Өлеңдер ✍️

  30.04.2022
  103


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕМЕННІҢ ИІР БҰТАҒЫ

Кетілсем – қайта қайралдым,
Боркемік, жасық күйге енбей.
Дүниені шырқ айналдым,
Көзіме қамшы тигендей.
Күйіктен өрт боп жансам да,
Түңіліп жаннан безінбей, –
Жол тартып қайда барсам да,
Жүрмедім қатер сезінбей.
Тізгінім шығып ырқымнан,
Жолымды теріс бұрғандай, –
Тайтөбе құмдар сыртымнан
Қарауылдап бағып тұрғандай.
Аңдыған дұшпан алдымнан
Шыққанда қару кезеніп, –
Өзгер деп өжет қалпыңнан
Шөл дала жатты безеріп.
Төбемнен ұшты оқ талай,
Танытып сұсын мылтықтың.
Түн қатып жорттым тоқтамай,
Ауылын іздеп Шындықтың.
Шырғалаң жолды тағдырдың,
Салса да қайда бұлтағы.
Қайта ма алған бетінен
Еменнің иір бұтағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу