👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  30.04.2022
  34


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАРАОЙ

Қажып, сұлап жатса егер қайран далам,
Буырқанған қайратты қайдан табам?
Көзі тірі кезінде Исатайдың,
Ойсыздардың ордасын ойрандағам.
Ыстық аптап ауада жалбыз жанып,
Жел еседі алдымнан жансызданып.
Кім ойлаған қараорман халқым барда,
Сорлармын деп Қараойда жалғыз қалып.
Жалғыз үймін…
Қараойдан қайда барам?
Жасығанда жанымды қайрап алам.
Жұртым безсе – мен көндім,
азар болса,
Қасқыр жеген сайғақтай сайда қалам.
Серт үстінде бергенін қайта алмаған,
Жұртым өтпес пышақтай қайралмаған.
Арқасына сәл ғана салмақ түссе,
Қысыр жылан секілді қайқаңдаған.
Жүрсе өздері сүрініп алашаға,
Қайдан солар жарасын арашаға.
Әкелері шайқаста қаза тапқан
 Не істесін елдегі бала-шаға.
Аласа боп жүрмеске шараң қайсы
Күнің егер қараса аласаға.
Таусылуға айналған азығым да,
Шірімеген кімдердің басы құмда.
Жалғызсырап қалғаным – қалған шығар,
Қуат берген Қараойдың жазығында.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы