Өлеңдер ✍️

  30.04.2022
  163


Автор: Рафаэль Ниязбек

ИСАТАЙҒА ЖЕТЕР МЕ?

Салпы етек сары қатыннан,
сары садақ асынып,
Әлі талай ұл туар.
Көресіні көріп жақыннан,
Екі көзіне мұң тұнар.
Шырғалаңнан шыға алмай
Олар-дағы бұлқынар.
Исатай жоқта қан болған
Елдің бетін кім жуар?!
Сөзімді жұртым топшылар,
Нарында сардар көп шығар.
Исатайдай бірақ та
Арыстан ері жоқ шығар.
Алтын құрсақ анадан
Азамат ер туса да,
Исатайға жетер ме?
Сары жонды даладан
Ата жауын қуса да,
Исатайға жетер ме?
Асылдан асыл туса да,
Ата жолын қуса да,
Исатайға жетер ме?
Арыстаннан арыстан туса да,
Алланың жолын қуса да,
Исатайға жетер ме?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу