Өлеңдер ✍️

  01.05.2022
  1076


Автор: Таныстыру сөздері

Жыл оқушысы байқауына

«Жыл оқушысы» байқауы бұл бүгінгі,
Шыға берсін шаттықта жүрек үні.
Армысыздар иіліп сәлем бердім,
Алдыңызда құлпырып өмір гүлі.



Қанатқызы Аяулым мен боламын,
Өнеріммен сіздерді таң қылатын.
Ұлы жүздің қызымын жүрегі кең,
Жақсылықтың жанында сән құратын.

Барша достар сәттілік тілеймін мен,
Алдыңызда үн қатып жүрегіммен.
Сәтті өтсін бұл байқау қызықты боп,
Мықтылардың мықтысы жеңе білген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Серикбай Айзере
Таныстыру

Пікір жазу