02.05.2022
  329


Автор: Жұбан Молдағалиев

НАН МЕН ӘН

«Нан болса – ән де болады» – тың игерудіңестен кетпес ерлік жылдары туралы естелік-баянынЛеонид Ильич Брежнев аса биік мағыналы осысөздермен бастайды. «Нан болса – ән де болады!»Осы сөздер өлеңінде болса, әрбір ақын өзін бақыттысанар еді. Тың! Бұл сөз «тың игеруші» деген тереңмағыналы және бір атауды өмірге әкелді. БіздіңҚазақстанның тың жерлері енді ұқыпты қолменигерілген құт мекенге айналып отыр. Ұлан-байтақастықты алқап диханға миллиард пұттап алтындән беріп отырады. Миллиард пұт, тау-тау астық!Бұл деген, әбден байыптап қарасақ, космостықөлшемдерге сай ғажайып цифрлар ғой.
Әлгі айтқан «тың игеруші» деген атау ендібіздің құлағымызға батыр космонавт дегенсөздердей боп естіледі. Одан біз рухани баршасұлулықтарды бойына жинаған адам баласыныңбірегейін көргендей боламыз. «Тың» кітабында солтың игеруші адам жайлы әңгімеленеді. Көптегенадам аттары келтіріледі. Оқи отырып, соншама ірімәртебелі мемлекет қайраткерінің зердесіне, солзердесіндегіні соншама ыстық сезіммен жазғанынақайран қаламын. Кітаптың әрбір бетінен достықсырластық лебі еседі, нағыз лениндік қарапайымда қалтқысыз ашық, түсініктілігі оқушыны тартпайқойды. Автор құдды сізбен ақылдасып отырғандай,бағзы бір кездерде кейде әр қилы күдік қалмағанын,
 ауырлық кешкенін жасырмай, ойындағысын ашықайтып отырады. Леонид Ильичтің әсіресе адамға,жанқиярлықпен еңбек еткен тың игерушілергедегендегі сөзінің аса ықыласты жылылығынайтсаңшы!
Міне, бір тұста ол алғаш тыңға келушілердің бірінмархабатпен атап, ілгеріректе сонымен кездескенінегжей-тегжейлі әңгімелеп өтеді. Автор өз зердесініңтереңіне үңіліп, бәрін мұқият есіне түсіріп, жаңағыадамның тағдырын сонау бастан бүгінгі күндергедейін баян етеді. Леонид Ильич тың жерлердегібүгінгінің жақсы нышандарын – бұл күнде әбденқоныстап орнығып болған талай-талай дихандарәулетін, әр жерде бой түзеген агроқалаларды зормақтанышпен атайды.
Мен бұл кітаптағы өзіме таныс жерлер туралыоқып отырамын. Сонда сол жерлер көз алдыма келедіде өзімнің творчеством неден басталғаны туралыойға кетемін. Сонда бір анық айта алатыным: меніңжырым наннан басталып еді – сонау жадау-жалқыбала кезімде нан менің қолыма түспейтін, түсімекіретін-ді. Сол кездегі өзіме сырттан қарағандаймын.Үйде неге нан жоқ екенін сәби қайдан білсін? Оныңқарны ашты, оған нан керек. Иісі бұрқыраған,дәмі ауыздан кеткісіз қоңыр-қызыл таба-нанныңбір үзімін шешесі қашан береді екен деп күтедібала. Бірақ үйде нан жоқ. Қыр жусанының көрмекдәміндей ащы өкініш баласына тамақ тауып береалмаған ата-ананың өзегін қариды да қояды барболғаны.
Менің онда шаруам жоқ, көктен топ ететүсетіндей, тым болмаса бір уыс тары болар ма екен
 деп дәметем. Жатпай-талмай күтем соны. Ол бірқиын да ауыр кезде бастан кешкенді айтып тауысуқиын. Жыл артынан жыл өтті. Енді маған майданнаны бұйырды. Бұл нан біздің майданда қан төгіпжүріп тапқан нанымыз екенін білдім, білегімізгекүш берген, жүрегімізге дәт берген де осы нан еді.
Мен мемуар очерк жазып отырғаным жоқ. Ментек біздің даламыздың келбетін керемет өзгерткенұлы жаңалықтардың дем берушісі, алғашқы тыңжерші Леонид Ильич Брежневтің жаңа кітабынаналған әсерімді ортаға салып отырмын.
«Тың» – Леонид Ильич өзінің осы кітабындаерекше жылылықпен жақсы атаған біздің қазақхалқының ғана емес, кең байтақ еліміздің басқада барлық халықтарының жаңа өмірге өрлеужолдарын көрсететін шежіренің жарқын бір беті.Тың – еңбекке коммунистік көзқарастың, біздіңазаматтық кемелденуіміздің мектебі. Бұл мектептіңсабағы мен ғибраты бізді арғы ата-бабаларымызданқалған Жер-анаға деген байырғы махаббатымыздынәрлендіре түседі.
Кітапқа үңіле түсемін. Сонда оның әрбір сөзі ойсалып, мынадай жыр жолдары келе бастайды:
Дихан дала, еңсең зор, мұратың бай.
Жөнің де көп той-думан құратындай.
«Қазақстан миллиарды!» деген сөздер
Естіледі ерліктің бір атындай.
Леонид Ильич Брежневтің «Тың» кітабы– ағымдағы да алдағы уақыттағы аграрлықпроблемаларды мейлінше ашық та турасынан  қозғаған әсерлі документ. Оның этикалық-әдептікмазмұны терең, бұл біздің санамызды кемелдендіретүседі, сол биіктен бізге өмірдің шытырман күрделіқырлары, шексіз қиырлары айқынырақ көрінеді. Сенадам екенсің, ендеше жердің қожасы – сенсің, бұданбылай сол Жер-ана, демек біздің бүкіл өмірімізқалай болады – оған да жауапты өзің. ЛеонидИльичтің ойлау-толғау қисыны осыған саяды.
Тыңның тұңғыш қаһармандарының бүгінгінемерелері бала кезімдегі мен құсап, бір үзім нанға,бір уыс тарыға зәру емес. Біздің балаларымызбақытты, бұл бақытқа олардың қолын жеткізгенілгергі ұрпақтың – әкелері мен бабаларының еңбегі.Мен кешегі соғыс өртіне шарпылған өз замандасқұрбыларымды мақтан етемін, – біздер бос қалғанқапшығымыздан тапқан қабық нанымызды қарулас,қанды-көйлек жолдасымызбен бөлісе білдік.Тылдағылар да бізден қалысқан жоқ: тарықса, тоңсабірін-бірі жүректерінің қызуларымен жылытты.Ақындықты жаңа армандай бастаған маған солкезде бір үзім наннан ән естілгендей – құдды өмірдіңөзіндей ұлылық, мәңгілік жыры естілгендей еді.
Жазда мен өзім туған Орал облысындағыЖданов атындағы совхозда болдым. Биыл бұл облысдихандары Отан қоймасына 127 миллион пұт астыққұйып, екі жылдық жоспарларын орындап шықты.Совхоз директоры Андрей Захарович Демченко – асыақылды, нағыз қара білек шаруаның адамы көрінді.Өзі басқаратын шаруашылықтың табыстарына мәзбола отырып, бәрін дақпа-дақтап айтып бақты:
– Сонда байқайсың ба, осыдан екі жыл бұрынегісіміздің осы көлемінен 2 300 мың пұт астықалсақ, биыл тағы бір миллиончикті алып ұрдық.
 «Миллиончик» дейді, құдды бір сәби баланыбасынан сипап қойғандай. Осы бір жай сөздіңар жағында қанша еңбек, ұйқысыз түндер, жүрекқұлшыныстары жатыр десеңізші!
Кейін мені бөлімше бастығы, егіс комплексініңбригадирі, бұрынғы майдангер, коммунист ГригорийРадионович Олыневпен таныстырды. Бір қарағанғажүзі қатқылдау ол «өздерінің» жігіттері жайлысөйлегенде жылып жүре берді. «Өзіміздің» дегенібейне бір балаларым я інілерім деген сияқты бопшықты. Олары: Ленин орденді Ғалиолла Түменбаев,Владимир Козынченко, Серік Жолдыбаев, НиколайРоманенко мен өзінің баласы Виктор. Баласы даегін орағының қапылыс күндерінде комбайнныңштурвалына тұрыпты.
«Тыңды» оқып отырғанымда мен осыадамдардың қайратты, мейірімді, ашық жүздерінқайтадан көргендей болдым. Сонда өлең жолдарыорала берді.
Нұрымен айдың арайлап,
Отымен күннің алаулап,
Гербте тұрған Ораққа
Қараңыз бір сәт абайлап.
Мың жылдар терге батқанға,
Дән болып жерде жатқанға,
Арқасы сор боп ақ таңдақ,
Азапты тоя тартқанға
Секілді ол тұңғыш табыну
Адамның таңы атқанда.
Жоғарыда айтқанымның барлығын тағы да былай өлең жолдарымен қорытқым келеді:
 Тұр Орақ енді шалқайып,
Советтің ұлттық туында –
Масайрап, жайнап, марқайып,
Қарайды жаңа буынға.
Ол жалау – жеңіс өрінде
Ел аты – мемлекет мөрінде.
Балғамен бірге би де сол,
Жоғарғы Совет төрінде.
Леонид Ильич біздерді, жазушыларды даұмытпапты. Менің жеке өзіме бағыштап айтылғандаймына сөздер есімнен кетер емес: «Әдебиет пен өнерқайраткерлері үшін халықтың ерлігін, соның ішіндетыңдағы ерлігін де суреттеуден асқан қызықты дашабыттандырғыш міндет жоқ». Біздер, жазушылар,бұны алдағы істеріміздің программасы, сертіміз депқабылдаймыз.
Нан мен ән біздің мәңгі ризығымыз болғай!
1978




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу