Өлеңдер ✍️

  28.04.2022
  371


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТОРЫҚҚАНДА

Арғымақ, сені сақтадым.
МАХАМБЕТ.


І
Қазанат, сені баптағаным –
Айналсын деген едім дүлдүліме.
Азамат, сені сақтағаным –
Жарайтын шығар дегем бір күніме.
Қас- дұшпан қаптай шауып ұмтылғанда,
Қазанат, қайда жүрдің?
Басыма екіталай күн туғанда,
Азамат, қайда жүрдің?
ІІ
Қамықпасын бұндайда кісі неге?
Бұны айтқызған ызаның күші деме.
Мен өлгенде –
молама шауып келіп,
Мені жоқтап қазанат кісінеме.
Жауын қуған жарысып белең-белде,
Жетілгенмін садақты, жебелі елде.
Сыйласпай кеп тірімде,
мені жоқтап,
Жылағанның көзі ақсын мен өлгенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу