса,
Қыпшақ қорлық көріп жүр.
Көп сарықтың соңында,
Əкем сорлы еріп жүр.
Алпыстан асқан Аналық,
7650 Екі қабы иығында,
Сорлы тезек теріп жүр.
Бейшара болған кемпір-шал
Балам қашан келер деп,
Ыстық жасын төгіп жүр.
Бұл не болар, қырық жігіт,
Қансұлудай қарағым
Жау қоршалап қамап жүр,
Зар еңіретіп сабап жүр.
Қаншадай менің халқымды
7660 Кілең иттер талап жүр.
Жамандықтан қорыңдар,
Жақсылыққа жорыңдар.
Жамандық болса егер де,
Маңдайда қалың сорым бар.
Бұл не болар, қырық жігіт,
Мен түс көрдім қиядан.
Аққұртқа менің алғаным
Ақ мұнара басында,
Ер Қобылан деп жылаған.
7670 Мен түстің түрін байқасам,
Қалмаққа елім шабылып,
272
Ақылы көп Аққұртқа
Қалмақтан пұрсат сұраған.
Елімді шауып ұрғанды,
Қас масқара қылғанды.
Мəулет алып Аққұртқа
Басын бағып тұрған-ды.
Қартқожа батыр айтады:
– Нұрғожа қосшым – сен, – дейді,
7680 Қартқожақ басшың – мен, – дейді.
Қобыланның көрген бұл түсін,
Нұрқожам, жорып бер, – дейді.
Жақсылыққа жорыңыз,
Жамандықтан қорыңыз.
Түс түлкінің боғы еді,
Жақсылық айту жол, – дейді.
Елін Барса шапқан соң,
Сапарымыз оң, – дейді.
Нұрқожа сонда жырлайды,
7690 Қарт екеңнің айтқанын
Көңілін салып тыңдайды.
Тілегі бір бəрінің,
Тату досы ыңғайлы.
– Түсіңді айттың сен, – дейді,
Жоримын түсті мен дейді.
Түске жасыр болар ма,
Сіз секілді ер дейді.
Жақсылыққа жоримын,
Қобыланды, тыңдап көр дейді.
7700 Бүгін көрген түсіңде,
Еңсесі биік боз ордаң
Құлауыңқы көрінсе,
Сен кеткелі көп болды,
Бұрынғыдай келетін
273
Қатар, құрбы адам жоқ.
Қарақыпшақ елінде
Бұрынғы дəуір заман жоқ.
Еңсеріліп тұрғанда,
Құрметтейтін ешкім жоқ,
7710 Үйге келген мейманды.
Батыр Қобылан ерімсің,
Бұл түсің соған көрінсін.
Қайғылы болса елдерің,
Қарақыпшақ халқымның
Қысым болса көргенің
Таршылықпен зарығып,
Сағынған шығар елдерің.
Қобыланды атты ерімсің,
Бұл түсің соған көрінсін.
7720 Еңсесі биік боз ордаң
Құлауыңқы көрінсе,
Жылқыдағы жүйрігің
Бұлауыңқы көрінсе,
Кеткеніңе көп болды,
Көптен сізден шет болды.
Кемпір, шалдың көңілі
Сағынғаннан өрт болды,
Сағыныш қайғы дерт болды.
Қорғайтұғын сен кетіп,
7730 Қайғыңмен халқың мерт болды.
Қобыланды атты ерімсің,
Бұл түсің соған көрінсін.
Жылқы жатқан Жирен көл
Лайыңқы көрінсе,
Жылқыдағы жүйрігің
Бұлауыңқы көрінсе,
Жасы жеткен кемпір, шал
Жылауыңқы көрінсе.
Жылқышы жылқы баққан-ды,
274
7740 Күннің ыстық күнінде,
Көлге айдап жапқан-ды.
Шөлдеп жылқы су ішіп,
Қайсысы аунап жылқының
Көлге түсіп жатқан-ды.
Қобыланды атты ерімсің,
Бұл түсім соған көрінсін.
Атаңа нəлет Алшағыр,
Тура жорып берейін,
Халыққа бүлік салған-ды,
7750 Біз кеткелі көп болды,
Алты ай срок біткен соң,
Алдап жүрген Алшағыр
Қыпшақты шауып алған-ды.
Еркіндегі халықтың
Қайғыға басын салған-ды.
Еңсесі биік боз орда
Құлауыңқы көрінсе,
Боз орданы құлатып,
Білгенін елге қылған-ды.
7760 Қыпшақ деген халықты
Шауып алып ұрған-ды.
Ойлаған кекті Алшағыр
Қас масқара қылған-ды.
Жаратпадым бұл түсті,
Қобыланды, көрдің бұл істі.
Біз кеткен соң Алшағыр,
Салған екен бүлікті.
Жаратпадым түсіңді,
Қайғылы халқың күйікті,
7770 Құлазып жатса жеріңіз
Лайланса көліңіз,
Шабылған қыпшақ еліңіз.
Шапқан соң иесіз қалған-ды,
275
Жылқы жайған беліңіз.
Қайғыланба, Қобыланды,
Қалмаққа кетер деймісің.
Көрген зəбір, кегіңіз.
Сабыр ет, батыр, өзіңіз,
Сексеннен асқан Тоқтарбай
7780 Жасы жеткен бабаңыз,
Ақ таяғын қолға алса,
Қой соңында сорлы шал
Жалғызым деп зарланса,
Елін қалмақ шапқаны.
Қу таяқты қолға алып,
Əкең сарық баққаны.
Өзіміз аман қайтқан соң,
Уайым етіп саспалы.
Бұл арадан аман-сау
7790 Жатырмыз елге қайтқалы.
Өз еркінде болған соң,
Қаны қара Алшағыр
Мақсатына жеткені.
Кемпір менен шалыңа
Қатты қысым еткені,
Қорлығы жаудың өткені.
Қатты қысым тəртіппен,
Тезек теріп, жүн түтіп,
Бейнет шығар шеккені.
7800 Бұл қорлыққа шыдамай
Көзінің жасын төккені.
Бір жыл болды, Қобыланды,
Біз халықтан кеткелі.
Шулап қыпшақ жыласа,
Қайрылмай кеткен халқыңа,
Қыпшағың сізге өкпелі.
Қол жеткенге əл жеткен,
Халқыңа жаудың өктемі.
276
Қобыланды атты ерімсің,
7810 Бұл түсің соған көрінсін.
Қансұлудай баланы
Жетпіс қалмақ қамаса,
Он шыбық ұрып сабаса,
Қалмақ биік, көп халық,
Қыпшақ жаудан аласа.
Өзің сына, шырағым,
Қобыланды батыр мұнымды.
Қансұлудай баланың
Өсірдің сипап тұлымын.
7820 Көрген түсің шын болса,
Қарақыпшақ бүлінді.
Қобыланды жаудан өлді деп,
Ата менен анаңыз
Құртқа менен Қансұлу
Отыз төре, қырық бегі
Сөндірген болар шылымын.
Сөнбей қалса бір шылым,
Шыбық соғып айыпқа,
Алған шығар тынымын.
7830 Осы түстен сынаймын,
Жаудың салған бүлігін.
Отыз төре, қырық бегі
Қансұлуды қамаған.
Алтын тарақ қолында,
Жібектей шашын тараған.
Салтанатты Қансұлу,
Алған болар бұл қалмақ
Зəбірін көрген баладан.
Түсіңнің түрі тым жаман,
7840 Дəлеліменен нашарға
Айыптап шыбық сабаған.
Қобыланды атты ерімсің,
277
Түс жорыған жерімсің.
Ауызға толы сөзімсің,
Кегің кетер деймісің,
Кек алатын өзіңсің.
Қисық жауды түзетер,
Жауға құрған тезімсің.
Қобыланды атты ерімсің,
7850 Бұл түсің соған көрінсін.
Қыз жолдасы қасында,
Қобыланды арнап түс көрсең
Аққұртқадай асылға.
Алғаным деп жыласа,
Алтын сырлы орданы,
Ақ мұнара басынан,
Ойлап амал тапқан-ды.
Ұлықсат алып патшадан,
Өзін таза баққан-ды.
7860 Қыпшақтың қызы жолдасы
Досым аман келер деп,
Сауықпенен жатқан-ды.
Келеріңді білген-ді,
Ишарат көріп түйген-ді.
Кеткеніңе көп болды,
Сағынып Құртқа жүрген-ді.
Ару Құртқа айлалы,
Амал, тəсіл сайлады.
Көрген түстен меңзеймін,
7870 Төрт айға деп қалмақтан
Алдап рұқсат алған-ды.
Жорудың жоқ жалғаны,
Ақылы артық Аққұртқаң
Алшағырды арбады,
Амалға ақыл жалғады.
Сен келгенше Құртқаның
278
Көңілінде көп арманы.
Ақылды Құртқа ойлады,
Көрген түстен сынасам,
7880 Өзі түгіл Құртқажан
Қыпшақтың қызын қорғады.
Өзің аман қайтқан соң,
Қосылар күнің болғаны.
Халқыңның болмас арманы,
Жорудың жоқ жалғаны.
Қысым беріп халқыңа,
Ханның тəртіп салғаны.
Қобыланды, өзің ойлап көр,
Жорудың бар ма жалғаны.
7890 Жорып бердім түсіңді,
Енді жолдан қалмалы.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– Жоруыңның бəрі жөн,
Мінейін атқа енді мен.
Қасымдағы қырық жолдас,
Шыны достым, құрбы тең.
Бір тəуекел етейін,
Артым тар да, алдым кең.
Аттарыңды күйлеп бақ,
7900 Жаратып аттың күйін тап,
Осы көлде бес күн жат.
Күйлендіріп тұлпарың,
Жолдастар болсын көңілі шат.
Тайбурыл күйінде
Арықтады-ай торы ат.
Қолтығында қос қанат,
Орта жолда болдырып,
Торыға келер жаман ат.
Тəуекел етіп жүрейін,
7910 Екі атпен өзім саламат.
279
Ал, жолдастар, жүрейін,
Бек сауытым киейін.
Тас кесетін алмасты
Балдағынан ілейін.
Аман жүріп, сау барсам,
Жаушылық қылса хан досым,
Осы бойда-ақ тілейін.
Бек сауыт киіп белсенген,
Жау көргенде еңсеген.
7920 Ақылың болса айтыңдар,
Қобыланың сасып теңселген.
Сүйдеді де Қобыланды:
– Достарым, аман бол, – деді,
Болсын сапар оң дейді.
Қайырлы болсын жол деді.
Болмасын жауға қор деді.
Дұшпандық қылса Алшағыр,
Өзіне құрған тор деді.
Тайбурылға бөктеріп,
7930 Азығын артып алады.
Қырық жігіт те сол жерде
Қош айтысып қалады.
Ат сыншысы ер Қармыс
Қырық аттың жақсылап,
Кешікпей күйін табады,
Күндіз-түні шабады.
Тайбурыл атты жетектеп,
Батыр туған ер Қобылан
Тобығы меңді торымен
7940 Жалғыз кетіп барады.
Ұйықтайтұғын ер емес,
Ұйықтауы ердің жөн емес.
Қос тұлпардың екпіні
Ұшқан құстан кем емес.
280
Қос тұлпармен сырлатып,
Қобыланды шауып жөнелді,
Шабысты тұлпар перенді,
Жалықпайтын ер енді.
Ұйқы келіп қалғыса,
7950 Айғайлап айтты өлеңді,
Батыр еді өнерлі.
Тұлпарменен күні-түн
Шаршамастан жорытты,
Күні бес күн болыпты.
Намаздыгер шамаға
Күн шамасы толыпты.
Шабуымен тыным жоқ,
Арқытаған торы аттың
Болдырар күні болыпты.
7960 Борбайында қоңы жоқ,
Мойынында жалы жоқ.
Енді шабар əлі жоқ,
Жүруге аттың халі жоқ.
Қалта қарап тұрады,
Ашуланып Қобыланды
Қамшыменен ұрады.
Бауырдан аққан қара қан
Төрт тұяғын жуады.
Ұрғаны қатты Қобыланның
7970 Жануар торы ат құлады.
Тұлпар деп сені нетейін,
Торы ат басың кесейін.
Енді қалған жеріме,
Қарақыпшақ еліме
Тайбурылмен жетейін.
Осы жерде Аққұртқаның: «Торының бір жасы кем, сол бір
жерлерге келгенде сені ашуландырар, бірақ осымен басын
кесіп тастап жүрме» деген сөзі есіне түсіп, ұсынған қылышын
қынабына қайта салады.
281
Ағытып айыл қарады,
Бауырының терісі
Айылмен кетіп барады.
Ағытқанда тарпасын
7980 Төс терісі торының
Айылмен кетіп барады.
Құйысқанын ағытты,
Сауырының терісі
Құйысқанмен барады.
Өмілдірік ағытса,
Омыраудың терісі
Өмілдірікпен барады.
Сағалдырық алады,
Сағағының терісі
7990 Бірге кетіп барады.
Сыпырып жүген алады,
Тұла бойы қызыл қан
Жануардан ағады.
Қызыл жолақ ат болды,
Шыбын қуып барады,
Қалың сона талады.
Бір балшық көл табады,
Аунап жатып қалады.
Сонадан қалың жануар,
8000 Торы ат тыным табады.
Үсті-басы көк балшық,
Кеш салқыны түскен соң,
Оттауға кетіп барады.
Қабағы қатқан Қобыланды ер,
Үш күн ұйықтап қалыпты.
Күні-түні алты күн,
Ат тыңайып қалыпты.
Мойынына жал бітіп,
Борбайына қоң бітіп,
8010 Оңалғаны анық-ты.
282
Жауыр жерге ақ жарғақ
Тері бітіп қалыпты.
Тайбурылдың қасына
Тобығы меңді торыша
Оқыранып барыпты.
Күйіне түскен қос тұлпар
Қобыланды ерді айналып,
Екі ат ойын салыпты.
Құлындай ойнап жануар
8020 Екі тұлпар қағысты.
Дүбірінің күшімен
Ұйықтап жатқан Қобыланды
Көтеріп басын алыпты.
Ұйқысынан оянып,
Қос тұлпарға барады,
Үстіне тоқым салады.
Ерді ерттеп, тұлпардың
Үстіне мініп алады.
Торышаның үстіне
8030 Қоржын жүгін таңады.
Торы тұлпар жетекте,
Тайбурыл мен Қобыланды
Енді жүріп барады.
Күйіне үскен жануар
Құлаштап бауырын жазады.
Тимеді жерге аяғы,
Қазандай жатқан қара тас
Екпінімен тұяқтың
Басып кетсе жарады.
8040 Шапқан сайын ашылды,
Үстінен аққан қара тер
Тау суындай шашылды.
Екі көзі жарқылдап,
Ауыздығын басулы.
283
Ырғып, жұлқып жөнелді,
Тайбурыл мен торша ат
Шын шабуға ашынды.
Қобыландының қонысы
Тайбурыл мен торыға
8050 Алыс та болса жақын-ды.
Созылғанда жануар
Құйындай шаңы шашылды.
Қос тұлпармен жолданған,
Өткір найза қолға алған,
Торы тұлпар тыңайып,
Ер сапарын оңғарған.
Елін аман бір көрсе,
Тарқар еді арманнан.
Қалың қыпшақ тұтқында
8060 Ағайынды зарлаған.
Күндіз-түні шабуыл,
Дамыл алмай жүреді.
Тұман басқан бір күні
Қараңғы түнек түн еді.
Ел шамасы жетерге
Жақындаған күн еді.
Бір жерлерге келгенде,
Екі тұлпар тұрады.
Ашуланып Қобыланды
8070 Қамшыменен ұрады.
Дыбыстанып адамдай,
Екі ат бірдей жылады.
Шу деп еді жүрмеді,
Не болғанын білмеді.
Түсе қалып атынан,
Қос тұлпарды сүйреді.
Тұяғын жерге ұрады,
Өз-өзінен жығылды,
284
Екеуі де құлады.
8080 Адамдай-ақ дыбыстап,
Екеуі бірдей жылады.
Сипалап жерді қарады,
Қолмен білді Қобыланды
Құлап жатқан қаланы.
Тағы қайта сипаса,
Алтын қазық табады.
Алтын қазық табылды,
Жібектен арқан тағулы.
Мынау нешік болды деп,
8090 Қобыланды таң қалады.
Таң ата тұман ашылып,
Жан-жаққа көзін салулы.
Жирен қопа көлдерін,
Елсіз қалған жерлерін,
Қобыланды байқап танулы.
Өзіне қоныс келгенде,
Екі тұлпар таныған,
Аққұртқадай сұлудың
Елік сүтін берген жер.
8100 Сусынына бал беріп,
Əрбір түрлі дəм беріп,
Баласындай көрген жер.
Ардақтап тұлпар баққан жер,
Үстіне жұмсақ тисін деп,
Мақпалдан жабу жапқан жер.
Мойнына қатты тиер деп,
Жібектен арқан таққан жер.
Қобылан мен атты тең көрген,
Рахатты кең көрген,
8110 Баққан тұлпар жер екен,
Жирен қопа көлі екен.
Бұзылған тоғай, иесіз көл,
Шабылған қыпшақ елі екен.
285
Иесіз қалған көл көрді,
Құлазып қалған жер көрді.
Қыр басында қара жоқ,
Қу дала, иесіз бел көрді.
Шабылғанын елдің білген соң,
Хансұлу, Құртқа арудың
8120 Терегін іздеп тез келді.
Бұтаққа таңған қағазды
Қобыланды батыр көрді енді.
Қағазды жұлып алыпты,
Хатқа көзін салыпты.
Көрген тарлық баршасын
Сұлу Құртқа жазыпты.
Хатындағы сөзіне
Қобыланды оқып қаныпты.
Хатын оқып біледі,
8130 Шыдамады жүрегі.
Осы жауға шабуға
Қызғындады сүйегі.
Халқы көрген қорлыққа
Ашуланып күйеді.
Құртқаның берген жай бұлтын
Қоржынынан алады.
Жай бұлтын енді жаяды,
Бұлт қаптап барады.
Бірге туған Қансұлу,
8140 Қорлықта жүрген қарағы
Бұлтқа көзін салады.
Бұлты деп көкемнің,
Езу тартып Қансұлу,
Қуаныш етіп қалады.
Не себепті күлдің деп,
Отыз төре, қырық бегі
Ортасына қамады,
286
Қыздан жауап алады.
«Не нəрсені білдің» деп,
8150 «Қансұлу, неге күлдің» деп,
«Нені байқап түйдің» деп,
Қарсылық деп күлгенің
Шыбық ұрып сабады.
Жылаған қыздың дауысы
Аналық пен Сарбаптың
Құлағына барады.
Кемпірлер де жылайды,
Көзінің жасын бұлайды.
Жылаған соң Қансұлу,
8160 Анасы қайтып шыдайды.
Екі кемпір жыласа,
Қыпшақтар жылап шулапты.
Тап сол күні батты күн,
Алшағырдың Ақсары
Ұйықтап жатып түс көрді,
Түсінде көрді төрт бөрі:
Қабағы қалың қас бөрі,
Шолақ құйрық ақ бөрі,
Азуы шыққан жас бөрі,
8170 Салаң құйрық көк бөрі.
Ел шетіне келді ғой,
Есебі жоқ көп қойға
Келе қырғын берді ғой.
Ойда жатқан отыз қой,
Ойды шауып жойды ғой.
Қырда тұрған қырық қой,
Қына қырғын берді ғой.
Қой ішінде бес қошқар,
Бес қошқардың ішінде
8180 Шығыршық мүйіз көк қошқар,
Таңнан тартып жойды ғой,
287
Шикі майға тойды ғой.
Алты бірдей ақ қозы,
Алтауы да жас қозы,
Жас сырбазды жеді ғой,
Тісіне жұмсақ тиді ғой.
Қой ішінде көп саулық,
Көп саулықтың ішінде
Ең көсемі көк саулық
8190 Қарынынан жарды ғой.
– Ақсары атты бəйбішең
Осы түсті көрген соң
Ақылынан танды ғой.
Патшам, есім ауды ғой,
Осы түстің бəрі рас,
Төбеден жасыл жауды ғой.
Сонда Алшағыр сөйлейді:
– Қобыланды келер деймісің,
Уайым айтқан нең, – дейді.
8200 Атаң əйел, нашарсың,
Ақылың сенің кем, – дейді.
Өлгеніне Қобыланның
Осы биыл жыл толды,
Өлгені Қобылан шын болды.
Хан Барсаның елінде
Сүйегі Қобылан күл болды.
Лайықты Аққұртқа
Алатын күнім таянды.
Күндестікпен айтқасын
8210 Ниетің сенің арам-ды.
Ақсары сонда сөйлейді:
– Ей, бейшара Алшағыр,
Сөзіме құлақ сал, Шағыр.
Айтқаныма нан, Шағыр.
Көрген түстің бəрі рас,
288
Ертең тарлық бар, Шағыр.
Қобыланды сізге келмесін,
Шаһарыңды сырттан көрмесін.
Ер Қобыланның білгенмін
8220 Хан Барсадан өлмесін.
Бұзған шығар Барсаның
Берік салған ордасын.
Қуаныш шығар көңілі,
Ер Барсаны жойған соң.
Көргенім бекер болмаса,
Жау кеңсеңе төніп тұр.
Ақсары атты бəйбішең
Түспен көріп, біліп тұр.
Жолда жатқан сансыз қой
8230 Көп қалмағың болмасын.
Ойда тұрған отыз қой
Отыз төрең болмасын.
Қырда тұрған қырық қой
Қырық бегің болмасын.
Бəрін қырып, жоймасын,
Бегілеріңді соймасын,
Ерлердің көзін оймасын.
Қобылан келмей тұрғанда,
Неге өлмедім сор басым.
8240 Қой ішінде бес қошқар
Бес тумаңыз болмасын.
Шығыршық мүйіз көк қошқар
Тап өзіңіз болмасын.
Қой ішінде көп саулық
Қой бастаған көк саулық,
Біз пақырың болмасын.
Алтауын қырып-жоймасын,
Жас сырбазға тоймасын.
Түстің түрі тым жаман,
8250 Бұл айтқаным болмасын.
289
Қорқынышпен айтамын,
Бұл жоруым болмасын.
Ұйқы қанып, тынығып,
Тыңайып əбден алады.
Құртқа сұлу көрсін деп,
Жай бұлтын тағы жаяды.
Қобыланды жайған жай бұлт
Жайлап қаптап барады.
Құртқа бұлтын көрген соң,
8260 Келген екен ерім деп,
Ақыл ойлап қарады.
Сұлу Құртқа ақылды,
Ойлауы ақыл мақұл-ды.
Күзетшінің тəуірін
Бері кел деп шақырды.
Келгенін Қобылан білген соң
Құртқажан қайта ашылды.
Қолына қалам алады,
Алшағырға қағаз жазады.
8270 «Алшағыр досым сен едің,
Сұлу Құртқа мен едім,
Қадірлес қатар тең едің.
Əр уақытта тілеген
Тілек берсең, Алшағыр,
Саяға шығып қыдырып,
Көтеріп көңіл келемін.
Тілекті қабыл көріңіз,
Бір тілегім беріңіз.
Көптен бері сəнді үйден
8280 Саяға шығып жүрмедім.
Тəрбиемен жатырмын,
Қасымда жолдас қыздарым,
Самалға шығып күлмедім.
Не бар, не жоқ кеңдікте,
290
Еш нəрсені білмедім.
Арызымды тыңдасаң,
Кең дүниені көрейін.
Ермек қылып жолдаспен
Даладан тезек терейін.
8290 Көп айналмай, кешікпей,
Тезірек қайтып келейін».
Хан айтты: «Ару Құртқа, сендім, – деді,
Сөзіңе не десең де көндім, – деді.
Қасыңа күң мен құлдан жолдас ертіп,
Ұлықсат саған, Құртқа, бердім», – деді.
Алшағыр ғашық көңілі сеніп қалды,
Ұлықсат Аққұртқаға беріп салды.
Құртқаны өзімсінген Алшағыр хан
Көңілі жан Құртқаға еріп қалды.
8300 Өзімсінген Құртқаға
Көңілі ханның шыдамай,
Көңіліндегі мақсатын
Аққұртқаның қылады-ай.
Ойлаған Құртқа көңілінен
Алшағыр хан шығады-ай.
Қапияда ой тапқан
Ақылды Құртқа шырақ-ай.
Алшағыр хан батырға
Арызын айтқан жер еді.
8310 Құртқаның айтқан сөзіне
Көңілім сенді деп еді.
Өзімсініп Құртқаны,
Не десе де көнеді.
Жеті қыз қосшы береді,
Алты күң мен алты құл
Бақташыға ереді.
Қапқа салып тезекті,
Ермек қылып тереді.
291
Ұлы сəске болмай-ақ,
8320 Құртқа тозаң көреді.
Алыстан шыққан бұл тозаң,
Қобыландының өзі еді.
Тозаңды болжап сынап тұр,
Сұлу Құртқа жылап тұр,
Көзінің жасын бұлап тұр.
Қобыланнан шыққан тозаңдар,
Келгенінше қасына
Амалсыздан шыдап тұр.
Алыстан шыққан тозаңың,
8330 Тозаңға көзім саламын.
Ашылар деп ойлаймын
Жабылыңқы қабағым.
Түзелер деп ойлаймын
Қайғылы болған заманым.
Жай бұлтын көрген соң,
Ойлап едім келер деп,
Қобыланды досым, қарағым.
Қарағым менің келгенше,
Сағынғаннан жарадым.
8340 Қобыланды, сені сағындым,
Сағынғанмен не қылдым.
Сен кеткен соң еліңнен
Қайғы отына жағылдым.
Амалым бар ма қайтейін,
Амалсыз жауға бағындым.
Бұрынғы кеңдік күнімнен
Бұл заманда тарылдым.
Қысымда тұрған күнімде,
Жан досым Қобылан, табылдың.
8350 Сөзін айтып болғанша,
Қос тұлпармен желіпті,
292
Желігіп Қобылан келіпті,
Дидарларын көріпті.
Қайғыда жүрген Аққұртқа
Көзінің жасын еңіреп,
Өксіп, жылап төгіпті:
– Сен кеткен соң, жан досым,
Заманның көрдім қаранын.
Алшағырдай досыңның
8360 Айтып едім арамын.
Тарылтқан жоқ па халқыңның
Көрген теңдік заманын.
Тілін алмай сен кеттің,
Ата менен ананың.
Қабартып кеттің көңілін
Бірге туған Еркежан,
Шырағың нашар баланың.
Дүниең терең тар болды,
Сексеннен асқан қарт атаң
8370 Қойды бағып құл болды.
Алпысқа келген анаңыз
Тезек теріп, жүн түтіп,
Арқан есіп, күң болды.
Қыпшақ деген халқыңа
Қиыншылық түр болды.
Қайғысыз елде адам жоқ,
Еліңе қатты кір болды.
Ағайының көп қыпшақ
Кең заманға мұң болды.
8380 Қасымдағы қыз баллар,
Қыпшақтың қызы жолдасы,
Ақылдың сырлас ойласы,
Заманы қатар бойласы,
Қобыланды көзі көрген соң
Қыз пақырлар жылайды.
Қуанып тұр көңілі,
293
Ажарланған шырайлы.
Азаматын халқының
«Бар ма?» деп Қобылан сұрайды.
8390 Атаңа нəлет Алшағыр
Қайтарған ердің назарын,
Қайырған халықтың қажарын.
Құртқа айтты Қобыланға
Естіп көрген хабарын.
Кемітті деп халқыңның
Бұрынғы қызық базарын.
Құлдар менен күңдерді
Бермен кел деп Қобыланды
Шақырып қасқа алады,
8400 Қасына жақын барады.
Бейшаралар зар жылап,
Көзден жасы ағады.
Біреуің шашау шықпа деп,
Қалың ағаш ішіне
Құл мен күңді қамады.
Тайбурыл тұлпарға
Қобыланды мініп алады.
Қыздар менен Аққұртқа
Сол арада қалады.
8410 Күңдер менен құлдарды,
Торы атты Құртқа бағады.
Оқыранып торша ат,
Құртқаны танып жануар
Екі бетін жалады.
Қойда жүрген атасын,
Тезектегі анасын
Ер Қобылан іздеп барады.
Тезек терген Аналық
Қуанышты түс көрген,
294
8420 Түсінде сұңқар құс көрген,
Қуанышты іс көрген,
Шаһарға жақын құс төнген.
Қырқадан қырқа қараған,
Қырық шалғысын тараған.
Аналықтың түсінде
Сан жетпейтін көп əскер
Қалмақтың шаһарын ораған.
Білікті кемпір озаған,
Кетпейтін түсі жобадан.
8430 Тезек терген бейшара,
Кетпейтін көзі даладан.
Тозаң көрді, шаң көрді,
Қобыланым болар бұл шаң деп,
Шаңға қарап жүгірді.
Сасқалақтап, қуанып,
Етегіне сүрінді.
Маңдайдан аққан қара тер
Қойынынан құйылды.
Қобыланды көрді анасын,
8440 Анасы көрді баласын.
Аттан түсіп жүргізіп,
Құрмет етті анасын.
Қуанғаннан шығарды
Кемпір кепкен мамасын.
Тұла бойы шымырлап,
Емшегі иіп ағады.
– Жалғызым, келдің сен деді,
Қайғы көрген Аналық,
Сенің анаң мен деді.
8450 Сен кеткен соң шырағым,
Көрген күнім кем деді.
Тұла бойым еріді,
Тас емшегім иіді,
295
Шырағым Қобылан, ем, деді.
– Аналықтай анам-ай,
Өтінем, анам, саған-ай.
Ауыр болар ақ сүтің,
Ем деме, анам, маған-ай.
Көрген зəбір баршасын,
8460 Шешесі айтып тұрады.
Жай, мəністі Қобыланды
Анасынан сұрады.
Көрген қорлық баршасын
Айтып баян қылады.
Халқының қиыр шетінен
Қабақтың күнгей бетінен,
Мың сарық сақтап шығады.
Мың сарықты көреді,
Көрген соң айтқан сөзі еді:
8470 – Сексеннен асқан қарт атам,
Ақсақал қайда? – деп еді.
– Атаң киген шарық деп,
Қорлығы көрген анық деп,
Беткейден шыққан осы қой,
Атаң баққан сарық деп.
Сен кеткелі бейшара
Еш көрген жоқ жарық деп.
Қойды баққан қарт атаң
Тоқтарбай атты кəріп деп.
8480 – Қорлықтың көрген талайын,
Қарт атама барайын.
Дидарласып көрісіп,
Əкемнің қолын алайын.
Сəлем беріп бабамның
Енді көңілін табайын.
Ақылы қашқан ақымақты
Сонан соң барып шабайын.
296
Деп қойға қарап жолданды,
Ашу тұтып долданды.
8490 Дидарын қарттың көруге
Батыр Қобылан ойланды.
Тоқтарбай да баласын
Анадайдан көрді енді.
Жалғызынан айрылған
Қайғыменен шерленді.
Тайбурылы астында,
Жақындап Қобылан келді енді.
Анадайдан аталап,
Қартқа сəлем берді енді.
8500 Қу таяғы қолында,
Беті-аузын шаң басқан,
Көзден аққан жасынан
Қарттың бетін қан басқан.
Өзі кəрі, қайғылы,
Ақылынан алжасқан.
Сексеннен жасы асқанда,
Қой бақтырып зарлатқан.
Көрген қорлық есепсіз
Кекті дұшпан қалмақтан.
8510 Бурылдан түсе қалады,
Аталап қолын алады,
Қобыландыға қарады.
Танымады бейшара,
Қобыланды қайтып танысын,
Алшағыр берген қорлықтан
Ақылынан ауады.
– Тоқтарбай əкем сен деді,
Жалғызыңмын мен деді.
Танымаған нең дейді,
8520 Тоқтарбай жылап еңіреді.
Кеткелі Қобылан көп болды,
297
Келуден Қобылан шет болды.
Қобылан деп атын атасам,
Ішім толы дерт болды,
Көкірегім өрт болды.
Барса қалмақ жауынан,
Шырағым Қобылан мерт болды,
Қобылан деген бұл сөзің,
Өкпемнен өткен оқ болды.
8530 Қайдан болсын Қобыланды,
Барса келмес жауында,
Шырағым менің жоқ болды.
Жеткен екен Аналық
Бүкең-бүкең жүгіріп,
Буыны кетіп бұтаға
Сүрінгенде жығылып.
Қуанғаннан жөнінен
Кемпірдің жаны қыдырып,
Қобыландыны көрген соң,
8540 Тұрмаған байғұс кідіріп.
Көтеріліп, тыңайып,
Келген екен сыдырып.
– О, Тоқтарбай, Тоқтарбай,
Қамауда қыпшақ халық тұр.
Аққұртқадай шырақты
Алшағыр хан бағып тұр.
Қансұлудай қалқамның
Зауалға басы қалып тұр.
Қобылан келді, Тоқтарбай,
8550 Жаның шықпай неғып тұр?
– Қой, Аналық, Аналық,
Құлыным Қобылан келген жоқ,
Қобыланды көзім көрген жоқ.
Қобылан келсе егер де
Қайта жасар Тоқтарбай
Бұл қартыңа өлмек жоқ.
298
Танымаған бұл қарттың
Анығын кемпір сынады.
Сасып тұрған Қобыланнан
8560 Белгіңді бер деп сұрады.
Ортасында жауырынның
Алақандай меңі бар.
Арқасын Қобылан ашқан соң
Қарт қуанып тынады.
Баласын енді таныды,
Қуанғаннан бейшара
Естен ауып құлады.
Суық бұлақ суымен
Қобыланды мен Аналық
8570 Шалдың үстін жуады.
Ет салқындап, ес кіріп,
Жатқан жерден тұрады.
Қобыландыны көрген соң
Аналық пен Тоқтарбай
Біткен жері мұрады.
Кемпір менен шалынан
Ұлықсат деп сұрады.
Ұлықсат берді Қобыланға
Атасы мен анасы.
8580 Тайбурылдай тұлпарға
Мінгенге ұқсайды шамасы.
Алыс емес қасында,
Алшағырдың қаласы.
Қалаға жақын төнеді,
Ер жақындап келеді.
Қарындасы Қансұлу
Сөндіріп жүр шылымды.
Сөнбей қалып бір шылым
Отыз төре, қырық бегі
8590 Шыбық соққан жер еді.
299
Шырылдап, жылап қыз бақыр
Өксіп жасын төгеді.
Шырылдаған дауысы
Жақындаған Қобыланның
Құлағына келеді.
Бурылға қамшы басады,
Даусын танып шырақтың,
Отыз төре, қырық бектің
Ордасына шабады.
8600 Қылышты қанға малады,
Келе ойран салады.
Əне-міне дегенше-ақ,
Бəрінің басын қағады.
Əбігер болып қалмақтар
Алшағырға барады.
Қобыланды келді дегенде,
Қалмақтың ханы Алшағыр
Өзін-өзі жарады.
Көше аралап барады,
8610 Кездескенін қалмақтың
Қылышпенен шабады.
Алшағырмен бір туған
Бес інісін табады.
Қарсыласар адам жоқ,
Бұлардың басын қағады.
Ақсарыдай сұлуды
Қанжарменен жарады.
Бұлар тапты қазаны,
Алты бірдей ақ қозы,
8620 Алтауы да жас қозы,
Алты ұлы еді патшаның,
Оған да берді қазаны.
Қалмақтардың талайы
Жеткен күні ажалы.
Əйелдер менен жас бала
Тек солар аман қалады.
300
Қапаста жүрген қыпшақтар
Кеңдік көрген жер еді.
Қорлықтағы халқының
8630 Теңдік көрген жері еді.
Қыпшақтың көрген тарлығы
Қараңғы түнек түн еді.
Қалмақтардың қыпшаққа
Берген қорлық шын еді.
Күңдік пенен құлдықта
Күн өткізіп жүр еді.
Мойнынан бұғау түсірмей,
Жоқ еді кескен срогі.
Қабыл болған бейшара,
8640 Бұл қыпшақтың тілегі.
Қобыланды батыр келмесе,
Жаудан қорғап алатын
Бұл қыпшақты кім еді?
Қатты көрген қорлықтан
Зар еңіреп жүр еді.
Қабыл болып көз жасы,
Қараңғылық түн кетті,
Қыпшақтан қайғы шын кетті.
Жарқырап жарық таң атып,
8650 Халқына тегіс нұр жетті.
Қобыланды есен келген соң
Мұратқа елі шын жетті.
Халқыңа түгел мал бітіп,
Ажарсыз бетке қан бітіп,
Тəрбиеменен сəн бітіп,
Естен ауған халқына
Ақыл мен ой һəм бітіп,
Ел қалыпқа келеді.
Қайғылы болған қыпшақтар,
8660 Мақсатқа жеттік деп еді.
Халық үшін ар-арлап,
301
Барса келмес, Алшағыр,
Жауын шапты деп еді.
Мақсатқа елін жеткізіп,
Ерегіскен дұшпанын
Тамам қылған жері еді.
Əлқисса, Қобыланды батыр егескен жауын алады. Айнала
торлаған көп қалмақты, жаулықпен қазақ елінің жерін басып
алған жауларды өзінің жеріне көшірмек болады. Қобыланды
осы ойға алғанын істейді. Сөйтіп, əрбір жерге өзінше ат қояды.
Қобыландының ат қоюы:
Алған жауы көп еді,
Алмаған дауы жоқ еді.
Жолдастары қасында,
8670 Талай жерді кезеді.
Алалайды анда алып,
Бұлалайды мұнда алып.
Хан, бектерді өлтіріп,
Бостырды жауды деп еді.
Алшағыр ханды өлтіріп,
Қашырып жауды жойған деп,
Талайын бітеу сойған деп,
Көздерін жаудың ойған деп.
Қыпшақ келіп қонған деп,
8680 Ойып қоныс алған жер,
«Ойыл» аты болсын деп,
Мұны қойған Қобыланды ер.
Тұлпарменен желген жер,
Жерді кезген Қобыланды ер,
Ұйқысы келіп түн қатып,
Тұлпарға жем берген жер.
Ұйқысынан оянып,
Маңын байқап көрген жер.
302
Теңізге құйған ұлы су,
8690 «Жем» болсын деп су аты,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Орғып атқа мінген жер,
Қару-қапшық ілген жер.
Аң қаққандай Қобыланды,
Қалмақты іздеп жүрген жер.
Аттың басын бұрған жер,
Ат тізгінін жиған жер.
Қарашоқы басынан
Қарауыл қарап тұрған жер.
8700 Қара адырдан жау көріп,
Атқа қамшы ұрған жер.
«Қарауыл келді» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Көз алысқа жеткен жер,
Қайтпайтын терең өктемдер.
Алыс жерден сағыздай
Созылып жауға жеткен жер.
Жауды əлек еткен жер,
Мұны да Қобылан қойған жер.
8710 Жау іңірде қашқан жер,
Ымырт татып асқан жер.
Қырылғаны қырылып,
Тірісі жаудың сасқан жер.
Елең-алаң таңертең
Ербең-елес еткен жер.
Қашып кеткен көп жауды
Тура қуып жеткен жер.
«Ебейті» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
303
8720 Қасындағы қырық ноғай,
Шаттанып демін алған жер.
Тыным алып Қобыланды,
Аты көде шалған жер.
«Ноғайлы» аты болсын деп,
Мұны да қойған Қобыланды ер.
Қалмақтардың тірісі,
Жаны қорқып қашқан жер.
Тітіреп жаудың сасқан жер,
Жауды қайғы басқан жер.
8730 Құтылдым деп Қобыланнан
Аяғында Ойылдың,
Тыным алып жатқанда,
Қан жылатып шапқан жер.
Тамағына тай сойып,
Қобыланды ер асқан жер.
Бір жолаушы тап болып,
Сансыз жатқан көп жаудың
Хабарын келіп айтқан жер.
Ет пісуге шыдамай,
8740 Бауыр менен бүйрек жеп,
Қолына найза алады,
Беліне қылыш салады.
Ат үстінде Қобыланды
Айналып тұра қалады.
Жолдастарым, барайын,
Барып жауға шабайын.
Шабыттанып тұрғанда,
Қылышпен басын қағайын.
Бүгіннен қалмай келемін,
8750 Алуым жауды тағайын.
Қобыланды бара шабады,
Есепсіз жауды алады.
Бірқатары құтылып,
304
Жаулар босып барады.
Аман келіп жолдасқа
Сөйлейді сонда Қобыланды ер,
Жаудан қайтпас батыр, сер.
Қасындағы ерлерге,
Жердің атын қоям дер.
8760 Мұның аты «Тайсойған»,
Қазаннан жедім бүйректі.
Қобылан атты жан досың,
Қобыланды досың зерек-ті.
Қашып кеткен қалмақты,
Найзамен досың түйрепті.
Талайларын қылышпен
Қабырғасын күйретті.
Қалған етке тояды,
Қобыланды жауды жояды.
8770 «Тайсойған» мен «Бүйректі»
Мұның аты болсын деп,
Қобыланды батыр қояды.
Орта жолды аралап,
Бар ма деп жауды шамалап,
Тірі кеткен жаулардың
Басын бағып паналап,
Өздері тыным алуға,
Атты азырақ бағуға,
Батырлар қайтты ауылға,
8780 Елге келді дамылға.
Тыныққанша тұлпарлар
Елде тыным алуға.
Ойыл судың бойында
Ауылына келеді.
Күні-түні он төрт күн,
Тыным алды деп еді,
Тоқтарбайдың Қобыланы
305
Атын баққан жер еді.
Он төрт күні өткен соң,
8790 Тағы да атқа мінеді,
Сауыттарын киеді,
Садақтарын іледі.
Ала көбен жаулар көп,
Жауларды іздеп жүреді.
Жау сағынып желікті,
Он төрт күн жатып зерікті.
Түнде жүріп келеді,
Тамақ асқан сансыз қол
Көп қалмақты көріпті.
8800 Қасындағы жолдастар,
Түнде-ақ жауға баралық,
Осы түнде шабалық.
Таң атуға қарамай,
Бірқатарын алалық.
Суға жүзген үйректей
Қылаңдаған немені
Кəзір басын қағалық.
Жалсыз атқа жал бітіп,
Қоңсыз атқа қоң бітіп,
8810 Беттеріне қан бітіп,
Жедел ойлап, ар күтіп,
Жайған аты семірді,
Аттары ойнап елірді.
Батырлар да желденіп,
Атқа мініп көрінді.
Қасымдағы қырық жігіт,
Көп болды шықтық ауылдан.
Уақыт өтті бірталай,
Талай жаулар шабылған.
8820 Əлі естіген хабар жоқ,
Қарақыпшақ ауылдан.
Біле алмадық еш хабар
Кемпір менен шалымнан.
306
Қансұлудай тумамды,
Көрдім қатты сағынған.
Енді елге жөнейік,
Амандықты білейік.
Ала көбең аласа ат,
Кешікпей жауға жүрелік,
8830 Үлкенге сəлем берейік.
Біз кеткелі көп болды,
Сағынған елді көрелік.
Көп жатамыз демелік,
Менің айтқан бұл сөзім
Қырық жолдасым жол шығар.
Жауға аттансақ, батырлар,
Сапарымыз оң шығар.
Сайланып атқа мінген соң,
Қалмақ деген қалың жау,
8840 Алдымыздан қол шығар.
Лайықты əркімнің
Басына қонған бағы бар.
Бүліншілік заманда,
Іздесе жау табылар.
Жата бермей, жолдастар,
Енді жүрсек не қылар.
Күйімен аттың жүрелік,
Кел, жабдықтап атқа мінелік.
Қамданып сауыт киелік,
8850 Бес қаруды ілелік.
Аттануға ат қойып,
Кел, жігіттер, жүрелік.
Табылар бізге талай жау,
Айналамыз солай жау.
Тор сауыт киген талай жау,
Бізге алуға оңай жау.
Мінерге баптап тұлпарға
Өкпе, бауыр, жал керек.
Алысқа шабар əл керек,
307
8860 Ықпалды ерге ар керек.
Қайтпайтын жаудан шын батыл,
Жүрекке біткен зəр керек.
Батыр батыр болар ма,
Тыныққан соң серікпей.
Тұлпары тұлпар болар ма,
Топ көргенде желікпей.
Елде жату не керек,
Жау сағынып серікпей.
Елдің жолы ашылмас,
8870 Тұлпар мініп желіспей.
Талай жауға аттандық,
Қайттық аман беріспей.
Жердің жүзін кезелік,
Алыстан іздеп өрістей.
Қаруды сайлап жөнделдік,
Алмасты қайрап өңделдік.
Ер қаруы – бес қару,
Баршасын баптап өңделік.
Тағы жүру бастайық,
8880 Тас кесетін алмасты,
Суырып əбден таптайық,
Жаңартып қылыш саптайық.
Жау іздейтін əдетті,
Батырлар, енді бастайық.
Сүйдеді де Қобыланды ер
Шақыртып алды ерлерін.
Жасы кіші іні мен
Құрбы, қатар теңдерін.
Шақыртып алды тағы да
8890 Елдің кедей-кемдерін.
Жақындатып алды тағы да
Ақсақалды шалдарын,
Жиды Қобылан бар жанын.
Көңіліндегі мүдə сөз
Айтайын деп арманын.
308
Жиылып халқы келген соң
Бəрін көзі көрген соң,
Қобыланнан естіп сөз көрсін.
Көңіліндегі мүддесін
8900 Айтпай неге өзгерсін.
– О, қыпшақтар, қыпшақтар,
Ерлерің алар найзасын,
Буады белге алмасын.
Көңілді жігіт бар болса,
Бұл сапар бізден қалмасын.
Қарақыпшақ халқымның
Кетемін айтып пайдасын.
Жүрем деген жігіттер
Мінер атын сайласын.
8910 Жасы жеткен кəріңіз,
Осы тұрған бəріңіз,
Тілектес болып қалыңыз.
Елде кедей, пақырды
Халың барың бағыңыз.
Ел ішінде кем болса,
Назарыңды салыңыз.
Қамданыңыз жігіттер,
Мезгілсіз шықпас жаныңыз.
Қарақыпшақ елінен
8920 Сексен жігіт аттанды,
Жүреміз деп шаттанды,
Мінер аты бапталды.
Жолдас алып қыпшақтан
Қобылан ерді басқарды.
Жігіттікті Нұрғожа,
Қартқожа батыр бастаулы.
Ерлер атқа мініскен,
Қару, сайман іліскен.
Қырық жігіттің үстіне
309
8930 Сексен жолдас біріккен.
Тұңғыш жауға аттанған,
Қуанып жастар күліскен.
Күрлеп ерлер жүріскен.
Ойылдан бермен жағалап,
Жау іздеп Қобылан аралап,
Қарауыл қарап паналап,
Биік-биік жерлермен,
Қарауыл қарап шамалап,
Жүйрік атын зулатты,
8940 Бір жерлерде күн батты,
Қараңғылық түн басты.
Тұра қалып Қобыланды
Дыбысты байқап тыңдапты.
Бекініп жатқан жау екен,
Сақылдасып күлісіп,
Ойнасып қалмақ шулапты.
Құлаққа дауыс келеді,
Қасындағы жолдасқа
Батырдың айтқан сөзі еді:
8950 – Дауысты естіп желдендім,
Түнде жауға кез келдім.
Осы түнде-ақ шабуға
Шабайын деп тербендім.
Сендерге ақыл салайын,
Ертеңге несін қарайын.
Жау сағынған Қобыланым,
Осы түнде-ақ шабайын.
Сүйдеді де қамданды,
Суырып алмас қолға алды,
8960 Шабуға Қобылан оңдалды.
– Сендер мұнда қалыңдар,
Өзіңді-өзің бағыңдар.
Осы түнде-ақ шабамын,
Жалықпай шабар шағым бар.
310
Қалай тоқтап тұрамын,
Батыр деген даңым бар.
Атыңменен өзіңді
Жолдастарым, бағыңдар.
Түнде жауға кіреді,
8970 Аңсыз тұрған қалмақты
Үріккен қойдай сүреді.
Қараңғылық ішінде
Найзаменен іледі.
Талайдың бітті срогі,
Қобыланға қарсы келетін,
Қалмақтан тайлас кім еді?
Түн ішінде-ақ қырады,
Жауды əлек қылады.
Ағытқан қойдай шулатып,
8980 Бөріктіріп қуады.
Түнде-ақ əлек етеді,
Қараңғыға талайы
Амалдап қашып кетеді.
Жасырынып тірісі
Түнделетіп кешеді.
Қайратты туған Қобыланды ер
Түнде шауып қалмаққа,
Талайларын жойған жер.
«Қара қобда» болсын деп,
8990 Мұны да Қобылан қойған жер.
Сан жетпейтін қалмақтың
Тірісі қашып кеткен жер,
Амалдап қашып көшкен жер.
Сан жетпейтін қалмаққа,
Сарғайып таң атқанда,
Артынан қуып жеткен жер.
«Сары Қобда» болсын деп,
Мұны да қойған Қобылан ер.
Қойдай жауды қуған жер,
311
9000 Бүлгін салып қырған жер.
Бөлек таудың басында,
Қарауыл қарап тұрған жер.
Кеудесі тақыр қыр екен,
«Тасқаралы» болсын деп,
Мұны да қойған Қобылан ер.
Сапарым жүрген оңсын деп,
Дұшпанның көңілі солсын деп.
Қайырлы жүріс болсын деп,
Ағып жатқан ұлы өзен,
9010 «Ұлы Қобда» болсын деп,
Жүрегі қайтпас Қобылан ер
Осылай деп атын қойған жер.
Сонан төмен асқан жер,
Көп қалмақтың сасқан жер.
Қашқан жауды есітіп,
Айбатты туған ер Қобылан
Атқа қамшы басқан жер.
Күздің қатқақ күнінде
Берік тоң боп қатқан жер.
9020 Арбалары дүңгірлеп,
Шулап қалмақ асқан жер.
Қуып жетіп артынан,
Садақпенен атқан жер,
Жаудың қирап жатқан жер.
«Дүңгірлекті» болсын деп,
Мұны да қойған Қобылан ер.
Жауды қағып барған жер,
Талма-тал түс болғанда,
Балалар ойын салған жер.
9030 «Бала Қобда» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Бейпіл жатқан көп жауға
Тағы Қобылан барған жер,
312
Барып бүлгін салған жер,
Ұрысқан жауын алған жер.
Жердің жүзін қызыл қан,
Кілкітіп қаптап алған жер.
«Қарағанды» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
9040 Беркіндегі көп жаудың
Қобыландыны естіп көшкен жер.
Шыңғырлатып арбасын,
Сансыз қалмақ жеккен жер.
Тоқтарбайдың Қобыланы
Артынан қуып жеткен жер.
Қайтпайтұғын өктемді ер,
Қырып жауды өткерді ер.
«Шыңғырлау» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
9050 Ойнап жүріп балалар,
Мың ешкіні жиған жер.
Суға қарап қуған жер,
Кесекпен қамап ұрған жер.
Қара суға тоғытып,
Шығар жері тар болып,
Айналасы жар болып,
Көп ешкіні қырған жер.
«Ешкі қырған» болсын деп,
Мұны да қойған Қобыланды ер.
9060 Көп қалмақтың көшкен жер,
Тұмандатып өткен жер,
Жауды əлек еткен жер.
«Тұманшы» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Қару-қапшық заты сай,
Күйлеген тұлпар аты сай,
313
Асығыссыз жүрдік-ай,
Қалмақтың бұ да қонысы
Жайғастырып жауларды,
9070 Қобыланды батыр етті жай.
Жайластырып жойған жер,
Қалмақты қойдай сойған жер.
Ойлағаны болған жер,
«Жақсыбай» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Еңкілдеп жаудың кеткен жер,
Атының жалы желпілдеп,
Қобыланды қуып жеткен жер.
Жек, дуадақ қонысы
9080 Шиен шыққан көктем жер.
«Жекенді» аты болсын деп,
Қобылан қойып өткен жер.
Қаршығадай шүйлігіп,
Қара обаға барған жер,
Жауды көзі шалған жер.
Барған жауын алған жер.
«Қаратөбе» болсын деп,
Мұны да қойған Қобылан ер.
Қалмақтың босып көшкен жер,
9090 Жау іздеген Қобыланды ер,
Артынан қуып жеткен жер.
Тауысып, шауып өткерді ер.
Жауды қырып қоштанып,
Өлең айтып өткен жер.
«Өлеңді» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Атқа шідер салған жер,
Қобыланды дамыл алған жер.
314
Қонып сол күн кеш болып,
9100 Ұйқысы ердің қанған жер.
«Шідерті» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Таң сарғайып атқан жер,
Қалмақтың тулап қашқан жер,
Бұлдырап белден асқан жер.
Артынан жетіп Қобыланды
Бұлдыратып шанышқан жер.
«Бұлдырты» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
9110 Қараңғыда келген жер,
Айдын көлді көрген жер,
Атына жем берген жер.
«Қаракөл» аты болсын деп,
Қобылан атақ берген жер.
Күннің ыссы күнінде,
Көлдің суын ішкен жер.
Жауды көріп қуанып,
Соңына жаудың түскен жер.
Қалмақтар баудай түскен жер.
9120 «Қарабау» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Ат құйрығы бұлаңдап,
Алыс жерде жүрген жер,
Қару-қапшық ілген жер.
Ойда жатқан қалмаққа
Ойсыратып тиген жер,
Сансыз жаудың бүлген жер.
Қасындағы жолдасы
Қызығына күлген жер.
9130 Бұлаулай салып, жау шауып,
315
«Бұлау» деп атын қойған жер.
Мұны да қойған Қобылан ер.
Жер жүзін Қобылан кезген жер,
Өзіне-өзі сенген жер.
Жауды көрсе шүйіліп,
Бүркіт құсша төнген жер.
Тобығы меңді торы атты
Ит пен құстан қызғанып,
Шоқы тауға көмген жер.
9140 Тобығы меңді торының
Жамандатып өлген жер.
«Торы ат басы» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Ерлердің артық данасы,
Артықша Қобылан ағасы,
Халықтың қорған панасы.
«Ешкі қырған» сағасы,
«Ұлы Қобда» жағасы,
Адамнан жоқ жаласы,
9150 Тоқсанға жасы келгенде,
Судан болды жаласы,
Қартайып жетті қазасы.
Діңкиіп тұрған Қара оба
Тоқтарбай қарттың баласы –
Ер Қобыланның моласы.
Сол күнде ел бүлінген заман болды,
Заманда əрбір түрлі адам болды.
Бүлінген халық ішінде қырғын соғыс,
Қиындық елдің күні қараң болды.
Хан, төре ел бүлдіріп, туралық жоқ,
Залымдар қара жүрек арам болды.
Жауларға кілең жауыз қан жаудырған
9163 Қобыланды осыменен тамам болды.
316
БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫҢ ЖЕЛІСІ
Тыңда, халқым, бастайын
Батыр батыр болғаннан,
Ер жеделге толғаннан,
Тұлпар таңдап мінгеннен,
Берік сауыт кигеннен,
Жасанған жауға тигеннен,
Жауды көрсе желігіп,
Шаттық дəурен сүргеннен.
Жауды көрсе тербенген,
Тербенсе, қалмақ жерге енген,
Үш күн жауды көрмесе,
Көкірегі шерленген,
Біреуін бастап айтайын
Бұрынғы өткен ерлерден.
Тартайын жырдың желісін,
Келтірейін келісін.
Сөз білмейтін олақтай
Қысқартпас бабаң өрісін.
Балдан тəтті жырымның
Халқым татсын жемісін.
Өткен заман шағында,
Батырлардың бағында,
Қайырымсыз хандардың
Ел бастаған шағында
Елге тыным болмаған,
Хан мен бегі оңбаған,
Оңбаған демей не дейін:
Бүлініп жатқан халыққа
Тура көзін салмаған.
Қайырымсыз хан залым,
Мейірімсіз би залым,
Халықты жеп, жалмаған.
317
Бұрынғының ерлері
Береңгі сауыт кигені,
Беліне садақ ілгені,
Жасанған жауға тигені,
Ерлікпен дəурен сүргені.
Тұлпардан таңдап ат мінген,
Ат құйрығын шарт түйген,
Жасанған жауға кеп тиген.
Қолындағы көк жебе
Қара тастан өткізген,
Жауыздықты жаулардың
Кемесін құмға шөккізген.
Алмасын тасқа қайраған,
Жауды көрсе жайлаған,
Маңдайы жаудан таймаған,
Халықтың қамын ойлаған.
Байтақ елін қорғаған,
Басына ерлік орнаған,
Қайраты асқан өңді адам.
Тебінгі терге шіріткен,
Терлігін сүттей іріткен,
Айғайласқан шағында
Басын қосып біріккен,
Беттеген жауы үріккен.
Алты малта ас еткен,
Қатын-бала жат еткен,
Қуантып халқын шат еткен,
Ұрысқан жауын мат еткен.
Тұлпар мініп, «шу» деген,
Жүрегі қызып гулеген.
Астындағы тұлпардың
Табаны жерге тимеген.
Қарсы келген жау болса,
Балшықтай басып илеген.
318
Жау дегенде айбатты,
Айбаты асқан қайратты,
Астына мінген тұлпардың
Ауыздығын шайнатты,
Мінген атын ойнатты,
Халқына бақыт орнатты.
Арыстан, шер батырлар
Халықтың қамын ойлапты,
Байтақ елін қорғапты.
Береңгі сауыт кигені
Белгілі жауға тигені,
Ұшқырлы найза қолға алып,
Беліне садақ ілгені,
Жасанған жауға тигені.
Салтанатпен самғады,
Халқының арын арлады.
Арлау – ердің арманы,
Күшін күшке жалғады,
Ер қайраттан танбады.
«Ə» дегенде «мə» деген,
Азын көпке теңеген,
Қолындағы жебесін
Өткізген сауыт көбеден.
Қолына жасыл ту алған,
Туды қанға суарған,
Ерлігі елге сыналған,
Бастары ердің құралған.
Тартайын жырдың желісін,
Келтірейін келісін.
Сөз білмейтін жыршыдай
Қысқартпайын өрісін.
Батыр батыр болғаннан
Сапарын ерлер оңғарған,
Жауды көрсе, долданған,
Қияқты найза қолға алған.
319
Баба Түкті Шашты Əзиз,
Едіге сұлтан, Нұрадын
Халықтың еткен мұрадын.
Қызыл қанға бояған
Көк алмастың қияғын.
Ешкім осал деген жоқ
Мұның тұқым-тұяғын.
Едігедей ер еді,
Елге тиген себебі.
Қалмақ деген халыққа
Ішкізген қаннан керені.
Астана елдің сүйеніші –
Едіге батыр керегі.
Арыстан батыр Едіге,
Батырлығы білінген
Мұсылман, кəпір шегіне.
Басып қонған ер еді
Тоқтамыс ханның көліне.
Қырғын берген ер еді
Көп қалмақтың еліне.
Ел қондырған Едіге
Қалмақтың нулы көліне.
Құлағың салып, халық, тыңда,
Менің тартқан желіме.
Жырым менің қара...............
Қартың жырды таппаса,
Кəрі тарлан шаппаса,
Обалы болсын өзіне.
Жырдың міні бар болса,
Балаларым, айт көзіме.
Сонан туған Нұрадын,
Еткізген елдің мұрадын.
Халқының жаққан со күнде
Манар шам мен шырағын.
Он екі баулы халықтың
Жеткізген мақсат-мұрадын.
320
Қартының айтқан жырына
Балаларым салсын құлағын.
Нұрадыннан хан Мұса,
Ойлағаны ар Мұса.
Еріккен күнде ер Мұса,
Ерінген күнде би Мұса.
Отыз ұлды сол Мұса,
Дəулет пен баққа зор Мұса,
Берекеті мол Мұса.
Үлкен тоқал баласы
Он екі екен шамасы,
Əліби екен ағасы.
Бəрі батыр, бəрі би,
Білік пен артық санасы.
Ортаншы тоқал баласы
Он бір туған шамасы.
Біліктің асқан данасы
Тобаяқ екен ағасы.
Кіші тоқал баласы
Күніке менен би Сидақ,
Ең үлкені кер Шойнақ,
Мұның жайы солай-ақ.
Бəрі қатар бір туған
Əліби, Смайыл, Тобаяқ.
Айтайын деп жырласам
Сөз желісі оңай-ақ,
Мұның жайы солай-ақ.
Бəйбішеден Алшағыр
Халық билеп, хан болған,
Қараңғыға шам болған.
Батыр болған, паң болған,
Ойлағаны ар болған.
Көңіліне жедел зар толған,
Жауға алды тар болған.
321
Онан туған хан Мамай,
Хан Мамай атты жазған-ай.
Талай жерге барған-ай,
Талайға ойран салған-ай,
Қылышын қанға малған-ай.
Шежіреден сұрасаң,
Мұнымның жоқ жалғаны-ай.
Қанша патша болса да,
Бір перзенттің зарынан
Көп болыпты арманы-ай.
Інісі туған қанды Орақ,
Қарт бурадай қарлы Орақ,
Айдаһардай зəрлі Орақ,
Салтанатты, сəнді Орақ.
Жауға бүлгін салды Орақ,
Қылышын қанға малды Орақ,
Орақтайын орды Орақ,
Ұрысқан жауын жойды Орақ,
Терісін бітеу сойды Орақ.
Қалмақтың басы Хан Жөке
Екі көзін ойды Орақ.
Орақтайын орған ер,
Қарсыласқан жау болса
Қарасын құртып, жойған ер.
Орақтан туған Қарасай,
Ер Қазимен екеуі
Айбатты Орақ баласы-ай.
Алты мен жеті жасында
Жауға шапқан таласа-ай.
Артық болған тұқымның
Ерлік пен билік санасы-ай.
Сансыз айта келсек те
Осыған қояр санасы-ай.
Тыңдауыңа бұ қалай,
322
Əр сүреге түсейін.
Құлақ сал, халқым, жағалай
Желіктіріп жырлайын,
Жеріне қашқан маядай.
Мұным пəлен болмаса,
Бұған көңілің толмаса,
Жылжытайын шіркінді
Тұяғы тайпаң жорғаша.
Үлкендіктен танбасам,
Аз ойымды шалмасам,
Сары жорға базармын,
Бұлбұл құстай сайрасам.
Өкпелерсің, балаларым,
Бір желіге бармасам.
Орақ, Мамай өткен соң,
Дүниеден бұлар көшкен соң,
Қарасай, Қази қос жетім
Бұл атадан жас қалды-ай,
Əрі ақылдан бос қалды-ай.
Баба Түкті тегінен
Осы жерде бақыт тоқталды.
Дəулет бітіп, бай қылған,
Халықты риза, жай қылған
Шаруаның тұқымы –
Он екі баулы көп ноғай
Шынтемірді хан қылған.
Дəулет малды айдаған,
Шағанға бие байлаған,
Самардың бойын жайлаған
Кең шаруа болған хан еді.
Орақ, Мамай өткен соң,
Хан дүниеден көшкен соң,
Халық хансыз болмас деп,
Хансыз халық оңбас деп,
Өткен Орақ, Мамайдың
Өксісек орны толмас деп,
323
Бұ тұқымның қашаннан
Өткірлігі алмас деп,
Жақсы тұқым нəсібі
Кем орынға қалмас деп,
Енді ноғай кеңесті,
Кеңескенде не десті:
Хандықтың жайын сөйлесті,
Ноғайлының кəрісі,
Ақсақалдың бəрісі
Шынтемір жай адам деп,
Соны хан қоюға меңдесті.
Жастар үлкенге ақыл салмады,
Жастың арын арлады:
«Қарасай мен ер Қази
Аталы тұқым ер еді,
Екі жағы тең еді,
Шынтемірдің атасы
Қимайысын байлаған
Қойды баққан неме еді.
Кем атаның баласы
Байтақ елді баға алмас,
Елдің көңілін таба алмас.
Атасында ерлік жоқ,
Ел шетіне жау келсе,
Қарсы жауға бара алмас.
Қарасай мен ер Қази
Асыл несеп тұқымы
Кем орынға қала алмас.
Ақсақал, тіліңді алмаймыз,
Қаулыңа құлақ салмаймыз.
Қарасайды хан қойып,
Атасының алтын тақ
Өз жолына арнаймыз».
Ақсақалдар бас қосып,
Жастарға ақыл салмады,
324
Қаулысын қабыл алмады.
Иесіз тұрған алтын тақ
Шынтемірге арнады.
Алпысқа келген шағында,
Тұрғанда хан тағында
Бір перзент көреді.
Бала атаның керегі,
Сүйеніш перзент тірегі.
Бір ер бала көреді,
Оның атын Əділ деп еді.
Тоғыз жасқа келгенде
Əділ патша хан болды,
Хандығы халыққа таң болды.
Батыр болды, паң болды,
Ойлағаны ар болды,
Жүрегіне зар толды.
Сыпырадай қартына:
– Халықтың ханы мен, деді,
Көпті көрген қартым сен, деді,
Ерігіп тұрған ханыңа
Бір жау тауып бер, деді.
Сүйдеп патша желікті,
«Балам толсын мерейің,
Сөзіңді қабыл көрейін.
Лайықты жауыңды
Ханым, тауып берейін.
Адам аттың ізін салмаған,
Бұрын ерлер бармаған,
Он екі айлық жері бар,
Үш айшылық жолы бар,
Торпақ көл деген көлі бар,
Қиғаштың қара белі бар.
Батырлардың бағы бар,
Керекті жауың табылар,
Əскер алып, жол шегіп,
Сол жауға барсаң неғылар?
325
Білгенін айтар кəріңіз,
Қартыңның тілін алыңыз,
Қиғаштың қара тауында
Қызылбастың қанды жау,
Салтанатты сəн мекен
Ханым, соған барыңыз».
Ерлерді жиды саралай,
Тоқсанға келген қарт кемпір
Қараүлекке ақыл салады-ай.
Барған жауы Қиғаш тау,
Қызылбас деген қанды жау,
Қызылбасқа барған ер,
Барып уығын салған ер,
Он жеті қатар зынданға
Қапияда түсіп қалған ер,
Арманда болған жазған ер.
Тарттым сөздің желісін,
Ерлердің айттым тегісін,
Тыңдауыңа бұ қалай?
Мұным бəлен болмаса,
Бұған көңілің толмаса,
Нұрекең ақын сөз табар,
Тереңнен қиял ойласа.
Жəне кім бар десеңдер,
Асылы күннен жараған,
Төре тұқым тараған,
Арғы атасын айтайын,
Руы баян Шыңғысхан,
Шыңғысханнан Шынтас хан,
Шынтас ханнан Бектас хан.
Қаһарлы болған батыр хан
Аяғы ақсақ Темір хан.
Бəйбішеден туыпты
326
Жалқы туған Төрехан.
Тоқалдан туған Егізбай,
Егізбай мен Сегізбай.
Бəйбішенің жаңғызға
Көп беріпті жəбір-ай.
Қасиетсіз дейді жұрт
Екі жарым көрімді-ай.
Екі қатын баласы
Екі орда ел деп еді,
Ескілік үлгі сөздері.
Бəйбішенің жалғызы
Егізбай қорлық береді,
Бұ да керек сөздері.
Егізбай мен Сегізбай
Жаңғызға жəбір береді-ай,
Тумадан қорлық көреді.
Бұ сөзім тұрсын мұнымен,
Жыр жырлайын сынымен,
Бұрынғы өткен ерлердің
Көрсетейін төрінен.
Он екі баулы халықтың
Көтерейін түбінен.
Астана байтақ елдерім,
Елге қоныс жерлерім,
Туырлықтай ту алып,
Тұлпар мінген ерлерім.
Жау дегенде кəрленіп,
Қалмаққа шапқан ерлерім.
Жау шайқаған серлерім.
Ұзын өзен суларым,
Қалың ағаш нуларым,
Қайыршақ торбақ құмдарым.
Бай дəулетін асырған
Көлденең қара шыңдарым.
Балдырғанды, балқашты
Шалғын шыққан шымдарым.
327
Есілдерім, елдерім,
Ел бастаған ерлерім,
Көк алмасын қолға алып,
Жау жаулаған ерлерім.
Хандарменен қарысқан,
Дұшпанменен алысқан,
Арыстандай ерлерім.
Дəулет, бағы бірдей тең,
Бақытты тұрмыс елдерім.
Ел дəулеті кен еді,
Берекет елде көп еді,
Азын көпке теңеді.
Қаһарлы туған ерлердің
Халыққа тиген көмегі.
Бұлап-талап ел мүлкін
Біреуді біреу жеп еді.
Хандарменен қарысқан,
Жауларменен алысқан,
Батырларым данышпан.
Қарсыласқан дұшпанды
Жерге таптап жанышқан.
Тітіреген жау дұшпан
Айқайлаған дауыстан.
Қарасы менен ханы тең,
Құлыны мен тайы тең,
Батыры менен паңы тең,
Қыры менен сайы тең,
Мекен қоныс жері тең,
Жерге лайық елі тең,
Елге лайық ері тең.
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Ойдық желке, кекшіл бас
Ерлердің мінген кері тең.
Ақылы асқан пірі тең,
Жүйрік шешен биі тең.
Би кеңескен үйі тең,
Үйге ұстаған шиі тең.
Қойды мыңнан өткерген
Нарынның қара құмдары-ай,
Жылқыны санға жеткізген
Еділдің иір сулары-ай.
Арқаның алпыс саласы
Қалың ағаш нулары-ай.
Бұлбұл құстай сайраған
Ақындардың жырлары-ай.
Түйені қомды көрсеткен
Атыраудың ащы сулары-ай.
Жылқыны санға жеткізген
Арқаның тарау боздары-ай.
Ер халықтың қорғаны-ай,
Арыстан туған ерлерім
Көк найзасын толғады-ай.
Батырларым бас қосып,
Жасанған жауға тиген ер,
Береңгі сауыт киген ер,
Беліне алмас ілген ер.
Жау дегенде шаттанып,
Қуаныш етіп күлген ер.
Қарына садақ ілдірген
Əскерге сауыт кидірген,
Көрсе жауды бүлдірген,
Қыз-келіншек, байларды
Қуанышпенен күлдірген.
Дəулет пен бақты ел көрген,
Ел тілегін ап берген,
Кемді басқа теңгерген,
Алдына сауыт өңгерген.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы