01.05.2022
  175


Автор: Дұға оқу

Жарыңды тез табуға көмектесетін дұға!

 Адам атамыз бен Хауа анамыздың Алладан кешірім сұрап тәубе жасағанда қабыл болған ерекше дұғасы!  

Кім осы дұғамен Алладан шын өкініп, күнә-қателіктеріне кешірім сұраса, Алла оның тілегін қабыл етеді:

 «Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз» («Ағраф» сүресі, 23-аят)

Оқылуы: «Раббәнә заләмнәә әнфусәнәә уә ил ләм тәғфир ләнәә уә тәрхәмнәә ләнәкуунәннәә минәл хасириин»

رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنفُسَنَا وَإِن لَّمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ  

Біз бұл дұғаны не үшін шығарып отырмыз?

Себебі, қыз бен жігіттің бір-бірін таба алмай, кездестіре алмай ұзақ уақыт жүріп қалуы көп жағдайда олардың қате-кемшіліктерінің көптігінен де болып жатады. Өздеріңіз білетіндей, Адам ата мен Хауа ана күнәларын мойындап, кешірім сұрап, осы дұғаны айтып, Аллаға жалбарынғаннан кейін көп ұзамай бір-бірімен қауышқан еді.

Сондықтан сіз де осы бір дұғаға мән бере жүріңіз. Алла әрбір жанға өз сыңарын адаспай табуды нәсіп етсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу