28.04.2022
  211


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс күні атаулы күн мәңгілік

      9 мамыр — жеңіс күні дейміз. Бұл жеңіс сөзінің астарында терең мән-мағына бар. Қаншама адам Отан үшін кеудесін оққа тосса, сол адамдардың жақындарының төгілген қаншама көз жасы бар десеңізші. Расында да бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. Баласынан айрылған ананың зарымен, әкесінен айрылған баланың зарымен келген бұл жеңіс күніне үлкен құрметпен қарау әрбіріміздің міндетіміз деп білемін. Жеңіске жетіп, дәл осы күнге жеткеніміздің өзі сол майдангер ата-бабадарымыздың арқасында екені сөзсіз. Олар бар жанымен, қанын беріп, жанын беріп осындай жаңіске жетпегенде бұл күніміз қандай боларын тіпті елестету мүмкін емес. Жеңіс күнін бізге сыйлап, өздері жанын оққа тосқан майдангерлерге әрқашанда бас иеміз. Олардың ерліктері жадымызда мәңгілік сақталады. Жеңіс күнін, жеңіс туын төрт жыл бойы тағатсыздана күткен соғысқа кеткен 600 мың майдангер ардагерлеріміздің отанымызға 500 ге жуығы оралып, жеңіс күнінің балдай тәтті күнін сезіне білді. Сондай майдангер аталарымыздың бірі батыр атамыз Бауыржан Момышұлы болатын. Ол — Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ержүрек батыр атамыздың соғыс кезінде танытқан ерліктері аз емес. Соғыстан аман-есен оралған Бауыржан атамыз елге оралғаннан соң да өзінің басынан өткен, көрген-білгендерін қазақ-орыс тілдерінде қағазға түсіріп, көптеген нақыл сөздер жазады. Осылайша ол қазақ КСР нің Жазушылар Одағының мүшесі болады. Батыр атамыз: «Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады» — дейді.
Майдангер аталарға әрбір тоғызыншы мамырда құрмет көрсетіп, медальдар беріліп, дастархан жайылады. Қазіргі таңда сол майдангер ардагерлеріміздің саны азайып, көңілімізге мұң сыйлап жүргені жасырын емес. Бірақ біз оларды ешқашанда ұмытпаймыз, есімдерін әрқашанда ұлықтаймыз. Соғыста жүріп жауларына қарсы тұра білген Бауыржан атамыз 1982 жылы өмірден өтеді.
      Соғыстың ащы дәмін татқан майдангерлер үшін тоғызыншы мамыр — Ұлы жеңіс күні болғаны сөзсіз. Олар соғысты өз көздерімен көріп, жандүниесімен сезіне білді. Олар үшін жеңіс күні қайта туылғанмен бірдей. Ал біздер үшін жеңіс күні тарихта аты алтын әріппен жазылған мәңгілік сөнбейтін атаулы күн болып табылады. Осы күні майдангер аталарды еске алып, олардың ерліктерін атамыз, түрлі іс-шаралар өтіліп, ардагерлерге тағзым етеміз.

«Ғажайып Қазақстан — 2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу