Өлеңдер ✍️

  01.05.2022
  2118


Автор: Таныстыру сөздері

Жыл оқушысы байқауға таныстыру

Ассалаумалейкум арда қазақ,
Өте берсін әр күні күнің ғажап.
Жыл оқушысы байқауына келдім бүгін,
Шықсам деген ойменен жеңіп озат.

Арсенұлы Ардақ балаң мен боламын,
Шумақтатып алдыңда толғанамын.
Қанағатшыл ұлыңмын, тәубе етер,
Шүкір қылар қашанда қолда барын.

Орта жүзден шыққан ұлың мейірімді,
Жақсылықты жалғайтын жақсылыққа.
Жыл оқушысы байқауы сәтті болсын,
Күйін сыйлап бүгін келген жақсы жұртқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу