01.05.2022
  456


Автор: Жұбан Молдағалиев

ТАЙПАҚ ДЕГЕН БІР ЖЕР БАР

Мен «Туған жер» атты жаңа өлеңдер кітабындаярлай бастадым. Осыған орай көп нәрсеге оймен оралып, көп нәрсені көз алдына әкелуге туракелді. Мұндайда жазушының бір сүйеніші – өзініңқойын дәптерлері, жол жазбалары. Әрідегіні былайқойғанда, соңғы үш-төрт жылдың өзінде осындайдәптерлердің менде де біразы жиналып қалыпты.Кейбіреулерінің беттері көнетоз, сарғыш тарта бастапты. Сағыныш белгісіндей. Жарыққа шығар күнінаңсап сарғайғандай.
Соларға қарап отырсам әр алуан жол-сапарлареске түседі. «Күнде көріп жүрген» ұлы Москваданбастап, талай жер дәптерге түсіпті.
Мына біреуін «Қазан дәптері» деп атауғаболады. Мен 1958 жылы туысқан Татарстанжазушыларының съезіне қатысып, атақты ҒабдоллаТоқай жырлаған «Мұңлы Қазан, нұрлы Қазан»шаһарында болғам. Мұңы өшіпті де, нұры өсіптібіздің заманда. Сол нұрлы қала, оның қарт Кремлі,Сүйінбике мұнарасы, соның іргесіне келіп, сылқсылқ күліп жатқан жаңа теңіз – Қазан теңізі, МұсаЖәлел толғаған «Сабан той», қадірлі достар – бәріесте. Олар дәптер бетінен шығып, жыр жолына,кітап бетіне түсуге тиіс.
Ал мына бір дәптердің сыртына «Азия мен Африка елдері жазушыларының Ташкенттегі конференциясы» деп жазылыпты. Оған біздің Қазақстандық
 делегацияны Мұхтар Әуезов марқұм бастап барғанды. Бұл ұмытылмас сапардың мол әсерлеріне кейінӨзбекстандағы және бір үлкен сапар ғаламаттарықосылып еді. Қазақ әдебиетінің осы туысқан республикада 1960 жылы өткен апталығы кезінде ментағы да таң Ташкентте, Гүлстанда, көне де жаңаСамарқандта, бауырлас Қарақалпақстанда болғам.
Мына бір дәптердің шеті де мұқалмаған. Жапжаңа, сусылдап тұр. Таяуда өзбек әдебиетініңҚазақстанда өткен апталығы тұсында оныңбеттерінде Қарағанды, Теміртау, Тың өлкесі, Бурабай, Балқаш деген сықылды жер аттары жазылыпты. Қонақтармен бірге бұл жерлерді мен де аралапқайттым.
Бәрі де менің жерім. Ертеректе жазылған бірөлең шумақтарын еске түсіріп айтсам:
Өз жерім – қайда барсам да,
Кең байтақ совет елінде.
Өз үйім – қайда жатсам да,
Аунаймын еркін төрінде.
Ішінде, бірақ, солардың:
Туған жер атты бір жер бар.
Ол жерім – менің Оралым,
Ақ Жайық, толқын, бұл көк жал.
Мен үшін ол өлкенің ішінде де бір ерекше жербар. Ол – Тайпақ деген аудан, Тайпақ деген жер,өзімнің туып-өскен жерім...
Он жылдан кейін жол түсіп, өткен күзде меносы Тайпақ ауданында да біраз күн болғанда, көп
 жақсылықты көргем, көп әсер алғам, көп өлең жазамын деп ойлағам. Бірақ жұмысбастылық, денсаулықжайы сияқты әр түрлі дәлелді-дәлелсіз жағдай менісоңғы уақытқа дейін өлеңге отырғызбай қойды. Қалаберсе, әрі ойлап, бері ойлап, онша асығыс болғымда келмейді. Қымбат нәрсе туралы жазғаның арзандүние боп шықса, онда қандай қасиет болады. Алтуған жер дегенің ең қымбат нәрсе ғой.
Тіпті, турасын айтсам, маған өткен жылғы сапарда қадірлі де қуанышты көрінген – Тайпақтыңтуған жерлігі ғана емес. Менің одан көңілсізоралған да кезім болған. Мысалы, 1952 жылы. Батыс Қазақстанда бұл жылдың қысы қытымыр да,жазы қуаң болды. Соның зардабы мал мен егінгетиді. Егін мен малдан басқа кәсібі жоқ жерде, ондай жағдайда адам тұрмысы қайдан жақсы болақойсын. Менің жерлестерімнің еңсесі салыңқы,қабағы жабыңқы көрінді онда. Оны көре тұрақалайша көңілді қайтарсың?
Енді өткен күзде барсам, туған жер аспанындашөкім бұлт жоқ, туған адамдар қабағында титтейкірбің жоқ, ел еңсесі ерекше биік.
– Енді бір он шақты жылдан кейін көрсең тіптітанымай қаларсың туған жеріңді, – дейді жерлестерзор мақтаныш сезіммен.
Соңғы жылдардың табыстары, соңғы жылдардағыжағдай халыққа қанат бітірген, жаңа күш, жаңасенім қосқан. Мен аудан экономикасының,жерлестерімнің әл-ауқатының осылай күрт өзгеріп,қауырт көтерілуі себептерін сұрағанымда:
– Түсінікті, – деді ҚКП Тайпақ аудандықкомитетінің бірінші секретары Ғаббас Рзалиев, –  ел өміріндегі, ел тұрмысындағы өзгерістер табиғатөзгерісінен туған нәрсе емес. Табиғат-ана баяғышабірде көл, бірде шөл ғой. Мысалы, биыл жаз бойыбұл жерге аспаннан тамшы тамбады десем өтірікшібола қояр ма екем. Тілмен жалағандай тықырлапдамылсыз жинап жатсақ та, малдың қыстық шөбінәлі алып болғанымыз жоқ. Себебі алатын жер жоқ,шабындық жоқ, шөп жоқ. Демек, алдағы қыс малшаруашылығына үлкен сын болғалы тұр. Бірақ қалтқұлт етіп отырған да шаруашылық жоқ. Ертедегідейемес, қазығы мықты, іргесі берік, толысып нығайыпалған. Халықтың тұрмысы да сондай. Мұның сырын іздесеңіз, партия мен үкіметіміздің өнеркәсіппен ауыл шаруашылығын қауырт өркендету, одақтасреспубликалардың праволарын кеңейту жөніндегікүрделі шараларын еске түсіріңіз...
Ал өзгерістер дегеніңіз, аяғыңызды аттасаңызақ болды, әр жерден кездеседі. Ол бірде шопанныңастындағы «Волга» автомашинасы мен мотоциклболып көрінсе, бірде қарапайым еңбек адамыныңүйінде сан алуан кітап, радиоқабылдағыш, жаңасоциалистік дәстүр боп көрінеді. Бір кезде мен«Туған аулымда» деген бір өлеңімде:
Мен өскен Өлеңтінің жағасында,
Көктемде өткел бермес сағасында.
Түрмекші түн түндігін колхоз ГЭС-і,
Өктем күш ерлігіне қарасын ба?! –
деп жазғанымда, шынын айтсам, электр станциясы туралы бұл жерде тіпті әңгіме де жоқ еді. Бірақөмір шындығының қиялдан да озып түсіп жатқан  жайы бар. Қазір әр фермада, әр үйде Ильич шамыжанады.
Баяғы Өлеңтінің басындағы
Жарбиған үйлер де жоқ жасымдағы.
Колхозшы «кең» деп салған кешегіні
Күні ертең «тар» деп одан асырғалы, –
деп енді айтсам, нағыз шындық екен. Бұл өлеңгебір түзету» сол: қазір аудан жағдайына байланыстыколхоздардың бәрі совхозға айналған. Соның біріжәне ең жасы (1961 жылы мартта құрылған) –«Өлеңті» совхозы.
– «Көш жүре-бара түзеледі» дегендей, жаңаұйымдасқан совхоздың түзейтін нәрселері көп, –дейді осы совхоздың директоры, менің бір кездегімектептес жолдасым Тәтібай Сұлтанғалиев. – Бірақбіз «жүре-бараны» күтпей, нені болса да уақытындатүзетіп, уақытында істегіміз келеді. Әзірге екі нәрсеніанық мақтан етуге болады. Ол – совхоздың жерімен адамдары.
Біздің жеріміз – шұрайлы жер. Соның 20 мыңгектарына егін салуға болады, 10 мың гектары тыңжер. Сөйте тұра жылма-жыл тек 7 мың гектар ғанаегін салынып келген. Демек, алда осы тамаша жердітолық игеру міндеті тұр. Біз таяу жылдарда 12-
13 мың гектардан дәнді дақыл салғанның өзінде,астық өнімін миллион пұтқа жеткіземіз екен1. Олүшін совхозда, әрине, техниканы да, мамандарды дакөбейту керек.
1 Кейін солай болды да. Автор.
 Директор барынан гөрі жоғын, совхоз алдындағыміндеттерді көбірек сөз қылады.
– Мал шаруашылығын өркендету үшін тұрақтыазық қорын жасау керек, – дейді ол, өзін мазалапжүрген ойларды ортаға салғандай. – Жүгері,арпа, қара бидай сияқты дақылдарды, әр түрлікөп жылдық шөптерді неғұрлым мол екпесек, бұлмәселені шеше алмаймыз. Осыған орай Өлеңтіөзенінің суын дұрыс пайдалану жайын да ойластыруқажет. Мысалы, сонау Назарымбет жырасын бөгесе,5 мың гектардай шабындықты суландырар еді. Аләзірше су дегеніңіз ең тапшы нәрсе боп тұр. Биылмалшылар үшін қырық шақты бір қалыптас шегенқазылды. Бірақ механикаландырмаса, олардың дарахаты аз. Совхоз жерінде ірілі-ұсақ сайдан көпнәрсе жоқ. Соларды да бөгеп, су қоймалары менхауыздар жасаса, біраз мұқтажымыз өтелер еді.Техника болса, мұны істейміз де. Бульдозер бар,экскаватор, скрепер жоқ...
Тәтібайды мен ширек ғасырдан кейін көріпотырмын. Менен үш-төрт жасы кіші болуға тиіс.Бүлдіршіндей бала кезде айрылған жолдастар ортажасқа қол артқан шақта жолығыстық. Директорлыққаауданда партия-совет жұмыстарының бірсыпырасатысынан өтіп келіпті. Осы кездесуден бірер айкейін Алматыға кеп, жоғары партия мектебінсырттан оқып бітіріп кетті. Сонау бір қызық күндеркенет елес бергендей, Тәтібай ауылдағы әңгімеүстінде оқыс күле қарап:
– Айтпақшы, Батырғожаның Закариясы есіңдеме? – деді. – Қазір мұғалім, баяғысынша қуақы,сайқы мазақ. «Жұбан мектепте жүргенде менен гөрі
 ересектігін пайдаланып, әлімжеттік жасаған кездеріболған. Енді соның қарымтасын қайтарсам деп ем»деп қояды күліп. «Маған да бірер шапалағы тигенібар, онда екеуміз бірге қимылдайық» дедім мен...
Ара-тұра осындай ерте кездің елестерін алғаәкеле отырып, Тәтібай тағы да ертеңгі күнніңжұмыстарына ойысты.
– Мен ауызды қу шөппен сүртіп, жалғансыпайылыққа бой ұрайын деп отырғам жоқ.Совхозды қазірдің өзінде белді шаруашылықтыңбірі деуге болады. Тек істегенімізден істейтініміздіңкөбін айтып отырмын. Біздің негізгі кәсібіміз –мал шаруашылығы ғой. Қазір соның да шешілмегенсаласы көп. Мысалы, қойдың бізде қаракөліде, биязы жүндісі де, қылшық жүндісі де бар.Келешекте ол түгелдей және жартылай биязы жүндіжағына қарай беттеуі керек. Сиырдан «қазақтың ақбас сиыры» тұқымын алу қажет. Жылқыға дегенкөзқарасымызды да өзтертпесек болмайды. Қазірсовхозда төрт ферма бар, бәрі де радиоланды,электрленді. Бәрінде де мектеп, клуб бар. Алдатұрған жұмыстың бір үлкені – тұрғын үйлер салу ісі.Оны әсіресе сапа жағынан жаңарту керек. Ең әуелімалшылар үйін қолға алу жөн. Таяудағы екі-үшжылдың ішінде көптеген құрылысты жүзеге асырукерек. Совхоз орталығында жаңа клуб, жаңа мектепүйін, балалар яслиін салу да ойда бар. Жаңа тұрғынүйлер бумен жылынатын болуы шарт. Әлбетте, бұлкүрделі қаржыға байланысты ғой. Әйтеуір ықыласынтамыз артығымен жетеді. Жаңа айттым ғой,адамдарымыз еңбек ете біледі, жігерлі десең жігерлі,өнерлі десең өнерлі.
 Тәтібай осы сөзіне мысал ретінде ҚисапНұрғалиев, Отар Хайруллин, Ғайса Қарақойшиев,Шонан Манаев сияқты малшылардың, БазарТайпанов, Жұма Сүлейменов, Зинеш Назжановсекілді механизаторлардың есімдерін атады.Олардың бірсыпырасын мен баяғыдан білем. Неөздері, не әкелері таныс. Мысалы қазіргі еңгезердейқара жігіт, облыстық советтің депутаты, тракторбригадасының бригадирі Жұма Сүлейменов балакезінде әкесі Сүлекең қарттың жетегінен қалмаушыеді. Совхоздың бас прорабы Қуанай Мәжитов кешеғана Алматы техникумын бітіріп кеткен. Олардыңжігері істерінен көрініп жатты.
Мен совхоз жастарының, айтса айтқандай, өнерліекенін де өз көзіммен көрдім. Клуб меңгерушісіСүндетова Роза қарындас басқарған өнерпазжерлестерімнің – комбайнер Сатан Базаров,тракторист Әкбар Бақытжанов, кітапханашы МарияТөресаева, құрылыс жұмысшысы Аманжол Мәжитов,Ұлболсын Хамитова, Гүлжан Ысқақова, ЖасталапҚуанғалиевтердің ән-күйлері қандай талғампазадамдарды да сүйсінте алады. Орайы келгенде айтакету керек, өнерпаздарға жалпы аудан көлеміндеде көп көңіл бөлетін тәрізді. Аудандық мәдениетүйінің скрипкашысы Мұқамбетқали Сұлтанғалиевтің«Жастар, алға!» күйі, «Тайпақ» совхозының қызыАжар Қаленованың әсем де асқақ әуені, прорабВалерий Чиков пен Анатолий Юшиннің «ШолпанШолпанды» қазақша шырқауы соны аңғартты.
«Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал ертеденбар. Осы жастардың ең үлкен өнері әуелі еңбектенкөрініп жатыр екен. Бізде жұмыстың екі түрі –  басшылық пен малшылық соңғы 5-6 жылға дейіннобайы «тәжірибелі» деген адамдар мен ақсақалдышалдардың маңдайына жазып қойған, солардыңеншісіне тиген жұмыс сияқты боп келген еді. Қазірсоның екеуі де – малшылық та, басшылық та білімдіде білгір, қайратты да қажырлы жастарға қарай күртбет бұрған екен.
Мен ауданның мал шаруашылығында қайдабарсам да жастарды көрдім.
Аудан орталығы – Калмыковтың шағыл бетінде,құмда «Краснояр» совхозының малдары жайылады.Соларға қарай бет алған жолда біз ең алдыменТемірғали Оңаев ақсақалдың жылқышы қосынакезіктік. Қос дегенде бұл – бес-алты қанат жаңакиіз үй. Оның жанында «ас үй» сияқты бөлек қосыбар. «Ашта туған баланың екі көзі аста» дегендей,кәсібіме қарай, іші жақсы жиһаздарға толы «үлкенүйге» кіре бере менің көзім төрде радиоқабылдағышжанында жиюлы тұрған кітаптарға түсті. «Малжаныңыз аман ба?» дей отырып, мұқабаларынанкейбіреулерінің аттарын да оқып алдым: СәкенСейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов,Тайыр Жароков томдары, қазақ эпосы,Салтыков-Щедриннің «Губерниялық очерктері»,В.Кожевниковтың «Жанды суы», А.Файзидің«Тоқайы», С.Шаймерденовтың «Инеші», В.Ажаевтың «Москвадан алыста» романы, Совет ОдағыКоммунистік партиясы тарихының қысқаша курсы,Рабиндранат Тагор, Мұхтар Әуезов... Әр түрлікітап, әр түрлі авторлар...
Темірғали отағасы 20 жыл бойы жылқы бағадыекен. Ленин орденімен наградталыпты. Үлкен
 еңбекте үлкен тірек боп келген – зайыбы Жәмилажеңгей екен.
– Жасымыз жетіп келе жатыр, күшіміз кетіп кележатыр, – деді Жәмила жеңгей қиыстыра сөйлеп. –Енді, бес жылдан бері баламыз Ізбасарды баулыпжүрміз. Келініміз Меруерт екеуі біздің құрығымыздыұстап қалады. Беталыстары жаман емес, баламкомсомолдың грамотасымен наградталды...
Жәмила жеңгей заманында жігерлі де жарқын,«от ауызды, орақ тісті» қажырлы адам болғансияқты. Қазірде де тұғырдан тайып тұрған жоқ,шалына да, балаларына да біраз сүйеніш бола алатынқауқары бар.
Шағылға жиырма шақты километр бойлағандажәне бір қонысқа жолықтық. Бұл Аманжол Серғазиевдеген жас жігіттің отары екен. «Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» дегендей, бұ да мектептенкейін шопан әкесінің таяғына мұрагер бопты.Қойшы болғанда, аудандағы атақты қойшылардыңбірі. Комсомолдың аудандық комитетінің мүшесі.Оның киіз үйінің төрінде де – әдеби кітаптар, әртүрлі газет, журналдар, радио-қабылдағыш. Меніңтағы да соларға көзім түсіп отырғанын байқап қалыпСерғазы қарт:
– Баяғыда қалай күнелткенімізді Алла білсін,газетсіз, радиосыз кісі саңырау адаммен бірдей екен.Жақында мына радиомыздың батарея дегені бітіпқалып, екі-үш күн үйдің іші құлаққа ұрған танадайболды, – деді.
Біз шаруа жайын сұрай бастағанымыздаАманжол:
 – Біздің бірінші ферманың меңгерушісін көрдіңізбе? – деп өзімізге сұрақ қойды. – Көрсеңіз, Темірбекайтқан шығар, оған қосар ештеңе жоқ.
Иә, ферма меңгерушісі Әбдешев Темірбек осыаға шопан Аманжол Серғазиев туралы да айтқанеді. Ендеше Әбдешевтің өзі жөнінде де бірер сөзайта кету керек. Және айтуға татиды да.
Темірбек Әбдешев1 Алматының зоотехникалықмал дәрігерлік институтын 1958 жылы бітірген жасжігіт. Бір жылдай мамандығы бойынша істегенненкейін оны аудандық комсомол комитетінің біріншісекретары етіп сайлапты. Бірақ...
– Комсомол жұмысы – жақсы да жалынды жұмысқой, – дейді Темірбек. – Бірақ партиямыздың 1959жылғы декабрь пленумынан кейін кабинетте отыруыңғайсыз болды. Өзім пәлен жыл институтта оқығанзоотехник бола отырып, ол жұмыстан аулақ жүрсем,жастарды қалай ауыл шаруашылығына шақырааламын? Сондықтан әрі ойлап, бері ойлап, аудандықкомитеттің бүкіл аппараты – бірінші секретары, үшбюро мүшесі, барлығы 14 адам осы фермаға келдік.Біздің үлгімізбен мал шаруашылығына көптегенжастар қосылды...
Міне ата кәсібіміз, социалистікшаруашылығымыздың маңызды бір саласы, үлкенеңбек дүкені – мал шаруашылығына жастар осылайараласа бастаған. Ал басшылыққа ше?
Ауданда 6 совхоз бар. Егер соның үшеуініңдиректорлары агроном Тыныс Жұмалиев, көп жыл1 Темірбек Әбдешев бұл күнде – совхоз директоры,Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты боп та сайланды.Автор. (ред. 1981 жылы шыққан кітаптан)  партиялық жұмыста болған Уақит Айтмұқамбетов,Серік Иманғалиев сияқты «қарт гвардия» тобынажатса, «Тайпақ» совхозының директоры ЖақияИсатаев жаңағы Тәтібайдың замандасы, жоғарыбілімді зоотехник. «Котельный» совхозыныңдиректоры мал дәрігері Төрес Ниязовтың да институтаудиториясынан шыққанына онша көп болмапты.Тіпті бұл совхоздың басшыларының жас емесі жоқ.ҚКП аудандық комитетінің қазіргі бірінші секретарызоотехник Сабай Ниязов та және бір секретарыТобанияз Табылдиев те, Өлеңті совхозының парткомсекретары Қабдолла Қаржауов та жас жағынан«бөрікпен соғып алатын» жерде жүрген жігіттер.Бұған сүйсінесің де қуанасың. Соларды әңгіме етеотырып, Ғаббас Рзалиевтің:
– Рульді жастар алуға тиіс, – дегені бар еді.Айтқаны келіп жатыр.
«Қарт» деген Ғаббасымыздың өзі қайранқырықты жаңа орталай бастаған кісі. Тайпақаупарткомының бірінші секретары болып істегеніне6 жыл болыпты. Білімді де мәдениетті, іскер деалғыр адамға ұқсайды. Ондай қасиеті жоқ адамсекретарь да бола алмайтын шығар...
Жасыл орманды Жайық жағасында тұрса даКалмыковтың жауынсыз күндегі құм-шаңдағы,жаңбырлы күндегі батпағы талай жылға жүкболғандай еді, әлі де «Аллаға шүкір» екен. Әйтседе аудан орталығы қазір біркелкі түзеліп қалыпты.Аупартком мен ауаткомның екі қатарлы кеңсесі,орта мектеп, жаңа емхана, жаңадан салыныпжатқан мәдениет үйі, кейінгі жылдарда тартылғанкөшелер мен кейбір бір қалыпты тұрғын үйлер  о баста талғамсыздау орын тепкен поселоктыңеңсесін едәуір көтеріп тұр. Рзалиевтің де, бүкілКалмыков еңбекшілерінің де үлкен бір қызғанышы,ертеңгі мақтанышы – жасыл бақ, жас парк.Отырғызылғанына бір-екі жыл болса да ол қазірдіңөзінде Калмыковтың көркі боп тұр. Калмыковтықтароны қызғыштай қоритын көрінеді. Аупартком үйініңекінші қабатындағы бірінші секретарь кабинетініңтерезесінен қарағанда, бүлдіршіндей бұйра бас жасағаштар көзге шынында да жылы ұшырайды.
Ғ.Рзалиевпен қазіргі әңгімеміз мал азығытуралы. Меніңше, өткен күзде Тайпақта ғана емес,бүкіл Орал уәлаятында содан көп сөз болған нәрсежоқ қой деймін. Оралға барған күні де, оданАлматыға аттанар күні де обкомның бюросы болыпжатыр деп естідім. Ондайда орынсыз болса да «Нежөнінде екен» деп, сұрайтын әдетіміз бар емес пе,сонда «мал азығын даярлау туралы» деп жауапберді жолдастар. Обком секретарьларының бірі,негізінен үгіт-насихат жұмысымен айналысатынБисен Жұмағалиевтың Тайпақ ауданына барғандағыжұмысы да пішен жайында болды.
– Ауданда 305 мың бас қой, 25 мың сиыр, 7мың жылқы бар, – деді Ғаббас Рзалиев, – соған 1миллион 400 мың центнер шөп керек. Даярланғаны– соның жартысы ғана. Негізгі шабындық жерлеріміз– Азынабай – Тайпақ – Өлеңті бойы, Жайықжағасы қуаңшылықтың кесірінен шөпсіз қалды.Сондықтан қазір малдың жазғы жайылымдарыншауып жатырмыз. Тегінде, Тәтібай айтқан шығар,мал азығының тұрақты қорын жасамайынша, жүгері,  арпа, қара бидай сияқты дақылдарды, көп жылдықшөптерді көп екпейінше, мәселе шешілетін емес...
Әрине. Бірақ сол жұмыстар неге ертерек қолғаалынбаған? Мәселен, «жүгері, жүгері» деп жарсалғанымызға, оның пайдасының зор екендігінбілгенімізге қанша уақыт болды?! Ал Тайпақта өткенжылы небәрі 5 мың гектар жүгері егіліпті. Аздау емеспе? Табиғат, ауа райының жағдайы деген тұрақсызда опасыз «жолдастар» талай рет опық жегізді ғой.Ендеше «атының сыры иесіне мәлім» дегендей, соныбіле тұра қапы қалуға бола ма? Қойын алдырыпалып қорасын бекіткендей, «қолыңды мезгілінен кешсермедімнің» кебі кімге керек? Бірақ «ештен кешжақсы» деген де бар. Былтыр кеш қалған нәрселер
биыл ерте қолға алынса, өмір сабағының пайдасысол емес пе?
«Бір сөзді тамағыма қойдым таяп» дегендей,менің көмейімдегі жаңағыдай сұрақтар жергіліктіжолдастардың өздерін де талай мазаласа керек. Бұлжөнінде Ғ.Рзалиев алдағы уақыттың міндеттерінебайланысты ойдағы немесе қолға алына бастағанкөп шаралар туралы айтты.
– Біз тәжірибе ретінде 5 гектар жерге жоңышқаектік, – деді Ғаббас. – Егер ол жақсы жеміс берсе,шындап қолға аламыз. Сонымен қатар жүгерініЖайық бойына суармалы жерге (300 гектардай)егіп көретін жоспарымыз бар. Бұл гектарына 500центнерден өнім беруге тиіс. Тек бір қиыны –сол жерді өңдейтін, суаратын машина жоқ. Көпнәрсе суға байланысты ғой. Сонау Орал – Көшімканалының, Дөңгелек су қоймасынан келетін ұзыны121 километр Тайпақ суландыру каналы іске  қосыла бастауы біздер үшін ғажап жақсылық. Ол«Котельный», «Краснояр» совхоздарының біразшабындықтары мен суармалы егістерін суарады.Каналдың екі беті мал жайылымына, тұрақтыазық қорын өндіретін алқапқа айналады1. Сондайақ 60 мың гектар Азынабай – Тайпақ жерін денуландыру қажет. Дені шабындық осы байтақ жержөнді пайдаланылмай келді. Өлеңті бөгеліп, каналжүргізілуі, оның бойында 8 қойма-хауыз қазылуыбұл жерде су проблемасын кәдімгідей шешіп берді.Соның арқасында көптеген тұрғын үй, мал қоралары,мәдени орталық салынды. Қазір онда үш совхоздыңмалшылары отыр...
Аупартком секретарының айтуынша, су жағынан«Тайпақ» қаракөл совхозының халі нашар екен.Оның 300 мың гектардай жерінің денінде су жоқ.Сондықтан совхоз жазда көшіп-қонумен жүреді.
– Бұл жағдайдан шығудың бір-ақ жолы бар, –деді Ғ.Рзалиев. – Ол – Жайықтан құбыр тартып,қырға су айдау жолы. Осы жөнінде біз облыс алдынада, республика алдына да талай рет мәселе қойдық2.Әттең, шешілмей келеді. Су мәселесі шешілсе, –дейді Ғаббас, арман көтергендей серпіле түріп, –біздің ауданның мүмкіншілігі тіпті ғажап.
Мұндай ірі пайдалы нәрсені шешуге көмектеспеуойдың да, бойдың да ұсақтығын, саяздығын көрсетереді. Демек, мәселені шешуге қолма-қол, аяқтайараласу қажет, үлкен ірілік керек. Бюрократтық ірілікемес, мемлекеттік ірілік керек, жақсыны, пайданы,келешекті көре, тани білетін ірілік керек. Партия1 Бұл күнде осылай болып та отыр. Автор. 2 Енді бұл мәселе де шешімін тауып жатыр. Автор.
 мен үкімет осындай көрегендікке, көлемділікке,іскерлікке үйретеді.
«Қонақ аз отырып көп сынайды» деген мақалбар. Бірақ мен туған жерімнің қонағы емес, әрдәйімбаласы ғана болғым келеді. Сол перзенттік жүреконың ешқандай кем-кетігі болмағанын, көсегесікөгере бергенін көксейді. Жоғарыда айтылғанкейбір ойлар сондай тілектен туған. Соларға қосамен әр үйдің ең қадірлі жасауының бірі кітап,көркем әдебиет болсын, материалдық байлықпенқатар рухани байлық молая берсін дер едім. Шопанүйлеріндегідей кітаптарды кейде интеллигент немесебасшы жолдастың үйінен ұшырата алмасаң қалайшақапа болмассың. Рас, жүйесіз, талғамсыз, кездейсоқала салынған бірен-саран кітаптар оларда да кездесіпқалады, бірақ көрпе-жастықтың, кілем-кигіздіңқасында тым жұпыны да өгей көрінеді.
Тайпақта бір жақсы басталған нәрсе бар, ол– мәдени орталықтар. Осы пункттерде ай сайын«Малшылар күні» өткізіліп тұратын көрінеді.
Бірақ, оның жұмысы ай сайынғы бір күнменнемесе бірер күнмен шектелмеуі керек. Мәдениорталық яғни оның кітаптары, газет, журналдары,тауарлары «малшылар күнін», олардың келуінкүтпей-ақ, өздері іздеп барып тұрса ғой... Мүмкінкейде, кей мәдени орталықта сөйтетін де шығар,бірақ біз көрген бір-екеуінің кітаптары құлыптаулытұрған сияқты еді...
Өмір өркендеген сайын талап-талғам да өсебереді. Осыдан болса керек, әр аулада бау-бақшаотырғызылып жатса, әр үйге стол да орнығып жатсадеп ойлайсың. Бірақ бұл кешегі ой. Ал бүгін ауыл
 мәдениеті де, тұрмыс салты да соған қарай, биіккеқарай бара жатыр. Жай басса да сай басып барады.
Міне, сонау Ленин орденді Орал облысында,атақты ақ Жайықтың қапталында осындай Тайпақатты бір жер бар. Еңбеккер жер, жомарт жер, ертеңіересен нұрлы жер. Мен оған дастан қарыздармын.Өмір шындығы, дәптер материалдары жаңа жырғашақырады.
1962




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу