01.05.2022
  276


Автор: Жұбан Молдағалиев

БІЗДІҢ МҰСТАЙ КӘРІМ ДОСЫМЫЗ


Оның достары көп. Қаламдастары да,оқырмандары да жақсы көреді. Қатар құрбығада, аға мен ініге де қадірлі. Оның дарындылығын,құрметтілігін күндеп, көре алмаушылар да жоқсияқты. Бұл да таң қаларлық нәрсе. Қай республикағада бірдей жақын, бірдей таныс. Қайда да: Мұстай!Бірақ, бұдан өзгеріп жатқан Мұстай жоқ. Баяғы бауырмал, кішіпейіл, биязы Мұстай. Қысқасы, баяғыМұстай бір Мұстай – Ақын, Адам, Дос, Коммунист Мұстай Кәрім (Мұстафа Сафич Кәрімов).
Ол достарымен көріссе, шексіз қуана көріседі,қос қолдап көріседі, құшақтасып көріседі. Оныңсағынышы шын сағыныш, ыстық сағыныш. Ол достарымен қоштасса да солай – төске төсін, бетке бетінтигізіп қоштасады. Налып, қиналып қоштасады.Қимастығы – шынайы қимастық, қалтқысызқынжылыс. Ғабит, Әбу, Әбділда, Сейітжан, Тахауи,Әбдіжәміл, Сырбайлар мұны жақсы біледі.
Бұл жағынан да ол – баяғы Мұстай бір Мұстай.
Әркім-ақ ұзақ жасағысы келеді. Бірақ, үлкенмақсат-мұрат несіне арманның асқары ол ғана емес.Көп ғұмыр мазмұнымен де көп болсын, қуатынан,жүгінен айрылмасын. Аз болса, көпке татығандайболып өтсін. Нағыз тарлан кейін тартынбайды, бірбасса да алға ұмтылады, бәйгеге, қиқуға құмар.
 Мұстай әркімге тарланның табиғатын тілейді. Өзінеде соны көксейді.
«Өмір керек, сақта, дейсің, – өзіңді».
Тілегіңді теріс деп те айта алман.
Бәйге көрсе қалай, бірақ төзеді
Ғұмыр бойы қиқулаған майталман?
Дүние шолақ бізден ғана қалған ба,
Жетеді ажал жатсынбай да арланбай.
Жығылсам-ау зор бәйгеге салғанда
Өр жүрегін жарып өлген тарландай.
Немесе «Шаршадым деген досыма» атты небәріекі ауыз мына бір өлеңді оқып көрейік.
Толы болса, шөлмек те
Ұзақ шыдар, шат шыдар.
Бос тұрса, төзбес ол көпке,
Өзінен өзі шарт сынар.
Жоқ болса шаттық, жалын, зар,
Дүние қалар құрғақсып.
Өзінен өзі жарылар,
Бос жүрек те құр қаңсып.
Бұл қусырма жақ, қызыл тілдің әшейін біржел сөз үшін айта салған нәрсесі емес, бүтін саналы өмірін ел игілігіне жұмсап, адам бақыты үшінкүрестің әрқайда алғы сапында келе жатқан азамат ақынның көріп айтқаны, біліп айтқаны. Мұстайбатагөйсіп, ақылдымсудан, олай бол, былай бол деп
 тікелей нұсқау ұсынудан бойын да, ойын да аулақұстайды. Ол сөйлесе, көбіне өз атынан, уақыт, өміратынан сөйлейді. Сырласа, жан-жүрегімен сөйлейді.Сол сырдың шынайылығы, нанымдылығы сонша, олкөңіліңе қона кетеді, сен оған әбден сенесің.
Әр ағысын, зор шабысын жылдардың
Адамдардың қуанышын, мұң-зарын,
Құс сайрауын, ормандардың шуылын
Өн бойына сіңірсе екен жырларым.
Өлең етіп өтсін соны бойлай күн.
Туған жерді мадақтауға тоймаймын.
Өмір деген желсіз, тымық көл емес,
Тыныш жасап, бұғып өте қоймаймын, –
деп әбден дұрыс айтады ақын. Өмір ас ішіп, аяқбосату да емес, желсіз, тымық көл де емес. Ол –еңбек, күрес, қуаныш, реніш. Оның шуағы да көп,дауылы да аз емес. Дауылына шыдай алсаң ғана,шуағына кенелесің. Медальдің екі бетіндей тіптікүннің де екі беті бар: ол да – бірде күндіз, бірдетүн. Мұстай осыны «Белгісіз бір солдат» өлеңіндеғажайып жақсы айтқан.
О жеңіс! Күн нұры – бір бетің.
Екінші бетіңде – ай нұры.
Бір кезде – салтанат суреті,
Өзгеңде – аққан жас айдыны.
Мұстай Кәрім, жоғарыда да айттым, ел өмірінсырттай шолушы емес, оның күйініш-сүйінішін,
 еңбек-күресін бірге көріп, бірге атқарысып кележатқан азамат. Отан үшін қанын да төкті, достарынан айрылып, жанын да қинады, шашы да ағарды.
Үш жүз едік бір ауылдың ерлері,
Жүз елуі қайтып елге келмеді.
Қабірлерін сол майданнан табарсыз.
Жоқ алайда жоғалғаны хабарсыз.
Ақын соншама ауылдастарының майданнан оралмағанына қабырғасы қайысып қайғырса,олардың ішінде опасыз, хабарсыз кеткеніболмағанына сүйсінеді. Және өлең түйіні де осы«хабарсыз кеткені жоқ» деген сөзде. Ой шоқтығынкөтеріп тұрған сол сөз. Мұстай мәнеріне лайық,байыпты, салмақты айтылған.
Әрбір патриот сияқты Мұстайдың да ең биікмақтанышы, ең асыл махаббаты, – әрине, СоветтікОтан, туған Башқұртстаны. Мұңы да, қуанышы дасолардың қас-қабағына, солардың тіршілігіне байланысты. Кіндігі де, жүрегі де солармен бір, тілегіде солардың үстінде. Ақын мұны даурықпай, дуалы ауызбен, сырлы суретпен көкейге қонымды етіпжырлайды.
Жер шарының картасына
Көз жіберсең бір демге,
Башқұртстан – ортасында
Жапырақтай бірдеңе.
Бірақ бұл жай жапырақ емес, құдіреттіқайыңның жасыл жапырағы. Ал қайыңы – Ұлы
 Россия. Ол қандай дауылдан да, қандай жасыннанда қайыспайды, жапырағын да жұлғызбайды. Тамыры берік. «Үммет», «ұлт» деген сөздерді желеуеткен бір кездегі жегі құрттар жапырақты жеуге,қайыңнан айыруға қанша зәрін шашып бақса да:
Жоқ, жапырақ көктей берді
Қуатымен, құтымен.
Көктей берді, көкке өрледі
Қайың-ана сүтімен.
Осы пікірді Мұстай Кәрім «Россиялықпын» деген өлеңге өрбіте түседі.
Орыс емеспін, россиялықтың бірімін.
Ұлы Совет Одағының ұлымын.
Шарықтаймын, шырқап қанат қағамын
Шыңдарына жарқын өмір нұрының.
Көңілімде таңның тәтті сырлары
Көздерімде – алтын күннің нұрлары.
Жер-дүниенің қуанышы жанымда,
Жүрегімде – мың жылғы үміт жырлары, –
деп жар салады бақытты ақын, интернационалистақын.
Башқұрт халқы – жері әлем картасындажапырақтай боп көрінсе де, елдігі бүтін, ерлігі зор,ежелгі тарихы бар халық. Ол өткен жол-сапарлардыңсоқпақтары да – тау қатпарларындай қат-қабат,ғасырлар сынындай шытырман-шытырман... Осыны Мұстай:
 Осынау жолда, түздерде
Тарих қанмен жазылған.
Қияда қылыш іздері,
Тұяқтан таулар қазылған.
Қорқақтар тапқан айла ма,
Бишара мақал бешене:
«Иілген басты қайда да
Қылыш кеспес» десе де,
Ер халқым басын имеген,
Тізесін де бүкпеген.
Көршіге қолы тимеген,
Тиіскен жауды бүктеген.
Жарлылық, жоқтық басса да,
Садақа жаттан алмаған.
Беліне қылыш асса да
Иығына дорба салмаған,–
деп өте үйірімді тілмен, зор перзенттік мақтанышпенөлеңдетеді.
Мұстай – нағыз суретші. Оның әсіресе осынаутуған жерге арналған өлеңдерін оқып отырғандаБашқұртстанның тамаша табиғатын алдыңатартқандай әдемі, алуан бояулы пейзаж сиқырынатұтқын болғандайсың, оны көзбен көріп, қолменұстағандай сезінесің. Сол суреттерге қоса ақын жырында сұлу музыка үні де бар. Бұлақ сылдыры,орман сыбдыры, бұлбұл әні, гүл тербелісі – бәзбәрі естіледі, елес береді. Осыған мысал ретінде«Топырағым, ауам, суларым» деген өлеңнен бірнеше
 шумақ келтірсек, оқырман қауым оны бұл мақалағаұзақсына қоймас деп сенемін.
Топырақтар мұнда қап-қара,
Шәрбәттай шырын, шұрайлы,
Сауыры күнге жалтырап,
Борозда жатыр шырайлы.
Кешқұрым ұрық сепсеңіз,
Шығады таңғы ақшамда.
Балшығы майдай, сеп-семіз,
Болады нанға жақсаң да.
Тырналар келіп-кеткенше,
Жайғанша ағаш жапырақ,
Желкілдеп жерде жеткіншек,
Бөгеді гүлге атырап.
Жайқалып қырда ну қалың,
Ойнайды толқын жел ессе.
Осындай жерде туғаным
Өзі бір бақыт емес пе?
* * *
Аспаны қандай көкпеңбек,
Күмбезі қандай кең керік!
Астында бабам, әттең тек,
Өтіпті ылғи еңкейіп.
Сондықтан көкті көрмепті
Үстінде тұрған теңкиіп...
 Меніңше, бұл шумақтарға талдау жасап жатудеген басы артық нәрсе. Оқырман өзі бағаласын.
Сөзді үнемдеп жұмсап, ойға жеңдіру, дәл басып, дәл тауып айту – Мұстай поэзиясының жақсыерекшелігі. Ана ауызынан:
Мен бердім сені дүниеге,
Дүние де, балам, сенікі,
деп сәбиге айтылған сөз, жігіт атынан:
Көрмедім өз ерніндей отты, бірақ,
Ыстықты ондай ғажап
сүйгенім жоқ.
Немесе:
Еш уақыт адаспаймыз екеу болсақ,
Адасса, жалғыз жұлдыз адасады, –
деген өлең жолдары, – даусыз есте қалатын ойлыжолдар. Сондай-ақ бесіктегі бөбекке қарап тұрып:
Кеудеңде жатыр нық жұмылып
Қос түйме – екі жұдырық.
Дұрыс-ақ, балам, бұл бек керек.
Ұмыту оны әлі ертерек, –
деуі де риза қылады, езу тартқызады. Оның орнына«алда әлі де күрес көп, сен соларға даяр бол» депұрандаса, бұл әрине, әлдеқайда болымсыз, тартымсыз болар еді.
 Жерде жаздай от-аңызақ,
Тамбай қойды бір тамшы.
Жаусам да тек о жалғыз-ақ,
Жаңбыр ғана болсамшы, –
деген шумақ пен:
Қара орманда қаңқылдаған қарғадан
Бұлбұл шат қой тал ішінде сайраған, –
деген өлең жолдары да оқырманға ой салады. «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»деп Абай айтқандай, мәселе үлкен-кішілікте емес,қоғамға үлкенді-кішілі пайда келтіруде, өмірде өзорныңды таба білуде, өз орныңда қажетті болуда.
Мұстай Кәрім поэзиясы назарының жуан ортасымен жүріп отыратын туған жер тақырыбыменқатар тағы бір үлкен өзек – Адамға деген ерекше жылылық, мейірбандық, жанашыр жақындық,оның жүрек дүрсілін, қан тамырын үнемі тыңдапотыру – ақын поэзиясының ұзын да берік арқауы:Оқырмандардың Мұстай өлеңдеріне құмарқұштарлығы да, оның есіміне деген зор ілтифатсезімі де осыдан болса керек.
Қараймын адамдардың көздеріне
Жайнаған жұлдыздарға қарағандай, –
дейді ақын. Бұл – оның өмір заңы, программалыққағидасы. Мына төмендегі шумақта Мұстай бұлойды өзі аша түседі.
 Ашық күн, аязды түн кездерде мен,
Жазымыш жол сапарын кезгенде мен,
Жұлдыздай көріп, бағыт алып келем
Үмітті, мұңды, шатты көздерден мен.
Ақын адамның дегені бола бергенін, армантілегі ақтала бергенін, ешкімнің қайғырмауын, қабақшытпауын тілейді.
Түрлі-түсті түс көреді адамдар...
Көргеніне жол болсын да жөн болсын.
Жаман түстер түс боп қалсын әманда,
Жақсылары шындық болсын, оң болсың, –
деген сөздер жомарт жүректен шыққан тілек.«Айсұлудың көз жасы» деген өлең де осындайізгі ниетке толы. Он алты жасар Айсұлу – құсфермасының бақташысы. Адам алып кетті ме, әлдеит-құсқа жем болды ма, әйтеуір, күзгі есепте біршөже кем боп шығады. Ол үшін бастығы Айсұлуғажоғалған шөжеден жүз есе ауыр сөз айтады, қыздыңкөз жасын бұлатады. Әр жерде, әр жағдайда бойкөрсетіп қалатын осы сияқты тоңмойындыққа, топасқаттылыққа қарсы дауыс көтерген ақын:
Қаз жоғалса, қиқылдасып қаламыз,
Шөже өлсе де айқай-сүрен саламыз.
Көңіл менен көз жасынан басқаны
Шотқа соғып, сан санаққа аламыз.
Есепке алып мына біздер, ағалар,
Көз жасын да болсақ солай бағалар,
 Кей көз жасы, – дер едім мен, – зая аққанСаф алтынның бұлағына барабар.
Айсұлулар күліп жүріп көктесін,
Көздің жасын біреу нақақ төкпесін.
Көз жасы да – мемлекет байлығы,
Ешкім оны қорламасын, сөкпесін, –
дейді.
«Көз жасы да – мемлекет байлығы» екенінүлкеніміз бар, кішіміз бар әр жерде ескере жүрсек,өте пайдалы болар еді. Бұл жаттап алғандайшумақтар.
Иә, Мұстай адамды, жолдасты жақсы көреді.Бірақ, ол сондаймын деп дауыстап жатпайды. Мұның бір сырын оның «Күдік» деген өлеңіаңғартады. Башқұрттың ежелгі дәстүрі бойыншажігіт жұрт көзінше ғашық қызына да «сүйем» депайтпайды. Ер болса, ол кегін ғана жасырмайды.Жауына «жауымсың» деп бетке айтады. Ал досыүшін жанын пида етуге бар. Бірақ мен сөйтем депдаурықпайды. Аузынан ондай сөз шығып кетсе,өз тілін өзі кесуге даяр. Мұстай осы жәйтті айтыпкеледі де, мынадай сұрақ қояды:
Жақсы көрем деді досым,
Жұрт алдында жариялап.
Сонда күдік туды тосын:
Жоқ па сірә арында дақ?
Ойландыратын нәрсе. Күле кіріп, күңіренешығатын, езуі ыржиса да, жаны тыржиып жүретін
 «достар» аннан-мыннан кездесіп қалатыны рас.«Шараптың шатағы» деген өлеңінің түйіні де қызық.
Ақымақтар мен ақылдылар ішпесін.
Қалғандары – білгендерін істесін, –
деп қорытады ол өлең. Мына жағдай да тұрмыстакездеспейді емес:
Кеше мен қызын алып тойда қарық,
Дарын деп дарынсызды мақтағам-ай..
Таңертең сол айыбым ойға оралып,
Отырдым ар алдында ақтала алмай.
Менің алдымда Мұстай Кәрімнің өзі сыйғатартқан башқұртша, татарша, орысша өлеңжинақтары, бір томдық, екі томдық таңдамалышығармалары жатыр. Олардың ішінде сүйектісүйекті поэмалар да, бүкіл еліміздің сахналарынашыққан сүбелі-сүбелі пьесалары да бар. ДраматургМұстай жөніндегі әңгіме өз алдына бір сала. Тіпті,мұны былай қойғанда, мен ақын Мұстай жөніндеайтылатын сөздің де жүзден бірін айта алғам жоқ.
Тек 1972 жылы қазақ тілінде шыққан «Талтүс» деген кітабындағы өзім аударған өлеңдергеқарап отырып, солардың кейбірі туралы өз әсерімдіоқырмандар назарына ұсынбақ болдым.
Жас жағынан болсын, әдеби тәжірибесі жағынанболсын, башқұрт әдебиетінде Мұстай Кәрімнің,шүкір, ағалары да бар. Солардың ішінен көп ұлттыәдебиетіміздің қадірлі ақсақалдарының бірі – Сәфи
 аға Құдаш ақынды алдымен атаймыз. Мұстай солкісіге арнаған «Өмір бұлағы» деген өлеңінде:
Сен едің ғой сонау бір
Бойшаң, ойшаң кең кісі.
«Біз, – дегенсің жолай бір, –
Бір топырақтың жемісі», –
дейді.
Енді Мұстай Кәрімнің өзі де аға, өзі де ұстаз.Ол біреудің шығармасын авторына қарап, оныменөзінің қарым-қатынасына, жолдас-жоралығына,жерлес-ауылдастығына, немесе ыбыр-сыбырыныңұқсастығына қарап бағалайтын кісі емес. Ол әдебитуындыны үлкен әдебиет талабы тұрғысынанбағалайды. «Тура биде туған жоқ» дегендей, шынын да, сырын да бетке айтады. Былайынша қандайбиязы, қандай сыпайы болса да, әдебиет мүддесінекелгенде ол ешқандай ымырашылдықты мойындамайды. Авторына қарап жаманды жақсы дейтін,жақсыны елемеуге тырысатын пасықтық оның айналасына көш бойы жақындай алмайды. Мұстайөз ар-ожданының адалдығын ардақтайтын кісі.Біз Москвада мейманханада Ғабит Мүсіреповүшеуміз дидарласып отырып сөзден сөз шыққандаМұстайдың: – Маған біреуге сәл қиянат істегем жоқпа деген ой келсе, ұйқым да ұйқы, асым да ас болмас еді, – дегені бар.
Мұстайдың майталман ақындығына қоса осындай қасиеттері үшін оны әсіресе әдебиетші жастаршын ұстаз, шын аға тұтады. Ал Мұстайдың өзі болса, Абай айтқандай, «сақалын сатқан кәріден еңбегінсатқан бала артық» деген принципті ұстайды.
Мұстай Кәрім башқұрт әдебиетіне әдеби процестіұйымдастырушы және көркем сөз кадрларын баулушы болып та көп еңбек сіңірген адам. Халық,партия мен үкімет оның творчествосын, қоғамдыққызметін жоғары бағалап келеді. Ол Россия Федерациясы Жоғарғы Советінің депутаты, СССР жәнеРСФСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты,РСФСР Жазушылар одағы секретарьларының бірі.
Башқұрт әдебиетінің Қазақстандағы апталығы –Мұстайдың қаламдас достары үшін де, оқырмандарыүшін де қуанышты оқиға. Біз башқұрт ағайындардысағына, асыға күтудеміз. Мұстайлардың да солайтағатсыз күтіп жүргеніне сөз жоқ.
Құдіретті Эльбрустың қос шыңындай,
Таяныш болсын маған достық ұдай.
Сіздейге сүйгендер сүріне ме,
Көп қылсын өздеріңдей досты «Құдай».
От күшті, от өршиді жақсы ғана,
Суларға жан бітеді ақса ғана.
Ақыл-ой, достық, өлең – мәртебелі
Бөлісіп, ортақтасып бақса ғана, –
деп Мұстай Кәрімнің өзі айтқандай, оның поэзиясы,оның таланты – біздің ортақ игілігіміз.
1976




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу