02.05.2022
  302


Автор: Жұбан Молдағалиев

БІЗДІҢ ҚАНАТ – ҚЫРАНҒА АРМАН

Ол кезде, Африка мен Азия елдері жазушыларының конференциясы өткен сентябрь күндерінде,біздің Алматы табиғаты мейлінше тартымды еді.Биылғы июль айының алабөтен аптап ыстығындатомырайып түнере қарап, жақпар-жақпар мұзбалаққұз көлдерінен топан сел тасытқан Алатау, енді ақбасы қайтадан жарқырап, баурайындағы байтаққаланы көмкере көрініп тұрды. Жазира бау-бақша,балбұл гүл астана көптеген елдің ұлттық жалауларымен безеліп, әдеттегідей меймандос жарқынқалпында қонақтарын «Қош келдіңіз!» деп қарсыалды.
Мен өз республикамды, туған Алматымды,олардың жаңарған, жасарған көркін, әрине, біркелкібілем дейтіндердің және бұларды қайда да, қай кезде де мақтаныш, тұтып, өлең-жырларына өзек етіпжүргендердің бірімін. Сөйте тұра сол конференциякүндері мен шексіз-шетсіз кең өлкемді де, оныңосынау асыл бейнелі астанасын да бір түрлі жаңакөргендей болдым, өзім үшін тағы бір тың дүниеашқандай көл-көсір қуаныш сезіміне еліттім, соғанәрқайсымыздың қатысымыз бар екеніне сүйіндім.
Мысалы, Алматының сұлу сымбаты – жасылкоридор жазық көшелері, сәулетті сарайлары, тамаша тұрғын үйлері, миуа бау-бақтары, күн нұрынашомылып кемпір-қосақ шығарып жатқан фонтандары, атақты өнеркәсіп алыптары, ұланасыр жаңақұрылыстары мен үшін, әрине, пәлендей жаңалықемес. Маған ондаған семьялардың күн сайын жаңапәтерлерге көшіп жатуы да табиғи нәрсе. Бұлардың
 бәрі қала өмірінің, халық өмірінің үйреншікті,міндетті көріністері боп сезіледі. Азия – Африкажазушыларының тарихи конференциясының салтанатты ашылу орыны болған анау Ленин атындағығажайып сарай да сүйікті Алматымыздың ежелгісәулет ескерткіші сияқты көрінеді. Мұнысыз Алматыболды деу қиын. Ал шындығына келсек, оның есігітұңғыш рет бұдан үш жыл бұрын, Қазақ СоветтікСоциалистік республикасының 50 жылдығыныңсалтанатты күндерінде ашылған-ды. Сонда алғашқықадірлі қонақтарының ішінде КПСС ОрталықКомитетінің Бас секретары Леонид Ильич Брежневте болды.
Қонақтар, Африка – Азия жазушылары өз эмоцияларын, өз көңілдерін ірікпей білдіріп жүрді. Тегіжазушы халқы негізінен бала сияқты, сүйінішін де,күйінішін де ішіне сақтай алмайтын халық қой. Менжоғарыда «өз республикамызды да, Алматыны дажаңадан көргендей болдым» дегенде, солардыңкөздеріне, солардың жүздеріне қарап жүріп түйгентүйіндерімді айтып отырмын.
Қазақ қонағына баймын деп мақтанбайды,жарлымын деп зарланбайды. «Бар осы, жоқ жай»дейді. Қандай қорытындыға келсе де, қонақ өзкөзқарасымен, өз пікірімен келуі керек. Ал азиялықафрикалық меймандардан менің бірнеше күн біргежүріп естігенім көбіне «қанатты халық», «қанаттыжер», «қанатты өнер» деген сияқты сөздер. Жаңаоянып, жаңа өркендеп жатқан елдерден келсе де,бұлардың көбі, әлбетте, небір сұлу жерлерді, небірсұлу қалаларды көріп жүрген адамдар. Ендешежаңағыдай сүйініш эпитеттерін қолданғанда осынау
 ой иесі адамдар көздерін сол әдемі сарайлар менүйлердің қабырғаларынан анағұрлым әріге, тереңгежіберген сияқты, солардың әлеуметтік ірге тасына,әлеуметтік фундаментіне үңілген тәрізді.
– Мұнша биікке, мұнша қиырға тек қанатбіткенде ғана жетуге болады. Ең ғажабы – бәріде халық үшін істеліп, бәрін де халық өз қолыменістеп жатыр. Біз Қазақстанда өзіміздің арманымызбен кездескендей болдық, – дегенді Азия менАфрикадан келген жазушылардың талайы сөйлегенсөздерінде болсын, газет бетінде болсын, атап айтыпжүрді. «Потемкин деревнясын» емес, нағыз советтікшындықты, бақытты өмірді, есті елді, ер жеткен елдікөрдік, – деді.
Қазақта «асың барда – ел таны, атың барда – жер таны» деген мақал бар. Біз социалистікреспубликамыздың достық жүрегін де, ізгі бейбіттілегін де, жомарт дастарханын да қатар жайып салып, Ұлы Октябрь түлеткен елімізді таныттық. «Асберсең ауылы алысқа бер – айта кетеді» дегендей,сол қонақтар осы уақытқа дейін Қазақстанға, СоветОдағына алғыс сөздерін, сүйініш сезімдерін жаудырып жатыр. «Біз өзіміз де қанаттанып қайттықсіздерден» деп жазады олар.
«Қанат» демекші, осы сөзбен байланыстықаншама аңыз-ертегі, қаншама арман-үміт өмірсүріп келеді. «Қос қанат құсқа біткен маған бітсе!»деп жырлады қазақ. Батыр болса, оны сенімдісерігіне, тұлпарына тіледі. Ғашықтар қысқа күндеқырық көрісу үшін көкседі. Ақын шабыт үшінаңсады, тұтқын болса, қанатты еркіндік, кеңшіліккепілі деп ұқты. Сайып келгенде қанат дегенің бақытпен бостандықтың символы сияқты еді.
 Енді біз «Қанатты Қазақстаным» деп жырлаймыз. Және бұл гипербола емес. Қазақ шыңырауданғарышқа шырқап шықты.
Арманға міне таң атты,
Құс деген оның не теңі!
Адамға біткен қанатты,
Қыран да қиял етеді! –
деп мақтана аламыз біз бүгін.
Құс неғұрлым күшті болса, өз ұясын солғұрлымаяқ жетпес, қол жетпес жерге салады. Шырқауға,шыңға ұя салатындардың бірі – қазақ поэзиясындаөте-мөте көп жырланып, ерліктің, еркіндіксүйгіштіктің бейнесі боп келген қыран бүркіт еді.«Қыран биігі» деген ұғым да шырқау биіктік өлшеміболатын. Енді біз Байқоңыр қанатын, космос биігінмеже етеміз. «Қыранға да берсе ғой сол қанатты!»– дейміз.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Сен есіме түскенде, ой, қарағым,
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді, –
деп күңіренген қазақ едік біз. «Ер қанаты – ат»деген де біздерміз. Бақсақ, одан да ұшқырлар барекен – өмір мен өлеңге «сайтан арба» мен «от арба»,«құрыш құстар» келді... Біз оларды мерейлене қарсыалдық, өзіміздің социалистік революциямыздың, өзқан мен теріміздің жемісі деп қарадық.
Алғашқы бесжылдықтар дәуіріндегі қазақпоэзиясын қарап отырсаңыз, Октябрь жемістері сөз  болған жерде, қай ақынды алсаң, да, Қарағанды,Ембі, Риддер, Түрксиб қатар аталмай қалған емесжәне бұл әбден орынды да. Қазақстан өнеркәсібініңалғашқы қарлығаштары, халықтың өз қолыменкөтерілген бұлар ел өмірінде осы уақытқа дейінүлкен роль атқарып келеді. Мысалы, Риддердіалсақ, оны ағылшын консесционері Урквардтыңжалмауыз шеңгелінен Владимир Ильич Ленинніңөзі Совнаркомның арнаулы қаулысымен тартыпалып берді. Бүкіл кенді Алтайдың ұшы-қиырсызбайлығының халық игілігіне айналуы дәл сонда,дәл содан басталды десе болғандай. Сондықтан бізРиддерді Лениногорск деп шексіз алғыс, махаббатсезіммен ұлы көсемнің атымен атадық.
Қазақ әдебиеті, қазақ поэзиясы – советтікшындықтың, туған республикамыздың бүгін дежалынды жыршысы, ұлы жеңістеріміздің жалықпасжаршысы! Бірақ ол енді небір ғаламат өнеркәсіпалыптарының атын атап, түсін түстеп, тізіп жатаалмайды. Бұл – тізім өлеңнің шырқын, поэзиялыққасиетін бұзады дегеннен емес. Сол тізімнің шекшетіне жетудің өзі мүмкін болмас еді. Мұндайміндетті бүгінде өлең түгіл мақала да ала алмайды.Егер революцияға дейін небәрі 307 ұсақ кәсіпорынығана болған Қазақстанда енді 22 мыңнан астам ірізаводтар мен фабрикалар және басқа өндірістерөркен жайып отырса, мұны қандай өлеңге сыйғызуғаболады? Тіпті соңғы жылдардың ішінде ғана өміргекелген Теміртау, Павлодар – Екібастүз, Ермак,Қостанай – Лисаков, Маңғыстау, Жамбыл –Қаратау, Шымкент – Түркістан және басқа асақуатты өнеркәсіп тораптарының өзі бір кездегі  батыл-батыл қанатты қиялдардың шоқтығынанәлдеқайда биік жатыр. Бұлардың өнімдерін бүкілдүние жүзі таниды. Біздің өнеркәсіп орындарымыз1970 жылдың өзінде 1913 жылғымен салыстырғандаөнімді 132 есе артық берген екен!
Ұлы Лениндік арманнан, атақты ГОЭЛРО-данбасталған электр жарығының алғашқы сәулесі жержерге түсе бастағанда, халық оны асқан сүйінішпен«Ильич шамы» деп атады, поэзиямызға да осыатпен кірді. Бүгінде республиканың 80-нен астамқалалары (солардың 70-ке жуығы совет жылдарытұсында пайда болған), колхоз-совхоз орталықтары,фермалар мен бригадалар мекендері былай тұрсын,алыс жайлаудағы малшы үйінен де электр сәулесінкөресің.
Көріп отырсыздар, жырға сиғыза алмасаң дацифрдан фактыдан қашып құтылу қиын. Өйткенібіздің қол жеткен табыстарымызды, республикадағыұлы революциялық өзгерістерді айтып беругецифрдан басқаның тілі жетпейді. Сайып келгендебіздің поэзияны қанаттандыратын да, үлкенпроблема қойып қинайтын да солар. Көркемәдебиет олармен тіл таба білуге міндетті. Оларданхалық өмірінің сәулесін, әдебиеттің негізгі объектісін– адам тұлғасын көре білуге тиіс. Ал адам – ісімен,қоғамға сіңірген еңбегімен адам.
Қазақстан жазушыларының соңғы бірпленумында өзіміздің тамаша замандастарымызды,коммунизм құрылысшыларын жырлау мәселесі сөзболғанда, сол мәжіліске атақты еңбек адамдарыда, солардың ішінде Социалистік Еңбек Ері атағынекі рет алған айтулы күрішші Ыбырай Жақаев пен  ата шопан Жазылбек Қуанышбаев та қатысты.Жай қатысып қана қойған жоқ, әдебиет мәселесіжөніндегі әңгімеге де араласты. Жоқ, олар біздіжазыңдар, бізді мақтаңдар деген жоқ. Өмірдің ащытұщысын көрген дана қариялардың көзқарасыменеңбек туралы, заман туралы айтты. «Біз бірімізкетпенімізді, біріміз таяғымызды жастарға бердік.Біз оларға еңбектің зейнетін тілейміз, сол еңбекпенбіте қайнап өсуді тілейміз» деді олар.
Кетпен де, таяқ та ежелгі кәсіптердің бір белгісіғана. Оларды қабылдай салу, әрине, қиын емес,кейбір жастарға тіпті мұның өзі баста тек романтикаболып көрінуі де ғажап емес. Аталардан еңбекэстафетасын – шопан таяғын, жұмысшы станогын,дихан тракторын, қызмет портфелін – қабылдағанда,ең әуелі олардың іске, қоғам мүддесіне деген шексізсүйіспеншілігін, кристалдай кіршіксіз адалдығын,арзан атақ-мансапқа құмарсыздығын мұра етіпалу керек. Эстафета сонда ғана асулардан асуларғақолдан түспей жете алады.
Советтік адам – үкіметіміз бен партиямыздың еңбиік мақтанышы, ең үлкен қамқорлығы. Социалистікқоғамымызға, ұлы лениндік идеяларды жүзегеасыруға лайық жеткілікті біліммен, коммунистікжоғары санамен, революциялық жігерменқаруланған тамаша адамдар өсіп-жетілгендіктіңарқасында біз коммунизм орнатып жатырмыз.Қазақстанның өсіп өркендеуін қамтамасыз етіпотырған да – осындай абзал адамдар, көп ұлттыОтан-анамыздың ер жүрек ұлдары мен қыздары.Биыл көктемде бір орайы келіп, Орал облысыныңбасшылары – ҚКП обкомының бірінші секретары
 Ш.Қоспановпен және облыстық атқару комитетініңпредседателі В.И.Подъяблонскиймен Алматыдакездесе қалғанымда, олар мені туған өлкемніңжағдайымен, халықтың қыстан қалай шыққаныментаныстырды. Әңгіме етудің бір себебі: өткен жылыОрал облысында сұмдық қуаңшылық болды. Жазбойы, күз бойы тамшы тамбай, жері де, аспаныда кеуіп тұрды. Көкорай шалғын боп жататын кеңжазықтар бұрқылдаған қызыл шаңдақ боп, жайқалыпкөріне бастаған жалпақ егін күйіп кетті. Мал азығымыңдаған километр қашықтықтан – республиканыңөзге облыстарынан даярланды.
Шәпет Қоспанұлы Қоспанов та, Виктор ИльичПодъяблонский де болмысында өте сабырлы,сыпайы, ұстамды, риторикаға да, патетикаға даонша бой ұра қоймайтын адамдар. Сөйтсе де осыкісілер облыс малшыларының қыстағы еңбегі, ерлікістері сөз болғанда мүлде өзгеріп кеткендей көрінді,ақын тілімен сөйледі десем, өтірік емес. Сөздеріндетамаша еңбек адамдарына деген шексіз сүйініш, зормахаббат жатты.
– Бізге адам тамағы проблема болған жоқ. Олбаршылық қой. Біз мал азығынан қысылдық. Тіптішаруашылықтардағы ірі қаралардың бірсыпырасынбасқа жаққа беру мәселесі де күн тәртібінде болды. Бірақ халыққа, партия-совет ұйымдарына,үкімет пен партия қамқорлығына сеніп, тәуекел етіпсол малды қолымызда алып қалып едік, үмітімізақталды. Қыс қысымын көре тұрса да, «қиналдық,қысылдық» дегенді есіткен емеспіз. Табиғаттыңқатал сынынан сүрінбей шықтық, – деді ВикторИльич.
 Осы сөзді қуаттай отырып, Шәпет Қоспановмынадай бір түйін айтты.
– Өткен жыл облыста қазақша айтқанданағыз жұт дейтін жыл болды. Егер баяғы заманболса, тігерге тұяқ қалмас еді. Тіпті одан жеңілқысыңның өзінде қазақта байлардың жарлы боптозып кеткенін, жарлылар жұртының мүлде қурапқалғанын көргенбіз. Өйткені онда әркім өзімен өзібоп, біреуге біреу қол ұшын бермейтін. Біз болсақбүкіл Отан қамқорлығына кенеліп отырдық. Халықсоветтік қоғамның құдіретін тағы да өз көзіменкөрді.
Рас-ақ! Міне сол құдіреттің тағы бір ғажайыпмысалы.
Бұдан бірнеше күн бұрын Қазақстан Отанқоймасына алтын дәннің кезекті миллиард пұтынқұйды! Бір кезде осыншама дәулет, осыншама қазынатүгіл, миллиард деген санның қандай екенін білмегенқазақ халқына, бүкіл республика еңбекшілеріне бұленді пәлендей таңырқарлық жәйт емес, міндеттіістің, творчестволық еңбектің үйреншікті жемісі,социалистік құрылыс табыстарының заңды жалғасысияқты.
Л.И.Брежнев биыл Ташкентте Өзбек ССРіне Халықтар Достығы орденін тапсырғандасөйлеген сөзінде қазақстандықтарды жан-жүрегіментебіренткен аса бір жылы сөз айтқан еді: «...Меніңтуған Қазақстаным – деді Леонид Ильич, мақтажөнінде айта отырып, – 300 мың тонна сатуғаміндеттенді. Оның үстіне қазақстандықтардыңмемлекетке кем дегенде бір миллиард пұт астықберуге міндеттенгені есте болу керек». Бүгін біз:
 «Қадірлі Леонид Ильич, Сіздің туған Қазақстаныңызуәдесін орындады және ол партия мен Отан сенімінәрдайым абыроймен ақтайды!» дейміз.
«Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады»дейді қазақ мақалы. Біз қанатымыз да, қуатымыз да –Совет Одағы халықтарының лениндік ұлы достығындаекенін еш уақытта есімізден шығармаймыз. Советөкіметі тұсындағы алғашқы заводтардан бүгінгіқазақстандық Магниткаға дейін, алғашқы мектептенбастап университеттер мен Ғылым Академиясынадейін, алғашқы көркем өнерпаз үйірмелеріненбастап қазіргі академиялық театрларымызға дейін,тұңғыш тракторлардан бастап осынау ұлан-байтақтың далада қаптап жүрген есепсіз ғаламат техникағадейін – республика өмірінің күллі саласында ағайынхалықтардың жәрдемі тимеген жер жоқ. Соныңішінде совет еліндегі басқа да барша ұлттар сияқтыбіз де ең алдымен, әрине, орыс халқын айтамыз.Мың-мың рахмет, бауырлар!
Біз, қазақтар, Совет Одағы халықтарыныңтуысқандық достығына үлкен сын болған ҰлыОтан соғысы күндерінде «Туған Украина үшін!»,«Бауырлас Белоруссия үшін!», «Ардақты астанамыз– ұлы Москвамыз үшін!», «Революция бесігі –Ленинградымыз үшін!» деп атойладық атакаларда.Осындай ұрандармен қазақ ақыны АбдоллаЖұмағалиев ақырғы оғына дейін атысып, өртеніпөлді. Қазақтың екінші бір тамаша ақыны ЖұмағалиСаин украин партизандарының қатарында соғысып,«Менің Днепрім», «Менің Киевім» деп жырлады.«Ту сыртымызда – Москва, шегінетін жер жоқ!»деп ұран тастағандар да – қазақстандық дивизияның  ерлері, атақты панфиловшылар болатын. СоветОдағының Батыры Есқали Сүндетов Белоруссияжерінде Александр Матросовтың ерлігін қайталады.Сталинградты қорғаушылардың өшпес ерлігінеарналған Мамай қорғаны басындағы ғаламатескерткіштер қатарында, бір қабір үстіндегіплитада «Сержант Нүркен Әбдіров» деп жазылған.Совет Одағының Батыры ұшқыш Әбдіров атақтыГастеллоша қаза тапқан еді.
Біз соғыстан бүлінген қалалар мен селолардықалпына келтіру ісіне де жүрегіміздің бар жалыныменқатыстық. Жер сілкінуінен зиян шеккен ТашкенттеҚазақстан құрылысшылары салған сәулетті үйлеркварталдарын көреміз. Ал осы жазда июль айындаАлатаудың мәңгілік мұз құздарынан сұмдық топансел қаптап, Алматыға орасан бүлік қаупі туғанда,бізге көмекке келуге бүкіл ел даяр тұрды. Қаланыңбір бөлігін алып кеткен 1921 жылғы тасқыннан үшесе күшті дүлей сел өз қолымызбен тауды бұзып,тасты жарып салынған атақты Медеу плотинасындатулап-тулап, тұсауланған асаудай тыпырлап қалаберді.
Жоғарыда аталған конференция күндері АлматыдаЖазушылар одағының үйінде, мейманханаларда,көшелерде, Медеуде, қазақ дастарханының басындамен өзіміздің туысқан республикалардан келгенқаламдас жолдастарыммен де кездестім. Орысжазушысы, совет адамдары ерліктерінің тамашаізшісі Лениндік сыйлықтың лауреаты СергейСергеевич Смирнов, Лениндік сыйлықтың лауреатыбелорус Иван Мележ, украин Дмитро Павлычко,татар Зәки Нури, якут Семен Данилов Қазақстан
 үшін, Алматы үшін қандай қуанды десеңізші! Алмен болсам, осындай тағдырлас, тілектес, бауырласдостар үшін сүйсіндім.
Даңққа бөленген республикамыз туында Ленин,Октябрь революциясы, Халықтар достығы ордендеріжарқырайды. Олар Советтік Қазақстанның бүкілөмірінің мазмұнын – күресі мен еңбегін, азаттығымен бақытын, бүгінгі мен келешегін бейнелегендей.Қазақ халқының қанаттылығының сырын да осыЛенин, Октябрь, Достық деген қасиетті үш сөздіңтөркінінен танисың.
Бүгін оның қолы ұзын, қанаты кең,
Шыққан күндей жарқ етіп қара түннен.
Бүгін қазақ атайды азаттығын
Партияның, Лениннің дана атымен,
Мадақтайды Отанды Одақ үшін,
Шаруаның айшықты Орағы үшін.
Жұмысшының сом болат Балғасы үшін,
Әр жалаудың өзіндік жолағы үшін.
Соны жырлау – менің де мақсат-ісім,
Солар маған әперді бақ сатысын.
Барым, арым әуелі сенікі, Отан,
Адам деген, Дос деген жақсы ат үшін!
1973




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу