Эсселер ✍️

  30.04.2022
  161


Оқушылардың өзара қарым-қатынасы арқылы психологиялық проблемаларды шешу

Демеуова Алтынай


ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан  Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мен шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады, қазіргі мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі –өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.


Оқушы қоғамның болашағы, сондықтан, ол өз жаратылысының, қабілеті мен мүмкіндіктерін тек мектеп қабырғасында  басқалармен қарым- қатынас үстінде ғана дамыта алады. Демек, жеке оқушының басты белгілері болып табылатын оның мінез- құлқы, басқа оқушыларға, табиғатқа қатынасы, оның қажеті мен қанағаттандыру тәсілдері, оқушының  болмысы, білім алуы, өзіндей оқушылармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады. Баланың айналасындағы  дамадардың мінез- құлқының дұрыс, жағымды болуына айрықша маңыз береді; баланың ізгі- құлықты болуы үшін   оның маңайындағы оқушылар, ата-ана, туған-туысқандары өздері  ізгі-құлықты болуға  тиісті.


Өзін-өзі білуі мен өзіне- өзінің  қатынасының  деңгейлерінің  арасындағы  бұл қарама- қайшылық оқушыларға кейінгі  ересек жаста да жалғасады  деуге негіз бар. Оқушылар  арасындағы өзара  қарым- қатынас арқылы бір – біріне  ойын жеткізеді, пікір алысады. Өмір тәжірибесі, іс- әрекеті, ой- пайымдары дамиды. Өзара қарым – қатынас жасау  арқылы  бір – бірін  түсініп, мінез- құлқындағы ұнамды қасиеттерін қалыптастырады. Кез – келген  зерттеу  жұмысын  жүргізіп,  нәтижесін  шығару  үшін оқушылардың  даралық  ерекшеліктері мен санасына, оларға  талап қоюмен  бірге қамқорлық  та көрсетіп отыру керек. Сонда ғана алға қойылған істерді сыныптың орындауы тиімді де нәтижелі болады. Оқушылардың бір-бірімен тілдесіп қарым- қатынас жасауының күрделенуі мен маңызының  артуы, мәселен.і шешіп отыру, сынып оқушыларының  көпшілікпен  тіл  табысып, олармен қарым- қатынас орнату біліктілігіне байланысты.


Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әректтегі қиыншылықтардың басым  көпшілігі оқытушылардың  ғылыми  немесе  әдіснамалық  дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық  қарым- қатынас саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйксіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым- қатынасты жетілдіру  осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.


«Ғұмыр бойғы білім» идеясының түп тамыры халық педагогикасыныңда жатыр. Кез келген халықтың әдет- ғұрпын, ұғым- сенімін, дүниеге көзқарасын білдіретін ертегілері мен аңыздарында, мақал- мәтелдерінде, мысалы қазақ халқының «Ой түбі – алтын, ойлай берсең аларсың», «Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен», «Оқу біткен жерде ой да бітеді» тағы сол сияқты зерделі сөздерінде халықтың рухани өмірінің мәні көрініс табады. Шығыста – Әл Фарабидің, Ежелгі Грецияда – Платонның, Қытайда – Конфуцийдің, Чекославакияда – Коменскийдің, кең байтақ қазақ жерінде – Абайдың  тағы басқа ұлы ойшылдар, әйгілі білім қайраткерлерінің «ғұмырлық білімге» деген көзқарастары бірдей болатын адамзкатқа білім беруде адамның жан- жақты дамуына қолайлы жағдай жасайтын мәселеге басты назар аудару.


Ересек оқушының бір немесе бірнеше саладағы белгілі көлем мен деңгейдегі жалпы және кәсіби білімі, өмірлік тәжірибесі, кез- келген жаңа ақпаратты сыннан өткізіп, бағалау тәжірибесі, ұсынылған материалды талдау, меңгеру тәжірибесі, өзінің барлық тұрғыдан қорғай алатын; мұрат – мүддесі, қажеттілігі мен қызығушылығы айқын; рухани , құқықтық  және әлеуметтік жауапкершіліктері бар; өзінің кәсіби деңгейін жаңа талаптарға  сәйкес жетілдіру қажеттігің ұғынады, мәселені шешуге тырысады.


Педагогикалық қарым – қатынас субьектілері – жетілген ересек адамдардың жоғарыда қарастырылған жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық қарым – қатынасты ұйымдастыру міндеті оқытушының кәсіби, әлеуметтік , психологиялықмәдениетінің жоғары болуын  ғана емес , тұлғалық кемелденуін де талап  етеді. Бұл ересектердің оқытушысының педагогикадағы әрекетінің міндеттері жағынан өзгеше, жаңа мамандық иесі екенін көрсетеді.Әдістеме қосымша білім беру жағдайында жүзеге асатын бірін – бірі толықтыратын, бір – бірімен тығыз байланысты төрт кезеңдерден ( аналитикалық; болжамдық; ұйымдастыру – тәжірибелік; бағалау – түзетулер енгізу) тұрады. Әрбір кезеңнің барлық педагогикалық қарым – қатынас субьектілерінің бірлескен іс – әрекеті арқылы шешілетін мақсаты мен нақты міндеттері бар. Аналитикалық кезеңде ересек оқушылардың қосымша білім алу мотивациясы (уәждемесі) , мақсаттары, коммуникативтік қажеттіліктері айқындалды.Себебі, ересек адамның педагогикалық қарым – қатынас барысында субьектілік дамуы туралы айтқанда осы үдерістің қозғаушы күші қарама – қайшылықтар дейміз.Ересектер арасындағы педагогикалық қарым – қактынастағы қарама – қайшылықтың негізгі мазмұны – жеке тұлғаның тілегі, қажеттілігі мен оларды жүзеге асыруға керекті мүмкіндіктер арасындағы қарама – қайшылықтар. Ересек адамның сапалық өзгерісіне әкелетін қарама – қайшылықты шешу үшін қажетті жағдайлар жасау зерттеліп отырған үдерісті жетілдіреді деп қорыттық. Сол себепті болжамдық кезең аналитикалық кезеңде жинақталып, талданған диагностикалық мәліметтер негізінде зерттеліп отырған  үдерістің даму «стратегиясын» айқындау үшін маңызды болып табылады.


Ұйымдастыру – тәжірибелік кезеңде ересек  адамдардың педагогикалық қарым – қатынастағы рөлдік ұстанымдарына сәйкес өзара түсінісуі , ақпаратпен алмасуы, ортақ мақсатқа бағытталған бірлескен іс –әрекеті ұйымдастырылады. Өзара психологиялық ұқсамайтын қарым – қатынас субьектілерінің әрекеттесуі күрделі болып табылатынын ескере отырып, ересек адамдардың өзара түсінісуі.


Әрбір ересек оқушының тілегі, қажеттілігі мен оларды жүзеге асыруға керекті мүмкіндіктер арасындағы қарама – қайшылықты шешуге бағытталған жұмыстың нәтижесінде ересек  оқушылардың өз мақсаттары мен іс – әрекеттерін қарым – қатынастағы серіктестерінің мақсаттарымен, іс – әректтерімен үйлестіру қабілеттері, ынталары, дағдылары жетілді. Ұжымдық субьектінің өз құрамында конфликтісіз келісіп, өзара түсінісу, өзара тиімді ықпал жасау мүмкіндігі дамыды, жеке мүмкіндіктер спектрі кеңее түсті. Ең бастысы ересек адамдкардың өзара қарым – қатынаспен  қанағаттануы нәтижесінде қазақ тілінде коммуникативтік құзіреттілігін үздіксіз дамытуға бағыттылықтары қалыптасып, ынталары артты.


Өзара әрекет барысында туындайтын оқытушы мен ересек оқушы арасындағы аттракция педагогикалық қарым – қатынас құрамындағы барлық компоненттер көрсеткіштерінің дамуына ықпал жасайтын маңызды фактор екені және ол көптеген тәсілдермен: орынды мақтау айту, тыңдай білу, обьектіге деген сыйластық сезім, позитпвті вербалды емес белгілермен ынталанатыны зерттеу барысында дәлелдене түсті.


Оқушылардың өзара қарым – қатынас проблемасы қазіргі заманда педагогикалық – психологиялық ғылымда алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Осы проблеманы теориялық тұрғыдан зерттеу педаго – психологтарға практикада пайда болатын проблемаларды игеруге көмектеседі.Оқу – тәрбие процесінде табиғи жағдайда оқушылардың өзара қарым – қатынас жағдайларын анықтау үшін екі негізгі әдіс арқылы жүргізілетін жағдаяттар пайдаланылады;



  1. Қарым – қатынас орнату сабақтары, жаттығулар;

  2. Психологиялық тренингтер.


Бүгінгі таңда қарым – қатынастағы құзырлылықтың дамуы әлеуметтік – психологиялық тренингтер аясында ойдағыдай шешілуде Бұл әдістің ерекшелігі сонда, ол топтық сипатта болады.


Психологиялық тренинг отбасылық қатынасты түзету тәжірибесінде, жасөспірімдерді бейімдеуде өзін жақсы жағынан көрсетті. Нақты және зертханалық эксперименттердің элементтерін өзіне біріктіре отыра, қарым – қатынас біліктілігінің саласында кең көлемдегі міндеттерді шешетін тренингтер психологиялық ықпал етудің тиімді құралы болып табылады. Тренингтің дәстүрлі оқытудан өзгешелігі – негізін қалаушы принциптертердің болуы. Психолог осыны ұстануы қажет. Тренингтің дәстүрлі оқыту әдістерінен сапа жағынан айырмашылығы ұстанымдардың жүйелі түрде жүзеге асырылуы болып табылады.


Топтағы қарым – қатынастың ұстанымдары:



  • «Қазір және осы жерде» ұстанымын талқылау;

  • Теңдік және ынтамақтастық;

  • Топта болған жағдайды, қоршаған адамдар білмеу қажет;

  • Қатысушының әрқайсысы, серіктесінің артына тығылмай белсенді болуы қажет;

  • Серіктесіңіздің жеке тұлғасын емес, іс-әрекетін сынға алыңыз.

  • Пікірлер қысқа әрі нақты және қозғалып отырған мәселеге байланысты болуы қажет.

  • Мәселені талқылау барысында әрбір қатысушы егер қажет деп тапса, «тоқта» деп айта алады.

  • Топтың жұмыс тәртібін, сондай-ақ жаттығулардың орындалу уақытын сақтау қажет.

  • Тренингтің мақсаты:

  • Өзін-өзі тану, өзін түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;

  • Ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, ойдың өзгешелігін дамыту;

  • Ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;

  • Қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;

  • Өзінің жеке өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;

  • Коммуникациялық дағдыны дамыту, қарым-қатынастың әртүрлі әдіс, тәсілдерін меңгеру;

  • Өзі туралы, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;

  • Көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.


Қарым-қатынас нәтижесінің ерекшелігі әркімнің қайталанбас даралығын сақтауда субъективтілердің біріккен күштерімен тұтастыққа жету болып саналады, яғни топтық субъектілердің шығармашыл қарым-қатынасын қалыптастыру. Тренингтер оқушының әлеуетін ашады, өзін-өзі құрметтеуіне ықпал етеді, өзінің және өзгенің даралығын бағалауға үйретеді. Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады.


 


Әдебиеттер:



  1. «Дарынды» балалар: теория және практика» атты ІІІ Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары. Алматы,2007 жыл, 60-65 бет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу