02.05.2022
  647


Автор: Жұбан Молдағалиев

СЫРЛАСАМ, ДОСЫМ, СЕНІМЕН

Бүгін екі адам кездесе қалса, ең алғашқы сөздері:Жаңа жыл құтты болсын! Бүгін, жаңа, 1975жылдың тұңғыш таңында мен де соны тілеймінсаған, қадірлі досым! Қолыңды қос қолдап қысып,жан-жүрегіммен құттықтаймын сені!
Мен бір адамға қарап тіл қатқандай, «досым»деп саған айттым, сенімен сырласпақпын. Бірақ сеніңатың – миллион. Мен сенің жүзіңді танымауым даықтимал. Гәп онда емес. Ақ бол, мейлі құба бол,әйел не еркек бол – сен аяулы досымсың. Сеніңатың Сәрсенбай не Иван ба, Сәуле әлде Мария ма,Микола не Шота ма, Тамара әлде Катерина ма –маған мұның бәрі бір. Түсте, тілде тұрған не бар?
Мен үшін ең қымбаты, ең бастысы – сеніңжүрегің мен тілегіңді танимын, еңбегің менерлігіңді білемін. Біз – мұрат-мақсаттарымызбір тілектестерміз. Адамдарды туыстастыратында, ұғыстыратын да осылар. Туа туыс болғаннантұра туыс болған артық, ет жақындықтан ниетжақындығы жақсы. Достық мансаппен де, кісініңжасымен де өлшенбейді. Қазақ совет әдебиетіаталарының бірі – марқұм Сәбит Мұқанов күрішшіЫбырай Жақаев десе, ішіп отырған асын жергеқоюшы еді. Сол кісінің қарапайым даналығын, еңбекерлігін аңыз ете сөйлеп сыртынан атағанның өзінде«Ыбырай ағай» деп отыратын. Атақты академикҚаныш Сәтбаевтың бірде «менің ең жақындарым
 – дала барлаушылары, кеншілер» дегенін естігенімбар. Құп, тіпті мұны бірін-бірі білетін адамдардыңсөздері дейік. Бірақ өмірде жүзбе-жүз бір ауызсөзге келмесек те, сырттай шексіз сыйлайтынадамдарымыз аз ба? Мұндайлар Отанымыздыңқай-қай өлкесінде де сан алуан. Олар – кәдімгіжұмысшылар мен колхозшылар, ғалымдар менжазушылар, мұғалімдер мен дәрігерлер, космонавтармен қоғам қайраткерлері... Қайрат қуатын, ақылойын ел игілігіне, халық қызметіне арнаған абзалазаматтар үшін біз, таниық-танымайық, жүрек етінжұлып беруге бармыз. Біреу кездейсоқ жарақатқане басқа кіріптарлыққа ұшырап қалса, қайдағы бірүш ұйықтаса түсіне кірмеген адамдар қанынан қан,терісінен тері ұсынып жатады. Осыдан, ұмытпасам,он бес жыл бұрын басыр болған бір шетелдіккоммунист қайраткердің жанарына операция жасаужайында сөз қозғалғанда уыздай жас совет қызыоған өз көзін бергісі келгені есімде.
Әрине, бұл советтік өмір жағдайында,коммунистік, интернационалдық сана-сезім, биікадамгершілік тәрбие жағдайында болатын нәрсе.Демек, мұндай ізгілікті іс сенің қолыңнан келеді,достым! Сен оны ерлік деп те, ерекшелік деп теқарамайсың, жолдастық, кісілік борыш, табиғиқылық деп ұғасың. Маған сенің ардақтылығың да,мейлінше таныстығың да міне дәл осында, асылсовет адамы!
Ендеше бүгін сені құттықтамағанда, кімдіқұттықтаймын, сені ойламағанда, кімді ойлаймын,сен дос болмағанда, кім дос болады? Сағанарналмаған жыр да адыра қалсын!
 Адам алғашқы сөзден, сәлемнен кейін амандықсаулық сұрасады, хал-ахуал біліседі, тіршілік жайжапсарын әңгіме қылады. Бүгін мен де сол туралысыр шертіспекпін сенімен.
Осы минуттерде қайдасың сен? Бәлки, шахташыңырауында жаңа жыл вахтасында қалып, қараалтын қопарып жатқан шығарсың. Көмір – өнеркәсіпоты, пеш азығы. Бірақ адам жүрегі одан әлдеқайдаыстық, ол өмірді жылытады. Әлде сен республиканыңұлан байтақ даласында мал бағып немесе егістіккеқар тоқтатып жүрсің бе? Бәрекелді, достым! Жерсендейлермен жемісті, сендейлермен көрікті, ал малболса, баққанға бітеді, ел еңбекпен тоқ. Мейліңғылыми лабораторияда соңғы тәжірибеңді сарапқасап жат, мейлі жазу столы басында туындыңныңақырғы нүктесін қойып жат, үйде бол, түзде бол,– қайда болсаң да – сен жаңа жылға зор мақсатмұратпен, көп-көп табыспен, қуанышпен келдің.Жолдас: жора, ағайын-туыс, семья болып, бұл жайлымерекелік дастархан басында да әңгіме қыласың сен.Бәрі де құтты болсын.
Еңбек мерекесі ерлік мерекесімен ұштасыпжатады. Бұл екеуі кіндігі бір, егіз нәрсе. Осынаукүндері бүкіл советтік металлургия алыптарыныңбірі – Теміртау заводы бұдан дәл отыз жыл бұрын,1945 жылдың, жеңіс жылының алғашқы таңынсамаладай сарыала оттың алтын сәулесімен қарсыалған еді. Сол күні құлазыған далада Ұлы Отансоғысының сұрапыл қиын жағдайында дүниеге келіп,кейіннен Қазақстан Магниткасы атанған жас заводтұңғыш құрышын берді. Дәл осы күндері бұл заводта– мерекелік вахта күндері, мерекелік құрыш қорыту
 күндері. Шәукенбай Қабылов деген маған жақынкісі сол Теміртау заводында ширек ғасыр бойыболат қорытқан адам. Соңғы жылдары ол денсаулықжағдайына байланысты Алматыда тұратын. Жаңажыл қарсаңында Шәкең бірден екі шақыру алды...Бірі Теміртаудан, туған заводынан, мерекеге кел,мерекелік құрыш қорытуға қатыс депті. Екіншісіемханадан екен, дереу емханаға жатып емделудіұсынған. Металлургия тарланы жанға батқандайсырқатын да, парашоктер мен таблеткаларды дажиып қойып, Теміртауға тартты. Жалын атқанпештердің алды, қайнаған құрыш ыстығы, дарқанқосжүректер жылуы небір даңқты жылдардыеске түсіріп, құрышшыға жастық жылдары қайтаоралғандай, зор жігер беретіні кәміл.
Еске аларлық ештеңесі болмаса, із қалмаса, ол– бос өткен күн, тұл тіршілік. Бүгінгі көңіл шуағы,бүгінгі қабақ кешегі күнмен байланысты. Біз бүгінжаңа, 1975 жылды жайраң қағып, құшақ жаяқарсы алып жатсақ, бұл ең алдымен озған жылдың,тоғызыншы бесжылдықтың төртінші айқындаушыжылының арқасы, бақыт жалғасы, шаттық жалғасыдеп білеміз. Бүгінгі табыс, бүгінгі іс – ертеңге дегенберік сенім кепілі.
Иә, өткен жыл совет халқын коммунистікқұрылыста жаңа бел-белестерге көтерген жыл болды.Сәл уақыт соған оймен оралып, көз жіберіп көр,достым. Әрине, бүкіл елді, байтақ республиканықиялмен де қамтып шыға алмайсың. Өз қалаңнан, өзауылыңнан, өз ошағыңның басынан да көңілге көрік,жаныңа қанат бітіргендей көп-көп жақсылықтыкөруге болады. Ал жылға жалпы баға берер болсақ,
 партиямыздың орталық органы «Правда» газетіөзінің таяудағы бір бас мақаласында былай депжазды:
«Өткен төрт жылдың басты саяси қорытындысысол – тұтас алғанда халық шаруашылығыныңширақ өркендеуі қамтамасыз етілді, коммунизмніңматериалдық-техникалық базасын қайта жасауісінде ілгері қарай ірі қадам жасалды. Съездбелгілеп берген ішкі және сыртқы саясаттың жемісібарған сайын нақты сезілуде. Бұл – осы саясаттыңдұрыстығының айқын айғағы. Бұл – жұмысшылармен шаруалардың, инженерлер мен ғалымдардың,партиялық, мемлекеттік және шаруашылықбасшылықтың барлық буындарындағы адамдардыңқаһармандық, шабытты еңбегінің нәтижесі».
Міне, бүгін бізді қуантатын, біздішабыттандыратын осындай ұлы жемістер. Бұл сентуралы, сенің жолдастарың туралы, сенің бүкілхалқың туралы айтылған сүйініш сөздері, биік баға.Адамға өз еңбегінің жемісінен, ел игілігіне еткенқызметінен тәтті еш нәрсе жоқ. Әрбір еңбек адамыөз ісінің, өзінің жеке бесжылдық жоспарыныңқорытындысын шығара отырып, өзінің жүрек лүпілінестиді. Басқаларды былай қойғанда тіпті біз, қаламиелері де, әр жылды «Бесжылдық және жазушы»деген ұранмен өткізіп келеміз.
Ақын адам цитатшыл, цифршыл болмайды.Өйткені цитатты алсақ, ол өзгенің ойы. Өлеңніңөз түйіні, өз ойы болуы керек. Әрине, бұл өзгеденүйренбеу, өзгені мысалға алмау, үлгі етпеу деген сөземес. Халық бірде «шешеннің тілі, шебердің қолыортақ» десе, енді бірде «шешендерден тіл қалған,
 ақындардан жыр қалған» деп нақыл айтады.Соған тәлім-тәрбие алуға, оны ұрпақтар игілігінеайналдыруға шақырады. Ал өлең үшін цифрдыңжайы одан да бөлек. Цифр араласса өлеңнің құтыкетті дей бер. Бірақ фактыға бас имеуге болмайды.Цифр – бұлтартпас факты деген сөз. Қанша жолжүрсең де, қанша іс тындырсаң да сол цифрменөлшейсің.
Мінеки бірнеше цифр. Осы тоғызыншыбесжылдықтың басынан бері республикамыздаөнеркәсіп өнімінің көлемі 35 процент өсіпті. Осыуақыттың ішінде Қазақстанның экономикасы менмәдениетіне 24 миллиард сом қаржы босатылыпты!Бұл соғыстан кейінгі 17 жыл ішінде жұмсалғанқаржыға тең екен. Республика өнеркәсіп өнімініңаса маңызды түрлерін шығарып, іске жаратужөнінде төрт жылдық жоспарын асыра орындапты.Егіншілерімізді алсақ, олар осы мерзім ішіндеОтан қоймасына 3,4 миллиард пұт астық құйған,яғни, әр жылы орта есеппен 858 миллион пұттанберіп отырған! Осы сияқты ғаламат цифрлардымақта мен мал шаруашылығы, құрылыстар менмәдениет саласынан да көптеп келтіруге болар еді.Бұл – бірнеше секундта бірнеше сөзбен ғана тақтақ етіп, айтып шығатын цифрлар. Бірақ осындамиллиондардың еңбегі мен ерлігі, табан ақы,маңдай тері, ақылы, ойы мен арманы, партия менүкіметіміздің халық мүддесіне, коммунизм игілігінеарналған шексіз қызметі мен даналығы, советтікқоғамның орасан мол мүмкіншіліктері жатыр. Бұлцифрлар поэзиясымен бір де бір тіл, бір де біртеңеу де бір көркем шығарма таласа алмайды. Бізді,
 қалам иелерін қуантатын да, шабыттандыратында, қинайтын да сол. Жер бетіне шашыраған күншапағындай солардың сәулелерінен ең болмаса бірсәулені жырлай алсақ, ұлан-асыр жемістердің еңболмаса бір кесегін, бір түйірін көрсете алсақ – бізшексіз бақыттымыз.
Еңбек – поэзия. Оның өнік, жемісті, көріктіболуы талант пен шеберлікке ғана емес, нақтыжұмыс жағдайына, тұрмысқа, көңіл күйіне,алаңсыз, уайымсыз болуына да көп байланысты.Өткен жылымызға ой көзін жіберіп, коммунистікқұрылыстағы керемет-керемет жетістіктерімізгесүйсінгенде біз соның бәрін қамтамасыз еткентағы бір жәйттерді еске алмай тұра алмаймыз.Ол – Коммунистік партия мен Совет үкіметініңбейбітшілік жолындағы, халықтар арасындағықауіпсіздікті нығайту, бейбіт қатар өмір сүрудіңлениндік принциптерінің салтанат құруы жолындағыұлы күресі, кемеңгерлік саясаты.
Еңбек жемісі де, ерлік те өз-өзінен келе қоятыноп-оңай нәрсе емес, білек күшінің, рухани күштің,сана-сезімнің, ақыл-ойдың қосылып қызмететуінің жиынтығы. Егер біз күн сайын, жылсайын жаңа табыстар шыңына көтеріліп отырсақ,бұл біздің рухани өсуіміздің де жарқын айғағы.Қиындықтарды өз алдына зор мақсат-мұрат қойғанадам ғана, не үшін қиналатынын білген адам ғанажеңе алады. Демек, өткен жыл сен үшін, қадірлідос, материалдық байлық қана емес, мәдени байлықжылы болып та өтті деген сөз. Бүгінде көркемөнерпаздар коллективтері жоқ ауылды табу қиын,газет-журналдарға жазылмайтын, жақсы кітаптарға
 жармаспайтын кісі де сирек. Алматыда бүгін тұңғышрет шырқалған ән ертең жаңғырықтан таралғандайбүкіл республикаға жайылады.
Биыл Орал облысында егін айтарлықтай бітікшықты. Бірақ «бір теңге беріп жырлатып, мыңтеңге беріп қойдыра алмай қойды» дегендей, обаста мол ылғал тілеген халық кейін, астықтыжинап алар кезде көресіні сол жаңбырдан көрді.Әйтсе де облыс еңбекшілері асқан қажырлылықпенеңбек етіп, мемлекет қоймасына мол астық құйды.Сол күндердің бірінде мен Жымпиты ауданындағы«Социалистік Еңбек Ері» Виктор ИгнатьевичШубин басқаратын «Правда» газеті атындағысовхозға соқтым. Бұл жерлердің бейнесін мен балакезімнен білуші едім. Совхоздың қазіргі қонысықаңбақ тоқтайтын бұдыры жоқ иесіз дала болатын.Енді ол шексіз-шетсіз жайқалған астық өлкесіболып кеткен. «Правда» – облыстың ең қуаттысовхоздарының бірі. Бұл жағдай тұрмыс бейнесінде мүлде жаңартып, жарқыратып жіберген. Самалтербеген жасыл ағаштар мен гүлдерге толы совхозорталығындағы құрылыстарға, жұмысшылардыңпәтер үйлеріне көз қызығады. Әсіресе мәдениетсарайын айтсаңызшы! 600 орындық бұл сәулеттісарайдан үлкен еңбек, молшылық нәтижесін ғанаемес, халықтың эстетикалық талғамының өскенін,сұлулық сезімін танисың.
– Өлең оқитын, ән шырқайтын сахна осы екен!– дедім мен қызыққанымды, сүйсінгенімді жасыраалмай.
– Келіңдер, хош аламыз, – деді директор менҚКП Жымпиты аудандық комитетінің біріншісекретары Сабай Ниязов.
 Қол жеткен табыстар, аяқ жеткен асулар өткенкүндердің, тарихтың еншісі боп қалды. «Жол ақысы– жүру» дегендей, жаңа бел-белеске шығу үшінәркім, әрбір шаруашылық алға көз жіберуге, ертеңніңқамын бүгін ойлауы тиіс. Барлық мүмкіншіліктісарқа пайдаландық, жұмыста кем-кетік болған жоқдеп ешкім айта қояр ма екен. Тіпті бесжылдықтыңсоңғы жылының есебіне еңбек етіп жатқандардыңөздері де әлі пайдаланылмаған мүмкіншіліктердіңмолдығын мойындайды.
Сонымен біз жаңа, 1975 жылдыңтабалдырығынан аттадық. Қайырлы қадам болсын,қадірлі дос! Бұл жыл – тоғызыншы бесжылдықтыңаяқтаушы жылы ғана емес, Отанымыздың одан әріөрлеу жолын белгілеп беретін партиямыздың XXVсъезінің қарсаңы.
Осынау жаңа жыл күні мен саған осыны айтпақболдым, ардақты дос. Бұл – жолдастық сырласуым,жүрек тебіренісі, тіпті нағыз дұрысы – дауыстапойлану ғана. «Сырымды саған айтпай кімгеайтайын» дегендей, менің ақылшым да, оқырманымда өзіңсің!
Хош келдің, жаңа жыл! Жаңа бақыт, жаңажеңістер жылы бол! Қане, іске сәт! Кәне, достым!..
1975




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу