30.04.2022
  302


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

АРПАлЫсҚА АттАнғАн АлЫс сАПАР

Фрунзеден шыққалы бірнеше күн. Көзге оттай ба- сылып асқар Алатау да қалды. Жолдағы станцияларға поезд көп аялдамайды, жүріс асығыс. Жігіттер үйле- ріне «беталыс — майдан» деген хаттарын жазып үлгер- ді. Таң атса болды, қарлығаштың балапандарындай терезе көзінде тізіліп тұрғаны. Мынау сар далаға ын- тыға, қимастықпен қарайды. Сахара қолын бұлғап қоштасқандай. Жолдың ұзап кеткені сонша, өзара әзіл- қалжыңды да айтып тауысты. «Майдан» деген ой қор- ғасындай ауыр, бойды жаншиды. Терезе алдында күні бойы сарылып тұрудан да жалықты. Енді не істеу керек? Жаншамен екеуі Фрунзеге келгелі бір кісінің бала- сындай болып кеткен-ді. Ымы да бір, жымы да бір, ай- татын сыры да бар. Бірақ Рахымжанның соның өзінде Жанша білмейтін бір құпиясы бар-ды. Ол Фрунзеге келгелі жазып жүрген күнделігі. Мұны досына әлі бір де көрсеткен емес. Ұялады. Өйткені, әрнемені жазып жүр. Бәрі бірдей жатық емес. Сол себептен де өзінен


басқа ешкім білмесе екен дейді.


Ұзақ жолдағы мына зерігу сол «құпияны да» аш- қызардай. Жаншаға «менің күнделігімді оқиық па» де- гісі кеп әлденеше рет оқталды. Бірақ бой тартты. Кү- лер, ертең мазақ етіп жүрер. Алдымен өзі бір шолып шыққысы келді. Жанша көрші вагонға кетіп қалған. Ра- хымжан «сыр дәптерін» қолына алды. Қарап отыр, қа- лыңдап қапты. Қызық екен. Кей жері өзін де күлдіреді.


 



  • Ей, неге мәз боп отырсың. Мынауың не?


Көктен түскендей Жанша шаңқ ете қалды. Рахым- жан селк ете түсті. Жалма-жан қолындағы дәптерді астына баса қойды. Анау да алтын көргендей бас сал- ды. Екеуі поезд үстінде алысып жатыр. Бір жағы қал- жың, еріккеннен кейінгі егес, бір жағы шын талас. Жан- шаның қоятын түрі жоқ. Басқалар бұл екеуінің алы- сып жатқанын қызық көріп тұр... Зерігіп келе жатқан- дар цирк көргендей үймелей қапты.



  • Жарайды енді, өзім оқиын. Сен де бір өңештесең болмайсың.

  • Е, манадан бері сөйтіп тәубеңе түспейсің бе? Мемлекеттік құпия бардай, сонша тықпаладың кеп. Көп болса, қыздарға жазған хатың шығар. Оқиық, ер- мек болсын. Езіп ішесің бе?


Екеуі түйдей құрдас. Екеуі де 1924 жылы туған, екеуі де училищені бітірген қылшылдаған жас офицер. Жанша Рахымжаннан гөрі сұңғақтау, аққұба, өңді жі- гіт. Рахымжан тығыршықтай, шымыр. Шындаса жаңа- ғы жерде сытылып шығып кетуге де шамасы келеді. Дегенмен, оңай берілуіне қарағанда өзінің де бірге оқуға қарсылығы болмаса керек.


Күнделіктің алғашқы бетін ашты.


«1944 жыл. Июль. Әскер қатарындағы екі жыл әне- міне дегенше өте шықты. Көкшетаудан бастап, міне, тартып Фрунзеге келдік. Тамбов қаласындағы жаяу әс- кер училищесі осында орналасқан екен. Бітірген соң офицер болмақпыз. Тәртіп қатты. Таңның атысы, күн- нің батысы — тыным жоқ. Жаттығу да жаттығу. Аттай жарадық. Жанша Жанасов деген жігітпен таныстым. Бір кіндіктен бірнеше ұл екен. Біреуінен басқасы түгел әскерде.


 


Майдан хабары көңілге қуаныш құяды. Бір кезде құтырған жау енді құты қашып, келген ізімен кейін шегініп барады. Радионың күнде айтатыны да жаудың шегінуі, біздің жеңіс. Политруктер де бұл әңгімені шабытпен шертеді. Бірақ, бір жай белгісіз. Сол сұм жау қашан құриды? Көріне тығып, улы тісін суырғанша талай жайсаңды жалмайтын түрі бар. Бұл ақиқат май- дан шебінен қашық жатсақ та бізге аян.


Осынау көкке оранған шағын қаланың өзінен де оқ атылмағаны болмаса, соғыс иісі аңқып тұр. Көшеде мүгедектер көбейіп кетті. Әнеукүні екі аяғы түбінен жоқ өрімдей жас жігітті көрдік. Кескен томардай боп қалыпты сорлы. Құйрығын жаңа басып келе жатқан балаша жорғалайды. Арықтан өте бергенде бізге қа- раймын деп ауып құлап қалды. Бір жас әйел балаша көтеріп алып кетті. Мұны сапта кетіп бара жатып көрдік. Қандай аянышты.


Біздің барағымыз қаланың дәл ортасында. Аулада көлденең бұта жоқ, тап-таза. Бәрін курсанттардың өз- дері жасайды: Офицерлер түгел соғыста болып келген- дер. Училище бастығының орынбасары подполковник Савченко бір қолы жоқ адам. Соның өзінде бізді үйрету, оқыту ауырлығы осы кісінің мойнында секілді. Ерте- лі-кеш арамыздан шықпайды. Өзінің де болмаған май- даны жоқ көрінеді. Москва түбіндегі шайқас, Сталин- градта болған қантөгіс ұрыстарды тура көз алдыңа кел- тіреді. Ерлер туралы әңгіме айтуға шебер-ақ, майын тамызады. Батальон командирі майор Антонов соғыста болған кісі. Взвод командирі лейтенант Батурин мей- лінше мерген. Пистолетті оң қолымен де, сол қолымен де атады және мүлт жібермей дәл тигізеді. Училищеге осындай өнерлілерді жіберетін болса керек.


 


Иә, үйренетін де, үйрететін де адамдар көп. Ал оларды үйреткен соғыс. Бәріміздің ұстазымыз — со- ғыс. Отандастардың ерлігі — өлімнен қорықпаудың мектебі. Менің ешкім туа ер болмайтынына көзім жет- ті. Ерлік анасы — майдан, атасы — ар ма дедім. Соғыс



  • қырғынның қырманы, бірақ, ерліктің дүкені. Адам бойындағы бар қасиет қиын шақта шығатын болса керек».

    • Қара, қара! Сен тіпті алысқа кетіпсің ғой. Мы- науың кітап сөзі, ей!




Жанша Рахымжанның иығынан бір салды. Поезд станцияға келіп тоқтады. Терезеден қараса, шағын станция екен. Көп тұрмауы мүмкін.



  • Кәне, кәне, ары қарай заула!


«1944 жыл. Август. Бұл өзім әскерде болғалы көрген ең ауыр жаттығу. Күн ыстық. 40 шақырым жорыққа алып шықты. Бізбен бірге училище бастығы полковник Дементьев те бар. Бірақ ол көлікпен келе жатыр. Қару- жарағымыздан басқа арқамызда 20 килограмнан құм. Көп ұзамай-ақ быршып терледік. Терлемей жүрген жоқпыз ғой. Бірақ, мына жорық кәдімгі үлкен бәйге алдында суытатын аттай ащы терімізді сыпырып ал- ды. Гимнастеркалардың сырты аппақ сортаң болып кетті. Сорымызға көп ұзамай алдымыздан суық жел соқты. Қарлы таудың ішіне қарай кіріп барамыз. Әрі жаз, әрі қысты бір жорықта бірдей көрдік. Тау ішінде бұрын жасамаған қиын жаттығуларды жасап, үш тәулік жаттық. Және ыстық тамақ жоқ, құрғақ паекпен қат- тық. Соғыста осындай жағдай кездессе, соған о бастан үйрене берсін дегені болу керек. Солдат байғұс қыңқ дей ала ма?!


Ең қиыны, осы жорықтан қайтар жолда бір өзеннен


 


өттік. Ағынды тау суы көбік шашып, бұрқырап жатыр. Кейбіреу суға кетіп қала жаздады. Бірақ, әйтеуір көп- шілік аман қалды. Асты тас, бір құлатып алып, соққы- лап ала жөнелетін түрі бар. Жалғыз-жарым адам өте алатын емес. Өзен суы өте ашулы. Титықтап болды- рып келдік. «Бүйтіп офицер болғаны құрысын» — деп Жанша құлай кетті. Дәл сол күні кешке екеуміздің де


«бір адамдарға» жолығуымыз керек еді. Ол жайына қалды. Денеміз салдырап, мұрттай ұштық».


Бұл жолдарды оқығанда екеуі де мәз болды.



  • Фрунзедегі күлім көздер күнделігіңе түскен екен, арманы жоқ. Тырнақшадағы «бір адамдарың» солар ғой.

  • Күлімкөздер емес, соларға уәде беріп тұрып, ба- ра алмай қалған әлжуаз сенсің де бұған түскен. Бола- шақ келіншегіңе оқып беруге әдейі жазып қойдым. Адалдығыңа дәлел ғой.

  • Оқы, оқы ары қарай. Жаза берсе, өткеннің өзі ермек екен ғой. Ермек емес, мынауың кәдімгі өзіміздің өмір ғой.


«1944 жыл. Сентябрь. Бұл күн менің есімнен мәңгі кетпейді. Бала жасымнан кеудемде жүрген бітеу жара жазылғандай болды. Және ол жараны білдіртпей сы- лып тастады. Әділ жүрек, батыл жүрек емдеді. Мен комсомолға өттім. Әкемнің отыз жетінші жылы ұстал- ғаны үрейлі көлеңкедей қалмай жүретін. Балқашта сол үшін комсомолға алмаған. Маған енді бұл ұйымның есігі жабылған сияқты көрінетін. Жоқ, қателесіппін.


...Мұнтаздай таза аула. Оның дәл ортасында үлкен қызыл ту. Жанында салтанатты қарауыл тұр. Міне, осы тудың алдында маған комсомол билетін тапсырды. Мен ол билетті достарымның көзінше алдым. Бұған


 


анау еңселі ақ бас Алатау да куә. Қасиетті ту алдында алғаным — еліме адал болуға ант еткенім деп ұқтым. Бұл салтанат сол үшін жасалған болу керек. Менің енді өз құрбыларыммен еңсем бірдей. Басқаны білмеймін, бұл оқиға маған ерекше мәнді. Өйткені, мен комсомол табалдырығының алдына сан келіп, сан қайтқанмын. Жанымның, арымның тазалығының куәсі енді қалтам- да. Соғыс, сен әділеттісің!


Жасырған жоқпын бәрін айттым. Бұрын комсомол- ға алмағанын да айттым. Сондағы комсорг Безруковтың сөзі әлі есімде:



  • Біз комсомолға сенің әкеңді емес, өзіңді аламыз.


Ал, өзіңнің қандай екеніңді білеміз, — деді.


«Аузы күйген үріп ішеді», қайдан білейін, айтпасам кесірім жазықсыз біреуге тиер деп ойлағанмын.


...Бәрі ұмыт болды. Өткен күнде белгі жоқ. Мына мені бұл оқиға бір сілкіндірді, жүдеп жүрген көңілді нұрландырды.


1944 жыл. Ноябрь. Аягөзде екі ай стажировкада болдық. Командир болдық. Взвод берді. Бәрі жақсы, мақтаулы мінездеме алып қайттым. Келсем, мені күтіп хат жатыр екен. Райханнан! Сыртындағы жазуын бір- ден таныдым. Қуанып кеттім. Бірақ, іші қуантпады. Қайғылы хат. Артымда қалған жалғыз Рахымның қа- засы жөніндегі хат.



  • Мә, сен мына хаттың өзін оқы. Немере ағамыз Жүнісбек дегеннің жалғыз баласы бар еді. Бір атадан ендігі қалған сол екеуміз болатынбыз.


Жаншаға күнделік арасында сол күйі сақталғаи хатты берді. Өз көңілі тағы бұзылып, орнынан тұрып сыртқа шықты. Жанша хатты оқыды.


«Рахымжан! Саған дұғай-дұғай сағыныш сәлемін


 


жолдаушы Райхан. Бірақ, менің бұл хатым сені қуант- пайды. Дегенмен болары болып, бояуы сіңген істі айт- пай болмас. Бәрібір естисің ғой. Одан да өзім естірте- йін. Бұл күнде ауылда шал құтырды. Жесір келіншек- терді, тіпті қыздардың өзін тоқалдыққа алып жатыр. Ол да болса, уақыттың ауырлығы ғой. «Біреу жібі үшін, біреу күні үшін» дегендей. Сондай жылаулы тойдың біріне бригадир Садық шақырылыпты. Шет жағасын өзің де көрдің, ауылда жұмыс істейтін әйел мен баладан басқа кім қалды? Рахым мен Сәлімжанды Садық шөп әкелуге екі өгіз шанамен ертіп барады. ІІІөпті тиеп қайтқанда боран ұйтқып күн кешкіреді. Есіл дерті тойда болған Тобайдың Садығы «жолға түстіңдер, ал енді өздерің келесіңдер», деп балаларды тастап кете барыпты. Иттік қой, әйтпесе, бірі — он төртте, бірі — он бірдегі балаларды түнде далаға тастап адам кете ме? Сол боран демін алмастан жеті күн бойы соқты. Рахым мен Сәлімжанды, төрт өгізді 10 күннен кейін қардың астынан әрең таптық. Адасып кетіп, ұшып өліпті. Биыл бұл жақтың қысы тіпті құтырынып кетті. Бораннан көз аша алмаймыз. Сөйтіп, ол той біреуге қызық, біреуге сор болды. Бауырына кімнің қабырғасы қайыспайды. Бұл хатты жазу маған да оңай болған жоқ. Осы оқиға жаныма қатты батқан соң жазып отырмын. Сүйінші сұрағандай болғаны несі деп сөкпе. Тағдырдың бораны бізді де Рахым секілді тырнағына іліп кетпесіне кім кепіл. Қатын алғыштардың қаһары жаман. Мейлі, біз- дің құрбандығымыз ештеңе емес, қу соғыс тезірек бі- тіп, азаматтар аман оралса екен.


Жылап отырып жаздым. Сөкпе. Сөзімнің қисық же- рін өзің түзеп оқырсың. Райхан».


 


Рахымжан хаттың соңындағы жұмбақты түсінбей жүретін. Бірақ, сонда да Жаншаға көрсетпеген еді.


Жаншаны да бұл хат талай жерге алып кетті. Ра- хымжан қайта айналып келгенде ол мелшиіп, үндемей ой үстінде отыр екен. Екеуі үндемей ұзақ отырды. Бірақ іштей тілдесіп отыр, бірін-бірі түсініп отыр. Поезд дөңгелегінің сартылын да естіп отырған жоқ. Әлде не- нің себебін іздейді, бұлыңғыр сұрғылт ой бұлтының ішінде қалқиды. Қаршадай баланы табиғаттың мыл- қау күшінің қызыл өңешіне тосқан, он екіде бір гүлі ашылмаған қызды сонша жасытқан, жаншыған, то- рықтырған, өздерін де дәл қазір ой тұңғиығына осыншама батырған ненің зілі?



  • Москва енді жақын екен?


Өкпе тұстан шыққан осы әңгіме бұларды да селт еткізді. Екеуі бірдей солай қарай бұрылды. Жанша жа- ңағы хатты күнделіктің арасына ұқыптап салды да, Рахымжанға ұсынды. Жүзінде алғашқы әзілдің еш- қандай да ізі жок. Тығып қой дегенді салмақты көз қарасымен сездірді. Рахымжанға қолындағы дәптер шойыннан да ауыр секілді көрінді.


(Автор Рахымжанның досын кең таныстырмапты. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін белгілі журна- лист, ақын Қорғанбек Аманжолдың «Егемен Қазақ- стан» газетінде жарияланған «Бел-белестер» атты очер- кін оқырманға ұсына кетуді жөн санадық).


«Алматыда тұратын Жанша Жанасов ақсақалмен үйіне әдейілеп барып сұхбаттасудың орайы келді. Тоқсанның торына түспей, әлде де тұғырында тұр­ ған ардагер бойын тік ұстайды. Аққұба жүзінің сәл көнерген әжімді ажары, қаршыға көздің байсал қаба­ ғы байыптағанға көмбелі сырды да, сақталған сынды


 


да аңғартып баққандай. Мұндай адамдарды «сүйегі асыл» десек керек. Сөйлесе келе ағаның сүйегі ғана емес, тілегі, жан­жүрегі, өмір бойғы мақсат­мұраты да асыл болғанын шама­шарқымызша шамалағандай­ мыз.


Алдын ала алған ақпаратымызға қарағанда бұл ақсақал Рейхстагқа ту тіккен батырымыз Рақымжан Қошқарбаевпен майданда бірге болыпты. Одан кейін- гі бейбіт уақытта металлургия, мұнай-газ, химия са- ласындағы ірі құрылыстарды жүргізген, өндіріске жаңа техника мен технологияларды енгізудің алғы шебінде болған өз заманының жаңашыл тұлғасы, үл- кен лауазымды қызметтер атқарған қайраткер ұйым- дастырушы. Соған қарамастан, қарт қыранның жүзінен титтей де мақтан табы білінбейді, болғанды болғандай ғана айтып, артық қоспай, шынайы сөйлейді. Алдыңғы толқын ағаларға айрықша тән қасиет осындай шы- найылық қой деймін. Сөйтіп, жақын таныса, жітірек үңіле келе Жанша Жанасұлының жүріп өткен өмір жо- лын кейінгіге ғибрат, ұрпаққа өнеге боларлық өзінше бір баяндылық белестері деп бағамдап едік.


Кейіпкеріміз атақты ғалым Қаныш Сәтбаевтың қай- рат-жігерінің арқасында көтеріліп жатқан Қарсақпай- дың жанында, Балажезді деген жерде дүниеге келіпті. Қарсақпайдағы қарбалас тіршілік, зауыт, көше мен мектепте орыс жұмысшыларының балаларымен де бірге ойнап өсуі жас Жаншаның ой-өресіне, еті тірілі- гіне ықпал етіпті. «Он сегізде солдатпын, Волховта келемін», деп Сырбай ақын жырлағандай, бұл ұрпақ- тың маңдайына он сегізінде от кешу жазылыпты. Жанша да осы жазмышынан құр қалмады. 1942 жы- лы Көкшетауда жасақталып жатқан полк сапына ке-


 


ліп қосылды. Кейін Рақымжан Қошқарбаевпен таны- сып, дәм-тұзы араласқан достардың жұбы өмір бойы жазылмады. Майданға кірмес бұрын Бішкектегі әске- ри училищеге іріктеліп, одан кіші лейтенант атағын алып шыққан-ды. Бірінші Белорус майданында, Вар- шава бағытында ауыр ұрыстарды бастан өткерді. Жау ордасына 30 шақырым қалғанда Альт-Одерде жара- ланды. Оқ денесін тесіп өткен екен. Осы күн, 1945 жылдың 17 сәуірі әлі есінде.


Қырық шақты жауынгердің тағдырына жауапты вз- вод командирі, лейтенант Жанасов керемет ерлік жа- сады, әйтті-бүйтті деген жылтырақ арзан сөздердің жетегінде кетпейік. Алайда, сол бір сойкан соғыс ке- зінде «Бірінші дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Жұл- дыз» ордендерімен, «Варшаваны азат еткені үшін»,


«Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталуы жайдан-жай емес болар. Сонымен бірге, Жоғарғы Бас қолбасшы Сталиннің үш бірдей Алғыс хатын алыпты. Десек те, Жанша ағаның өзі соғысқа қатысқанын мақ- тан көретін, сонда ерлік, қайрат жасағанын айтыңқы- райтын ақсақалдарды онша құптай қоймайды. «Соғыс деген қасірет пен қайғы ғой. Құрбан болған жастық өмір. Қанша азаматтар қыршын кетті, қайтпай қалды. Ауылдан келіп жүріп-тұруға да үйренбеген, мылтықты ұстап та көрмеген, атуға икемделмеген қанша қазақ жастары босқа қырылды. Екі баласын соғысқа аттан- дырған менің шешем, еңгезердей қазақ әйелі жылай- жылай бүкірейіп шөгіп қалыпты», дейді.


Ананың көз жасына иді ме, ағайынды Жәңгір мен Жанша сұрапылдан аман оралды. Сол амандықтың ар- қасында тынымсыз тырбанып кешкі мектепте оқып аттестат алды. 1958 жылы Қарағанды тау-кен институ-


 


тының электромеханикалық факультетін бітіріп, сирек саланың жоғары білімді маманы болып шықты. Сол кездегі ректор академик Әбілқас Сағыновтың ақылгөй дәрістері әлі күнге есінде.


Ол кезде Қазақстан экономикасының тірегі сана- латын тау-кен өндірісінде қол жұмысы басым еді. Не- гізгі құралдар қайла, күрек, бұрғы болатын. Руда ваго- неткамен шығарылатын. Шетелден әкелінген жаңа техника 50-60-жылдардың тоғысында кіре бастады. Қ.Сәтбаев атындағы Жезқазған металлургия комби- натының құю-механикалық зауытында еңбек жолын бастаған инженер Жанасовтың еншісіне осы жаңа- шылдықты өндіріске енгізу бұйырыпты. Ол осы жыл- дарда шетелдік «Джой», «Катерпиллер», «Клаймакс» фирмаларынан әкелінген өздігінен жүретін, руда тиейтін, бұрғылайтын жоғары өнімді импорттық тех- никаны игерудің тізгінін ұстады. Әлбетте, жаңа тех- никаны жезқазғандық шахтерлердің бірден игеруі оңайға түскен жоқ. Оны қолданудың көптеген тамаша шешімдерін Жанша Жанасов тауып, іске қосып отыр- ды. Келген техника әуелі жәшіктерден шығарылып, құ- растырылады. Одан соң қайта бөлшектеліп, жер астын- дағы шахтаға түсіріледі. Сол арада қайтадан құрас- тырылып жүргізіледі. Жанасов жасампаздығы осы қиын да күрделі істе танылды. Осындай бесаспап та жауапты маманның көп ұзамай құю-механикалық зауы- тының директоры болып тағайындалуын кеншілер қауымы құп көргені де рас-тын. Жаңа техника мен технологияны енгізудегі абыройлы жұмысы үкімет та- рапынан «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен атальш өтілді.


Алпысыншы жылдардағы Жезқазған Жанша аға-


 


ның жан-жүрегіне соншалықгы қымбат. Ойласа-ақ ой көзіне оттай басылады. Алғаншқы қазақ инженерлері- нің жұлдызды шоғыры осында еңбек етіп, өндірісті қайта жарақтауға үлес қосты. Күллі қазаққа мағлұм Шахмардан Есенов, Кәкімбек Салықов, рудник дирек- торы, кейіннен Балқаш мыс қорыту комбинатының ди- ректоры дәрежесіне көтерілген Далабай Ешпанов, Мәскеуде Дінмұхамед Қонаевпен бірге оқыған рудник директоры, кейіннен республика түсті металлургия министрінің бірінші орынбасарлығына жоғарылаған Мұхит Бөпежанов. Осы шоғырдың ішінде Жаншаның өзі де, оның туған ағасы, Жезқазған қалалық кеңесінің төрағасы Жәңгір Жанасов та жарқырап жүргенін айт- қан ләзім. Осындай азаматтар Жезқазғанның өмірін көркейтті, оқыған келіншектерімен бірге тамаша тұр- мыстық мәдениет әкелді. Жастар солардай болуға ұқ- сап бақты.


Тұлғаланып өсіп келе жатқан ірі ұйымдастырушы, өндіріс сардарын жоғары жақтан байқамай қалмады. 1966 жылы Одақтық Түсті металлургия министрлігінің бұйрығы бойынша Ж.Жанасов Алматыдағы «Каз- цветметремонт» тресінің бас инженері болып ауыс- тырылды. Бұл мекеме қарауында 7 мыңға жуық адам жұмыс істейтін. Бүкіл Қазақстандағы түсті металлур- гия саласының барлық кеніштері, зауыттары мен фаб- рикаларындағы техниканы жаңартып, ескісін жөндеп, жаңасын жүргізу, жаңа технологияларды іске қосу мін- детін осылар арқалады. Әлбетте, осы орайдағы негізгі басшылық тізгінін бас инженер бекем ұстады. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының бас инженері Сауық Тәкежанов, Зырян тау-кен комбинатының директоры, Социалистік Еңбек Ері Нәби Жақсыбаев сияқты қа-


 


рым-қажыры мол басшылармен жұмыс барысында бі- лісіп, өнеге алды, тәжірибесін молайта түсті. Осы тұс- тағы еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасын еншіледі.


Осында жинақталған тәжірибе одан кейінгі кезен- де «Казмеханомонтаж», «Казхиммонтаж», «Казмед- строй» трестерінде тізгін ұстап, күрделі құрылыс са- ласын көтерген жылдарда кәдеге асты. Ж.Жанасов басқарған осынау трестер Қазақстанның ауыр иңдус- трия кәсіпорындарында, әсіресе, қара және түсті ме- таллургия, мұнай-химия саласы нысандарының құры- лысыңда жаңа технологиялық жабдықтардың орнаты- луы мен құрастырылуын білгірлікпен жүзеге асырды.


Иә, кең-байтақ Қазақстанды шарлаған қилы жол- дар. Естен кетпес жылдар. Қарағанды металлургия комбинатының 4-ші толағай домнасы мен 2-ші агло- мерациялық фабрикасын салуға қарауындағы үш бас- қарма, мың адам қатарынан қатысқан еді. Сол кездерде Теміртауда партиялық қызметте жүрген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен де жұмыс бабында жиірек кездесудің сәті түсіп, ол кісі құрылыстың екпінді әрі нәтижелі жүргізілуіне үлкен ықпалын тигізген бола- тын.


Істелген басқа да жұмыстар неше сан. Шымкентте- гі мұнай өңдеу зауытын салу бастан-аяқ Жанша Жа- насұлының қолынан өтті. Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарының реконструкциясын, басқа да көп жұмыстарын атқарып берді. Бұл өрт пен жары- лыс қаупі жоғары, ерекше жұмыстар болатын. Жұмыс техникалық жағынан сенімді, талапқа сай болуы ке- рек-тін. Сол үдеден табылды. Бұған қоса, осы уақытта Қазақстанда химия өнеркәсібін өркендетуге бет бұр-


 


ғанда Жамбыл және Шымкент фосфор зауыттарын Жанасов басқарған трест салып шықты. Одан әрі Жез- қазғандағы №3 кен байыту фабрикасы, мыс қорыту зауытының екінші кезегі де Жанасовтың перзенттері. Оның  басшылығындағы  ұжымдардың  қолтаңбасы


«Медеу» мұз айдынында, Алматыдағы зәулім «Қазақ- стан» қонақ үйінде, Республика алаңындағы ғимарат- тар кешенінде айшықталып қалды. Медеу шатқалын- дағы селге қарсы негізгі гидротехникалық жұмыс- тарды да ойдағыдай атқарып, апаттың алдын алған Жанасовтың жігіттері еді. Сол абыройлы жұмыстары үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.


«Қазақстанның құрметгі құрылысшысы» атағын алды. Қазірде Жанша Жанасұлы қазыналы қарттарымыз- дың бірі, үлкен әулеттің терең тамырлы бәйтерегін- дей атасы. Егемен елінің игіліктеріне қуанады. Интег- рацияға, жаңа техника мен технологияға бетбұрыс жа- салып жатқанын құп көреді. Маркұм досы Рақымжан Қошқарбаевтың Халық Қаһарманы атағын отбасына тапсыру рәсімі кезінде Елбасымен тағы да жүздескен болатын. Жетпіс жылға жуық бірге өмір кешіп келе жатқан Хадиша апай екеуін баянды бақыт нұры, қауым


қүрметі, ұрпақ махаббаты аялайды”.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу