01.05.2022
  146


Автор: Жұбан Молдағалиев

АҒЫП ӨТКЕН БІР ЖҰЛДЫЗ

БАТЫРДЫҢ «ТАБЫЛУЫ»



1945 жылдың май айы. Төрт жылға созылғансұрапыл соғыстың жаңа тынған кезі. Екінші Белоруссмайданының штабы мен Саяси басқармасы Штеттин (қазіргі Шецин) қаласына көшті де, соңынанбіздер де, майдандық газеттердің редакцияларыда, сонда қоныс аударатын болдық. Осыған орайбірнеше адам алдын ала орын даярлауға бармақшыболды. Солардың бірі боп қазақ тілінде шығатын«Майдан ақиқаты» газетінің қызметкері капитанСапар Есбатыров та кеткен.
Міне сол Сапар Штеттин қаласының біркөшесімен Штабқа қарай тартып келе жатыр. Біржағынан, қазақ жауынгерлері, Ұлы Отан соғысыныңбатырлары жөнінде очерк жазып қайту туралы тапсырмасы бар. Сапекең ерсілі-қарсылы өтіп жатқанәскери адамдарға жалтақ-жалтақ қарап, «материаліздестіріп те» келеді. Әне құба-сұр бір жігіт үлкеналаң көзімен сүзе бір қарады да, өтіп жүре берді.«Әй, сірә қазақ боларсың, бас қондырысың соғанұқсайды екен» деп ойлаған Есбатыров:
– Әй, ағайын, сәл тоқтай тұрыңызшы, – депдауыстады оған. Әлгі жігіт те жалт қарап:
– Капитан Масин Темір, – деп, Сапарға қарсыжүріп, қолын ұсынды.
122
– Кім дедің, кім дедің? Шынында да МасинТемірсің бе? – деді Сапар ентелей, ентіге сөйлеп.
– Иә, – деді әлгі жігіт аң-таң.
– Ой, айналайын, тірі екенсің ғой, кел беріқұшақтайын, – деп ақкөңіл Сапар оны бауырынатартып, қайта-қайта қысты кеудесіне. Содан соңқұшағын жаза беріп, жігіттің жүзіңе қарап:
– Батыр атағың құтты болсын! – деп қос қолдапқолын қысты оның.
– Қайдағы батыр атақ? – деді, мына кісі жынданып тұрған жоқ па дегендей, қайран қалған Темір.
– Ойбай-ау, немене, әлі білмейсің бе, сағанбұдан бірнеше ай бұрын Совет Одағының Батырыатағы берілді ғой!
– Жоқ, мен еш нәрсе білмеймін...
– Ендеше жүр! – деп Сапар Темірді дедектетіпжетектеп отырып майданның штабынан бір-ақшықты. Сол арада ол капитан Масин Темірге Совет Одағының Батыры атағын беру туралы СССРЖоғарғы Советі Президиумының Указы жарияланғангазетті тауып алып көрсетті. Сапардың дұрысайтқанына және оның «есінің түзулігіне» Темір сонда ғана сенді. Арада бірер сағат өтпей жатып, МасинТемір майдан штабы командованиесінің қолынанЛенин ордені мен Батырдың Алтын Жұлдызын даалып үлгірді. Сол жерде біздің Сапекең оны тағы дашын жүректен құттықтады.
– Осы сен өзің кім боласың? – деді күліп Темір,манадан бері өзін анда-мұнда сүйреп дедектетіпжүрген Есбатыровқа:
– О, құдай ұрсын мені, таныстырған жоқ паедім өзімді? Қуанғаннан ұмытып кеткенім ғой,
123
– деп Сапекең өзінің кім екенін, Темірді қайданбілетінін айтты.
Ал Темірді ол мынадан білетін еді. 1944 жылыЕкінші Белорусс майданының әскерлері кереметшабуылды ұрыстар жүргізіп, фашистерге күйретекүйрете соққы берді. Сол ұрыстар кезінде мен көзгетүскен полктардың біріне келіп, ерлік көрсеткен жауынгерлер туралы сұрастыра бастағанымда, мағансондағылар алдымен рота командирі капитан МасинТемірдің есімін атады. Мен сол естігенім бойынша «Дауылда шыққан даңқ» деген кішкене суреттеме жаздым. Біздің «Майдан ақиқаты» газетіндебасылған сол суреттеме мынау еді:



ДАУЫЛДА ШЫҚҚАН ДАҢҚ



«Жігітті жігіт демеңіз,
Ат мінбесе қатырып,
Жау жеңбесе жапырып...»(Халық аузынан).
Әуе бұлтсыз, жап-жарық еді бұл мезгілде,түнгі сағат үште. Бұл мезгілде капитан Масин Темір 11 жауынгерімен қызыл іңірден берінемістердің бес қарсы атакасын тойтарып,кезекті кескілесті күтіп отыр еді. Бұл мезгілдеқиян-кескі атыс та, гуілдеген жел де тынақалған, тым-тырыс, тыныштық еді.
– Жолдас капитан, қалай ойлайсыз, немістертағы да қарсы атака жасар ма екен? – деді солжақта жатқан қызыл әскер Құсайынов Мұса, сөзбастағысы келіп.
 – Уақытында көрерсің. Олар маған бұлтуралы хабарлаған жоқ, – деп қатаң жауапберді Масин, оның кенет сұрауы ойын бөлгенгеренжіп.
Ойдан жүйрік не бар?! Әлде оның ойы бұлкезде, үш жылдан бері көрмеген Батыс Қазақстаноблысын, ондағы туып-өскен жері – Орданыаралап жүр ме еді? Ойдан тәтті не бар? Әлдеоның соғысқа шейінгі 33 жыл өміріндегі тәттісағаттары есіне түсіп, бойын билеген кезі ме еді?Масин жаудың бес қарсы атакасын тойтарып,бес рет ажалмен айқасты.
Әлде сол кезде бұлдыр тартқан арман, ендіжаңағы ажалды жеңіп шыққаннан кейін қайтаайқындалып жақындаған сайын оның өмір сүреберуді, өмірдің қызығын көре беруді аңсаған кезіме еді?
Осы соғыста Темір офицерлік дәрежеге жетті.Көп ұрыстарда болды. Басқаларын былай қойып,осы шабуылдың өзін алғанда да оның көп көрнектіеңбегі бар. Темірдің ротасындағы жауынгерлердіңкөбі бұрын ұрыста болмаған, жаңалықта келгенжас жауынгерлер еді. Бірақ ол оларды үйретебілді. Құрыштай суарып, шынықтырды. Жаубекінісін бірінші боп бұзып-жарып өтіп, үшқатар траншеяны алды. Совет жерінің бірнешешаршы метрін бірінші боп азат етіп, қызылжалау тікті. Көптеген немістерді өлтірді.Осыны бағалап үкімет Масиннің өзін Қызыл Туорденімен, оның барлық жауынгерлерін үшіншідәрежелі Даңқ орденімен наградтады.
 Мұнан соң да талай айқастар болды, Масинніңротасы солардың бәрінде де көзге түсті. Минск– Могилев тас жолы үстінде болған бір ұрыстағана 100-ден аса немісті өлтіріп, 75 немістітұтқынға алды, жаудың 27 жүк машинасынқиратты. Көптеген көліктерін қолға түсірді.Масиннің ротасы батырлар ротасы боп аталды.Масиннің атағы бүкіл бөлімге тарады.
Масиннің беделі сағат сайын өсті. Оныбөлімнің бүкіл адамдары құрметтеді. Оныротаның барлық жауынгерлері жанындай жақсыкөрді, сыйлады, мақтан етті. «Біз капитанМасиннің жауынгерлеріміз!» деп атадыөздерін. Жараланғандары ротадан айрылғысыкелмей, госпитальға барудан бас тартты, ал,госпитальдағылар қандай амалмен болса да өзротасына жетуге тырысты. Масинге оларданкүнбе-күн ондаған хаттар келіп тұрды. Кішісержант Кудинов жарасының әбден жазылуынкүтпестен, госпитальдан қайтып келді. Олбасқа жерге жібереді деп қауіптеніп, бөлімніңде, батальонның да штабына соқпастан, тұптура ротаға келіп тоқтады. Ауыр жараланып,алыстағы госпитальға жіберілген қызыл әскерКуртков Василий батальон командирінің саясижұмыс жөніндегі орынбасарына: «Сүйіктікомандирім капитан Масинге менен арнаулы сәлемайтуыңызды өтінемін. Сау болуын, жауынгерлікістерінің табысты болуын тілеймін. Есі-дертімөз ротама, өз командирімнің қарауына келу» депжазады. Бұл секілді хаттарды біреуі емес, бәріде жазды.
 Темір осылар туралы ойлап, осыларды көзалдынан өткізіп жатыр еді. Сондықтан олҚұсайыновқа әуелі қатаң жауап берсе де соңынан:
– Таң атқанша олар дамыл көрмес. Көпкешікпей басталар. Кейіннен көмек келгеншетөтеп беруіміз керек, – деді.
Бөлімнің ұрысты табысты жүргізуіМасиндердің қимылына байланысты еді. Оныңротасы өзеннен ең алдымен өтіп, табан тірертұрғыға орныққан-ды. Басқа роталардың өтуінеде жол ашылған-ды. Немістердің жанталасып,қайта-қайта қарсы атака жасау себебі деосы болатын. Бірақ Масиндер оларды, көпшығындатып, беттетпей қойған.
Немістер зеңбірекпен әрі-бері атқаннан кейін,алтыншы рет қарсы атакаға шықты. Олардыңсаны көп екен. Қаптап келеді. Алдарында –«Фердинанд».
Пулеметтен, автоматтардан оқты төгіптөгіп жіберді жауынгерлер. Немістердіңбірсыпырасы жапырылып құлап қалды. Сонда даолар өңмеңдей берді. Жақындады. «Фердинанд»алға оқшау шығып, 25-30 метрдей жерге жеткендеМасин оны жанар майлы шөлмекпен атқылады.Өртенген «Фердинанд», ішіндегі снарядтарыжарылып, тас-талқаны шықты.
Осы уақытта он шақты неміс бір бүйірденбайқаусыз келіп, окоптарға өтіп кетіпті.Масин, парторг Волковқа немістердің негізгітобына пулеметтен оқ жаудыруға бұйырды да,өзі Құсайынов, Жақыпов деген жауынгерлермен
 жаңағы өткен немістерге тиді, қарсы келген бірнемісті автоматпен қақ маңдайдан беріп кепжіберді. Неміс те құлады, автомат та қирады.Темір жалма-жан бір қазық ағашты алыпжіберіп, оны гүрзідей сермеді. Тағы да бірнешеуінсұлатты.
Окоптарға өткен гитлершілерді «тиістіорынға» аттандырып болып, Масин пулеметтенатты. Гитлершілер түйдек-түйдек гранаталақтыра бастады. Масинның құлағы бітіп,есітпей қалды.
– Кеудеде жан, қолда қуат барда біреуіңді деөткізбеспін, сұмырайлар! – деп тістеніп, Масинқол пулеметтің құлағын баса түсті.
Сол уақытта уралаған құдіретті үн ұрыстүзін жаңғырықтырды. Бұл – өзеннен өткенбіздің роталар еді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу