👈 қаріп өлшемі 👉

  01.05.2022
  147


Автор: Ғибратты әңгімелер

Осыдан тағы да қыз туатын болсаң көзін құртамын


 


Тұрмысқа шықпаған, ақылына көркі сай, өте бiр сұлу қыз медреседе білім береді. Бір күні əріптестері одан не үшін осындай сұлу, тəрбиелі бола тұра тұрмыс құрмай жүргенін сұрайды.
Жауап ретінде ұстаз қыз, мына оқиғаны баяндайды:
-Баяғыда бір əйелдің бес қызы болған екен, әйелі алтыншысына аяғы ауыр кезде күйеуі, осыдан тағыда қыз туатын болсаң көзін құртамын дейді. Алланың ісі, әйел тағы да қыз босанады. Күйеуі қызды алып таң намазында, мешіттің есік алдына қойып кетеді. Күн бата, құптан намаздан соң қараса, қызды ешкім алмаған. Амал жоқ қайта алып келеді. Дəл осылай бір аптаға жалғасады, нəтиже болмаған соң өздерінде қалдырады.
Жылдар өтіп, әйелі ұл босанады. Бірақ ұл келген соң, үзамай үлкен қызы қайтыс болады. Артынша тағы төрт ұл босанып, әр ұлы туылған сайын бір қызы өмірден өтіп отырады. Тек, алтыншы, кенже қызы ғана тірі қалады.
Сол алтыншы қыз-мына мен едім. Ал менің тұрмысқа шықпай жүргенім, үйде жалғыз қалған қарт əкеме қарап, қамқор болып жүргенім. Өзімнен кейінгі бес бауырымның үй-жайы бөлек, бір-екі айда бір хабар алып тұрады...
Ал əкем байғұс, күнде жұмыстан келгенімді күтіп қызым: -"Еркектен еркек туады"-деушi еді, жалған екен. Нағыз еркектен, қыз туады екен,-дейді телміре терезеге қарап...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы