02.05.2022
  503


Автор: Жұбан Молдағалиев

БІЗ ПЛАНЕТАНЫ СОҒЫСТАН САҚТАЙМЫЗ


Менің жазу столымның үстіндегі әйнектіңастында қағаздан қиылып жасалған ебедейсіздеубір тырнаның бейнесі жатыр. Мұны маған өткенкөктемде Токиодағы бір мектеп оқушысы сыйлағанеді. «Тырналар суретін салу және оны осылайқағаздан қию – біздің балаларымыздың сүйіктіісі» деді сонда мектеп мұғалімі маған күлімсірейқарап. Мен оның бұл күлкісіне күлкімен жауап беруге тырыстым, бірақ, жан түкпірінде жайсыз бірсезім тұрды да қалды. Содан бері мынау тырналар тек балалардың ермегі ғана болмас, бәлкім,өзін-өзі сақтау түйсігінің белгісі болар – деген ойкөңілімнен кетпей-ақ қойды. Бұл, бәлкім, Хиросима апаты улаған балалықтың бейнесі болар-ау?Әлде, бүгінгі жапон балалары Хиросимадағы Садако деген қыздың үлгіре алмай кеткенін жасауғаасығатын шығар да. Ол қыз қағаздан мыңдаған тырналар қиып жасағысы келген еді, бұлар өзін қатерлісәуле ауруынан сақтар деп те сенді. Бірақ, ол өзіармандаған тырналар бейнесін жасап үлгірмейақ, қыршынынан қиылды. Хиросимада сол Садако қызға қолдан ескерткіш қойылған. Онда: «Біздіңталабымыз бен тілегіміз: бүкіл әлемде бейбітшілікорнасын» деген сөздер ойылып жазылған.
Қазіргідей халықаралық жағдай шиеленісіптұрған кезде бұл ұран, бұл талап, бүкіл жер шарына жар сала қағылған дабыл үніндей естіледі. Ядролықшиеленіс қаупі дүр сілкінткен адамдар халықаралықынтымақ демонстрацияларына, митингілергеқосылып жатыр. Мен осы мақаланы жазу үстіндеалдымда жатқан әлгі бір әлжуаз тырнаға – бақытсимволына әлсін-әлсін қарап қойып отырмын.Бақыт үшін, жер бетінде бейбітшілікті сақтау үшінкүресу қажет. Жазушы қаруы – сөз. Осындайда «сөздің жаны – Котодама бар» дейтін Жапонхалқының көне бір ырымы еске түседі. Бірақ, адамөзінің ойындағысынан өзгені айтса, өз сөзіне өзіжауап бергісі келмесе, сол сөздің жанын құртыпалуы мүмкін. Жансыз сөз – өлік сөз. Өлі сөз ауаныулайды, жарықты көлегейлейді. Жазушы үшін сөз– нақты іс. Сондықтан да оның тірі жаны болуыкерек. Жазушылар адамдардың бірін-бірі түсінуінекөмектеседі, солай етуге тиісті де. Кэндзабуро Оэнің«Толқындар құшағында тебіренемін» деп аталатын, бүгінгі кездің көкейкесті проблемаларынаарналған романының басты кейіпкері Исана дүниеніалай-түлей етіп жатқан дауылдан, адамдық қамқарекеттен, толқу-толғаныстардан, жан дертіненқорғап тұрған сауытты үстінен сыпырып тастап, сөздарынын бойына дарытады. Осының өзі тура жазушы туралы айтылған сөз емес пе екен? Жазушы да өз жанының сауытын сыпырып тастауға тиіс,оның жүрегі барлық адамдарға тән қайғы-дерткешалдығуға тиіс, сонда ғана оның сөзі адамдарғақызмет ететін болады.
Көптеген совет жазушылары майдан шептерінде,нөсерлеп жауған оқ астында, өз елін жаудан қорғайжүріп, өз заманының ең көкейкесті проблемаларын, соның ішінде маңыздылардың маңыздысыбейбітшілік үшін күрес проблемасын шешуге қатысажүріп, құдіретті сөз дарынын бойына дарытқан.Бейбітшілікті қорғаудың Советтік комитетініңбірінші председателі ақын, діңдей төрт соғысқақатысқан Николай Тихонов болғаны жайданжай емес. Соғыс аяқталысымен-ақ бейбітшіліктіжақтаушылар қозғалысында нағыз белсенді позиция ұстанғандар ішінде А.Фадеев, М.Шолохов,К.Симонов. А.Корнейчук, қазақстандықтар Бауыржан Момышұлы, А.Ананьев, Д.Снегин болды.Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас»кітабы шын мәнісінде А.Бектің «Волоколам тасжолы» повесінің жалғасы іспеттес. Оның да бастыкейіпкерлерінің бірі – аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының батальон командирі осы Бауыржан Момышұлы болатын. Панфилов дивизиясыныңбұрынғы ер жүрек офицері Д.Снегиннің жаңакітабы таяуда ғана жарық көрді. Д.Снегин өзініңоқушыларға арнаған сөзін: «Мінеки біз 35 жылбойы соғыссыз өмір сүріп келеміз. Құлшына еңбекетіп, соғыссыз жағдайда жаңа дүниелер тудырудықиялдаймыз... Фашистермен соғысып жүріп те бізосылай армандағанбыз. Сол үшін де жеңіп шықтық.Енді сол бейбітшілік пен бақытымызды қорғауымызкерек. Жаңа соғыс өрті бұрқ ете түспеуі үшінкүресуіміз қажет» – деп бастаған.
Таяуда біздің жерлесіміз, белгілі майдангер жазушы А.Ананьев өзінің бір сөзінде: «Соғысжаңғырығы бүгін де біздің төбемізде шырқ айналыпжүр», – деген-ді. Оның «Танктер сап түзеп барады» деген раманында соғыс өртін кешкен ұрпақтың рухани тәжірибесі көрсетілген. Ол өзінің бұл романында өзі туралы, мен туралы, ұрыс даласындамерт болған біздің қатар-құрбыларымыз жайында жазады. А.Ананьевтің жаңа романы «Соғыссызжылдар» – тарихтың қазіргі жаңа айналымында,жеңістен соңғы кезеңде біздің жоғалтқандарымыз,жаңадан тапқандарымыз, біздің бұл күнде қандайдәрежеге жеткеніміз туралы, қысқасы, біздің бүгінгіөміріміз, жан-дүниеміз туралы терең, тебіреніспен,философиялық толғаммен жазылған шығарма дередім.
Соғыс жаңғырығы Ю.Бондаревтің «Таңдау» депаталатын, біздің бүгінгі өміріміз, замандастарымызтуралы романында да сай-сүйекті сырқыратарлықтайбейнеленген.
Бүгінгі таңда адамзат өмір сүру керек пе, әлдекерек емес пе деген таңдаудың дәл табалдырығындатұр. Біздің ядролық ғасырымызда істің жайытек қана осыған тіреліп отыр. Дүние жүзіндебейбітшілік үстемдік құруы үшін талап ету де, тәуәпету де жеткіліксіз. Белсенділікпен күресу керек.Әрқайсымыз да күресуіміз керек. Өткен көктемдеЖапонияда жазушылармен болған кездесуде біз бұлжайында көп әңгімеледік. Бір-бірімізді ұғынысуүшін қызыл кеңірдек бола дискуссия жүргіздік.Тіпті, өз жүрегімізге өзіміздің жанымыз ашымастай шамадан тыс қызуланып кеткен де болармыз.Мен қазір өзімнің досым, тамаша грузин ақыны,Ұлы Отан соғысының ардагері Иосиф Нонешвилидіесіме түсіре отырып осылай ойлаймын. Әлгі дискуссияда өзінің пікірлерін қорғауға біржола бел шешіп,білек сыбанып кіріскен И.Нонешвили көптеген жапон жазушыларының ықылас-ілтипатын өзіне аударып алды, олар бұған: «бізге қайтсең де тағыкелетін бол, біз күтеміз», десіп қалды. Ол сол сапардан оралғаннан кейін кешікпей-ақ қайтыс болды, өйткені, ол ешқашан да өз жүрегін сауытқа орапжүрген жан емес еді, ол өзін аяу дегенді білмейтін.
Дүние жүзінің прогресшіл суреткерлері өздерініңпланета тағдыры үшін жауапкершілігін жақсытүсінеді. Азия мен Африка елдері жазушыларыныңфорумдарында бұған менің талай рет көзім жетті.Былтырғы күзде, кезекті бір кездесу өткен УланБаторда белгілі африкан жазушысы Алекс Ла Гумақазіргі уақытта жазушының азаматтық, адамгершілікборышы туралы жалынды сөздер айтты. «Біздіңелдеріміздің алдында жеке-дара алғанда қаншамапроблемалар тұрғанмен, – деді ол, – бүгінгі таңдабүкіл адамзат тағдыры соғыс пен бейбітшілікальтернативіне тірелмей өте алмайды». Монғолияастанасында біз бүгінгі күннің аса бір көкейкестіпроблемасын – қоғамдық сананы қалыптастырумен дамытуда әдебиеттің ролі мен маңызы туралыпроблеманы талқыладық.
Азия мен Африка елдерінің прогресшіл жазушылары әдебиетте де, ең бір түбірлі әлеуметтік проблемаларды шешуде де барынша белсенді позициядатұр деп айтқым келеді.
Биыл жаңа жыл қарсаңында мен өзімнің атамекенімде, Оралда, сол төңіректегі ауылдарда болдым. Бір-біріне желі тартқан жылдар туралы, кешеден бүгінге ауысар ерлік мұрасы туралы талайойға шомылдым. Өзімнің құрбым, майдангер, Совет Одағының Батыры Темір Масиннің қабірі басында қайғыға батып біраз үнсіз тұрдым. Аудандық
 партия комитетінің секретары Масин жазатайым,бейбіт заманда далада лау ете түскен өрттен адамдарды арашалап жүріп қаза тапты. «Красновский»совхозындағы мастерскойда құрал-сайман жасаушыболып Раиса Ивановна Зевякина жұмыс істейді.Соғысқа дейін ол қыздар арасында тұңғыш шыққантракторшының бірі еді. Майданда шофер болды,снарядтар тасыды, Берлинге дейін барды. Соғыстанкейін сегіз баланың анасы болды. Раиса Ивановнаөзінің өмірін ерлікпен есептемейді. «Мен айрықшаайтарлықтай түкте істегенім жоқ, – дейді ол. –Басқа жұрт қалай өмір сүрсе мен де сөйттім».
Чапаев ауданындағы «Лбищенский» совхозындакілең қыздардан құралған, «Көгершін» деп аталатын атақты трактор бригадасы бар. Оны РаушанМедеулова басқарады. Жақында осы бригаданыңқыздары Жұлдызды қалашықта болды. Оларғақажырлы еңбегі үшін Юрий Гагариннің жұлдыздыжалаушасы тапсырылды. Туған жер төсінде ел аралай жүріп мен осынау адамдардың игілігі үшінбейбітшілікті сақтауға қамқорлықтан артық бізде –жазушыларда қандай үлкен іс болуы мүмкін дегенмақтанышты ой әуенінде талай толқып тебірендім.Адамның асыл парызы – мынау жарықтық Жерпланетамызды мамыра-жай мекенге, бау-бақшалықонысқа айналдыру. Біздің балаларымыз сонаумөлдір аспанға үрейлене қарамайтын, ол жақтанажал аңдатар будақ-будақ ядролық бәлекеттердікөріп, қорықпайтын болуы керек кой. Сонау көзталар көгілдір қияндарда момақан да мейірлі аппақақ тырна – бақыт құсы қалықтап қанат қағыпадамдарға қайыр-берекет тілеп жүре берсе ғой!
1981




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу