Өлеңдер ✍️

  27.04.2022
  157


Автор: Рафаэль Ниязбек

МАХАМБЕТ, СЕНІҢ БАРЫҢДА


Махамбет, сенің барыңда,
Сардарлар жүрген Нарында.
Қазақтың Ата Ерлігі –
Ойнаған аттың жалында.
Махамбет, сенің барыңда,
Сатқындық жоқ-тын Нарында.
Ар-намыс ылғи бұлқынған
Қазақтың асау қанында.
Махамбет, сенің барыңда,
Сұсты еді өжет Нарын да.
Үрейі ұшпай селк етіп,
Отырған қай хан тағында.
Махамбет, сенің барыңда,
Әулие көп-тін Нарында.
Дауысың қалған жаңғырып,
Жайықтың жайсаң жарында.
Еңку-еңку жер шолған,
Ел іші толған ер болған.
Сен барда, Маха, қазағың
Ақ сауыт киген ел болған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу