02.05.2022
  85


Автор: Жұбан Молдағалиев

ӘР ТҮРЛІ «АҒЫМДАҒЫ» МӘСЕЛЕЛЕР

Өткен жылы Алматының әр түрлі жоғары оқуорындарында оқып жүрген Тайпақ ауданыныңжастары бәрі бірге суретке түсіп, сол суреттіңбіреуін маған жіберіпті. 40-30 адам. Бұл тек қазіргістуденттер және бір қаладағылары ғана! Ал оқыпбітіргендері және Москвадан бастап басқа жерлердеоқитындары қанша?!
Солардың бәрінің алғашқы ұялары – Тайпақмектептері, тұңғыш ұстаздары Тайпақ мұғалімдері.Қазір аудан да, мектептер қатары да, мұғалімдерқатары да нығая түскен, жасара түскен. Бірсыпырасы– жаңағы жоғары оқу орындарын бітіріп, ұшқанұясына оралғандар. Солардың бірі боп биылқазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттікуниверситетін бітіріп Базарғали Қуатов барды. Бұл– университеттен алған білімінің үстіне Алматыныңәдебиетші қауымын төңіректеп «тірі жазушыларды»көрген жігіт. Қош алып, алғашқы кезде қолтықтансүйеп жіберсе, әдебиеттің, сөз жоқ, жақсы мұғаліміболайын деп тұр. «Орал» совхозының сегіз жылдықмектебінің директоры Боран Жұмағазиев бір кезденақ осындай үрпек бас балапанның бірі еді, қазірмұғалімдік «қазанда» қайнап піскен әдебиеттіңайтулы мұғалімі бопты.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда,Тайпақ мұғалімдері өздерінің ұстаздық, оқытушылық
 міндеттерін қазір де абыройлы, оқу программасыбойынша атқарын жатыр.
Әйтсе де осы арада «бірақ» деген сөз тамағыматағы да таянып отыр. Ұстаздың, оқытушыныңжұмысы бір ғана оқу программасының, бір ғанамектептің төңірегімен шектеле ме? Өз тілдеріменайтқанда «кластан тыс жұмыстары» аз ба?
Рас, Тайпаққа мен барған тұста оқу жылыаяқталып, мұғалімдердің заңды демалысынашыққан шағы еді. Институттарда сырттан оқитынмұғалімдерге демалыс емес, нағыз қауырт еңбеккезеңі басталған-ды. Бірақ ауылда бос жүргендеріде аз емес еді.
Ал осы кезеңде «екпінді майданда» пішенжинауға, егін орағына байланысты нағыз жауаптыуақыт туды. Әсіресе «Өлеңті» совхозындағы жағдайбейбіттігі болмаса шын мәнінде майдан дерлікеді. Егін бітік шыққан. Бір жағынан техника менжұмыс қолы жетіспей, екінші жағынан, егінніңқурап төгіліп қалу қаупі туып, совхоз жан-жақтанкөмек сұрап жатты. Кейін астықты Отан қоймасынажоспардағыдан үш есе артық құйған бұл совхоз олуақытта бала-шағаның қолқабысынан да бас тартқанжоқ.
Мен бірде «майданның» нағыз қызу участогыбоп жатқан қырман басына келсем, совхоздың кәрісіде, жасы да осында екен. Ересегінен ең кішісінедейін мектеп балалары да толып жүр.
– Мына балаларды мұғалімдері алып келді ме?– деп сұрадым мен.
– Жоқ, өздері келді. Мұғалімдер дем алыпжатқан шығар, – деді қырман басындағы бір
 жолдас. Оның соңғы сөзінен анық кекесін, ренішбелгісі сезілді.
Әрине, мұғалімдердің көмекке келу-келмеуі өзеркінде ғой, кінәлауға ешкімнің қақы жоқ. Менжаңа осында келерде №3 ферманың басында «демалып» жүрген бір тобын көргенде, мұнысы қалайдеп ойлай қоймаған едім. Қазір мына шәкірттерінеқарап тұрғанда, олардың ортақ істен, үлкен дүбірден,қуанышты оқушыларынан аулақ жүруі ыңғайсыз даерсі сияқты болды. Қастарында сүйікті ұстаздарыбас-көз, ақылшы боп жүрсе балаларға да қандайкөңілді, мұғалімдердің өздеріне де қандай жарасты!
Мен Тайпақ ауданында өткен жылы күзде деболғам. Сонда да, биылда да мұғалімдер мағансовхоз өмірінен, «кластан тыс жұмыстардан» шеттеусекілді көрінді.
Ауылда көркем әдебиет кітаптары кең тарайбастапты. Қай үйге барсаң да жазушылардыңжаңа шығармаларын көресің. Бірақ кітапты әліде болса насихаттай түсу керек, жұмысшылардың,шопандардың кітапхана құрауына көмектесу қажет.Міне осы істе мұғалімдерден артық кім жаршы, кімақылшы бола алады!
Міндетті жұмыстан басқа қоғамдық борыш,ар-ождан алдындағы жауаптылық деген болады.Тұрмыстағы феодалдық-капиталистік қарымқатынастар қалдықтарына қарсы күресу, жаңа менжақсының насихатшысы болу – ауыл интеллигентініңсол қоғамдық парызы емес пе? Осыны білмейтіндерде, біле тұра елемейтіндер де бар.
«Өлеңті» совхозында Сүндетова Роза қарындасбасқарған талантты өнерпаздар коллективі жұмыс
 істейді. Мұның құрамында шопан да, тракторшыда, аспаз да, үй шаруасындағы әйел де бар. Жоғы– жаңағы мұғалімдер, совхоз интеллигенттері. Негеолай? Меніңше олар өмірдің барлық саласына белсенеараласуы керек. Лекторлар мен баяндамашыларда, үгітшілер мен насихатшылар да әуелі солардыңарасынан шығуы қажет.
Жоғарыда аталған зоотехник Бақытжан Сағымбаев өзінің мамандығы мен менің мамандығым жөнінде ғана әңгімелесіп қойған жоқ. Ауыл шаруашылығының бірсыпыра саласының әлі механикаланбай жатқаны, құрылыс материалдарының кемдігі,тұрмыс мәдениетін көтеруге аса қажетті стол, орындық, буфет, шкаф секілді мебельдің ауыл магазиндеріне өте аз түсетіні рас па? Рас. Бақытжандыосының бәрі толғандырады. Өзің коллективтің бірмүшесі бола тұра, «мұның маған қатысы жоқ» депқолды бір сілтеу, әрине, жараспайды.
«Ағымдағы» мәселенің бірі ретінде айта кететіннәрсе – ағаш отырғызу, ауыл селоны жасылдандыру.
Жасыл орманды Жайық жағасында тұрса дааудан орталығы – Калмыковтың жаңбырсыз күндегіқұм-шаңдағы, жауынды күндегі батпағы талайжылға жүк болғандай еді, әлі де «Аллаға шүкір»екен. Әйтсе де аудан орталығы қазір біркелкі түзеліпқалыпты. Ауатком мен аупарткомның екі қатарлыкеңсесі, орта мектеп, жаңа емхана, салынып жатқанкинотеатр мен кітап магазині, кейінгі жылдардатартылған көшелер мен бірсыпыра бір қалыптытұрғын үйлер о баста талғамсыздау орын тепкенпоселоктың еңсесін едәуір көтеріп тұр. Енді соныңбәрінің көркі болғалы тұрған нәрсе жасыл бақ –
 жас парк. Отырғызылғанына небәрі 2-3 жыл болсада бұйраланып қазірдің өзінде едәуір өсіп қалыпты.Калмыковтықтар оны қызғыштай қориды. «Орал»совхозының орталығында да солай.
Осы өнегені өзге жерлерде де, соның ішіндежазда құм-шаңдақ, қыста боран басып кететін«Өлеңті» совхозының орталығында да қолға алса,тіпті жақсы болар еді. Бастамашы басшы жолдастармен ауыл интеллигенттерінің өздері болуы керек.
* * *
Мен қойын дәптерінің әр бетін ашқан сайынәр түрлі адамдардың аттары да, әр алуан фактылар да еске түсе береді. Бірақ тағы бірде оралмасақ,оның бәріне бұл жолы орын да жететін емес. Меніңтек кейбір жәйттерге назар аударып отырғаным дасондықтан.
Тайпақ таңы – күннен күнге жарқырап кележатқан таң. Тайпақтықтар өздерінің бүгінгіқуанышты өмірі мен жасампаз еңбегінен сәулеттіертеңін де айқын көріп отыр.
1963




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу